Ұлттық есеп шоттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі, ҰЕШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады. Құрылымдық, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰЕШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. ҰЕШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰЕШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы....................................5 1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары...........................9 1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары..12
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2.1 ҰЕШЖ-ін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы.......................18
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтары...............................................................................................23
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.......27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық есеп шоттар жүйесі.doc

— 283.50 Кб (Скачать документ)

    Капиталмен  жасалған операциялардың  шоты -  жалпы ұлттық сақтауды материалдық  және материалдық емес активтердің  өсуіне пайдаланғанын көрсетеді, экономикада  жалпы сақтаудың өндіріске жұмсалған  қаржыға тең екендігін, яғни, жаңа негізгі капиталдың жалпы жинақтауына және материалдық айналым құралы қорының өзгеруіне алып келеді.

    Қаржылық  шотта  таза несие мен таза қарыздардың  қаржылы активтерді алудағы немесе жоюдағы әсерін көрсетеді. Бұл шотта  соңғы баланстаушы статья жоқ. Қаржылы  активтердің таза алынуы мен қаржылы активтердің таза міндеттемесі тең болуы керек. Осымен, өндіріс шотының өндіріс әрекетінен басталған операциялардың тізбегі аяқталады.

    Тауарлар  мен қызметтер шоты өзіндік жиынтық  кесте болып табылады. Барлық шоттар сияқты ол да екі бөлімнен тұрады, бірақ оның барлық статьялары басқа шоттардан әкелінген. Ол өнім шығарудың, қызметтердің, импорттың қосындысынан қалыптасатын жалпы ресурстардың көлемін сипаттайды. Оны аралық және соңғы тұтынуға, негізгі және айналым капиталын жинақтауға, экспортқа пайдалануын көрсетеді. Бұл шоттың баланстаушы статьясы жоқ, ол анықтама бойынша балансталады.

    Экономикалық  бағыты, қызметі және қаржылана бастауы  ұқсас институционалдық немесе шаруашылық бірліктердің жиынтығы "сектор" деп  аталады. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілер ретінде алға шыққан институционалдық бірліктердің негізгі түрлері болып корпорациялар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік бюджет кәсіпорындары және корпоративтік емес кәсіпорындар есептеледі. [9,504б]

    Корпорация  дегеніміз — иелерінің табыс және басқа қаржы түрінде пайда алу мақсатымен тауар және қызмет рыногын өндіру үшін құрылған заңды тұлғалар.Корпорацияларға жататын коммерциялық  ұйымдар: акционерлік қогамдар, жауапкершілігі шектелген шаруашылық қоғамдары, кооперативтер. Құрылтайшылардың жауапкершілігі салынған ақшаның мөлшерімен және акциялармен шектеледі.Корпоративтік емес кәсіпорындарға иесінен бөлінбеген шаруашылық бірліктері кіреді.

    Корпоративтік емес кәсіпорындар екі топка бөлінеді: [10,255б]

    1)   меншіктің иесі  мемлекеттік   басқару  органдары  болып есептелетін корпоративтік емес кәсіпорындар (мысалы, мемлекеттік мекеменің типографиясы);

    2) меншіктің иесі үй шаруашылықтары болып есептелетін корпоративтік емес кәсіпорындар, оларға жататындар:

  • заңды тұлға түрінде ұйымдастырылмаған азаматтардың іскерлік қызметтері;
  • фермерлік шаруашылықтар (заңды тұлға емес);
  • жеке көмекші шаруашылықтар.

    Егер  де корпоративтік емес кәсіпорындар өз әрекетін корпорациялар сияқты жүргізіп, яғни, шот ашып, өнімін рынокта экономикалық маңызды бағамен өткізіп (өндіріс шығындарын жабу арқылы), өндіріс процесін басқару мен қаржыны пайдалануда дербестікке ие болса, олар квазикопорациялар деп аталады және корпорацияларға теңестіріледі. Квазикорпорацияларға жататындар: мемлекеттік кәсіпорындар, шетел филиалдары, толық серіктестіктер.

    Коммерциялық  емес ұйымдарға тауарлар және қызметтерді өндіру мақсатымен құрылған, табыс табу және қаржы пайдасын көздемеген кәсіпорындар жатады.Коммерциялық емес ұйымдар шығындарды қаржыландыру бұлақтарына байланысты рыноктық және рыноктық емес болып бөлінеді.

    Рыноктық  коммерциялық емес ұйымдарға жататындар: көрсетілген қызметтері үшін төлем  алу немесе меншікті иелену құқығын  өткізу, соның салдарынан өндіріс  шығындарын өтеп табыс алу негізгі  мақсаттарына жатпайтын  кәсіпорындар.

    Рыноктық коммерциялық емес ұйымдар бірнеше топтарға бөлінеді:

  • коммерциялық кәсіпорындарға әр түрлі қызмет көрсету үшін   кұрылған (мысалы,  сауда-өнеркәсіптік   палаталар, биржалар, кәсіпкерлердің ассоциациялары);
  • денсаулық,  білім  саласында т.б.  арқылы  қызмет көрсету мақсатымен   құрылған коммерциялық емес ұйымдар (мысалы,  мемлекеттік емес ауруханалар,  мектептер, университеттер).

    Коммерциялық  емес ұйымдардың статусы оларға салық  жеңілдігін т.б. жеңілдіктерді алуға  көмегін көрсетеді. Рыноктық емес коммерциялық емес ұйымдарға басқа институционалдық бірліктердің қарамағына тауарлар және қызметтерді ақысыз, немесе экономикалық мәні жоқ бағалармен, яғни, олардың шығындарын жаппайтын бағалармен өткізетін ұйымдар жатады.Бұл ұйымдар өкімет және үй шаруашылықтары арқылы құрылады, қаржыланады және бақылауға алынады.Рыноктық емес  коммерциялық емес ұйымдардың тобына жататындар:

  • қоғамдық және діни ұйымдар;
  • азаматтардың және ұйымдардың ерікті мүлік жарнасы негізінде

    құрылған  қорлар  (әлеуметтік,  мәдениет,  қайырымдылық және т.б.)

    Экономикалық  секторларға біріктесумен байланысты кәсіпорыңдарды бірнеше топқа бөледі: каржылық емес кәсіпорындар, қаржылық ұйымдары, мемлекеттік баскару органдары, үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылыктары.

    "Қаржылық  емес кәсіпорындар" секторы (қаржылык  емес корпоративтік сектор) тізіміне  меншіктің және ұйымдастыру-құқықтық  нормалардың барлық түрлерінде тауарлар өндірісімен және қаржылық емес қызметтермен шұғылданатын резидентті (отанымыздың) қаржылық  емес ұйымдар (корпорациялар мен квазикорпорациялар) акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, кооперативтер, арендалық, бірлескен, жеке кәсіпорындар және т.б. кіреді. Бұл бірліктердің ресурстары негізінен тауарлар және қызметтер сатудан алынған қаржыдан құрылады,  сонымен қоса шығындардың бөлігін мемлекеттің бюджетінен алынған субсидиялармен жабуға болады. Сонымен қатар бұл секторға кіретіндер:

  • рыноктық қызметпен  шұғылданатын  коммерциялық  емес ұйымдар:   (мысалы,   коммерциялық   емес   тауар-шикізат биржалары);
  • кәсіпкерлерге қызмет көрсететін коммерциялық  емес ұйымдар (сауда палаталары, ауыл шаруашылық, өндіріс, сауда ассоцияциялары).

    Бұлардың  қаржы ресурстарының бұлағына кәсіпкерлердің жарна төлеуі немесе төлемдері жатады;

  • коммерциялық  емес ұйымдардың жарнадағы мәселелерін шешу үшін құрылған шаруашылык қоғамдары. Бұлардың табыстарының бір бөлігі коммерциялык емес ұйымдардың бюджетіне түседі.

    "Қаржылық мекемелері" секторына (қаржылық  корпоративтік секторы) коммерция негізінде қаржылық, делдалдық және т.б. қаржылық қызметтермен шұғылданатын резидентті қаржылық корпорациялар және квазикорпорациялар: (банктер, зейнетақы қоры, қор биржалары, сақтандыру мекемелері, инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, брокерлер, делдалдар және т.б.) жатады. Олардың ресурстары алынған процент, сақтандыру сыйлығы, делдалдық кадрлар арқылы құрылады. Мысалы, қаржылық мекемелерге: Ұлттқ банк, қаржылық мекемелермен құрылған және қаржыланған коммерциялық емес ұйымдар жатады. [11,403б]

    Мемлекеттік басқару органдары секторына кіретіндер:

  • орталық, аймақтық, жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
  • мемлекеттің бюджетінен қаржыланатын мекемелер;
  • денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету,  білім,  мәдениет, өнер, тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс, ғылым, жол шаруашылығы т.б.

    Бұл секторға мемлекет тарапынан ұйымдастырылған  және бақылау жасалған қорлар кіреді (әлеуметтік қамтамасыздандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, экология қоры және т.б.).

    Үй  шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық  емес ұйымдарға жоғарыда көрсетілмеген коммерицялык емес ұйымдар - резиденттер кіреді. Олардың қызметіне үй шаруашылықтарына тауарлар мен қызметтерді ақысыз немесе экономикалық мағынасы жоқ бағамен пайдалануға беру кіреді.

    Үй  шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық ұйымдардың негізгі типтері:

  • мүшелік   жарна негізінде қаржыланатын ұйымдар [саяси партиялар, діни қоғамдар  және т.б.];
  • рыноктық емес негізінде үй шаруашылықтарына тауар және қызметтерді пайдалануға беретін қайырымдылық  қоғамдары және қорлары. Қаржылану ресурстар бастауы ақша және натуралды түрдегі қайырымдылық;
  • кәсіпорындар жұмысшылары мен жанұялар  мүшелеріне әлеуметтік-мәдени    қызмет    көрсететін,    коммерциялық емес ұйымдар түрінде қарастырылатын   кәсіпорындар  бөлімшелері,  олар қаржыны құрылтайшы  кәсіпорындардан трансферт түрінде алады,  мысалы,  ведомствалық үйлер, ауруханалар, клубтар, стадиондар.

    Үй  шаруашылығы секторына резиденттік үй шаруашылықтары кіреді. Олардың барлықтары тұтынушылар болып есептеледі, ал кейбіреулері сату және өз меншігінде пайдалану мақсатымен тауарларды өндіреді және қызметтер жасайды,  корпоративтік емес кәсіпорындарда өндірістік әрекетті жүзеге асырады.

    Өндіріс әрекетінің бір түрімен шұғылданған  кәсіпорындар мен олардың бөлімшелерінің жиынтығы (өндірушілердің рынокты немесе рынокты емес болғанына тәуелсіз) салалар бөлінеді. Мысалы, "Денсаулық", "Мәдениет және өнер", "Халық  ағарту" салаларына рынокты және рынокты емес қызметтерді өндіруші ұйымдар кіруі мүмкін, олар жалпы өнім шығару саласында рынокты және рынокты емес өнімдерді шығаратындарға жатады.

    Резидеттер  бірлігінің   өндіріс  қызметтерінің   есеп   беру мерзімдегі  нәтижелерін  тауарлар жөне қызмеггерді  шығару көрсеткіші ретінде тауарлар және қызметтердің құны анықтайды.

    ҰЕШЖ сәйкес өңдірістік саладағы өнімді шығаруға кіреді:

    1) пайдалануына байланысты емес  тауарлардың барлығы (баска жаққа  жіберілген, өндірушілердің материалдық  айналым құралының өсуін  қосқандағы  өзіндік  соңғы  тұтынуға және қорлануға арналған);

    2)басқа  институционалдық бірліктерге көрсетілген  қызметтер,   сонымен   бірге   мемлекеттік  басқару  органдарымен  коммерциялық емес ұйымдардың  рыноктық емес қызметтері;

    3)меншікті пәтер-үйлерде тұрумен байланысты үй шаруашылықтарының қызметі жөне   үй  қызметшілерінің ақылы қызметі.

    Өндірістік  саланың шығаруына көлеңкелі  экономикада өндірілген тауарлар мен  қызметтер де кіреді.Тауарлар мен  қызметтерді шығару рынокты жөне рыноктық емес болып бөлінеді:

    Рынокты шыгаруға жататындар:

  • экономикалық мәні бар бағамен өткізілген тауарлар мен қызметтер;
  • бартер бойынша басқа тауарлар мен қызметтерге немесе активтерге алмастырылтан тауарлар мен қызметтер;
  • жұмыс берушілердің өз жұмысшыларына еңбекақы есебіне натуралды түрінде берілген тауарлар мен қызметтер;
  • өндіріс процесінде өндірілген және тұтынылған тауарлар мен қызметтер (көмір бірліктерін өндіру үшін шахталарда пайдаланылатын  көмір, құрылыстың шаруашылық тәсілінде қолданылатын материалдар, кәсіпорындардың құрамындағы асханаларға, демалыс үйлеріне, балалар мекемелеріне көмекші шаруашылықтардан берілген азық-түліктер, т.б.);
  • рыноктық пайдалануға   арналған,   өндірушілердің  материалды айналым құралдары қорына түскен дайын өнім және аяқталмаған өндіріс.

    Рынокты емес шығаруға кіреді: [12,308б]

  • институционалдық  бірліктердің  өзіндік  соңгы  тұтынуға немесе   негізгі   капиталдың  жалпы   корлануына  қажетті өндірілген тауарлар мен қызметтер (фермерлік, жеке көмекші шаруашылықтардың  өзіндік түтынуы  үшін өндірілген өнімдері шаруашылық тәсілімен және үй шаруашы-лықтардың өз күшімен салынған құрылыс;өзіндік пайдалану үшін өндірілген машиналар мен жабдықтар шаруашылықта негізгі капитал ретінде қолдану үшін түсірілген мал және көпжылдық өсімдіктер;меншікті пәтер-үйлерде көрумен байланысты қызметтер, үй қызметшілерінің ақылы қызметі және т.б.);
  • Басқа институционалдық бірліктерге ақысыз немесе экономикалық мағынасы жоқ бағалар бойынша тауарлар мен қызметтер көрсету (ақысыз білім беру, медициналық қызмет), мемлекеттік ұйымдастыруымен өндірілетін және мемлекеттің бюджетінен қаржыланатын, қогамга ақысыз көрсететін коллективтік қызметтер (мемлекетің баскару органдарының, қорғаныстың қызметі және т б );
  • өндірушілердің материалдық айналым қүралдары қорына түсетш, рынокты емес пайдалануға арналған дайын өнім және аяқгалмаған өндіріс.

Информация о работе Ұлттық есеп шоттар жүйесі