Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:19, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі, ҰЕШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады. Құрылымдық, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰЕШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. ҰЕШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰЕШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы....................................5 1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары...........................9 1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары..12
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2.1 ҰЕШЖ-ін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы.......................18
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтары...............................................................................................23
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.......27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
Үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетiн анықтау –ҰЕШЖ-дегi негiзгi мәселе. БҰҰ ҰЕШЖ-нiң кепiлдемесi бойынша үй шаруашылығы үшiн өндiрiс шоты құрылуы қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетi көрсетiледi.
Үй
шаруашылығын өндiрiстiк әрекетiне өздерi
тұтыну немесе сату үшiн өндiрген өнiм,
нарықтық қызметтер көрсету, өз үйiнде
тұру құны және үй қызметшiсiнiң қызмет
ақысы жатады. Мәлiметтердiң
Сол сияқты ҰЕШЖ көрсеткiштерiн тұрақты бағамен бағалау принциптерiн анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелердi, активтер мен пасивтердiң өзгерiсiнiң шотын құру сияқты жұмыстарды iске асыру көзделуде. Стандартты әдiстеме негiзгi макрокөрсеткiштердiң динамикасын, құрамын зертеп, мөлшерi туралы мәлiметтредi салыстыру үшiн, ТМД елдерiнiң нарықтық экономикалық өту кезеңдерiн талдау үшiн, осы елдердiң экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастарын үйлесiмдi түрде жүргiзу үшiн қажет.
ҰЕШЖ-де шаруашылық операцияларын есептеу, өтпелi кезеңдегi құрылымдық ерекшелiктердi анықтау сияқты әдiстемелiк сұрақтарды шешумен қатар макрокөрсеткiштердi есептеуге қажеттi мәлiметтердi жинауға зор көңiл бөлiнуi керек. Ол үшiн шаруашылық бiрлiктерiнiң бухгалтерлiк есебiн, бастапқы статистикалық есеп берудi, статистикалық бақылауды өзгерте отырып халық шаруашылығы балансының мәлiметтер базасынан жаңа жүйенiң мәлiметтер базасына көшу қажет.
1994
жылы Қазақстан
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ –нiң теориялық және әдiстемелiк қағидалары
Халық шаруашылығы балансы (ХШБ) деп марксистiк тұжырым-дамаларға негiзделген, жоспарлы экономиканың дамуын сипаттау, талдау үшiн қолданылған макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесiн атайды. ХШБ кеңестер одағында алғаш рет 20-жылдары құрылды. Оның құрылымы өзi сипаттайтын экономиканың үлгiсiне сай анықталады. Материалдық ресурстарды бiр орталықтан бөлу принциптерiне негiзделген бұл экономи-калық үлгiде табыстарды бөлу, қаржы инструменттерiне байланысты операциялар сияқты процестердiң маңызы төмендетiлдi. Халық шаруашылығы балансының негiзi болып материалдық баланс (қоғамдық өнiмдi өндiру, тұтыну қор жинау балансы) саналады. Материалдық баланс қоғамдағы материалдық игiлiктерр ресурстарын және оларды пайдалануды сипаттайды. [16,25б]
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн халық шаруашылығы балансын басқа да социалистiк елдер (Қытай, Вьетнам т.б.) қолдана бастады.
ХШБ-нiң үлгiсiнде қаржы балансын құру қажеттiлiгi көрсетiлген, бiрақ мемлекеттiк басқару ұйымдары табыс және қаржы активтерiнiң қозғаласын талдауды қажет деп санамағандықтан практика жүзiнде бұл баланс құрылмады. ХШБ-ның негiзгi тұжырымдамасына сай экономикалық өндiрiс сферасы тек материалдық өнiдiрiс салалармен ғана шектелдi, ал өндiрiстiк емес сферадағы, яғни, материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттердiң нәтижелерi (басқару, қарржы, ғылым, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, қорғаныс, коммуналды шаруашылық т.б.) ұлттық табысты бағалауда ескерiлмедi, бұл қызметтердi ұлттық табысты қайта бөлудiң нәтижесi деп қарастырды. Сондықтан, халық шаруашылығы балансындағы көрсеткiштердi ұлттық есеп жүйесiндегi көрсеткiштермен тiкелей салыстыруға болмайды.
Халық шаруашылығы балансының ұлттық есеп жүйесiнен елеулi өзгешелiктер бола тұра ҰЕШЖ-нiң дамуына өз әсерiн тигiздi. Өйткенi Кеңестер Одағының статистикалық ұйымдары алғашқы халық шаруашылығы балансын 1925-1926-жылдары құрды, яғни ХШБ ҰЕШЖ-нiң алғашқы зерттеулерiнен бұрын пайда болды. ХШБ-ның алғашқы зертеулерi экономика салаларының байланысын көрсететiн кестелерден құралды. Бұл кестелер салааралық баланстың болашақтағы үлгiсi едi. Халық шаруашылығы балансының негiзгi ережесi – материалдық өндiрiс сферасымен өндiрiстiк емес сфераны ажырату,материалдық өндiрiстiң өзiн өндiрiс құрал-жабдықтарының (I бөлiгi) және тұтыну заттарының өндiрiсi (II бөлiгi) деп екiге бөлу. Осы теория бойынша қоғамдық жиынтық өнiм екi формада ұдайы өндiрiледi: а) натуралдық – затты және б) құнды. Натуралдық заттық формасы бойынша орнын толтыру қрына (өндiрiстiк тұтыну), тұтыну қорына (өндiрiстiк емес тұтыну) және қорлану қорына бөлiнедi. Ал құнды формасы бойынша қоғамдық жиынтық өнiм екi бөлiктен тұрады. Ол – затқа айналған құн (С) және жаңа жасалған құн (V+м).
Қоғамдық
жиынтық өнiмнiң материалдық-
ҰЕШЖ-нiң тұжырымдамасы бойынша материалдық игiлiктердi өнңiру мен қызмет көрсетудiң арасына шек қойылмайды, экономиканың тұтастығы сақталады. Мұның өзi шаруашылық субъектiлерiнiң өндiрiстiк әрекеттерiнiң нәтижесiн, кiрiсi мен шығысын бағалауға мүмкiндiк бередi.
ХШБ мен ҰЕШЖ-нiң мiндеттерiндегi айырмашылықтар: [17,98б]
Екi жүйенiң тұжырымдамаларындағы айырмашылықтар:
ҰЕШЖ мен ХШБ-нiң әдiстемесiнде мынандай өзгешелiктер бар:
ҰЕШЖ-де ағымдағы табыстар мен шығыстардың айырмасы “жинақ” көрсеткiшi арқылы анықталады және бұл көрсеткiш күрделi шығындарды қаржыландырудың көзi болып саналады. ХШБ-де табыс пен шығысты ағымдағы және бiр жолғы деп екiге бөлмейдi, сондықтан “жинақ” көрсеткiшi де жоқ, ал қолма-қол ақшаның, банктегi салымдардың өсiмi сияқты жинақ түрлерi ұлттық табыстың қайта бөлiнген түрi деп танылады.
Мәлiметтердi көрсетудегi өзгешелiктер:
ХШБ мен ҰЕШЖ-нiң мiндеттерiндегi ұқсастықтар:
Екi жүйенiң әдiстемелiк принциптерiндегi ұқсастықтар:
ХШБ
мен ҰЕШЖ-де көрсеткiштердi бағалауда
(ағымдағы, тұрақты баға бойынша) да ұқсастықтар
бар. Осындай ұқсастықтарды ескере отырып
“ауыспалы кiлт” әдiсiнiң көмегiмен екi
жүйе арасындағы өзара байланысты көрсетуге
болады.
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде
Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғаш рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне тиеді. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «экономикалық кесте» (1758 ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның 18-ші ғасырдағы экономикасын негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Кейінірек
макроэкономикалық элементті
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп - зерттеумен қоян - қолтық айналыса бастады.
Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың тәжірибелік жұмыстарын ағылшын экономисі Р.Стоун (1913ж.) енгізді.Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ сызбасы 1953-і жылы БҰҰ - ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Ұлттық есеп-шот оның жүйесін деметрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп - шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп - шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.Стоун ұсынған айырмашылық сол. Ол алғаш рет макродеңгейде екі еселей жазу принципінің «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыну, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесінде толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай - ақ қаржы балансы, ұлттық есеп - шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесі енген.