Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:19, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі, ҰЕШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады. Құрылымдық, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰЕШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. ҰЕШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰЕШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы....................................5 1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары...........................9 1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары..12
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2.1 ҰЕШЖ-ін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы.......................18
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтары...............................................................................................23
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.......27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1
ҰЕШЖ-сін қолданудың
негiзгi кезеңдерi және
стратегиясы
Елдiң табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бiрақ алғашында экономикалық талдау жаса керектiгi ескерiлмедi. ХVIII-ХIХ ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бiрақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң өзара байланысты, ресурс айналымы есепке алынбады.
Ұлттық
есеп жүргiзу туралы ойды ең алғаш рет
алғышын зерттеушiсi Грегори Кинг
айтты. Ол ұлттық есептi ұлттық табыс
статистикасымен тығыз
Француз экономисi Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерiнде өнiм қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнiм мен табыс қозғалысын бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды, олар қоғамның экономикалық өмiрiнiң айналымын көрсетедi деген ойды айтты.
Кенэнiң 1758 жылы жарық көрген “Экономиаклық кесте” жұмысындағы ой-пiкiрлерi кейiнiрек ұлттық есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерiне айналды. Ол қағидалар мынандай: [13,104б]
Ұлттық есеп жүйесiнiң дамуына өз үлесiн қосқан ғылымдардың бiрi – франйуз ғалымы Антуана Лавуазье. А.Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассаблеясында “Франция корольдiгiнiң аймақтық байлығы туралы саяси арифметикалық очерк” атты баяндамасын жасады. Баяндамада өнiм өндiру, тұтыну процестерiн сипаттайтын және ұлттық өнiмнiң, ұлттық табыстың, таза табыстың мөлшерiн көрсететiн кесте келтiрiлдi. Бұл кестелердi тарихтағы ең алғашқы ұлттық шоттар деуге болады.
Лавувзье заттай өнiм, ақшалай табыс, салық, салық салынатын таза табыс көрсеткiштерiнiң айырмашылығын көрсеттi, сонымен қатар, халықтың кiрiсi мен шығысы бойынша өндiрiс және өнiмдi бөлу процестерiне талдау жасады. Осы талдау нәтижесiнде материалдық қаржы балансын құру туралы пiкiр айтты.
Бiрақ Кенэ мен Лавуазьенiң айтқан ой-пiкiрлерi ұзақ уақыт iске асырылмады. Оған сол кездегi экономикалық теорияның эволюциясы және экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.
Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекеттарапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажетi болмады. Соған қарамастан халық шаруашылығының синтетикалық көрсеткiштерiн есептеуге байланысты жұмыстар жүргiзiле бердi.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында түбегейлi өзгерiстер болды, соған байланысты, ұлттық есеп жүргiзудiң жаңа кезеңi басталды. Бұған 1929-1933 жылдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсуi не кемуiнiң салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруi, кәсiпкердiң табысы сияқты келелi мәселелердi шешу қажеттiлiгi артты. Ал бұл мәселелердi бiртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын едi. Көптеген экономистер тоқыраудан кейiн нарықтық экономиканы қалпына келтiру үшiн мемлекеттiк реттеу қажет деген қорытындыға келдi. Осындай пiкiрдi айтқан және дәлелдегендердiң бiрi – ағылшын экономисi Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелерi туралы өз ойларын Дж. Кейнс “ақша, процент және жұмыс бастылықтың жалпы теориясы” атты жұмысында (1936ж.) жариялады және болашақ ұлттық есеп жұйесiнiң негiзгi принциптерiн келтiрдi. Ол ҰЕШЖ-нi жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макро көрсеткiштердiң жүйесi деп көрсеттi, осы көрсеткiштердiң кейбiреулерiн өзгенру арқылы мемлекет экономиканы реттей алады дедi.
Кейнстiң, Ван Клифордiң және басқа да ғалымдардың жұмыстарын негiзге ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей экономисi Людвиг Грюнбаум Палестина үшiн ең алғашқы ұлттық шоттар жүйесiн құрды.
1941
жылы Голланд статистигi Ван
Клифор Голландияның ұлттық
Кесте 2 - Капиталистiк елдердегi ҰЕШЖ-нiң дамуы
Елдiң аты | Құрылған жылы | Ескерту |
1 | 2 | 3 |
Австрия | 1951 | Жұмыстың басталған кезi. 1963 жылы жүйе бiржолата қалыптасты |
Англия | 1941 | БҰҰ стандартты шоттарының тұжырымдамасы бойынша құрылған |
Бельгия | 1954 | 1948-1951 жылдардағы
мәлiметтер бойынша алғашқы |
Дания | 1948 | Жүйе төрт шоттан құралды. |
Ирландия | 1951 | Жүйе үш шоттан құралды |
Италия | 1955 | Екi сектор, төрт негiзгi шот құрылды. |
Мальта | 1959 | Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды. |
Нидерланды | 1948 | Алғашқы шоттар 1938, 1946, 1947 жылдардағы мәлiметтер бойынша құрылды. |
Норвегия | 1946 | Соны (оригинал) жүйе. |
Португалия | 1950 | Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты шоттан құралды. |
Туркия | 1950 | Жұмыстың басталған кезi. Қарапайым, интеграцияланбаған үлгi. |
Финляндия | 1958 | ҰЕШЖ-нiң түсiндiрмесi жарияланды. Соны жүйе. |
Франция | 1946 | Соны жүйе. |
ГРФ | 1949 | Жүйе үш сектор, жетi функционалды шоттан тұрады. |
Швейцария | 1963 | Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылған. |
Швеция | 1954 | Соны жүйе. |
Индия | 1951 | Интеграцияланбаған жүйе. |
Жапония | 1953 | Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына лайық. |
Аргентина | 1955 | 1946 жылы жалпы iшкi өнiмдi есептеуге әрекет жасалды. |
Бразилия | 1951 | 1947 жылы ұлттық
шоттарға байланысты жұмыс |
Гондраус | 1952 | БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды. |
Канада | 1948 | Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды. |
Колумбия | 1949 | Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды. |
Мексика | 1953 | Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды. |
Панама | 1959 | Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды. |
Перу | 1946 | Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды. |
АҚШ | 1947 | Бес шот, жиырма
жет кесте құрылды.
Тұжырымдамалар БҰҰ-ның стандартына сәйкес келедi. |
Чили | 1949 | БҰҰ стандартына сәйкес құрылды. |
Эквадор | 1954 | Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесi |
Жаңа Зеландия | 1948 | Жүйе төрт шоттан тұрады. |
Филиппины | 1952 | БҰҰ жүйесiнiң
тұжырымдамасына негiзделген |
1951
жылы Еуропалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымының
1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕШЖ-ге салааралық баланс енгiзiлдi. Бұл баланс өндiрiс сферасының 26 саласы бойынша құрфлдф және 1938, 1964-1951 жж. қамтыды. Мұнан былай салааралық балансыты құрған елдердiң барлығы оны ұлттық есеп жүйесiне енгiздi.
1952
жылдан бастап ұлттық есеп
жүйесiне қаржы
Қаржы ағымдарын талдау үшiн 1947 жылы Нидерландыда, 1949 жылы Финляндияда қаржы шотын құруға әрекет жасалды.
Қазiргi
кезде көптеген елдердiң ұлттық есеп
жүйесiнiң құрамында қаржы
Ұлттық шоттар ұлттық табыс стаистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлiнiп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлiк баланстарының жүйесi Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С. Смейс) құрылды. Содан берi бұл кестелер осы елде жүйелi түрде пайдаланылып келедi. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргiзе бастады.
Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандартқа сәйкестендiру ҰЕШЖ-нiң дамуы мен өрiстенуiне зор ықпал еттi.
1945
жылдың соңында Ұлттар
1947
жылы ұлттық табыс пен
1953 жылы БҰҰ-ның коммисиясының ұйғарымы бойынша стандартты ұлттық есеп жүйесiн сипаттайтын баяндама жарияланды. Жаңа секторлардың, институциялық бiрлiктердiң пайда болуына байланысты 1964 жылы стандартты ұлттық шоттардың мазмұны жарияланды. 1968 жылы БҰҰ ҰЕШЖ-нiң алғашқы хабары (версия) жарық көрдi.
1970
жылы Еуропалық бiрлестiк БҰҰ-
1993
жылы БҰҰ-ның статистикалық
Ұлттық есеп жүйесiнiң тағы бiр мақсаты – ұлттық шоттардың құрылымын айқын, жүйелi түрге келтiру, кейбiр кiрiс және шығыс статьяларының түсiндiрмесiн анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕШЖ-де жалпы iшкi өнiмдi анықтауда өзгерiстер енгiзiлгенiн ескерткен жөн. Мысалы, геологиялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ-нiң бағдарламаларын, әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасын сатып алу негiзгi капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарының құрамына “құнды заттарды таза сатып алу” деп аталатын жаңа статья енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының және ТМД елдерiнiң ұлттық шоттары есеп жүйесiнiң еуропалық стандарттарына негiзделген және әр елдiң ұлттық жағдайына бейiмделiп құрылған. [15,105б]
Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесiне көшу концепциялық (тұжырымдамалы), әдiстемелiк мәселелердi қарастыруды және оларды шешудi талап етедi. Бұл мәселелердi шешуде халықаралық сипаттаманы (рекомендация) негiзге ала отырып, шаруашылық әрекеттi ұйымдастырудағы елдiң ерекшелiгiн ескерген жөн. Мысалы, өтпелi дәуiрдiң алғашқы кезенiнде мемлекеттiк бюджеттен субсидия бөлiнетiн экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсiпорын-дардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсететiн әлеуметтiк- мәдени қызметтер көлемi анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердiң әрекеттерi, олардың рөлi шектеулi үйде қалады.