Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:59, курсовая работа
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Кіріспе................................................................................................................ 5
Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1 Несие саясаты және оның мақсаттары............................... 6-9
2 Несие саясатының құралдары.......................................... 10-16
3 Ақша-несие жүйесі........................................................... 17-22
Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
1 Ақша-несие саясатының операциялары........................ 23-26
2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы........................................................................ 27-37
3 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс......................................... 38-44
Қорытынды.................................................................................................... 45
Пайдаланылған әдебиеттер............................
Орталық банк несие саясатын іс жүзінде практикаға асырғанда оған сәйкес құралдар құрамасын қолданады. Бұл құрама негізінен ақша-несие жүйесіне және онымен байланысты экономика салаларына жанамалы ықпал жасау әдістерінен құралады. Бірақ белгілі бір операциялар жүргізгенде, банк ақша несие процесіне тікелей де араласа алады.
Несие беру сомасын шектеу. Орталық банк коммерциялық банктер үшін банк жүйесінен тыс салалардағы несиелік салымдарының өсуіне шек қояды. Коммерциялық банктер үшін белгілі бір уақыт мерзімінде несиелік операциялар арқылы өтетін соманың проценттік өсу нормасы белгіленеді.
Дисконт саясаты мен ломбардтық саясат бұрыннан келе жатқан және жан-жақты анықталған ақша-несие саласын реттеу әдістеріне жатады. Оларды қолданғанда Орталық банк коммерциялық банктерге негізгі несие беруші мекеме болады. Ол несиені вексельдерді есепке алу (дисконттеу) жағдайына, немесе құнды қағаздар кепілдігіне қарай коммерциялық банктерге несие береді. Орталық банктен осылай алынған қаржылар редисконттық немесе ломбардтық несиелер деп аталады. Осы несие түрлері бойынша Орталық банктің белгіленген процент деңгейін, экономикалық теорияда және практикада, ресми есеп (дисконттық немесе ломбардтық) ставкасы деп аталады.
Орталық банк бұл ставканы кез келген уақытта өзгертуге, өсіруге немесе төмендетуге, хұқылы. Есептеу ставкасының ресми деңгейін өзгерту арқылы Орталық банк капитал нарығында ұсыныс пен сұранысты реттейді. Есептеу процентін көтеріп, Орталық банк несие бағасын қымбаттатады, сонымен коммерциялық банктер жағынан қарыз қаражатына сұранысты тежейді, немесе керісінше, есептеу процентін төмендетіп, бұл сұранысты арттырады.
Ашық нарықтағы операциялар. Орталық банк, ашық нарықта (мысалы, биржада) құнды қағаздарды сатып немесе сатып алып, елдегі ақша-несие қатынастарына күшті ықпал жасайды. Бұл операциялар Орталық банкке ақша-несие саласында күшті саясат жүргізуге мүмкіншілік береді (жоғарыда қаралған есеп жүргізу саясатымен салыстырғанда). Шынымен, есеп жүргізу саясатында Орталық банктің ролі сылбыр келеді: өз міндеттемелерін (вексельдерін) есепке тіркеу-тіркемеуді, құнды қағаздардың кепілдігіне несие алу-алмауды коммерциялық банктер өздері шешеді. Орталық банк бұл жағдайда коммерциялық банктердің шешімдерін тосып-үміттенуге мәжбүр болады.
Құнды қағаздар нарығындағы операциялар өз табиғатымен нарық тәртібіне сәйкес толық қанды нарық құралы. Орталық банк ашық нарықта оның басқа барлық қатысушылары сияқты толық хұқылы агенті ретінде қатысады. Сондықтан ашық нарыққа шығып операция жүргізу несие саясатының ең тиімді құралы деп саналады.
Бұл
әдістің негізгі
Ақша-несие саясатының басқа да әдістеріндей, осы қаралып отырған әдістің де өз осал жағы бар. Жеке алғанда, оның уақыты әр кез шектеулі, құнды қағаздар айналымға нақты көрсетілген мерзімге ғана шығарылады. Көрсетілген мерзімде шығарылған қағаздарды міндетті түрде қайта сатып алу қажет болады. Құнды қағаздардың айналымға шығарылған уақыты ұзарған сайын, несие құралының да қолдану мерзімі де соншама артады. Ашық нарықтағы операциялардың тиімділігін шектейтін тағы бір фактор бар – ол: Орталық банктің құнды қағаздар шығару мүмкіншілігі. Бұл саясатты жүргізудің шегі Орталық банктің портфеліндегі құнды қағаздар қорымен анықталады. Практикада бұл кемшілік екі әдіспен жойылады: мемлекет Орталық банкке қосымша құнды қағаздар ресурстарын ұсынады, немесе оларды өз бетімен шығаруға рұқсат береді.
Минимальды
резерв саясаты. XIX ғ. аяғында XX ғ. басында
қалыптасқан банк қызметтері көрсеткендей,
несие қатынастары саласындағы
операциялар белгіленген
Міндетті резерв нормасы коммерциялық банктің Орталық банктегі белгіленген міндетті салымның осы банктің мерзімді міндеттемелеріне бөлінген бөлімі ретінде анықталады.
Минималды резерв саясатының қызмет атқару механизмі, ол өте қарапайым: міндетті резервтердің белгіленген минималды деңгейін белгілеу және оны Орталық банкте міндетті түрде ұстау, коммерциялық банктерді оған тәуелді етеді. Орталық банк резерв нормасын жоғарылатып коммерциялық банктердің іскерлік белсенділігін тежейді, төмендетіп-ынталандырады.
Ерікті келісімдер саясаты. Жоғарыда аталған реттеу шаралары «еркін түрдегі келісімдер» деп аталатын жүйемен толықтырылуы мүмкін. Олар Орталық банк пен коммерциялық банктердің арасында бекітіледі.
Коммерциялық банктер мұндай келісімге өз ықыласын танытқанда, қызметін белгілі бір шеңберге сиғызып атқарады. Орталық банк болса, жүргізілетін операциялар туралы қажетті мәліметпен қамтамасыз етеді.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы
инфляциямен күресудің тағы да бір
маңызды факторы – шетел
Ұлттық
банктің мүдделендіру мөлшерлемесі
ақша нарығындағы қаржылық операциялардың
барлық түрлеріне пайыз
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер жене мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз.
Ақша-несие саясатын жасағанда және оны іске асырғанда кездесетін қиыншылықтарды туындыратын себептер өте көп. Бірақ ең маңыздыларына екеуін жатқызуға болады:
1) Экономиканың жалпы жағдайын
2) Ұлттық экономиканың дамуына сыртқы экономикалық факторлар әсерін
Бұдан
басқа, Орталық банк белгілі уақыт
мерзімінде ақша-несие саласын реттеу
бойынша нақты іс-әрекеттер
Ақша-несие саясатын іске асырғанда онда қолданған құралдардың өз кемшіліктері де ерекше қиыншылықтарды қосымша туындатады. Мысалға, ақша-несиені реттеудің ең бір кең тараған әдістерінің бірін есеп жүргізу (дисконттық) саясатын алайық. Дисконттық саясаттың ең бір елеулі кемшілігі – оның баға механизміне әсер етуі.
1)
Экономика субъектілері неие
шығындарын өзінің
2)
процент деңгейін әкімшілік
3)
орталық банктің процент
Коммерциялық банктер және ірі фирмалар көбінесе өз операцияларын шетелдерге, егер онда процент ставкасы төмен болса, аударады және де жалпы алғанда орталық банктің капитал нарығын процентпен реттеу-тіпті де абсолютті тұрақты құрал емес. Орталық банктің капитал нарығын реттеу деңгейі әртүрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Олардың арасынан екі факторды ерекше бөліп қарастыру қажет.
1)
экономикалық жағдайға
2)
шаруашылық өмірінің
3. Ақша-несие жүйесі.
Ақшалай
формадағы капитал иесінің
Ссудалық капиталдың қайнар көздеріне төмендегілер жатады:
- негізгі капиталды қалпына келтіруге арналған және оның құнының бөлшекті түрде амортизация түрінде өндірілген өнімге аударуы бойынша жинақталған ақшалай қаражаттар;
- тауарды өткізу мен жалақы төлеу арасындағы уақытша бос
- негізгі капитал алуға бағытталған қаражаттар;
- үй шаруашылығындағы адамдардың ұзақ мерзімді пайдаланатын тауарларды және тұрғын үй алуға арналған, банкта шоттарда жинақталған қаражаттары.
Ақшалай қаражаттардың козғалыссыз тұруы нарықтық экономиканың табиғатта қарама-қайшы келеді. Несие, қайшылықты шешуге көмектеседі.
Несие негізгі екі түрде болады: қатысушылар құрамына, ссуда объектісіне, пайыз динамикасы мен шамасына және қызмет атқару аймағына байланысты ерекшеленетін коммерциялық және банк несиесі.
Коммерциялық несие—бұл бір кәсіпорынның келесі кәсіпорынға тауарды төлемін кейінге қалдыру түріндегі несие. Коммерциялық несиенің құралы ретінде вексель қызмет атқарады.
Тауарды өткізуді жылдамдату мен одан пайда алу коммерциялық несиенің мақсаты. Тауардың бағасы мен вексель сомасына енетін оның пайызы банк несиесіне қарағанда төмен, ал соңғысының мақсаты - ссуда бойынша пайда алу болып табылады. Бұл несиенің көлемі кәсіпкерлердің иелігіндегі еркін капитал мөлшерімен шектеледі.