Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:59, курсовая работа
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Кіріспе................................................................................................................ 5
Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1 Несие саясаты және оның мақсаттары............................... 6-9
2 Несие саясатының құралдары.......................................... 10-16
3 Ақша-несие жүйесі........................................................... 17-22
Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
1 Ақша-несие саясатының операциялары........................ 23-26
2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы........................................................................ 27-37
3 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс......................................... 38-44
Қорытынды.................................................................................................... 45
Пайдаланылған әдебиеттер............................
Егер К мен Ү — өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есеп-тесек, онда ақшаның номиналды саньшың өзгеруі M-S бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне әкеледі деген қорытынды жасауға болады.
Американ профессоры И. Фишер өзінің "Ақшаның сатып алу күші" (1911) деген кітабында сандық теорияға негізделген тағы бір теңдікті есептеп шығарды: М-SV = РҮ мұндағы V — ақша айналымының жылдамдығы. Осындай жылдамдықпен номиналды қордың бір өлшемі айналымда козғалыс жасайды.
Теңдіктің екі бөлігін V-ге белсек, мына формуланы aламыз: Демек, V мөлшері кембрвдж формуласыңдағы k мөлшеріне кері әсері бар. Бүл қисын былай гүтіндіріледі: егер индивидтер аз ақша қалдықтарын сақтаса (k — төмен) онда сондай көлемде тауар өткізу үшін ақша айналымының жылдамдығын арттыру керек (V жоғары) .
Ақшаға сұраныстың неоклассикалық теориясы математикалық тұрғыдан үш тендік жүйесінен тұрады, олар кембридж теңдемесімен тығыз байланыста (толығыра қараңыз: Харрис Л. Денежная теория. М., 1990;). Біріншіден, бұл теңдеу номиналды ақша калдығына сұранысты суреттейді:
М2 = KRY
Екіншіден, бұл теңдеу ақшаның ұсыну қызметін сипаттайды:МS = М-S
Үшіншіден, бұл теңдеу нарықтағы теңдіктің жағдайларын көрсетеді:
МS = МД яғни ақшаға деген жоспарлы сұраныс оның рыноктағы тепе-теңдігін сақтайтындай жоспарланған ұсынысына сәйкес болуы қажет.
Демек, неоклассиктердің түсінігінде ақша рыногының макроэкономикалық үлгісі мынаған негізделген: ақшаға деген жиынтық сұраныс ақшалай табыс дәрежесінің қызметі ( РҮ), ал ақшаны ұсыну экзогенді тұрақты мөлшер, яғни ақшаға сұраныстан тыс бөлек тағайындалады.
График түрінде бұл үлгіні былай көрсетуге болады.
МSМS — ақшаны ұсыну қисық сызығы.
ОМД
— ақшаға сұраныстың қисық сызығы.
Р
РА Мs
РВ
0 МS1 МS М
1-сурет
Суретте ақшаға сұраныстың (М) баға дәрежесіне тәуелділігі (Р) бейнеленген. Баға дәрежесі өскен сайын ақшаға да сұраныс ұлғаяды. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы табыстың деңгейімен (Ү) байланысты. Ол толық жұмыспен қамтылған жағдайда бекітілген. Табыстардың өсуі ақшаға деген сұраныстың үлкен жұмсақтылығына, икемділігіне әкеледі, ол суретте сұраныс қисық сызығының көп жазықтығымен көрсетілген. Ақшаға сұраныстың қисық сызығы МsМs тіке сызылған, өйткені баға дәрежесіне байланысты емес.
Баға РA — деңгейінде тағайындалғанда ақшаға сұраныс пен оны ұсынудың қисық сызығы қиылысқан нүктесінде ақша рыногының неоклассикалық үлгісі теңдік жағдайда болады. Егер баға жалпы деңгейлік РА көлеміне дейін төмендесе, онда тең Мs = Мs , артық ақша ұсынғысы шығады.
Мұндай жағдайда ақша құнсызданып, бағалар өсіп РА деңгейіне жақындайды. Сөйтіп, рынокта автоматты теңдік орнату тенденциясы көрінеді.
Кейнсиандық теория ақшаға сұранысты түсіндіргенде неоклассиктерден мүлдем алшақтайды. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы" деген еңбегінде адамдардың ақшалай (өтімді) түрде жинақ сақтауға ұмытылуының үш психологиялық себебін ұсынды: трансакциондық, алыпсатарлық және сақтық.
Трансакциондық (ағылшынның trancaction — іс жасау) қалдық қаржыларды белгілі бір ақша табысының деңгейін ұстап тұру үшін сақтайды. Табыс келтіру және оны жұмсау белгілі уақытқа бөлінген және бұл интервалды үнемі толықтырып тұру керек. Егер интервал ұзақтығы тұрақты болып және ол табыс деңгейімен процент нормасының өзгеруімен байланысты болмаса (оларды мүлдем ескермеуге болмайды) онда мынадай қорытындыға келеміз: жеке дара адам үшін трансакциондық қалдық деңгейі оның ақша табысындағы үлесіне тең болады:
Сонымен Дж. М. Кейнс ақшаға сұранысты түсіндіруде неоклассиктер теориясы екщдерінің бұл жөніндегі пікірлерімен сәйкес келеді. Қалдық ақшаларды, алыпсатарлық немесе сақтық, бейқам болу ниетімен ұстап тұру себептері де бұрынғы неоклассиктердің көзқарастарынан айырмашылықтары көп.
Дж.
М. Кейнс ақшаға сұраныс теориясыңда
жоғарыда аталған себептерге ерекше мән
берген. Оның ойынша, финанс рыногындағы
екі ұштылықпен қауып-катер жағдайында
ақшаға деген сұраныс белгілі дәрежеде
облигациядан түсетін табысқа да байлафлсты.
Егер адам алыпсатарлық ойымен болашақтагы
процент нормасының рыноктан күткеннен
көп екенін есептеп шығарса, онда ол ақшаны
жинақтап ұстауға тырысады, облигацияларды
сатып алмайды, өйткені процент нормасының
өсуі облигация курсын төмендетеді. Демек,
бұл пиғыл алыпсатарлыққа жақын және ол
процент ставкасының өзгеруімен байланысты.
Сонымен экономика ғылымында Кейнс қоржындық таңдау проблемасын енгізді, белгілі адамның активінің (ақшасының) қолайлы құрылымы қандай болуы керек (ақша қаржысымен облигация үлестерінің арасалмағы) ин-дивидтің (адамның) күткен үмітін талдауда да ол басты рөл атқарады. Ол ақшаға сұранысты болжап білуге болмайтын құбылысқа айналдырады.
Сұраныс екі бөлікке белінеді:
— трансакциондық сұраныс немесе басқаша көрінісі,
L1(у); — алыпсатарлық сұраныс немесе басқаша көрінісі,
L(r — r); r — рыноктың проценттік ставкасы, —r процент нормасының жайшылықтағы күтімі.
Ақша рыногының Кейнстің агрегаттық үлгісі трансакциондық алыпсатарлықтың ақша қалдықтарына сұраныс қызметін біріктіреді сонымен қатар;сақтандыру пиғылы да ескеріледі. График түрінде бұл 2-суретте көрсетілген.
Алыпсатарлық пиғыл Кейнс теориясында өтімділікті мақұл көреді (предпочтение ликвидности). Өтімдідікті (ликвидность) L символымен белгілейді.
Бағалы
қағаздардың (облигациялар және тағы басқалар)
курсы біріншіден, түсетін; табыстарға
(акциядан — дивиденд) облигациялардан
процёнт, екіншіден депозит (салым)
бойынша процент ставкасына байланысты.
Демек, облигация құрайтьш құнды-бағалы
қағаздар табысы проценттің орташа деңгейі.
r
M2Д
r M2Д r
MД
М1Д М2Д
а) б) в)
2-сурет
2
- сурет ақшаға деген
Ақшаны ұсыну егер ол экзогенді автономиялық ақшаға сұраныс пен ставка процентінің көлеміне тәуелсіз түрде болса, тік сызық арқылы көрінеді. Енді ақшаға сұраныс графигі мен ақшаны ұсыну графигін біріктірейік. 1-суретке қарағанда ординат белдігіне баға дәрежесін емес, ставка процентінің мөлшерін енгізейік.(4-сурет)
Мд және МS сызықтарының қиылысы ақша рыногындағы тепе-теңдік процентінің r0 , деңгейінде орнағанын көрсетеді. Егер мысалға, орталық банк ақшаны ұсынуды азайтса, онда Мs сызығы соған ығысып Мs жағдайына енеді. Сөйтіп ақша рыногында жаңа тепе-теңдік арнайды, бірақ ол проценттің жоғары деңгейінде болады. 4-суретте несие-қаржы орындары басшыларының ақшаны үсьшуды үлгайту немесе азайту арқылы процент ставкасы деңгейіне қалай әсер ететіні анық керініп түр.
30-жылдардагы Кейнс
r
Ms
Ms
3-сурет
қалпында дүниеге келтіруге болмайтындығын түсінді., Сондықтан да осы теорияның негізін қалаушы — американ профессоры, экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен ақшаға сұраныс теориясын микроэкономикалық сатыда (жекелеген шаруашылық агенттерінің тәртібі) зерделеуге көңіл аударып, содан кейін барып алынған қорытындыларға макроэкономикалық шеңберде мән беріп, ақшаға деген сұраныстың өзгерісін және оның барлық шаруашылық ықпалын талдайды. Ақшаға сұраныстың таза теориясы деген атпен белгілі болған сандық теорияның жаңа вариантында М. Фридмен ақшаға сұраныстың қызметін былай көрсетті:
МД = Рf (rв, rе , Р, һ, Ү, u)
мұндағы МД — номиналды ақша қалдығына жоспарланған сұраныс. Р — бағаның абсолютті деңгейі rв — облигация-лардың % нормасы rе — акция табыстарының нарықтық нормасы. Р —баға деңгейінің өзгеру проценті (тауарларды акция түрінде сақтаудан түскен табыстағы ставкасы) Ү — тұрақты бағадағы ұлттық табыс. һ — ұлттық табыстың, байлыктың физикалық компонентінің үлесі, и — ақшаға сұранысқа әсер ететін басқа факторлар.
Монетаризм ақшаға деген сұранысты шаруашылық агенттердің ақша қорынан түсетін және баламалы активтердің қелтіретін табыстарын салыстыру нәтижесі ретінде анықтайды. Ақша корының артықшылығы ақшаның айырбасты жеделдету және банкроттан сақтау қабілетінен керінеді. Сөйтіп, кейнсшілдердің қоржынға нені салуды қалайтынын ақшаны ма, жоқ облигацияны ма деген таңдауларын жеңілдетті. Ал монетаристер болса, таңдаудың көптеген баламаларын (альтернативтерін) ұсынды. М. Фридменның теориясында ақшаға сұраныс қызметінен тұрақты болатыны баса айтылған. Бұл кейнсшілдердің ақшаға сұранысты болжап білуге болмайды дегендеріне қарсы бағытталған анықтама. Монетаристер халык жинағындағы ақша қорларын жалпы ұлттық өнімнің тұрақты белігі деп есептейді. Бұл анықтаманы теориялық жағынан негіздеу үшін М. Фридмен ақшаға актив каржыларының ең бір инерциялык, элементі деп карады.
Соғыстан кейінгі, алғашқы онжылдықтарда АҚШ-тың ЖҮӨ мен ақша массасының өзгеруі туралы деректер монетаристердің көзқарастарын растағандай еді, бірақ 70— 80-жылдарда ақшаға деген сұраныстың тұрақтылығы жөніндегі тезис айтарлықтай шайқалды, өйткені монета-ристердің бірде-бір теориялық үлгісі, теңдеу жүйелері сол кезеңдегі ақша массасы қаншалықты өзгеретінін дәл айта алмады. Сөйте тұра монетаристер ЖҮӨ-ге қатысты, ақшаға деген сұраныстың қалайда өзгеретінін жоққа шығармады. Бірақ бұл өзгерістер өте баяу жүреді (мысалы, несиелік карточкаларды енгізу, ЭВМ банкілерін құру үшін уақыт керек) немесе бұл өзгерістердің айтарлықтай еместігі сонша, тіпті оларды есепке алмауға да болады. Соңғысына монетаристер процент ставкасын жоғарылату немесе төмендету арқылы номиналды ақша қалдықтарындағы өзгерістерді жатқызады. Монетаристер олардың ақша қоры үлесін өзгертетін факторлар екеніне сенбейді. Олар инфляцияның әсерінен акшаға сұраныс қызметінің өзгеретіндігімен келіседі, себебі бағаның инфляциялық өсуін күткен адамдар ақша қорын азайтып, оны көп жұмсауға тырысады.