Мемлекеттің акша несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:59, курсовая работа

Описание

Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................ 5
Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1 Несие саясаты және оның мақсаттары............................... 6-9
2 Несие саясатының құралдары.......................................... 10-16
3 Ақша-несие жүйесі........................................................... 17-22
Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
1 Ақша-несие саясатының операциялары........................ 23-26
2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы........................................................................ 27-37
3 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс......................................... 38-44

Қорытынды.................................................................................................... 45
Пайдаланылған әдебиеттер............................

Работа состоит из  1 файл

мемлекеттің ақша-несие саясаты.DOC

— 262.50 Кб (Скачать документ)

       Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай болмасын мүліктің немесе активтің өтімділігі дегенде оның оңай сатылуы және кұнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің ең өтімді түрі — ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға — үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды "мұздатылған" құралдар деп атайды) жатады.

       Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп атайды. М1—мағынасындағы ақшаны басқаша "іскерлік ақша" деп те атайды. Бұл қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды камтиды. Олар ағымдағы есеп-шоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады. М2— кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есеп шоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-лердің айырмашылығы М2-де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.

       Біздің  елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-акша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегат-тары күнделікті өмірде мемлекеттің акша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.

       Ақша  агрегаты – ақша массасының көлемі мен құрылымының көрсеткіші.  

 

         Ақша агрегаттары  

       (жылдың  аяғына)

                    2003            2004            2005            2006

М (айналыстағы қолма-

қол ақша), млн. теңге                 238545           379273        411813           600832

М , млн. теңге                             412139           680632        799440         1281549

олардан:

халықтың  теңгедегі ау-

дарылатын депозиттері              29840              44164           57879           101242

банкіге жатпайтын заңды 

тұлғалардың теңгедегі 

аударылатын депозиттері          143754            257196         329748          579475

М , млн.теңге                              693381           1175491       1515970       2814551

одан:

халықтың  теңгедегі басқа 

депозиттері және шетел

валютасындағы аударыла-

тын депозиттері                           111214            226189         277720          613834

банкіге жатпайтын заңды 

тұлғалардың теңгедегі басқа

депозиттері және шетел 

валютасындағы аударыла-

тын депозиттері                           170028            268670         438810          919168

М , млн. теңге                              971749           1650115       2065348      3677561

одан:

халықтың  шетел валюта-

сындағы басқа депозиттері         194357            170823         251747         304628

банкіге жатпайтын заңды 

тұлғалардың шетел валюта-

сындағы  басқа депозиттері        84011             303802         297631         558381

М -тегі М -дің үлес

салмағы, пайызбен                        24,6                     23,0             19,9               16,3

М -тің ЖІӨ-ге қатынасы,

Пайызбен                                      21,8                      21,7             21,2              37,8

       ___________________________________

       * Қорытынды айналымдар  есепке алынған  жоқ. 
 
 

       Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік банктің эмиссиялық қызметтен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық банктердің несие беруін кеңейтуі есебінен жүреді. Банктер жаңа ақшалар шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын кайтару кезінде байқалады. Банктің жаңа ақша жасау процесін кеңірек мына мысалдан көруге болады. Нью-Йорктегі "Нэшнлсити банктің" 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші — реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін болады), Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, "Нэшнлсити банк" клиенттерге қарызды 90 мың долл. Көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв қорына қалады. Қарыз бергенде банк соманы ағымдағы есепке аударады, оны клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк әрекетінің нәтижесі 90 мың доллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру арқылы 90 мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап отырады.       Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек. Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады. Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта "Нэшнлсити банкісі" депозитіндегі алғашқы ақшаның сомасы ең соңында мультипликациондық нәтиже арқылы жаңа ақша корының жасалуына әкеледі. Айталық "Нэшнлсити банктің" 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды "Ферст трест банкінің" депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің өсуі оған жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит сомасының 10%-ін жіберу керек (9 мың долл.). Демек 81 мың доллар көлемінде жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын қоса есептегенде) .171 мьгң долларға тең болады.

       Келесі кезенде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да оларды "Сити-трест" банк депозитіне салады, ал енді берілетін қарыздың көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында калада деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша сомасын 243,9 мың долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі: банқтердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мулътипликациондық әсерін сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.

       Банктік депозиттердін үлғаю шегі:

       100 мың долл. + 90 мың долл. + 81  мың долл. + ... - 100 мың долл.

       (1 +0,9 + 0,92 + 0,93 + ...)- (100 мың долл.(1- 0,9) - 1 млн. долл.

       Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейіндегі 100 мың долл. алғашқы депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн. долларға жеткізеді.

       Ақша  массасы көлемінің банктін жаңа ақшаларымен ұлгаюы нақты бакылау мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультишіикатор (т) арқылы жүреді.

       Ол  мына формуламен есептеледі мүндағы r —түріндегі    міндетті    резервтік    норма    %    немесе  мұңдағы М — депозиттердің өсуі, R — резервтердің өсуі.

       Біздің  мысалымызда m = 10, резервтегі әрбір доллар депозиттін 10 долларға өсуіне әкеледі. Демек, мультипликатордың көлемі міндетті резервтік талаптарға кері тәуелділікте. Егер резервтің ставкалары 5 процентке төмеңдесе, онда т = 20, ал 20 процентке көтерілсе т = 5-ке төмендейді.

       Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық әсерінің нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланысты, өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қантарылмай қолма-қол ақша ретіңде де жүре береді, Біздің мысалымызда клиенттердің ағымдағы есепшоттқа алғандары ескерілмейді, ал олар банктердің қарыз беру мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1000 доллар құны бар мемлекеттік облигацияны сатып алуы банктің резервтік ресурсың осы сомаға азайтады, нәтижесінде 10 мың доллар банктік депозиттің жойылуына әкеледі (10 проценттік резерв ставкасында).

       Банктердің  жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінің негізгі факторларына мыналар жатады; резерв ставкасының ең төменгі мөлшері және заемщиктер тарапынан жаңа қарыз алуға деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік банктің ақша массасы көлемін қалай реттейтінін көрсетеміз.  

     

 

3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

       Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

       Ақшаға  сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық тал-дау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің "монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанын керсетеді.

       Ақшаға  деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бүл теория экономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30 - 40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды.  Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары. Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хансеи. Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50—60-жылдардағы еңбектерінен көрінеді" (М. Фридмен, К. Брунчер, А. X. Мельтцер).

       Монетаристер экономиканы дамытуда ақшаның рөліне үлкен мән береді. Рыноктық шаруашылықтың циклдық өзгеруін түсіндіруде де ақша массасының маңызы бар деп есептейді. Монетаристердің ұраны — ақшаның маңызы бар ал көбі тек ақшаның ғана маңызы зор деп ойлайды. Кейінірек қазіргі монетаристер өкілдері жасаған ақшаға сұраныс теориясының негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз. Кейнсиандық және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасайық. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналды ақша қалдығының - ұсынысымен анықталады. Басқаша айтқанда, акшаны көп ұсынған сайын, бағаның деңгейі жоғары және керісінше болады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А. Маршалл, А. Пигу, Д. Робертен бұл теңдікті былай қисындайды:

                                     М-S = KRY

       Мүнда M-S— ақшаның номиналды саны: k — номиналды табыс пен қажетті ақша калдықтары (шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция Р — бағаның абсолютті деңгейі, Ү—нақты табыс.

Информация о работе Мемлекеттің акша несие саясаты