Мемлекеттiк басқарудағы ақпарттық жүйе жене оны жетiлдiру қажеттiлiгi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:44, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………3

І - тарау. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны…………5
Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері……………8
Жергілікті басқарудағы ақпараттық технологиялар…………….12

ІІ – тарау. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқару саясатын
жетілдіру концепциясы……………………………………………...17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқаруды жетілдіру
жолдары………………………………………………………………23
Қорытынды……………………………………………………………………...26
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………..27

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 189.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік басқару  органынының ақпараттық жүйесін  әзірлеген кезде елдің, аймақтың, аудан мен қаланың өмірін басқарудың негізгі функциясынан өзге басқару органының өз аппаратының іс - әрекетін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және басқару функциясын да ескеру. Басқару  органдарының өз функциясын орындау процестерін нақтылай түсу оларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың көкейтесті бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені тиісті зерттеулерсіз іс жүзінде бірқатар елеулі мәселелерді шешу мүмкін емес, олар келесілер:

    • ақпараттық қызмет көрсету резимдеру;
    • ақпараттық қорлардың құрамы мен міндеті;
    • басқару органының қызметін талдамалық, заңдық – құқықтық және ғылыми - әдістемелік ақпаратпен қолдаудың ішкі және сыртқы орталықтары арасында қызметті ұтымды бөлу;
    • ақпараттың ресми және тәуелсіз көздері арасын ұтымды ұштастыру;
    • кездейсоқ ақпараттық тасқындарды мысалға, азаматтардың, отандық коммерциялық, бейүкіметтік және халықаралық қоғамдық және мемлекетаралық ұйымдардың хаттарын және үндеулерін ұтымды пайдалану.

Жұмыс істеу процестерін  компьютерлендіру әйтеуір солай істеу ниетінен тумауға тиіс: ол өзі ұйымдастыру проблемаларын өздігінен шеше алмайды. Копьютерлендіру – тиімділікті арттыру құралдарының  тек біреуі ғана. Оны қолдана білу керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты ақпараттық жүйені әзірлеген кезде бизнес – модельді желтілдіру де жүзеге асырылады. Қазіргі кезде ұйымның бизнес – моделін оңтайландыруды жүзеге асырудың әмбебап шешімдері мен пішінделген әдістері жоқ. Бұл аса күрделі көкейтесті мәселелердің шешімі әрбір нақты ұйым үшін жеке – дара болып келеді.

Әкімшілік басқару органдарының ақпараттық жүйелерінің қазіргі  кездегі бүкіл архитектурасы  көп пайдаланылатын, көп міндетті жұмыс режиміне бағдарланған.  Бұл  осындай жүйелер шешетін міндеттердің көпшілігі қызметкерлердің ұжымдық  жұмысын талап ететіндігіне байланысты. Мұның үстіне көп пайдаланымды ақпараттық жүйелердің төмендегідей артықшылықтары бар:

    • Ресурстарды бөлу. Көп пайдаланымды жүйелер – ұжымдық пайдалануға арналған қымбат ресуртар. Бұл жүйенің жұмыс орнының құнын кемітуге мүмкіндік береді.
    • Жүйенің сенімділігін арттыру. Көп пайдаланымды жүйелерде жұмыс сенімділігін арттырудың қымбат тұратын техникалық және бағдарламалық құралдарын, соның ішінде ақпараттық жүйе элементтерін қайталауды көтеретін пайдалануға болады.
    • Жүйедегі ақпаратқа пайдаланушының енуін оңайлату және тездету;
    • Шешім қабылдаудың құнын кеміту және сапасын  арттыру. Ақпаратқа енудің неғұрлым қарапайым технологиясын алған, сондықтан оны толық пайдаланушылар шешімді тезірек және сапалырақ қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Мұның үстіне, мұндай жүйелерде ұжымдық жұмыс процесін мысалға құжат айналымын автоматтандырылған бақылау технологиясын қолдануға болады;
    • Жергілікті пайдаланушылар арасында ақпарат алмасу процесін оңайлату.

Мемлекеттік өкімет және басқару құрылымдарында таралған көп  пайдаланымды ақпараттық жүйелер арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

    • жергілікті және аймақтық есептеуіш желілер;
    • республикалық жүйелер;
    • ғаламдық желілер.

Жергілікті есептеуіш  желі – көп пайдаланымды жүйелер  құру проблемасын барынша қарапайым  да оңай шешу жолы. Ол бірнеше компьютерден тұратын, бір пайдаланымды режимде істейтін және арнайы байланыстық техникалық және бағдарламалық құралдары бар есептеуіш кешен. Жергілікті желінің компьютерлерінің арасында ақпарат желілік адаптерлерге қосылған байланыстырғыш кабель бойынша беріледі. Ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен желіге біріктірілген компьютерлер арасында ақпарат беру мүмкін болады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ - тарау. Жергілікті басқарудың концепциясы және оны  жетілдіру жолдары 

2.1. Оңтүстік  Қазақстан облысындағы жергілікті басқару саясатын

жетілдіру концепциясы

 

Биліктің объективті тиімділігі өмір сүрудің сапасын  арттырады.

Әкімнің негізгі міндеті  Қазақстан Республикасының Президентінің  және Үкіметінің өкілі ретінде жергілікті атқарушы органдардың бақылауында бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қызметтерімен сәйкестелінген және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жауапкершілігін алып және мемлекеттік басқару өкілеттікті пайдалану арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу.

Бұл мақсатқа жету мемлекеттік  қызметшілердің жақсы сапалы түрде  жұмыс аптқаруына байланысты. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  саясатында маңызды орынды мемлекеттік  қызметті жетілдіру мәселесі алады. Оның кәсібилік деңгейді арттыру, кадрларды тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіби жоғарылауды қадағалау, адал қызмет, жемқорлыққа қарсы күресті және құқық бұзушылықты болдырмау деген сияқты маңызды бұйрықтары үнемі облыс әкімшілігінің назарында тұрады.

Бүгінгі таңда облыс маслихатының 2004 жылғы желтоқсандағы отырысында бекітілген басқару схемасына бойынша жиырма облыстық департаменттер мен басқармалар, сонымен қатар облыс әкімінің аппараты, он бес қалалық және аудандық әкімшіліктер жұмыс істеуде. Бұл органдар арқылы әкім жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Басқаруға және атқаруға жоғарыдағы барлық органдардың құжаттары, әкімнің жарлықтары, облыс әкімінің бұйрықтары мен тапсырыстары қабылданады.

2004 жылдың ішінде облыс  әкімінің аппаратына Президент Әкімшілігінен, премьер-министр кацеляриясынан, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарынан 2492 құжаттар келіп түсті. Бұл құжаттар мазмұны бойынша: нормативті-құқықтық актілер, Президент бұйрықтары, Қазақстан Республикасының премьер-министрінің, оның орынбасарларының, министрлердің тапсырмалары тағы да басқа мәліметтерден құралған. Олардың ішінен облыс әкімдеріне нақты тапсырмалары және белгілі уақытпен шектелген  бар  1869 құжат назарға алынды. 1013 қысқа мерзімді тапсырмалар орындалды. Және де көптеген тапсырмаларды орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Жоғарыда аталған органдардың актілері облыста әкімдер мен әкімшіліктердің  қабылдаған облыстық бағдарламалары және нормативті-құқықтық актілері негізінде атқарылады.

Қазіргі кезде облыс әкімшілігінің 49 жарлығы бақылауға алынған. Халықпен кездесу , жиналыстар мен басқа да шаралар бойынша әкімдердің берген бұйрықтары мен тапсырмалары да назарға алынады. Облыс департаменттері мен басқармалардың басшыларына 337 тапсырма берілген, оның 241 – ұзақ мерзімді сипатта, ал 96 тапсырма орындалды.

2004 жылы облыс әкімінің  аппаратына 2311 аса жазбаша арыздар  түсті, әкімдер мен орынбасарлары  400-ден аса азаматтарды қабылдады.  Облыс  халқының арыздану себептер  сарапталып отырып, осы мәселелер мен сұрақтарды шешуде қажетті шаралар жасалып жатыр.

 

Кесте 2 Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті басқару  жүйесіндегі тапсырмаларды орындау.

 

 

 

Аудан аты

 

Тапсырмалар саны

 

Орындау мерзімі аяқталмаған  және үнемі бақылауда болатын  тапсырмалар саны

 

 

Орындалған тапсырмалар  саны

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

 

Арыс қаласы

Кентау қаласы

Түркістан қаласы

Шымкент қаласы

Бәйдібек ауданы

Қазығұрт ауданы

Мақтарал ауданы

Ордабасы ауданы

Отырар ауданы

Сайрам ауданы

Сарыағаш ауданы

Созақ ауданы

Төлеби ауданы

Түлкібас ауданы

Шардара ауданы

 

110

114

110

131

92

109

106

108

102

108

115

103

111

109

106

 

50

51

41

66

38

50

49

48

51

54

55

58

47

54

55

 

60

63

69

65

54

59

57

60

51

54

60

45

64

55

51


 

Осы заманғы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі құжаттарында белгіленген. Мәселен, 1948 жылы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан адамның табиғи мүддесі мемлекет мүддесінен    басым деген іргелі тезис туындайды. БҰҰ Бас ассамблеясының 50-ші мерекелік сессиясында мемлекет — адамдардың тұрмыс жағдайын ұйымдастырудың негізгі субъекті деген маңызды қағида қабылданды. Сондай-ақ БҰҰ сарапшыларының 1964 жылғы ІІ кеңесінде мемлекеттік басқару қызметі ұлттық мақсаттар мен міндеттерге мемлекеттік ұйымдар арқылы қол жеткізу процесі деп анықталды.

Көптеген бір ұлтты  және көп ұлтты қоғамдардың (соның  ішінде Кеңес Одағының) құрылуының, дамуының, гүлденуі мен күйреуінің сан ғасырлық әлемдік тарихи тәжірибесі мемлекет пен мемлекеттік басқару  күрделі құбылыс екенінің бұл құбылыстың көптеген елдерде аяғына дейін    жеткілікті зерттеліп, зерделенбегенінің айғағы. Көптеген дамушы елдерде өкімет құрылымдары мемлекеттік басқаруды көбіне тар мағынада байыптап, оны   ұлттық саясаттың өрісі деп біледі, соның салдарынан болымсыз әлеуметтік нәтижелерді, адамдардың төмен тұрмыс деңгейі, экономикадағы сәтсіздіктер қарадүрсін — оппозицияның немесе сыртқы жаулардың, тіпті жекелеген шенеуніктердің қаскөйлік әрекеттерінің салдары деп түсіндіріледі.

Бүгінде дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс аренасы болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғары арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен, азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуді талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.

Жаңа мыңжылдықта, жаппай ақпараттандыру, адам мен азаматтын  жаратылыстық құқықтарының етенелігін халықаралық тану, демократия принциптерін орнықтыру дәуірінде — мемлекеттік басқару жүйесі елдің азматтары жөнінде қызметтік міндетін жүзеге асыруға, атап айтқанда олардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мәселелерін  шешуге тиіс.

Алдағы жаһандасу жағдайында мемлекеттік басқару міндеті мен рөлі күрделілене, арта түседі, бірақ жетілдірудің басты өлшемдері әрқашанда оның тиімділігі мен нәтижелілігі болып қала береді.

Қазіргі кезде әлемде әртүрлі тұжырымдамалар ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың, оған баға берудің және жетілдірудің әртүрлі жолдары да колданылады. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының қызметін бағалаған кезде әлемде әртүрлі өлшемдер пайдаланылады. Атап айтқанда, процестік және жемістілік өлшемдері ойдағыдай қолданылады.

Мемлекеттік аппарат  қызметіне баға берудегі процестік  жол әдетте басқарудың авторитарлық немесе демократиялық емес режимі қолданылатын елдерде, яғни мемлекеттік басқарушылық құрылымдары бірінші кезекте  билік жүргізуші авторитарлық режим жүйесін сақтауды міндет санайтын елдерде қолданылады. Бұл жолдың ерекшелігі мынада: Мемлекеттік басқарудың бюрократтық аппараты әрқашан халыққа өзінің толассыз қызметін көрсетуге тырысады: әртүрлі кездесулер мен шығарып салулар, мәжілістер мен кеңестер, қайта құрулар мен алмастырулар, тәртіптік жазалаулар мен ұнаған шенеуніктерді бір креслодан екіншісіне ауыстырып отырғызу жүргізіледі, үкіметтің немесе көсемнің әртүрлі манифестері, мәлімдемелері, үндеулер жарияланады. Осы жұмыстардың барлығы халыққа арнайы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. Мұнда мемлекеттік басқару органдарының жұмысын тек жоғары тұрған құрылымдар бағалап, бұл орайда жоғары тұрған басшылардың әртүрлі тапсырмаларын төмендегі шенеуніктердің мезгілінде орындауы, бекітілген график бойынша әртүрлі басқару құжаттарын немесе актілерін қабылдау, жоғары тұрған құрылымдар үшін әртүрлі шараларды әзірлеу, жұмысты ұйымдастыру жоспарының мазмұны, өткізілген кеңестер, кездесулер және басқа басқару процедуралары сияқты өлшемдер бойынша бағалайды.

Мемлекеттік басқаруға  баға берудің жемістілік өлшемі мемлекет салық төлеушілер мен сайлаушылар  ретінде азаматтарға қызмет көрсетуге  міндетті

көптеген демократиялық  елдерде орын алып отыр. Бұл жол  қолданылған кезде мемлекеттік басқару органдарына бағаны азаматтық қоғам институттары, яғни азаматтардың әртүрлі бірлестіктері, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтардың өкілдікті демократиялық органдары (парламенттер, коммуналдық кеңестер, депутаттар жиналысы,  радалар, сеймиктер және басқалар) береді. Бұл жолдың басты ерекшелігі сонда, азаматтар үшін не маңызды деген мәселеге басты назар аударады да, азаматтар қабылданған қағаздардың немесе мәжілістердің санын емес, ең бастысы — мемлекеттік басқару құрылымдарының қызметі арқылы қол жеткен практикалық әлеуметтік нәтижені бағалайды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару құрылымдарының жұмысы азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін көшедегі қауіпсіздік, экологияның жай-күйі, көшелердің тазалығы, жақсы жолдар, таза сумен сапалы қамтамасыз ету, базарларда сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы және көптеген басқа практикалық өлшемдер бойынша бағаланады.

Егер мемлекеттік басқару  аппаратының қызметкерлер құрамы салық  төлеуші азаматқа қажетті сапалы қызмет көрсете алмаса немесе әлеуметтік өмір жағдайын жасай алмаса, онда осынау дәрменсіз қызметкерлер ең алдымен азаматтар алдында жауап беруге, олар сайлаушы азаматтардың сенімінен айрылып, мемлекет басқару аппаратынан аласталуға тиіс. Демократиялық, құқықтық  жария мемлекеттік басқарудың әділетті ережесі осыңдай.

Информация о работе Мемлекеттiк басқарудағы ақпарттық жүйе жене оны жетiлдiру қажеттiлiгi