Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Жұмыспен қамтудың неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары».
Курстық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын талдау яғни, тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, оның жағдайын және дамыту жолдарын ашып көрсету.
Кіріспе………………………………………………………………………………3
І - тарау. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны…………5
Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері……………8
Жергілікті басқарудағы ақпараттық технологиялар…………….12
ІІ – тарау. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқару саясатын
жетілдіру концепциясы……………………………………………...17
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті басқаруды жетілдіру
жолдары………………………………………………………………23
Қорытынды……………………………………………………………………...26
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………..27
Жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде статистикалық есеп, азаматтардың жекелеген категорияларына нақты көмек көрсету, ұйымдық -реттеушілік, ұйымдық - рұқсат етушілік, ұйымдық - бақылаушылық процедуралар, сондай-ақ әртүрлі субъектілердің әкімшілік және шаруашылық дауларын құқық негізінде шешу жүзеге асырылады.
Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруы ХVІІІ ғасырда пайда болды. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару, біріншіден, төте және өкілдікті демократиянын сипаты жеке бір әкімшілік ауқымында саяси құқықтар мен бостандықтарды іске асыру сипаты деп қарастырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудың барлық буындарына азаматтардың қатысуын жоққа шығармайтынын атап өту қажет. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқаруды толықтыру құралы ретінде қажет, ол аумақ істерін көпшілік болып басқару жүйесінде азаматтардың пікірі мен мүддесінің барынша ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеяның 1994 жылғы 29 қазанда қабылданған арнайы Декларациясында «жергілікті өзін-өзі басқару Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік және қоғамдық өмірін демократиялық жолмен ұйымдастырудың қажетті элементі болып табылады» деп көрсетілген.
Қоғам құндылықтарынан, құқық нормалары талаптарынан, ауытқу, басқару органдары міндетінің бұлдырлығынан, басқарушылық әлеуметтік қатынастардың бұрмалануынан мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен нәтижелілігі қожырайды.
Мемлекеттік баскару
жүйесінде қоғам
2.2. Оңтүстік
Қазақстан облысындағы
жетілдіру жолдары
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.
Саяси орталықсыздандырудың табиғатын, оның қаншалықты таралғанын, жүзеге асыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерін анықтамай және тиімді жолдарын іздестірусіз қашанда қоғамның ұлттық ерекшеліктерінен бастау алатын демократиялық мемлекет құру процесі жетістікке жетпейді. Әлбетте, орталықсыздандыру процесі өзіндік жергілікті ерекшеліктерді ескеруі тиіс, оның ішіне: тұрғылықты халықтың менталитеті, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті, демократиялық дәстүрдің орнығуы және де сол сияқты көптеген мәселелер кіреді. Биліктің өкілетгігін тек механикалық жүзінде көшіру мүмкін емес, ол қоғамда орын алып отырған нақты жағдайларға сүйенуі тиіс. Керісінше жағдайда, оның арты мемлекетте терең шиеленістің пайда болуына алып келуі әбден мүмкін.
Осылайша аймақтық, жергілікті басқару органдары өзінің деңгейіндегі мәселелермен, жағдайлармен, орталық органдарға қарағанда, тікелей таныс бола отырып, тиісті өкілеттіктерді қолына алады. Осы шоғырландырудан алшақтау үрдісі төменгі құрылымдарға жергілікті проблемаларды шешуге көп әкімшіліктік мүмкіндік береді. Сол себептен де аталмыш үрдісті "әкімшіліктік орталықсыздандыру" деп те атайды. Осы орайда ескере кететін жайт, мемлекеттік басқару өкілеттіктерін тапсыру жергілікті органдарға үлкен жауапкершілік те артады дегенбіз. Сондықтан, белгілі функцияларды өткізбес бұрын, оны іске асыруға қаншалықты қуаты жететіндігін анықтап алған орынды. Ал Қазақстан жағдайында, еліміздің облыстары көптеген жақтарынан өзін өзі қамтамасыз ете алмай отырған кезде, бұл өте маңызды.
Жалпы айтқанда, мемлекеттің аяққа тұруы кезеңінде, көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік билік, керісінше, орталықтануға тырысады, тек осылайша ғана ол мемлекеттің саяси ыдырауына тосқауыл қоя алады. Ал бұл проблема Қазақстан сияқты мемлекеттілігін жаңадан нығайтып жатқан ел үшін өте маңызды және өзекті, екінші жағынан, өзінің геосаяси жағдайына байланысты туындайтын мәселелерді естен шығармаған абзал. Соңғы кездері Орта Азия аймағында қалыптасып отырған саяси қауіпсіздік үрдістері де бұл мәселеге тікелей ықпал етеді.
Тым қатты орталықсыздандыру, яғни әкімшілік-аумақтық басшыларын сайлау, олардың саяси дербестігін заң шығару құқықтарын кеңейту арқылы нығайту, негізінде, жекеленген субъектілерден тұратын федеративтік құрылымды мемлекеттерге тән, ал біз — унитарлық елміз. Унитарлық мемлекеттер, керісінше, өзінің тұтастығын сақтауға ұмтылып, елдің саяси ыдырауына жол бермейді. Бұл біздің жағдайымызда өте маңызды әрі өзекті, себебі, Қазақстан геосаяси тұрғысынан "жеті желдің өтіндегі" аймақ болып саналады.
Шығыс пен солтүстік жағымызда орналасқан екі алып мемлекет бізге күшті ықпал ете алатын саяси құрылым ғана емес, сонымен қатар әсері зор мәдениетті тасымалдайтын күш. Орта Азия аймағының оңтүстік көршілес елдері де қазіргі кезде өзінің идеяларын қазақ жеріне таңуға тырысуда. Егер Каспий аймағын ескеретін болсақ, онда Батыстан да белгілі леп соғуда. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ішкі сепаратистік пиғылдарды да естен шығармаған жөн.
Орталықсыздандыру келесі үш талаптың орындалуын қажет етеді:
• біріншіден, аумақтық бірліктер қоғамдық заңды тұлғалар ретінде нақты белгіленген өкілеттіктерге ие болуы шарт;
• екіншіден, олар
өз құзырларына кіретін
• үшіншіден, олардың іс-әрекетін жалпы мемлекеттік әкімшілік органдар тарапынан бақылау барынша шектелуі тиіс.
Қазақстанда жергілікті
өзін өзі басқару мәселесіне келгенде
баса айтатын жайт, еліміздің 1995 жылы
қабылдаған Конституцияның 89-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасында
Соңғы үш-төрт жыл аралығында
жергілікті өзін өзі басқару проблемасына
қоғамдық ұйымдар тарапынан да мұқият
назар аударылуда. Қоғамдық ұйымдар,
саяси партиялар мен
Қорытынды
Қазақстанның қазіргі сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті деңгейлерге түсіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да мойындайды. Оған тағы бір дәлел, 2003 жылдың 3 сәуірінде өткен Ұлттық кеңестің кезекті отырысы толықтай осы проблемаға арналды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген — "Мемлекеттік басқару - деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін білдірді: "Бәрін бір қолға тастай қысып, айырылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өзекті мәселелердің қатарында. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға соғуда.
Биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыруды орталықсыздандыру үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды шешу қажет:
• жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;
• жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.
Посткеңестік елдерде орталықсыздандыру процесі басқа тұрақты демократиялық жүйе қалыптасқан мемлекеттердегі үрдістерден мүлде өзгеше өтуде. Бұрынғы социалистік мемлекеттерде жүйелі орталықсыздандыру жалпы саяси жүйені құрумен қатар өтіп жатыр. Яғни орталықсыздандыруға ешқандай уақытпен қалыптасқан әдіс-тәсілдік негіз жоқ, басқаша айтқанда, тәжірибенің жетіспеушілігі анық. Бұндай негіз көбінде орталықтанған мемлекет кезінде пайда болуы тиіс. Қазақстан Республикасында да орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару процестері тежелу себебінің бірі осы.
Екіншіден, өзін өзі басқару,
биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық)
формасын іске асыру тамырын он жылдап
қалыптасқан адамның ойлау
Оңтүстік Қазақстан облысының Web-сайты: www.uko.kz
Информация о работе Мемлекеттiк басқарудағы ақпарттық жүйе жене оны жетiлдiру қажеттiлiгi