Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:51, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың транзиттік экономика жағдайында сыртқы қарызды басқару бойынша еңбектері, мемлекеттік сыртқы қарыз және оңы экономиканың тұрақты дамуы жағдайында тиімді басқару мәселелерімен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.

Работа состоит из  1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ.doc

— 224.00 Кб (Скачать документ)
 

КІРІСПЕ 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының  арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.

    Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу  саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. 

    Осыған  байланысты қарызды басқару жүйесін  негіздеу мен жалпы сыртқы қарызды  басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау  өзекті болып табылады.  

    Мәселенің ғылыми өнделу дәрежесі. Мемлекеттік қарыздар туралы сұрақтарға, нақты қаржы категорияларын экономикада пайдалануға, оның дамытуды реттеуге қолданылуына байланысты теориялық және әдістемелік сауалдарына, әсіресе мемлекеттік шығындарды несиелік қаржыландыру бағытына Р.Барро, Б.Д.Бернхайн, М.Персон, А.Смит, Д. Рикардо және басқалардың зерттеулері арналған. Орыс ғалымдары Е.П.Баранова, А.Вавилов, П.С.Гримберг, И.Б.Златкис, Д.И.Кокурин, А.Селезнев, А.Саркисянц, Б.А Хейфец және басқалардың еңбектері мемлекеттік қарыздың теориялық және практикалық мәселелерін талдауға, олардың экономикаға ықпал ету  шамасына байланысты мәселелеріне арналған. Мемлекеттік қарыздарды дамытудың мәселелері кең деңгейде қазақ ғалымдары Е.М.Арынов, А.К.Амринова, У.Б.Баймуратов, А.Е.Есентугелов, А.Б.Көшербаева, А.С.Обаева, В.Н.Шенаев, А.Д.Челекбай және тағы басқа авторлардың ғылыми еңбектерінен көрінеді.

    Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Елдің орта мерзімді кезеңдегі жалпы сыртқы қарызының мөлшерін жалпы ішкі өнімге қатысты белгіленген қатынастар шеңберінде азайтып, жалпы сыртқы қарызды ел үшін қауіпсіз деңгейде ұзақмерзімді болашаққа ұстап отыруға мүмкіндік беретін қарыздарды басқарудың бірыңғай және тиімді қызмет ететін жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар жекеменшік секторының қарыз капиталының сыртқы нарығында қарыз алу мәселелерін тиімді реттеуге себін тигізу.

      Қойылған мақсатты жүзеге асыру  төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:

      - нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;

      - нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың  тиімділігін, олардың экономикалық  дамуға ықпалын бағалаудың көпшілік  мақұлдаған тәсілдемелерін қарастыру,  мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың  қаржылық әдістерін жіктеу;

       - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау, түйткіл мәселелерді анықтап,  елдің дамуына қауіп төндіретін жағдайларды қарастыру;

       - Қазақстан Республикасының сыртқы  қарызын басқару стратегиясының  тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;

       - елдің жалпы сыртқы қарызын, оның Қазақстан экономикалық жағдайларындағы ең шекті көрсеткіштерін неғұрлым дәл есептеудің әдістемесін анықтау;

       - қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін  өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

    - сыртқы қарыздардың қалыптасқан  деңгейі шеңберінде Қазақстанның  қаржы және ақша-несие саясатын  жүзеге асырудың ұсыныстарын дайындау.     

    Зерттеудің  объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы мен елдің мемлекеттік қаржысы болып табылады.

    Зерттеудің  пәні - Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жағдайындағы жалпы сыртқы қарызды басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту процестері болып табылады.

    Зерттеу жұмысының теориялық  және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың транзиттік экономика жағдайында сыртқы қарызды басқару бойынша еңбектері, мемлекеттік сыртқы қарыз және оңы экономиканың тұрақты дамуы жағдайында тиімді басқару мәселелерімен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.

    Диссертациямен  жұмыс істеу үдерісінде экономикалық зерттеулердің экономикалық-статистикалық, абстрактілі-логикалық, есеп айырысу-сындарлы, сраптау-бағалау әдістері, экономикалық-математикалық және себеп-салдарына байланысты түрлі әдістер пайдаланылды.

    Диссертациялық  жұмыстың ақпараттық негізі ретінде ресми статистика, Қазақстан Республикасының үкіметтік және кепілдік берілген мемлекеттік борышы жөніндегі министрліктер мен ведомстволардың, халықаралық қаржы ұйымдарының (ХВҚ, ДБ, халықаралық рейтингілік агенттік және басқалары) деректері, сондай-ақ авторлық зерттеулер және берілген саладағы жұмыс тәжірибесі пайдаланылды.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы

    - макроэкономикалық жағдаятқа ықпал  ететін құрал ретіндегі «сыртқы  мемлекеттік қарыз» категориясының  ролін күшейту, Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік қарызын басқару жүйесін құру қажеттігі негізделді;

    - қолданылуы Үкімет қызметінің  тиімділігін сипаттайтын қарыз  міндеттемелері бойынша тиімді  пайыздық мөлшерлеме көрсеткіші  белгіленді;

    - Қазақстан экономикасы үшін сыртқы  қарыздар көрсеткіштерін есептеудің әдістемесі дәлелденіп, соның негізінде қарыз алудың қалыптасқан тәжірибесіне баға берілді;

    - мемлекеттік сыртқы және ішкі  қарыздардың ролі айқындалып, бұл  мемлекеттің қаржы әлеуетін басқарудың  басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді;

    - қарыз қорларын басқарудағы мемлекеттің  қаржылық және монетарлық саясатының  көрсеткіштері енгізіліп, соның  шеңберінде сыртқы қарызды басқарудың  авторлық бағдарламасы дайындалды.

    Қорғауға  ұсынылған негізгі  ережелер

    - Қазақстан Республикасындағы жалпы сыртқы қарызды басқарудың стратегиясы мен тұжырымдамасының негіздемесі. Бұл нәтижені жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды тиімді қаржыландыруға, Үкіметтің өзінің төлем міндеттемелерін мейлінше аз қауіптермен орындауына, алынған қаржыны тиімді орналастыру және қарызды белсенді басқару арқылы қарыз құнын азайтуға мүмкіндік береді.

    - елдің экономикалық қауіпсіздігіне  қатер төнуіне байланысты жеке  сектордың сыртқы қарыздарының  көлемін азайту жөніндегі ұсыныстар. Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру мемлекеттік сектордың инфрақұрылымдық нысандарын құруды қаржыландырудың дәстүрлі түрлерінен капитал нарығының әр алуан құралдарына және қаржыландырудың баламалы үлгілеріне көшуге мүмкіндік береді;

     - түрлі экономикалық және заңнамалық  құралдар көрсетілген сыртқы  қарыздар нормаларын тікелей және жанама түрде реттеу үлгісі жасалды.   

    Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы мемлекеттік қарыз мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған мемлекеттік борышты басқарудың толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады.

    Зерттеу нәтижелері, диссертация бойынша  қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану  жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды.

    Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы мен енгізілуі. Диссертациялық зерттеудің жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары мен практикалық түйіндері «Мемлекет және қоғам: қарымқатынастардың жаңа аспектілері» (Алматы, 2006г), «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі» (Алматы,2006 г), «Екінші Рысқұлов оқулары» (Алматы, 2007г), «Қазақстан экономикасының ғылыми әлеуетінің және ұлттық жаңартпашылық жүйесінің құрылу мәселелері» (Алматы, 2007г), «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі» (Алматы, 2007г), «Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер» (Алматы,2007г) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, «ТҰРАН» Университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік академиясы, Халықаралық Бизнес Университетінің хабаршысыларында, Қаржы-қаражат пен Аль-Пари журналдарында баяндалды.

    Зерттеу тақырыбы бойынша  жариялымдар. Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы көлемі 4,2 баспа табақ 12 жариялым жарық қөрді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті ұсынған арнаулы басылымдарда 5 ғылыми жұмыс жарияланды.

    Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі және қосымшалардан тұрады.  

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    «Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі» деп аталатын бірінші бөлімде мемлекеттік қарызданудың теориялық тәсілдемесінің эволюциясы және мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің негіздемесі, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік қарыздануды жандандырудың нысандары, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы: қолдану құралдары мен параметрлері ұсынылған.

    Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін  түсіну экономикалық ғылым классиктері  Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік  шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.

    Давид Риккардо мемлекеттің экономикалық процестерге монетарлық араласу  саясатын барынша қатты сынға  алды . Риккардо сынының орталық пункті мемлекеттік қарыздың жинақ капиталды – халықтың негізгі өнімді көзін дамытуға ықпал ету мүмкіндігі болатын. Салықтар да капитал жинақтауға кедергі болғанмен, олардың мемлекет үшін мемлекеттік қарызға қарағанда ауыртпалығы төменірек, себебі соңғысы индивидумдардың қолындағы табыстарын жанама түрде және байқаусыз қысқартады.

    Рикардоның  теориялық көзқарастарына сәйкес, салық  төлеушілер мемлекеттік шығындар мемлекеттік  қарыз есебінен қаржыландырылған жағдайда пайыздарды салық есебінен төлеудің келешек міндеттемелерінің нақты көлемін капиталды төмендетуге апаратын ауыртпалық ретінде қарастырмайды және салықтық қаржыландыру жағдайына қарағанда өздерін байырақ сезінеді. Бұл, дегенмен, шындыққа сәйкес келмейді, себебі салықтар мемлекеттік қарыз секілді, Д.Рикардоға сәйкес, тек ғана нысанымен ерекшеленеді, ал олардың экономикалық субстанциясы бірдей. Мемлекеттік қарыз тәжірибесі «біздің үнемділігімізді азайтып, нақты жағдайымыз жөнінде қателесуімізге алып келетін»  иррационалды мінез-құлыққа итермелейді.

    Экономикалық  ойды әрі қарай дамыту көрсеткендей, мемлекеттік қарыз туралы негізгі  сұрақ мемлекет қарыз беруші ролін  атқаруы керек пе дегенде емес, ол келесі сұрақтарға жауап іздеуге  шоғырландырылады: мемлекет қандай мақсаттармен және қандай көлемде қарыз ала алады, сонымен қатар макроэкономикалық тепе-теңдік үшін қандай салдарлармен түсйіндескен.

Информация о работе Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі