Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:51, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың транзиттік экономика жағдайында сыртқы қарызды басқару бойынша еңбектері, мемлекеттік сыртқы қарыз және оңы экономиканың тұрақты дамуы жағдайында тиімді басқару мәселелерімен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.

Работа состоит из  1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ.doc

— 224.00 Кб (Скачать документ)

    Дегенмен  мемлекеттік қарызданудың оңтайлы  шегінен асу, демек, қарызға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынның артуы  ХХ ғасырдың 70-жылдарында Кейнстің экономикалық рецептерінің тиімділігінің төмендеуіне және дамыған нарықтық экономикалы елдердің үкіметінің мемлекеттік реттеудің теориялық базасын қайта қарауына алып келді. Монетаристік ілімнің ғылыми аренасына шығу барысында мемлекеттік қарыз проблематикасы монетаристер мен кейнсиандық мектеп өкілдері арасындағы жаңаша пікірталастардағы едәуір дау-дамайлы сәттердің біріне айналады.

    Монетаристердің пікірінше, бюджеттік-салықтық саясат жүргізуден ұзақ мерзімді де, қысқа мерзімді де әсерді күтуге болмайды. Егер мемлекет өз қажеттіліктерін капитал нарығында қарыз алу есебінен қаржыландырып отырса, онда бұл әдетте пайыздық қойылымды өзгерту есебінен жүреді, бұл жеке инвестицияларды итеріп шығаруға әкеледі, ал егер мемлекет осы мақсатқа эмиссиялық банк несиелерін пайдаланатын болса, онда ақша массасының сәйкес  ұлғаюына байланысты инфляциялық қысымнан қашу мүмкін емес. Монетаристер экономикалық өсу құралы ретіндегі «басқарылушы инфляцияның» принципиалды жақтаушылары болып табылады.

    Осылайша, негізгі экономикалық мектептердің мемлекеттік қарыздану ролі, мәні және қызметі туралы принципиалды қарама-қайшы көзқарастары «мемлекеттік қарыз» ұғымының мазмұнына, мемлекеттік қарыздың экономиканы мемлекеттік реттеу  құралдарының жүйесіндегі орнына, оның сапалық және сандық құрамына және басқа да параметрлерге деген пікірлердің кең спектрін туғызады.

    «Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының қазіргі жағдайына талдау жасау: бағалау әдістемесі мен даму серпіні» деп аталатын екінші бөлімде еліміздегі макроэкономикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыртқы қарызы мен жалпы ішкі қарыздарының даму жағдайын талдау, сыртқы қарыз деңгейінің Қазақстанның даму үрдісіне ықпал етуі талданған.

    Сыртқы  экономикалық қолайлы конъюктура, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен орта мерзімді экономикалық стратегия шараларын жүзеге асыру 2003-2007 жылдары ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап қалды. ЖІӨ көлемі 2007 жылдың 01 қаңтарында жедел деректер бойынша ағымдағы бағалармен 9 738,8 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда 10,6% болды. ЖІӨ 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 80,6% ұлғайды жəне қолайлы жағдайлар болған жағдайда ЖІӨ екі еселеу міндетіне 2008 жылдың өзінде-ақ қол жеткізуге болады.

    1990-жылдардың  басында Қазақстан экономикасын  түрлендіру кезеңі ұлттық экономиканың  әлеуметтік-экономикалық реформалары  мен тұрақты дамуын қамтамасыз  етуді қаржыландыру үшін қажетті  жеткілікті меншікті қаржы ресурстарының  болмауымен сипатталады. Бұл несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында мемелекеттік қарызға алуды тарту қажеттілігі мен ҚР-ның мемлекеттік қарызының түзілуіне себепші болды.

    Республиканың жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) өсуі тез  қарқынмен жалғасып отыр жəне 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғында тоқсан ішінде 10,1 млрд. долл. ұлғая отырып, 92 млрд. АҚШ долл. (бұдан əрі – долл.) астам болды. 2.11-суретте ЖСҚ динамикасы Қазақстан экономикасының секторлары бойынша бөлініп көрсетілген. 1-суретте көрсетілгендей, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері көлемінің «Банктер» секторының (екінші деңгейдегі банктер жəне «Қазақстан Даму Банкі» АҚ кіретін) көлемінен тұтастай алғанда асып түсуі болды». Егер «Мемлекеттік басқару» секторы бойынша (ҚР Үкіметі) 2005 жылдың аяғынан бері сыртқы қарыздың деңгейі 1,5 млрд. долл. жуық болса, онда «Ақша-кредиттік реттеу органдары» секторы бойынша (ҚР Ұлттық Банкі) 3,1 млрд. долл. дейін өсу болды.

    Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің  деректері бойынша автор әзірлеген

    1- сурет – ҚР-ның секторлар бойынша  жалпы сыртқы

    қарызының серпіні, млн.долл. 

    Бұл жұмыста сыртқы қарызды талдау елдің экономика секторлары бойынша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз бөлігіндегі сыртқы қарызға талдау (ҚР Үкіметінің, Ұлттық Банктің жəне республика кəсіпорындарының мемлекеттік кепілдігі бар кредиттері бойынша сыртқы берешегінен тұратын) жəне мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарызға талдау жасалған (1-кесте).  

1-кесте – 2003-2007 жылдардағы ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының серпіні

                                                                                                                                          (млн. АҚШ долл.)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

Мемлекеттік және мемлекет

кепілдік берген сыртқы қарыз

3 622,6 3 132,9 2 175,0 3 124,6 4 122,9 5 098,3
Қарыздың  жалпы сомасындағы 

үлесі, %-бен

15,8 9,6 5,0 4,2 5,0 5,5
Мемлекет  кепілдік бермеген

сыртқы қарыз

19297,6 29580,3 41253,5 70898,1 77812,5 86977,1
Қарыздың  жалпы сомасындағы

 үлесі, %-бен

84,2 90,4 95,0 95,8 95,0 94,5
Қортындысы: 22920,2 32 713,2 43 428,5 74 022,7 81 935,4 92 075,5
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген
 

    Кепілдік  берілмеген қарыз бөлігінің артуына (2-сурет), ең алдымен, мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау жөніндегі ірі жобаларды қаржыландыру себепші болды.

                               Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

    2- сурет – ҚР-ның жалпы сыртқы  қарызының құрылымы 

    3-суретте заемшылар салалары бойынша есепті кезеңнің басындағы ЖСҚ құрылымы келтірілген. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айтарлықтай қарыз алуының, сондай-ақ ҚРҰБ сыртқы міндеттемелері нəтижесінде «Қаржылық қызмет» саласы көшбасшы болуын жалғастыруда. Шетелдік инвесторлардың Қарашығанақ жобасы бойынша шығындарының орны толтырылуына жəне «Өңделмеген мұнай жəне табиғи газ өндіру» саласына жатқызылған басқа кəсіпорындардың негізгі қарызының өтелуіне байланысты, бұл саланың міндеттемелері төмендеп, 2006 жылғы 8,9 млрд. долл. салыстырғанда 2007 жылдың маусымының аяғында 8,2 млрд. долл. құрады. Үкіметтің сыртқы қарызы «Мемлекеттік басқару» саласына жатқызылды.                                 Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

    3- сурет – Жұмсалымдардын негізгі салалары бойынша

    жалпы сыртқы қарыз, 01.01. 2007 ж 

    Сырттан қарыз алу көлемінің өсуі нəтижесінде оған қызмет көрсету бойынша шығыстар, əсіресе сыйақы, комиссиялар жəне төлем балансының ағымдағы шотында көрсетілетін өзге де ілеспе төлемдер бөлігіндегі шығыстар ұлғаюда. 2-кестеде ЖСҚ-ға тек ұзақ мерзімді борыш бөлігіндегі ғана қызмет көрсету көрсетілген. 

2-кесте  – 2003-2007 жылдардағы ҚР-ның ұзақ  мерзімді сыртқы қарызына қызмет  көрсету мен өтелуі

                                                                                                                                            (млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

1. Негізгі  қарызды өтеу және қайта ұйымдастыру 4539,6 7246,1 9355,5 9297,5 2709,7 5476,3
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 280,1 680,2 1 088,1 197,9 125,2 394,0
Мемлекет  кепілдік бермеген қарыз 4 259,5 6 565,9 8 267,4 9 099,6 2 584,5 5 082,3
2. Сыйақыны (мүдені төлеу және комиссиондық  төлемдер) 719,1 939,2 1 698,3 3 639,0 1 183,2 1 286,7
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 186,8 188,2 170,6 91,8 16,2 20,3
Мемлекет  кепілдік бермеген қарыз 532,3 751,0 1 527,7 3 547,2 1 167,0 1 266,4
Барлығы 5 258,7 8 185,3 11 053,8 12 936,5 3 892,9 6 763,0
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің  деректері бойынша 
 

      Сырттан қарыз алу көлемінің айтарлықтай өсуінен елдік орта-ұзақ мерзімді болашақтағы төлем қабылеттілік индикаторлары ретінде дəстүрлі қаралатын сыртқы қарыздың салыстырмалы өлшемдері нашарлады. Атап айтқанда, ЖСҚ-ның ЖІӨ-ге соңғы жылдары жеткілікті дəрежеде жоғары болып, 2006 жылдың аяғында 91% асқан қатынасы, 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 101,1% болды. ЖСҚ-ның тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортына қатынасы да ұлғайды жəне 2006 жылғы 178,1 салыстырғанда 198,4 % болды

    Тұтастай  алғанда елдің борыштық құралдардағы сыртқы активтері 69,7 млрд. долл. бағаланды жəне осылайша елдің таза сыртқы қарызы 30.06.07 жылы 22,4 млрд. долл. құрады (31.03.07 ж. 20,1 млрд. долл.).

    Мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні 3-кестеде берілген.  

3-кесте – Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні

                                                                                                                                            (млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

Мемлекеттік қарыз: 3 073,2 2 499,6 1 582,4 2 572,0 3 557,7 4 566,7
    - Үкімет 3 073,2 2 496,1 1 478,9 1 495,2 1 476,5 1 422,5
    -  Ұлттық Банк 0 3,5 103,5 1 076,8 2 081,2 3 144,2
Мемлекет  кепілдік берген сыртқы қарыз 549,4 633,3 592,5 552,6 565,2 531,6
Барлығы 3 622,6 3 132,9 2 175 3 124,6 4 122,9 5 098,3
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің  деректері бойынша 
 

    2007 жылдың екінші тоқсаны ішінде  үкіметтік заемдар бойынша игеру 39 млн. долл. болды. Өтеуді жəне бағамдық ауытқуларды қоса есептегенде, мемлекеттік басқару секторының заемдар түрінде тартылған сыртқы қарызы 3 млн. долл. өсті. Сонымен қатар 2007 жылдың мамырда мемлекеттің еурооблигациялар бойынша міндеттемелері толық өтелді, мемлекеттік басқару секторының сыртқы қарызы 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 1422,5 млн. долл. құрады (4-сурет).

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    4-сурет – Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген

    қарыздың  құрылымы

    Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК  заемдары мен еурооблигациялары  түрінде басымдықпен белсене  қарыз алуды жалғастырды жəне 2007 жылғы екінші тоқсанның аяғында  олардың сыртқы берешегі 46 млрд. долл. жуық болды. 2007 жылғы 2 тоқсанда резидент еместерден несиелер бойынша сыртқы берешектің өсімі тұтастай алғанда 6,6 млрд. долл. астам болды (5-сурет).

                           Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    5-сурет – Құралдардың түрлері бойынша Банктердің сыртқы

    берешегі, 2007 жылдың 2 тоқ. 

    Қазақстандық  банктердің негізгі резидент емес кредиторлары мынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (ЕБРР, АБР) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар). Тұтастай алғанда, Банктер үшін негізгі кредитор елдер үлестеріне 45,9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17,8 % болып табылады (6-сурет).

 

6-сурет – Банктердің кредитор елдер бойынша сыртқы

    қарызы, 2007 жылдың 2 тоқ.

                          Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    Жан басына шаққандағы сыртқы қарыз (фирмааралық берешекті қоспағанда) 7-суретте көрсетілген. Қарастырылған көрсеткіш 2003 жылы 731,4 АҚШ долларынан 2004 жылы 1063,9 АҚШ долларына дейін өскен, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіштің деңгейі 4294,4 АҚШ доларын құраған (2006 жылы- 3151,1 АҚШ долл.). Жан басына шаққандағы сыртқы қарыздың деңғейін 2003-2007 жылдар аралығында қарастырсақ, онда бұл көрсеткіш күрт өскенін байқауға болады, яғни 5,9 есе көтерілген.

Информация о работе Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі