Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:51, курсовая работа
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың транзиттік экономика жағдайында сыртқы қарызды басқару бойынша еңбектері, мемлекеттік сыртқы қарыз және оңы экономиканың тұрақты дамуы жағдайында тиімді басқару мәселелерімен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.
Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша
7-сурет
– Жан басына шаққандағы жалпы сыртқы
қарыз (фирмааралық берешекті қоспағанда),
АҚШ долл.
Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда) 8-суретте көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 35,5 мөлшерінен 2005 жылы 42,4-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 71,5-ке дейін көтерілген. Сөйтіп, зерттеу кезең аралығында жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2,0 есе жоғарлаған.
Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша
8-сурет
– Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы
(фирмааралық берешекті қоспағанда), %-бен
9-суретте жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге қатынасы (фирмааралық берешекті қоспағанда) берілген. Қарастырылған көрсеткіш 2003 жылы 73,2 мөлшерінен 2005 жылы 79,3-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 141,6-ға дейін көтерілді. Жалпы бұл көрсеткіш 2003-2007 жылдар аралығында 1,9 есе жоғарлаған.
Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша
9-сурет
– Жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге қатынасы
(фирмааралық берешекті қоспағанда), %-бен
Сөйтіп, Қазақстандық экономиканың осалдығын талдау, ЖСҚ-дың серпіні, ең алдымен, кепілдік берілмеген сыртқы қарыз есебінен тұрақты үрдісі бар екенін көрсетті. Мұның үстіне, жыл сайын мемлекттік қарыздың салыстырмалы көрсеткіштері өсуде. Мемлекттік сыртқы қарыздың құрылым еврооблигацияларды шығару, экспорттық несиелерді тоқтату, екі жақты мемлекеттік қарыз алу үлесін арттыру арқылы жүзеге асырылатын қарыз алудың өсуінен туған несиегерлер құрамының өзгеруімен сипатталады. Жалпы сыртқы қарыздың салыстырмалы параметрлерін табалдырықты көрсеткіштермен салыстыру қарыздың жеке көрсеткіштерінің дағдарыстық мәнінен асып кеткені жөнінде қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұдан әрі, егер сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны сақталатын болса, сырттан қарыз алу экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік бермейді, яғни қызмет көрсету мен сыртқы қарызды өтеуде қиын мәселелер пайда болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының
сыртқы қарызын басқару
механизмдерін жетілдіру» деп аталатын
үшінші бөлімде ақша саясаты сыртқы қарызды
басқару құралы ретінде және сыртқы қарызды
басқару үлгісі, оңтайлы саясаттың сандық
есебі, тұрақтандыру қоры және болашақ
ұрпаққа жүктеме, сыртқы қарыздың мониторингі
мен басқаруын жүргізу үшін ұсыныстар
негізделген.
Мемлекеттік қарызды басқарудың классикалық үлгісі қарызқорлық және ақша-кредит саясатының байланысы жөнінде мәселені қозғамайды. Ол мемлекет активтеріне қарызға алу мен жұмсалымдар көмегімен тұрақты салықтарды уатыты бойынша қайта бөлгенде оңтайлы серпінді салық салу үдерісін сипаттайды. Егер қазыналық өкіметтін салықтық жүктемені таңдап алудың нақты мүмкіндігі болғанда, бұлай қойылу заңды. Шындығында, онымен бірге өтпелі экономикаларда ғана емес, тұрақты салық салу деңгейі қазыналы өкімет тарапынан тиімді әсер ету объектісі бола алады. Бұл, дұрысы, көрсеткіш, ол қоғамдық таңдап алу тетіктерінің іс-қимылымен анықталатын немесе лоббистік мүдделер тобының ойын нәтижесі болып табылатын саяси-экономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. Бұл секілділер айтарлықтай шамада мемлекеттік шығынды қалыптастыру деңгейіне де жатады. Сондықтан салық жүктемесі деңгейін тек шарттылықтың үлкен дәрежесімен мемлекеттін макроэкономикалық саясатының құралы ретінде қарастыруға болады.
Осыған орай қарызды басқару міндетін қою баламалырақ көрінеді, онда бюджет профициті көрсеткіштерінің тізбектілігі экзогенді берілген. Мұнда мемлекет тапшылықты инфляциялық қаржыландыруға жол беретін, бірақ ұзақ уақытты ысырапты мейлінше азайтатын қарызқорлық саясатты таңдап алады.
Мемлекеттік қарызды басқаруды талдауға мұндай тәсіл инфляция мен қарыздың өзара байланысына ерекше назар аударады. Біз қарыздың уақытша және валюталық құрылымын таңдап алу проблемасынан дерексіздендірілеміз, сондықтан ақша эмиссиясын қазыналық саясаттың негізгі құралы ретінде қарауымызға болады. Егер инфляциялық өктемдіктің басқа бағыттарын, мысалы, өндірісті ынталандыру әрекеттерін немесе банк секторын қолдауды есепке алмасақ, онда инфляцияға мұндай тәсілді қолдану құқыққа сәйкес болады.
Ресми үлгіні құру үшін мынадай жағдайды қарастырайық. Айталық елдің шетел валютасымен көрсетілген D0 кейбір базалық қарызы болсын. Бұл қарыз бойынша негізгі бөлімнің пайызы мен өтеуін қоса жыл сайынғы төлемдердің кестесі белгіленген. t=0 уақыттың нөлдік кезеңінен бастап және T ақырғы кезеңге дейін, төлем мөлшері δt құрайды. Қарызды басқарумен шұғылданатын қазыналық билік органы бар. Ол әрбір кезеңде нарықта қосымша қарызға алуды іске асырады. Қазыналық биліктің міндеті экономикаға ең аз экономикалық жүктеме кезінде барлық төлемдерді кесте бойынша қамтамасыз етуде.
Ресми түрде сөз болжалды дисконтталған атқарым шығынын мейлінше азайту жөнінде болуға тиіс. Мұндай ретінде квадарттық атқарым қарастырылады, ал қарызды басқару міндеті мынадай түрде болады:
min
Eo ∑ β t
mt2,
(1)
t=1, …, T үшін;
мұндағы mt – ақша базасының нақты өсуі немесе сеньораж, β – дисконттаушы көбейткіш, R t – нақты пайызы, G t- ЖІӨ-нің өсу қарқыны, b t - нақты өрнекте t кезең аяғына қосымша таза қарызға алу (дегенмен b0 =0); dt –бастапқы қарызға қызмет көрсетуге байланысты t кезеңіндегі бюджет тапшылығы. Барлық сандық айнымалы шамалар сәйкес жылдың ЖІӨ-нің үлестерінде берілген. Бюджеттің нақты тапшылығы dt= xt δt – st,мұндағы xt- доллардың нақты бағамы, st – бюджеттің бастапқы профициті.
(1) өрнек - бұл тапшылықты инфляциялық қаржыландырудан болжалған дисконтталған ысырапты көрсететін қазыналық биліктін мақсатты атқарымы. Ысыраптың квадраттық атқарымы ақша эмиссиясының ЖІӨ үлестерімен теріс әсер етуін сипаттайды. Мұндай әсер ету, ең алдымен, трансакцияға салық ретінде инфляциялық салықтың бұрмалануымен шарттасылған. Берілген өрнектегі Е0 бастапқы ақпаратпен шарттасқан математикалық болжауды білдіреді. (2) теңдеу уақыттың түрлі кезеңіндегі қарыз бойынша төлемдерді байланыстыратын серпінді бюджеттік шектеулердің тізбектілігін сипаттайды. Rt нақты пайызы Gt экономикалық өсу қарқынына түзетіледі, өйткені қарыз ЖШӨ үлесімен өлшенеді. bt қосымша қарызға алу бастапқы қарызға қызмет көрсету және өтеу мақсатымен сыртқы немесе ішкі нарықта іске асырылады. Егер bt < 0 болса, онда мемлекеттің қосымша активтері міндеттемелерден артады. (3) теңсіздігі мемлекеттік міндеттемелердің T ақырғы сәттегі шектік шамасын шектейді.
Біздің мақсатымыз қарызды оңтайлы басқару жөнінде сапалы қорытындылар алу. Сондықтан талдауды оңайлату үшін кейбір болжам жасайық. Атап айтқанда біз қарыздың мерзімдік және валюталық құрылымынан жалпылаймыз, сондықтан қосымша таза қарызға алуды бір кезеңді деп түсінуге болады. Бұдан әрі, біз нақты пайыздың ЖІӨ қарқынының өсуіне қатынасы дисконттау көбейткішіне кері үйлесімді деп болжаймыз, Rt/Gt = 1/β. Мұндай болжау Эйлердің жалпы тепе-теңдіктің серпінді үлгісіне арналған тепе-теңдіктен келіп шығады және өсудің тұрақты тәртібін сипаттайды. Бұдан әрі біз арақатынасқа пайызды, өсу қарқыны мен дисконттаушы коэффициентті байланыстыратын арақатынасқа кездейсоқ көбейткішті енгізіп бұл болжамды әлсіретеміз.
Жоғарыда аталғандай, қарыз бойынша төлеу кестесі берілген деп са- налады, сондықтан δt барлық мәңдері уақыттың алғашқы кезеңінде белгілі деп саналады. Қарыз шамасы b* кезең ақырына сондай-ақ белгілі. Бұл параметр D0 базалық қарыз бойынша T сәтіне өтелмей қалған міндеттемелердің есебінсіз рұқсат берілген жүктемені көрсетеді. b* терминалдық қарызды мемлекеттің ұзақ мерзімді қарызқорлық саясатының мақсаттық бағдары ре-тінде қарастыруға болады. Мұндағы Xt және st экзогенді кездейсоқ шамалар ретінде қарастырылады, бұл нақты айырбас бағамы мен бастапқы профициттің табиғатына әбден сәйкес болады. Төменде біз бұл шамалардың серпінін талдауға толығырақ тоқтаймыз.
Талдауды оңайлату үшін біз сондай-ақ ақша айналымы жылдамдығының өзгеруінен жалпылаймыз және сеньораждың теріс еместігіне шектеу енгізбейміз, mt ≥0. Мұндай шектеу қазнашылық билік Ұлттық банкі алдындағы өзінің қарызын өтемейді дегенді білдірген болар еді. Алайда оның ресми есебі бұдан арғы қорытындылардың мәңін өзгертпейді, өйткені, төменде көрсетілгендей, өкіметтің оңтайлы тәртібінде қусырылған ақшаға келу қажеттілігінің мәңі жоқ.
Жоғарыда
келтірілген нәтижелерді
xt
= ax xt-1 +
(1-ax )x* +εxt,
мұндағы ax – автокемімелі коэффициент, x* - теңгенің нақты бағамының ұзақ мерзімді деңгейі, εxt – 0 математикалық болжамы бар кездейсоқ айнымалы шама. Уақыттың бастапқы кезеңі үшін x0 = 1 мөлшерлеу шарты пайдаланыла-ды, сондықтан t жылындағы базалық қарыз бойынша төлемнің бастапқы сәтіндегі болжауы мынаған тең:
E0
δt xt =
δt [axt
+ ( 1- axt )x*].
Бастапқы профициттің серпіні үдеріске бағынады деп санаймыз, оған E0 st, t = 1,…,T бастапқы болжамы белгілі. Бұл мәңдерді сценарий түрінде береміз: қолайлы, біркелкі қолайсыз және қолайсыз. Мұнда біз сыртқы қарызға өтеу мен қызмет көрсету нақты кестесін пайдаланамыз. Біз ЖІӨ-нің жылдық қарқынының 3% -ға тұрақты және тең өсуін болжаймыз. Біз 245 млрд. долл. өрнекпен базалық 2000 ж. ЖІӨ-нің бағалануының өсуіне сүйенеміз. Ақырында, x* долларының нақты бағамының мәңі 0.59 тең, ал автокемімел коэффициенті а = 0.8 тең деп қабылданады. Барлық бастапқы және есептік мәңдері сәйкес жылдың ЖІӨ-нің пайызында берілді.
Қазақстан Республикасының жалпы және мемлекеттік қарызының дамуына жүргізілген зерттеу, неғұрлым жинақталған сыртқы қарыз ауыртпалықты болса, соғұрлым үлкен шамада оның қызмет көрсетуі бүкіл ұлттық экономиканың және оның қаржы саласының атқарылымдығымен өзара іс-қимылға тартатындығын көрсетті. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік бюджетке, ақша-несие жүйесіне, елдің несиені өтеу қабілетіне әсер етеді.
Мемлекеттік
бюджет үшін сыртқы қарыздың шамадан
тыс өсуінің қолайсыз салдарлары
негізінен оның өтеу кезеңімен байланысты.
Ағымдағы бюджеттік кезең үшін жаңа қарыздар,
керісінше, салық және басқа әдеттегі
кіріс көздеріне түсетін жүктемені азайту
мүмкіндігін дәмелендіреді, бюджеттік
үдерістің барлық кезеңдерінде икемдірек
оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол
уақытта сыртқы қарыз жөніндегі төлемдер
кестесі қолайсыз болуы мүмкін. Кез келген
жағдайда өзара іс-қимылдың дәрежесі мен
салдарлары негізінен жинақталған сыртқы
қарыздың салыстырмалы шамасына байланысты.