Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:51, курсовая работа
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың транзиттік экономика жағдайында сыртқы қарызды басқару бойынша еңбектері, мемлекеттік сыртқы қарыз және оңы экономиканың тұрақты дамуы жағдайында тиімді басқару мәселелерімен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.
ҚОРЫТЫНДЫ
2.
Мемлекеттік қарыз, бюджет
3. Қазақстан, халықаралық рейтінгілік агенттіктердің бағалауы бойынша, қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары үшін сенімді және тартымды қарыз алушы болып табылады. Мұнда елдің қаржы нарығындағы ресурстардың артылып қалуы мемлекеттік қарыз алу саясатын сыртқы нарықтардан ішкі нарықтарға қайта бағдарлау қажеттілігін мәжбүр етеді. Тіпті пайдасы аздау жағдайда да мұндай саясат ең қолайлы көрінеді. Біріншіден, бұл елдің қаржы нарығындағы өтімді құралдарының өткір тапшылық проблемасын төмендетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қарызды өтеуге бағытталған бюджет қаражаты, Қазақстанда қалатын болады да елдің экономикасына жұмыс істейтін болады.
4. Сыртқы берешектің едәуір айтарлықтай, сонымен бірге тұрақты өсіп отыратын бөлігін, ұлттық компаниялардың міндеттемелері құрайды. Қолданыстағы заңдар бойынша, бұл қарыз алуды ҚР-нің ҰБ мемлекеттің қарызына қоспайды. Осыған байланысты мемлекеттің сыртқы қарызы туралы біздің толық бағалауымыз жоқ, оған ҚР-нің ҰБ мен ҚМ-нің сыртқы қарызынанбасқа ұлттық компаниялар мен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың сыртқы міндеттемелері де кіруге тиіс.
5. Біздің елімізде, Қазақстан Республикасы, бір жағынан, орталықтандырылған қор арқылы қаржы ресурстарын әлемдік қор нарықтары мен несие капиталдарының нарықтарына инвестициялайды, ал екніші жағынан сыртқы қарыздарды тартады. Мұнда тартылған қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығыстар орталықтандырылған қордың активтерін түрлі қаржы құралдарына орналастыру табыстарынан артып түседі, бұл қорытындысында жүргізілетін ыңғайласпа операциялар бойынша теріс маржаны қалыптастырады
6. Мемлекеттік және кепілдік берілген мемлекеттік қарызды тікелей басқару және елдің жеке меншік қарызының құрылымын қалыптастыруды жанама басқаруды жүзеге асыру үшін арнайы органды құруды ұсынамыз. Мұндай органның қажеттілігі сырттан қарыз алуды тікелей шектей шын мәнінде мүмкін болмайтынымен шартталған. Мұндай шектеуге жанама әсер ететін айқын саясатты дайындау қажет. Мұның қажеттілігі, мемлекет жеке меншік сектордың қарыз алуды жүзеге асыруын бақылауға тиістігімен шарттастырылған. Мұндай қарыз алулар берілген Агенттікті бұл жөнінде хабардар еткеннен кейін, сондай-ақ сырттан қарыз алуды резервтік талаптар мөлшерлемесін есептеу базасына енгізу арқылы жүзеге асырылуға тиіс деп санаймыз.
7. Мемлекет, қарыз алуды мемлекет немесе жеке кәсіпорындар жүзеге асыруына тәуелсіз сенімді қарыз алушы беделін сақтап қалу үшін басқа елдер алдында өз субъектілерінің қарыз бойынша бақылауын жоғалтпауға тиіс.
Қазақстанның
халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасын
экономикалық мақсатқа сай негізде құру
қажет. Ақылы техникалық көмекті пайдаланудан
және халықаралық қаржы институттары
(Дүниежүзілік банк, ЕЖжДБ және басқалары)
үшін мемлекеттік кепілдік беруден бас
тарту мүмкін. Бағдарлама деректері мемлеекттің
сыртқы қарызын «ауырлатады», мұнда бағалы
қағаздар нарығының дамуына және бенгмарк
– құралдарын құрмай мүмкіндік жасамайды
және эталон қарыз алушы ретінде елдің
беделін көтеруге сәйкес мүмкіндік жасамайды.
Бұл бағдарламаларды не ішкі ресурстарды
пайдаланумен не қарызқорлық қаржы
құраладырның жаңа түрлерін жасауға, қор
нарығының өтемпаздығын арттыруға және
ішкі эмитенттер үшін бенчмаркты орнатуға
көзделген сырттан қарыз алудың тиімді
бағдарламаларымен ауыстыру қажет. Мемлекеттік
қарызды басқарудың тиімді тетіктерін
құру мемлекеттік емес қарыз алушылардың
сыртқы қарыздарының көлемі бірітіндеп
төмендейтін, ал сол уақытта ішкі қарыз
алу көлемі артатындай жағдай жасауға
мүмкіндік береді. Бұл валюта бағамдарының
ауытқуын төмендетеді және ішкі институционалдық
инвесторлар үшін құралдардың қажетті
нарығын қамтамасыз етеді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланым тізімі
1 Мемлекеттік борыштық міндеттемелерді шығару- бюджеттің тапшылығын жоюдың негізгі әдісінің бірі // «Мемлекет және қоғам: қарымқатынастардың жаңа аспектілері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары.- 2006.- 309-312бб. 0,2 б.т.
2 Мемлекеттік қарыздануға көзқарастардың теориялық эволюциясы // «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- 2006.- 112-114бб. 0,25 б.т.
3 Қазақстандағы мемлекеттік қарыз қызметінің заңды негізі // Қазақ еңбек және әлеуметтік академиясының хабаршысы.- Алматы, 2007.- № 1 (14).- 78-81бб. 0,3 б.т.
4 Қазақстандағы сыртқы қарыздану жағдайын бағалау // «Екінші Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының материалдары.- 2007.- 262-264бб. 0,3 б.т.
5 Қазақстандағы бюджетаралық қатынастар: жағдайы және дамуы // «Қазақстан экономикасының ғылыми әлуетінің және ұлттық жаңартпашылық жүйесінің құрылу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- 2007.- 486-495бб. 0,4 б.т.
6 Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының серпініне талдау жасау // «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілетілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- 2007.- 328-331бб. 0,3 б.т.
7 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы // Аль-Пари журналы.- 2007.-№1(49).- 105-108бб. 0,4 б.т.
8 Мемлекеттік қарызды өтеу жолдары // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы.- 2007.- №2 (56).- 156-160бб. 0,4 б.т.
9 Мемлекеттік қарызды басқару жүйесін теориялық негіздеу // «ТУРАН» Университетінің хабаршысы.- 2007.- №1-2 (34).- 154-158бб. 0,4 б.т.
10 Банк секторының инвестициялық жайғасымы // «Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- 2007.- 180-182бб. 0,3 б.т.
11 Еліміздегі макроэкономикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы // Қаржы-қаражат журналы.-2007.- № 5.- 84-89бб. 0,6 б.т.
12 Банклердің және басқа секторлардың
сыртқы қарызының даму жағдайы // Халықаралық
Бизнес Университетінің хабаршысы.- 2008.-
№1(7).- 73-75бб. 0,3 б.т.