Меншікті табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:25, реферат

Описание

Меншікті капитал - бүл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық – қүқықтық формаларына қатысты ажыратылады. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің меншікті капитал қүрылымдарын айырмашылықтар байқалады.

Работа состоит из  1 файл

Меншікті қапитал есебі.doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

     Барлығы  700,0м.тг.

     Сонда, әр қайсының үлесі 30%, 37,5%, 32,5%

     Есептік жылдың нәтижесі бойынша құрылтайшылар  арасында үлестіретін табыс 600,0м.тг. болды.

     Әр  құрылтайшылар арасында тиісті сомаларын  есептеп, проводкаларын көрсету.

    №3 есеп. Жарғылық капитал есебі

    Тапсырма: 1. Жарғылық капитал есебі бойынша  шоттар корреспонденцияларын құру.

    2. №13 журнал-ордерде есеп жазуларын жүргізу.

    Есептің шарттары:

    1. «НҰР» АҚ 500 0000 теңге сомасында жарғылық капиталын тіркеді. Бұл келесілерден тұрады; акция үшін 2000 теңге номинал құны бойынша 500 артықшылығы бар акциялар және акция үшін 1000 теңге номиналдық құны бойынша 4000 қарапайым акциялар. 

    Акциялар  құрылтайшылар арасында толық орналастырылған, акционерлер реестрінің жасалуы осыны растайды.

    2. «НҰР» АҚ акционерлері жазылған (алынған) акциялар үшін салды  (теңге):

  • есеп айырысу шотына қол ақша – 2500 000 теңге;
  • келісілген құн бойынша ғимарат – 882 000 теңге;
  • ғимараттың жинақталған тозуы – 82 000 теңге;
  • келісілген құны бойынша автомобиль – 550 000 теңге;
  • келісім шарт құны бойынша материалдар – 950 000 теңге;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету – 20 0000 теңге.

    3. «НҰР» АҚ акцияларын шығару  және орналастыру бойынша келесі  шығыстар төлеу есептелді:

  • келісім шарт құны бойынша акциялар бланкін жасағаны үшін баспаханаға – 9000 теңге;
  • баспахана көрсеткен қызмет құнынан ҚҚС - ?
 

    №4 есеп. Резервтік капитал есебі.

    Тапсырма:

    1. Резервтік капитал есебі бойынша  шоттар корреспонденцияларын құру.

    2. №13 журнал-ордерде жазулар жүргізу.

    Есеп шарттары:

    1. «НҰР» АҚ жарғысына сәйкес  бөлінбеген кіріс есебінен: жарғылық  капиталдың 10% мөлшерінде белгіленген  резервтік капитал жасалады. «НҰР»  АҚ жарғылық капиталының сомасы  – 5000 000 теңге; - өзге де резервтік  капитал сомасы – 120 000 теңге.

    2. Резервтік капитал қаражаттары пайдаланылды:

  • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер есептеуге – 120 000 теңге;
  • қарапайым акциялар бойынша дивидендтер есептеуге – 80 000 теңге;
  • өткен жылдар зияндарын жабуға – 360 000 теңге.
 

    Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар 

1. Меншікті  капитал – бұл:

а) ұйымның  меншік құқығына жатады;

б) оның міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері;

в) құрылтайшылардың жарналары;

г) жарғылық капитал.

2. Мына  жазулар нені білдіреді:  Дебет  5020 Кредит 5010

а) қарапайым  акциялардың өткізілуін;

б) дивидендтер  есептеуді;

в) акциялар бойынша акционерлердің берешегін;

г) акцияларды өтеусіз алу есебінен жарғылық капиталды 

    көбейтуді.  

3. Серіктестіктің  жарғылық капиталына салым жасау  есебіне құрылтайшының ғимараты салынды.

а) Дебет 2410 «Ғимараттар мен құрылыс-жайлары»;

    Кредит 5010 «Салымдар және пайлар»;

б) Дебет  2410«Ғимараттар мен құрылыс-жайлары»;

    Кредит 5020 «Төленбеген капитал»;

в) Дебет 5010 «Салымдар және пайлар»;

    Кредит 2410 «Ғимараттар мен құрылыс-жайлары»;

г) Дебет  7410 «Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығыстар»;

    Кредит 2410 «Ғимараттар мен құрылыс жайлары».

4. Мына  жазулар нені білдіреді: Дебет 5010 Кредит 5210

а) қарапайым  акцияларға жазылу бойынша акционерлердің  берешегін;

б) қарапайым  акцияларды өткізуді;

в) айналымнан қарапайым акцияларды қайтарып алуды;

г) акционерлерден қарапайым акцияларды сатып алуды.

5. 5020 шоттарында есепке алынады:

а) құрылтайшылар  қосымша төлеуі тиіс салымдар;

б) айналымнан қайтарып алынған акциялар;

в) олардың  нақтылы құнынан артып кететін  баға бойынша 

    өткізу нәтижесінде сатылған  акциялар;

г) негізгі  құралдарды,  инвестицияларды және өзге де активтерді

    қайта бағалаудан алынған баға  көбейуі.

6. Резервтік  капитал есебінен өткен жылдың зияндары жабылды:

а) Дебет 5300 «Заңмен белгіленген резервтік капитал»;

    Кредит 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)»;

б) Дебет 5410 «Жиынтық табыс (зиян)»;

    Кредит 5430 «өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған  зиян)»;

в) Дебет 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)»;

    Кредит 5020 «Заңмен белгіленген резервтік капитал»; 

г) Дебет 5300 « резервтік капитал»;

    Кредит 5430 «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған  зиян)».

8. Есепті  кезең соңында негізгі, сол сияқты негізгі емес қызмет кірістері мен шығыстары келесі шотқа апарылады:

а) 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)»;

б) 5430 «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)»;

в) 5410 «Жиынтық кіріс (зиян»;

г) 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар».

9. Мына  жазулар нені білдіреді:  Дебет  5410 «Жиынтық кіріс (зиян)»

  Кредит 5430 «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)»

а) жыл  соңында жиынтық кірісті есепті жылдың бөлінбеген

    кірісіне аудару;

б) жыл  соңында жиынтық зиян сомасын аудару;

в) жинтық кіріс есебінен есепті жылдың зияндарын  жабу;

г) бөлінбеген зиян сомасын есептен шығару.

                                                  
 

Информация о работе Меншікті табыс салығы