Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда. Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.

Работа состоит из  1 файл

МАНАТ-КУРСОВОЙ №2 ГОТОВ.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)


КІРІСПЕ

 

              Мұнай мен газ отын және энергия көздерінің тиімді түрлері болмағандықтан, оларды пайдалану үнемі өсуде. Оларды пайдалану үшін шикізат құрылымын өзгертпей және өзгертіп өңдеуден кейін дайындайды.

              Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда. Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.             

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

 

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.              Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

 

Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

 

Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.

 

Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.

 

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.

 

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.

 

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.

 

Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

 

              Энергетикалық қорлар қазіргі экономикада жетекші рөл атқарады. Кез келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің деңгейі, негізінен, энергия қорларын жұмсау ауқымымен анықталады. Дүние жүзінде өндірілетін пайдалы қазбалардың 70%-нан астамы энергия көздеріне жатады. Бұл энергия қорларының маңыздылығын көрсетеді.

              Энергия қорларының  негізгі түрлері – көмір, мұнай, табиғи газ, гидроэлектрэнергиясы және ядролық энергия. Дүние жүзінде энергия қорларын өндіру құрылымы мынадай:

 

 

1900 ж

1920 ж

1940 ж

1960 ж

1980 ж

2000 ж

Көмір

0,72

1,34

1,88

2,09

2,45

3,3

Мұнай

0,03

0,14

0,45

1,37

3,8

4,1

Табиғи газ

0,01

0,03

0,12

0,63

2,7

3,0

Гидроэлектрэнергиясы

0,02

0,03

0,07

0,28

0,60

0,6

Ядролық энергия

-

-

-

-

0,65

3,7

Басқа энергия түрлері

0,50

0,60

0,70

0,70

0,60

0,6

Барлығы

1,28

2,14

3,22

5,07

10,08

15,3

 

              Осы келтірілген мәліметтер бойынша мұнай мен газдың дүниежүзілік энегетикада 1960 жылдардың екінші жартысынан бастап жетекші рөл атқара бастағанын байқаймыз. ГФР және Ұлыбритания сияқты елдерде мұнай мен табиғи газдың жалпы энергия қорын пайдаланудағы үлесі 55-60%-ды, АҚШ-та және Жапонияда ол 75-80%-ды құрады.

              Энергия қорларының дүниежүзілік пайдалану құрылымы төмендегідей:

 

 

1970 ж

1980 ж

1990 ж

2000 ж

2020 ж

Мұнай

3,7

43,5

37,6

32,9

21,2

Табиғи газ

1,1

18,8

20,8

21,4

19,0

Ядро энергиясы

0

2,5

5,6

8,6

13,6

Гидроэнергия және балама қайта пайда болушы энегия көздері

 

 

 

2,0

 

 

 

6,2

 

 

 

6,9

 

 

 

7,1

 

 

 

13,0

 

              Дүние жүзі бойынша энергия қорларының негізін қатты органикалық жанғыш отындар құрайды, бірақ, дүниежүзілік отын-энергетика балансында (ОЭБ) олардың үлесі қазіргі кезде мұнай мен газ отындарына қарағанда аз. 1970-1980 жж аралығында дүниежүзілік отын-энергетика балансында мұнай мен газдың үлесі жоғары қарқынмен өсті, бірақ ол кейін баяулады. ОЭБ дүниежүзілі елдерінің мұнай мен газды пайдаланудағы үлесі әр түрлі. Мұнай мен газды энергия қоры есебінде пайдалану 1987 жылы АҚШ-та-64,7%, Италияда-82,4%, Францияда-56,4%, Жапонияда-64,8%, ГФР және Ұлыбританияда-59-60%, Канадада-47,7%, Норвегияда-28,9%-ды құраған. Бұл көрсеткіштер барлық елдерде де, мұнай мен газдың энергия қорының негізін құрайтынын көрсетеді.

              Бұрынғы одақтас республикалар кезінде электр энергиясын және отын өндіру құрылымы төмендегідей болды:

 

 

1913 ж

1940 ж

1960 ж

1980 ж

1986 ж

Электр энергиясын өндіру, млрд кВт/сағ

 

2,0

 

48,6

 

292,3

 

1294

 

1599

Сонымен бірге, гидроэлектроэнергия

 

0,04

 

5,3

 

50,9

 

183,9

 

214,5

Отын өндіру, млн.т

48,2

237,9

692,8

1977,6

2205

Сонымен бірге, мұнай

 

14,7

 

44,5

 

211,4

 

861,3

 

865,8

Газ

-

4,4

54,4

522,4

748,8

Көмір

23,1

140,5

373,1

523,6

516,2

Отынның басқа түрлері

 

10,4

 

44,0

 

53,9

 

70,3

 

74,2

Информация о работе Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы