Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда. Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.

Работа состоит из  1 файл

МАНАТ-КУРСОВОЙ №2 ГОТОВ.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

 

              ХХ ғасырдың екінші жартысынан мұнай өңдеу өндірісінің тез өсуі тән. Төменде мұнай өңдеу көлемінің әлемнің кейбір елдеріндегі динамикасы келтірілген (млн.т) :

 

Елдер

1960 ж

1970 ж

1975 ж

1980 ж

1985 ж

1987 ж

Ақш

399,2

535,6

613,1

667

590

758,6

Жапония

27,5

167,5

219,8

198,3

156,5

226,5

Франция

33,3

100,4

110,0

114

76,6

96,2

Италия

30,7

116,4

95,2

92,2

77,8

127,1

Ұлыбритания

43,7

100,9

93,8

86,4

79,1

89,3

ГФР

27,8

106,4

92,9

99

70,6

81,7

Канада

37,9

58,3

83,5

87,9

68,5

92,7

 

              Дүние жүзі бойынша мұнай өңдеу көлемі соңғы жылдары, оның өндіру қарқынына пропорционалды түрде өзгеріп келеді. 1960-1970 жж Таяу Шығыс және Латынамерикалық арзан мұнайлардың көптігінен дүние жүзі бойынша МӨЗ қосынды қуаттары, сонымен қатар, мұнай өңдеу көлемі де күшті қарқынмен өсті. Дүниежүзілік мұнай өңдеу саласында сандық және сапалық секірістер 1970-1980 жж, яғни мұнай құнының күрт өзгеруімен және соның әсерінен оны өндірудің азаюымен байланысты болды. Мұнайды өңдеудің көлемі жағынан жетекші рөл АҚШ-қа тән. Бұл елде мұнай өңдеу тереңдігі өте жоғары және негізінен бензин өндіруге бағытталған. Канаданың да мұнай өңдеудегі көрсеткіштері АҚШ-тың көрсеткіштеріне ұқсас. Жапония, Ұлыбритания, Италия, Франция және Г:ерманияда да мұнай өңдеу көлемі жоғары деңгейде болды. Тек 1979 жылдан кейін, дүниежүзілік мұнай бағасының күрт өзгеруіне байланысты мұнай өндіру және мұнай өңдеу көлемі, МӨЗ қосынды қуаты және олардың сандары біртіндеп азая бастады.

              Бұл кезеңдерде Батыс Сібірде, Қазақстанда үлкен мұнай кен орындары іске қосылып, көп мұнай бере бастады. Батыс және Солтүстік-батыс аудандарда жаңа мұнай өңдеу өндірістері: Белоруссияда-Новыйполоц және Мозыр, Литвада-Мажей, Украинада-Кременчук, Санкт-Петербург облысында-Кириш, Қазақстанда-Шымкент және Павлодар, Түрікменстанда-Красновод, Чарджоу және басқа жаңа МӨЗ іске қосылды, ейбір бұрынғы зауыттар күрделі жаңарудан өтті. Мұнай өңдеудегі үлкен жетістік Еділ-Орал және Қазақстандағы мұнайлы аудандарда өндірілген күкіртті, жоғары шайырлы және парафинді мұнайларды өңдеудің жаңа технологиясын жасау және игеру болып саналады.

              Мұнай өңдеуде жаңа процестер, каталитикалық крекинг, платина катализаторын пайдаланып каталитикалық риформинг, әр түрлі дистилляттарды гидротазалау іске асырыла бастады. Осының нәтижесінде мұнай өнімдерінің сапасы артты, мотор отындарын және органикалық синтезге қажетті көмірсутекті шикізат өндіру өсті. Өндіріс көлемінде пайдаланушы мұнай шикізаттары жасанды май қышқылдарын, жасанды спирт, полиолефиндер, жасанды талшықтар, жасанды каучук, минералды тыңайтқыштар өндіру мақсатында кең өріс алды. Мұнай шикізаты бұрын техникалық мақсатта қолданылып келген көп азықтық заттардың орнын алмастырды.

              1970 жылдары мұнай өңдеуде үлкен қуатты және құрастырма қондырғылар іске қосыла бастады. Қуаты 1-2 млн.т/ж мұнайды атмосфералық айдау қондырғыларының орнына қуаты 6-8 млн.т/ж құрастырма, мұнайды тұздардан айыру, алғашқы айдау және мұнай дистилляттарын екінші кезекте өңдеуге қажетті процестері бар қондырғылар салына бастады. Қуаты 300 мың т каталитикалық риформинг қондырғысы орнына 600-1000 т/ж өңдейтін қондырғылар жұмыс істей бастады.

              ЛК-6У құрастырма жүйесінде технологиялық процестерді құрастырудың тиімділігі оларды пайдалануда дәлелденді. Екі ЛК-6У жүйесінен тұратын зауыт салу, қуты сондай, бірақ қондырғылары өз алдына тұрған зауытпен салысьырғанда, металл шығынын 2,6 есе, ал капиталдық салымды 24%ға қысқартады, еңбек өнімділігін екі есе арттырады. Осындай 8 ЛК-6У қондырғылары алты МӨЗ  құрамында салынды.

              1980 жылдардың ортасында мұнай өндіру деңгейі тұрақтанды. Бұл қайта түзілмейтін, қоры шектеулі, өте құнды шикізатты толық және терең өңдеп пайдалануды талап етті. Сонымен қатар, кейбір бұрын мұнайдың көп мөлшерін өңдеп келген алқаптарда өны өндіру көлемі азайды, ал Батыс Сібірде тұрақтанып барып, кейіннен өндіру көлемі кеми бастады. 1986-1990 жж Каспий жағалауында терең су астындағы және континентальды шельфтердегі мұнай-газ кен орындары игеріле бастады. Жаңа аудандарда мұнай өндіру құны, әсіресе шельфте, қазіргі құнынан жоғары болады және сондықтан, мұндай құнды шикізатты тиімді пайдалану қажеттігі туындайды. Мұнай өндірудің кеми бастауы, өндірілген мұнайдың қымбатқа түсуі және сұйық отын мен майларға сұраныстың артуы мұнай өнімдерін өте тиімді пайдалануды талап етеді.

              Мұнайды терең өңдеу құжатын іске асыру үшін шикізатты жақсылап дайындап, оларды катализатордың активтігін төмендететін заттардан тазарту қажет. Терең өңдеуге керекті қондырғылар үшін, жоғары қысымдарда және температураларда, сутегі және күкіртті сутегі ортасында жұмыс істеуге есептелген арнайы құрал-жабдықтар жасалуда.

              Отындар мен майларды өндіру үшін мұнайдан басқа шикізат түрлерін пайдалану өте өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кездеавтомобиль қозғалтқытарында отын есебінде бензиннің орнына сығылған табиғи газды және сұйық газды көп қолдана бастады. Автомобиль бензиндерінің компоненттері есебінде оттегі бар қосылыстарды, әсіресе, метил спирті мен изобутиленнен синтездеп алынатын метил-третбутил эфирін қолданады.

              Көп елдерде жасанды сұйық отын (ЖСО) алу мәселесі көтерілуде. 1930-1940 жж дүние жүзінің көптеген елдерінде, әсіресе Германияда, Эстонияда көмір мен сланецтен ЖСО алу өндірістері болды, бірақ бері келе бұл өндірістердің мұнай шикізатына ауысуына байланысты, олар алынып тасталды немесе басқа мақсатта пайдаланылуда.

              Мұнайды және оның фракцияларын әр түрлі органикалық синтездерге пайдалану өте тиімді. Өркениетті елдерде мұнай өңдеудің жалпы көлемінің

7-8% мұнай-химия мақсатына пайдаланылады. Мұнай-химия өндірісінің өсу қарқыны басқа салалардың өсуіне қарағанда жоғары. АҚШ-та өте құнды мұнай-химия өнімдері 1960-1988 жж аралығында бірнеше есе артты. Бұл саланың келешекте қрқынмен өсуі күтілуде. Төмен молекулалы алкендерді өндіруде жаңа шикізаттарды, ауыр, атмосфералы және вакуумды газойльдерді пайдалану көзделуде. Мұнай-химия синтезінде реакция талғамдығын 35-70%-дан көтеру - өзекті мәселе, себебі төменгі талғамдық шикізаттық катализаторлар мен реагенттердің шығынын көбейтеді де, өнімдердің өзіндік құнын өсіреді. Сондықтан синтез процестерінің талғамдығын арттыру өте маңызды, келешегі зор.

 

 

Негізгі мұнай-газ кен орындары

 

Республиканың негізгі мұнай-газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Жезқазған аймағында. Кен орындарының 70 %-ға жуығы Атырау мен Маңғыстау облыстарының территориясында.

 

Мұнай қоры жағынан болашағы зор – Атырау облысы. Табиғи қорының сипаты және халықшаруашылығына мамандануына қарай облыстың аумағын үш негізгі экономикалық-өндірістік ауданға бөліп қарауға болады. Олар- Жайықтың төменгі ағысының бойы мен сағасы, Оңтүстік Жем алабы және Тайсойған. Жайықтың төменгі ағысы мен сағасында мұнай өңдеу, химия, машина жасау, балық аулау және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған. Оңтүстік Жем алабы мұнай өндіру және оны тасымалдаумен шұғылданады. Ал Тайсойған атырабы негізінен төрт түлік өсіруге қолайлы.

 

1999 жылдан бері бірлескен және отандық кәсіпорындардың инвестициясы осы аудандарға келе бастады. Отандық инвесторлар банкрот шегінде тұрған кәсіпорындарды сауықтыруға және дамытуға қаржыларын сала бастады. «ҚазақОйл-Ембі» акционерлік қоғамы Қызылқоға ауданының Қондыбай, кен орындарын барлау, бұрғылау жұмыстарын қаржыландыруда. Осы облыстың аумағындағы Каспий қайраңындағы мұнай мен газдың қоры 23 миллиард тоннадан артық екендігі белгілі болып отыр. Атырау облысы 50 -ден астам таяу және алыс шет мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынас қалыптастырды. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай және басқа да мемлекеттер бар. Қазіргі уақытта мұнда шетелдіктердің қатысуымен 55 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың күшімен игерілген күрделі қаржының көлемі Қазақстан бойынша барлық инвестицияның 4/1-ін құрап отыр.

 

Мұнай-газ саласы облыстың экономикасының басқа салаларының да қарыштап дамуына мүмкіндік бере бастады. Мұнай мен газ өндіру және өңдеу, тасымалдау көлемінің артуына байланысты көлік қатынасы, энергетика, телекоммуникация, жол қатынасы дамыды. Рас, мұнай-газ секторы өзінің алғашқы қалыптасу кезеңінде өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың қиыншылықтарын бастан өткерді. Бұл салада түбегейлі құрылымдық өзгерістер жүзеге асып, басқару құрылымында заман талабына сай реформалар жүргізілді.

 

Қазақстан геологтарының бағалауы бойынша, біздің республикадағы мұнай көлемі 700 млрд.тоннаға жуық деп бағалануда. Көмірсутегі қоры алдағы уақытта өсуі мүмкін деп саналатын аймақтардың қатарында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары да бар. Бұрынғы Жезқазған облысы және Қызылорда облысы да бұл жағынан қалыса қоймайды. Сондықтан да ғылыми еңбегіміздің барысында аталған облыстардағы мұнай-газ саласына, ондағы құрылымдық өзгерістерге толығырақ тоқталсақ, орынды шығар деп ойлаймыз.

 

Тағы бір ерекше тоқталуды қажет ететін мәселе – Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі мұнай көздерін игеру үшін мемлекет тарапынан жасалған қадамға орай ел мүддесін қорғайтын, Каспий теңізіне территориялық жағынан қатысы бар мемлекеттермен бірлесе отырып, басқаруды жақсарту жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте ерекше ескеретін мәселе - жас мемлекетіміздің экономикасын әртараптандыру қажеттігі туындаған болатын. Іс жүзінде барлық мұнай экспорттайтын елдердің бәрі дерлік осындай қадамға барды. Дүниежүзінде осы бағытта біраз тәжірибе жинақталған. Мұнай және мұнай өнімдеріне конъюктура өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы 10 жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер экономикасынан кіріс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмыс жүргізілуде. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіне жылдан жылға көбейіп келе жатқан инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңізінің Қазақстандық секторын кешенді әрі тиімді игеру Отанымыздың экономикасын дамытудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Каспий теңізі айлағында алдын-ала жасалған болжамға қарағанда 8 миллиард тоннаға жуық көмірсутегі қоры бар. Мамандардың болжамына сүйенсек, ондағы кен орындарынан мұнай өндіру жылына 150-200 миллион тоннаға жетіп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы әбден мүмкін. Сондықтан да Каспий теңізінің қазақстандық секторын ойдағыдай игеруге байланысты басқару мен құрылымдық өзгерістерге осы ғылыми жұмысымызда кеңірек тоқталуды, жан-жақты қарастыруды қажет деп таптық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы мұнай – газ өндіру кәсіпорындары

 

Қазақойл

 

Қазақойл– Қазақстанның мұнай-газ өндіруші кәсіпорны. 1997 жылы наурызда құрылған. Өндірістік тізбектің барлық сатыларында: кеніштерді барлаудан және мұнай-газ өндіруден бастап, ұқсатуға, түпкілікті өнімнің маркетингіне дейін мұнай операцияларын жүргізу; көмірсутектерді барлауды, өндіруді, тасымалдауды, ұқсатуды жүзеге асыратын бірлескен жобаларда мемлекеттің мүддесін қолдау және осындай жаңа жобаларды дайындап іске асыру мақсатын көздейді. Мұнай-газ кешенінен түсетін барлық салықтың 25%-дан астамы және экспорттық түсімнің 14%-ы “Қазақойлдың” үлесінде болды (2001). Компания дүние жүзінің жетекші мұнай-газ компанияларымен тығыз серіктестік қатынас орнатты. Ұлттық компанияның қарамағында мұнай өндіретін екі еншілес кәсіпорын – “Өзенмұнайгаз” және “Қазақойл-Ембі” ашық акционерлік қоғамдары жұмыс істеді. Олар 2001 жылы тиісінше 4,0 және 2,35 млн. т мұнай өндірді. Компания “Арман”, “Қазақтүрікмұнай”, “Қазақойл-Тельф” және “Матин”, бірлескен кәсіпорындарында жиыны 1 млн. т мұнай өндірді. Мұнай ұқсату секторында ішкі рынокты мұнай өнімдерімен молықтыру мәселесін шешуге үлес қосты.

 

"Мұнай"

 

2000 жылы еншілес Атырау мұнай айыру зауытында 2,2 млн. т мұнай ұқсатылды, оның 80%-дан астамы “Қазақойлдың” меншікті қорларынан жеткізілді. Маркетинг аясында компания еншілес кәсіпорын – “Казахойл-Продактс” ЖШС-н құрды, ол мұнай және мұнай өнімдерін өткізумен, Қазақстан аумағында фирмалық авто- және газ құю станцияларының желісін құрумен айналысады. Қазақстанның батыс аймағында және Астана қаласында осындай станциялар ашылды. Экспорттан алынған табысты ұлғайту үшін ТМД елдерінің рыноктарын игере бастады. 1999 жылдың аяғынан бастап компания Херсон мұнай айыру зауытын басқарады.

 

              Жекешелендіру тендерінің нәтижесінде зауыт акциясының 90%-ынан астамын иеленді. Компания әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, демеушілік көмек көрсетуге баса ден қойып келеді. Жаңа Өзен қаласында көп пәтерлі тұрғын үй, Теңге қыстағында перзентхана, мектеп пайдалануға берілді, Каспий теңізінің жағалауында екі тұрғын үй, мейманхана, демалыс базасы салынды. Мұнайшыларды экологиялық қолайсыз аймақтардан көшіру бағдарламасы шеңберінде Жаңа Қаратон қыстағында мектеп, сауда орталығы салынды, инженерлік коммуникация кешені бар үйлер құрылысы жүргізілді. Мұнайгаз кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен 2002 жылы 20 ақпанда “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ көлігі” ұлттық компаниясы қосылып, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына айналды.

Информация о работе Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы