Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда. Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.

Работа состоит из  1 файл

МАНАТ-КУРСОВОЙ №2 ГОТОВ.doc

— 369.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Қазақойл-Ембі

 

"Доссор кәсіпорны"

 

“Қазақойл-Ембі” – мұнай-газ өндірісі кәсіпорны. Ембі кәсіпорындарының іске қосылу тарихы 1911 жылы Доссор кәсіпорнының құрылуынан басталады. “Ембімұнайгаз” және “Теңізмұнайгаз” ААҚ-дары бірігіп, 1999 жылы “Қазақойл-Ембі” ААҚ болып қайта құрылды. 2002 жылдан “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнына айналды. “Қазақойл-Ембі“ құрамындағы 21 бөлімшенің алтауы негізінен мұнай өндіретін басқармалар. Олар: “Жайықмұнай”, “Доссормұнай”, “Мақатмұнай”, “Қайнармұнай”, “Құлсарымұнай”, “Прорвамұнай” мұнай-газ өндіру басқармалары. Ал 15 бөлімше тікелей өндірісті қамтамасыз етумен айналысады. Бұған қоса ААҚ-ның 100 % жарғылық қорымен 16 ЖШС құрылған. Олар өндіріске, құрылысқа, саудаға, т.б. бейімделген. Жалпы саны 11500 адам жұмыс істейді. Қоғам еншісінде 45 кен орны, физикалық-химиялық құрамында күкірттігі аз, тұтқырлығы жоғары топтағы мұнай өндірісі. 1999 жылы мұнай өндіру деңгейі 102,4 %-ға жетіп, 2289,7 мың т мұнай өндірілді. Түскен пайда 4 млрд. теңге. 12 жаңа мұнай ұңғысы іске қосылды, 52 ұңғы қайта жөнделді. 2000 жылы мұнай өндіру көл. 22,91 мың тоннаға жеткізілді. Жалға алынған бұрынғы ядролық сынақ алаңы – Тайсойған өңірінде ААҚ-ның өз күшімен жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Қондыбай, Қазанғап, Уаз мұнай алаңдары ашылды. Забұрын-Мартыши мұнай құбыры (80 км) іске қосылды. Жаңа Қаратон кенті салынып, 420 орындық мектеп, тұрғын үйлер бой көтерді.

 

 

 

 

Қазақойл-Тельф

 

“Қазақойл-Тельф” – мұнай өндірісі кәсіпорны. 1991 жылы құрылған. Негізгі қызметі – мұнай өндіру, мұнай мен өңделген мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарға өткізу. 1999 жылы жалпы өнім көлемі бір миллиард теңгеден асып, салық пен бюджетке, басқа да төлем мөлшері 270 млн. теңгеге жетті. Шығыс Көкарна сияқты кен орнын игеру қолға алынды. 1999 жылы 260 млн. теңгеден аса қаржы жұмсады. Өткен жылдар ішінде Жылыой ауданының әлеуметтік саласына 25 млн. АҚШ доллары бөлінді. Бұл қаржыға 64 тұрғын үй, дүкен, инж. жүйелер мен басқа да қажетті нысандар бой көтерді. Серіктестіктің қаржысы есебінен жоғары және арнаулы техникалық оқу орындарында 40 студент оқиды, бұл мақсатқа жыл сайын 4 млн. теңге бөлінеді.

 

 

 

Өзенмұнайгаз

 

Өзенмұнайгаз кәсіпорнының Жаңаөзен қаласындағы бас штабы

 

Өзенмұнайгаз– мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді. 1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды. Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі. Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001). Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды. «Өзен» бірлестігінің бас директоры болып Ж.Жанғазиев тағайындалды.

 

 

 

Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы

 

Шеврон корпорациясының логотипі

 

Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы– байырғы аса ірі мұнай компанияларының бірі. 1873 жылы Лос-Анжелесте (АҚШ) құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері — Сан-Францискода (Калифорния штаты). Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады, сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады. Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды, 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын, өз елінде табиғи газ өндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді. Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады, “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты, сондай-ақ Каспий мұнай құбыры консорциумына белсене қатысушы.

 

 

 

 

Мұнай - газ өңдеу және мұнайхимиясы салалары және олардың

даму келешегі

 

                 Мұнайдың маңыздылығы оның көмірсутектік құрамымен анықталады. Табиғатта мұндай әр алуан көмірсутектерден тұратын басқа зат жоқ.

    Қазақстан мұнайхимия өнеркәсібінің көптеген салаларын дамытуға арналған шикізат базасына ие, оның ішінде ілеспе газдар, мұнай өңдеу кезінде алынатын газ тәріздес және сұйық көмірсутектер бар.

    Аталған өнімдер органикалық синтездің шикізаты болып табылатын кейбір маңызды қосылыстар: синтез-газды (СО+Н2 қоспасы); метаннан пентанға дейінгі қаныққан алифатты көмірсутектер мен жеке мноолефиндерді (С2 және одан жоғары), ацетилен, бутадиен, изопрен, ароматты көмірсутектерді алуға арналған құнды шикізат болып табылады.

    Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жиынтық қуаттылығы жылына 18 млн.т үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Қуаттылығы жылына 20-30 мың.т болатын бірқатар шағын мұнай өңдеу кәсіпорындары да бар. Бұл зауыттардың барлығы отын нұсқасы бойынша жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн. Осыған қарамастан, мөлдір мұнай өнімдеріне дегент сұраныс тек 50%-ға қанағаттандырылады.

    Ұшақ бензиндері, қысқы дизель отыны, жағар майларға деген сұраныс негізінен шетелден әкелу есебінен қанағаттандырылады. Бұдан бөлек, отандық бензиндер халықаралық стандарттарға сай емес және әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті емес.

                 Отандық  мұнай өңдеуші кәсіпорындардың алдында тұрған басты мақсат-шикізатты терең өңдеу, яғни ауыр қалдықтардың барынша мүмкін конверсиясына қол жеткізе отырып, күрделі және пайдалану кезіндегі шығындарды барынша азайтып мотор отындарын, аз күкіртті қазандық отынды, аз күлді кокс пен мұнайхимиясы өнімдерін алу.

Бұл кезде қажетті үдерістерді таңдау мұнай нарқына, сапасына және экономикалық факторларға байланысты. Катализдік крекинг үдерісі мұнай қалдықтарын конверсиялауда негізі болып, оның өңдеу схемаларындағы үлесі 55%, гидрокрекингтің үлесі шамамен 15% құрайды.

                  Еліміздің мұнай өңдеу өнеркәсібінің алдында мынандай мақсаттар тұр: жоғары сапалы мұнай өнімдеріне деген сұраныстықанағаттандыру үшін мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту; жұмыс істеп тұрған және жетілдіріп жатқан қондырғыларда жоғары сапалы мұнай өнімдердің өндіру есебінен мұнай-газ кешенінің экспортық потениалын арттыру.

                  Жақын болашақта Маңғыстау облысында мұнай өңдеу зауытын салу, жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерді кеңейту және жетілдіру көзделуде. Бұдан бөлек, қуаттылығы жылына 3 млн.т газ конденсатын өңдейтін зауыт пен Атырау және Ақтөбе облыстарында отын-май нұсқасымен жұмыс ітейтін екі зауыттың құрылысы басталады. Соңғылары жағар майларға деген сұранысты едәуір мөлшерде қамтамасыз етуі тиіс.

                 Көмірсутекті газдар негізінен Қазақ (Жаңа Өзен қаласы), Қарашығанақ, Жаңажол және Теңіз газ өңдеу зауыттарында өңделеді.

                  Мұнайхимиясы өнеркәсібінің дамуы қазіргі кезде территориясында көмірсутекті шикізат қорлары орналасқан елдің экономикасының дамуын көп жағынан анықтайды. Мұнайхимиясы өнімдерін өндіру бүкіл әлемде жылдан жылға артуда.

                  Мұнайхимиясы өндірісі өнеркәсіптің әр алуан салаларының, транспорттың, экспорттың және ел қорғанысының сұраныстарын қамтамасыз етеді. Мұнайхимиясы өнеркәсібі жоғары сапалы автомобиль және ұшақ бензиндерін, дизель отындарын, реактив отындарын, газтурбина қондырғыларына арналған отындарды, көптегеен жағар майлар мен оларға арналған синтетикалық қосындыларды; синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдарды өндіреді. Мұнай-газ шикізатын өңдеу нәтижесінде майлы және ароматты қышқылдар, олардың эфирлері, құрылысы әр түрлі спирттер, сірке қышқылы мен оның эфирлері (ацетаттар), солардың негізінде полистирол, полиолефиндер синтезделетін қарапайым ароматты және қанықпаған қосылыстар, күрделі эфирлер, еріткіштер, жасанды талшықтар және басқа да көптеген қосылыстар, сондай-ақ олардан жасалатын бұйымдар алынады.

                 Негізгі органикалық синтез өндірісі үшін көптеген әр түрлі қосылыстар, тіпті табиғи заттар қажет. Алайда тек қана мұнай мен газ көмірсутектік құрамы бойынша да, өндіру ауқымы бойынша да органикалық синтездің негізі бола алады.

                  Қазіргі күнге дейін еліміздің мұнайхимисы саласында тек қана бірнеше кәсіпорындар бар. Атырау химия зауыты «Полипропилен» АҚ 1960 жылдан жұмыс істейді, онда полипропилен және полиэтилен өндіріледі. Ақтау қаласындағы пластмасса зауытында этилен, этилбензол, стирол, полистирол өндіріледі. Кәсіпорын шикізат тапшылығын сезінуде. Стирол мен толуол, сондай-ақ бензол өндірісі үшін шикізат алу мәселесі жаңа технологиялық желілер, мысалы, көмірсутектерді ароматтандыру жөніндегі «циклар» қондырғысын іске қосу арқылы шешіледі. Бұл кезде жеңіл парафиндер олефиндерге дегидрогенденеді.

                 Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында химиялық талшықтар өндіру жөніндегі кәсіпорындар шоғырланған. Бұл кәсіпорындар мұнайхимиялық өнімдердің келесі түрлерін шығарады:  поливинилхлоридтіталшық; полиакрилонитрилді жіптер; полиамидті талшық; полимерлі қабықшалы байланыстырғыштар; полиамидті жіп. Бұл кәсіпорындар үздіксіз жұмыс істеуі үшін оларға қосымша шикізат тоқтаусыз беріліп отыруы қажет. Бұл ең алдымен изофталь қышқылының дихлорангидриді, поливинилхлорид қышқылы, нитрил қышқылының эфирі, метилакрилат, диметилформамид өндірістеріне қатысты.

                 Мұнай өңдеу мен мұнайхимиясы өнеркәсіптері өрт және жарылысқауіпті заттардың орасан зор мөлшерін бөліп шығара отырып, жоғары технологиялық және экологиялық тәуекел көзі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық ахуалды жақсарту үшін көмірсутекті шикізатты өндіру мен кешенді өңдеу үшін табиғатты қорғау шаралары кешенін іске асыру қажет.

 

 

Мұнай мен газды өндіру

 

                  Мұнайдың шоғырлану шарттары. Мұнай жер қойнауында көлемі бірнеше текге метрден бірнеше млрд.м3-ге дейінгі шоғырлар түрінде болады. Мұнай шоғырлану үшін өткізуші тау жыныстары, өткізбеуші тау жыныстары, сондай-ақ онда мұнай мен газ тұтылып қалатын арнайы қыртыстардың болуы шарт. Көшіп-қон кезінде  мұнай, газ және су тұтқышқа түсіп, тартылыс күштерінің әсерімен қабаттанып бөлінеді: газ жоғарыға, су-төменге кетіп, мұнай газ және су аралығында орналасады.

                  Мұнай мен газдың өндірістік игеру үшін тұтқышта жеткілікті мөлшерде жинақталған орны шоғырдеп аталады. Іс жүзінде массасы бірнеше мың тонна және одан да көп шоғырлаар игеруге жатады, олардың тереңдігі, әдетте, 500-ден 5000 метрге дейін және одан да жоғары.

                 Жер бетінің жалпы бір ауданына қатысты шоғырлар жиынтығы кеніш деп аталады. Егер бір алаңда бір ғана шоғыр болса, мұндай кенішті бірқалыпты деп атайды. Кеніштердің басым бөлігінде бірнеше шоғырлар жинақталған, кейде     30-40-қа дейін жетеді, яғни кеніштердің көпшілігі көпқатты болып табылады.

                  Кеінштерді барлау. Мұнай мен газдың шоғырланған жерлерін анықтау, қорларын  бағалау мен игеруге дайындау, мұнай барлау жұмыстары көмегімен іске асырылады.

                   Іздеу-барлау жұмыстар 2 сатыда орындалады. Іздеу сатысында жерді геологиялық, электромагниттік гравиметриялық суретке түсіру, жыныстар мен суларды геохимиялық зерттеу, карталар түзу жүргізіледі. Бұдан соң жаңа кеніштердің қорларын алдын ала бағалау үшін іздеу ұңғымаларын бұрғылау жүргізіледі. Мұнай мен газдың шоғырланған жерлері белгіленіп, қыртыстар мен горизонттардың қуаты мен мұнай-газға қанығу анықталғаннан соң, мұнайдың қорлары есептеліп, кенішті пайдалануға беру туралы ұсыныстар енгізеді.

                 Іздеу-барлау жұыстары кезінде «құрғақ» болып шығатын, яғни мұнайдың өнеркәсіптік қорлары табылмайтын ұңғымаларды бұрғылауға тура келетін жағдайлар өте жиі кездеседі. Солтүстік теңізде мұнай компаниялары 200-ге жуық «құрғақ» ұңғымаларды бұрғылаған. Солтүстік Америкадағы мұнай қоры 2 млрд тоннаға жуық Прядхо-Бей деп аталатын ірі кеніш 46 іздеу ұңғымаларын бұрғылағаннан соң табылған.

                 Мұнайдың әлемдік қорлары артып келе жатқан сұранысты көптеген жылдар бойы қанағаттандыруға жетеді. Негізгі мұнай өндіруші елдерінде мұнай қорлары келесі мезгілдерге дейін жетеді деп болжануда: Сауд Аравиясында-86 жылға, Иран мен Венесуэлада-70 жылдан астамға, Иракта, Кувейтте және Біріккен Араб әмірліктерінде-100 жылдан астамға, Ресейде-22 жылға, АҚШ-та – 11 жылға.

                  Таяу Шығыс жақын болашақта мұнайға деген әлемдік сұраныстың 40%-ға жуығын қамтамасыз ете отырып, мұнайдың негізгі өндірушісі болып қала береді. Бұл жағдай мұнай қорлармен  және көмірсутектерді осы аймақтағы өндірудің өзіндік құнының төмен болуымен түсіндіріледі.

                   Қазақытандағы мұнай өндіруді Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған және басқа да кеніштер есебінен ұлғайту көзделуде.             

Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.

 

Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

Информация о работе Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы