Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:26, курсовая работа
Мұнай және газ - өте құнды қазбалы энергия көзі, оларәр түрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден-бір негізгі шикізаттары болып саналады. Қазіргі кезде олардың экономикалық маңызы өте зор. Мұнай мен газ өнімдері шаруашылықта, өндірістің барлық түрінде, қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергетикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т.б. салаларда кең қолданылуда. Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі екенін естен шығармауға тиіспіз.
ГФР-да кокстелінетін көмір қоры едәуір мол. Мұнда Батыс Еуропадағыірі болып саналатын Рур бассейні орналасқан. Ол 4570 км2 алып жатыр, оның қоры 200 млрд.т құрайды. Германияда маңыздылығы бойынша екінші орын алатын Саар бассейні Франциямен шекарада орналасқан.
Францияда, оңтүстік Еуропаның басқа да елдері тәрізді, көмір кендері көп емес. Елдің солтүстік бөлігінде орналасқан екі бассейннің ғана өнеркәсіптік маңызы бар, олардың қоры 8 млрд. Т-дан аспайды.
Польшада көмір Жоғарғы Силезия бассейнінде шоғырланған. Ол елдің оңтүстік-батысында орналасқан және 6260км2-ді алып жатыр. Чехия тас көмірдің мол қорларына ие.
Болгария территориясында қатты жанғыш қазбалардың көптеген кеніштері табылған. Болгарияның көмір қорлары лигниттерден, қоңыр көмірлерден, тас көмірлерден және антрациттерден тұрады. Геологиялық барлау Болгариядағы көмір қорының 75-80%-ын ашық әдіспен өңдеуге болатындығын көрсетті.
Америка құрлығы – көмірге бай аймақтардың бірі, көмірлердің қорлары көбінесе Солтүстік Америкада орналасқан. Тас көмірлердің жалпы қорлары АҚШ-тың тек шығыс провинцияларында 500 млрд.т-дан астамды құрайды. Коксхимиясы өнеркәсібі үшін әсіресе Пенсильвания бассейні мен Батыс Вирджиния бассейнінің маңызы үлкен.
Көмір қорлары бойынша Канада әлемдегі алдыңғы орындардың бірінде – 12340 млрд.т Канадағы ірі бассейндердің бірі Альберта провинциясында орналасқан, оның ауданы 80000 км2.
Азиядағы көмірдің ең мол қорлары Сібірде, Қытайда және Үндістанда табылған. Коксхимиясы өнеркәсібі қатты дамыған Жапонияның кокстелінетін тас көмір қорлары шектеулі, сондықтан тас көмір көп мөлшерде басқа елдерден әкелінеді.
Көмір кеніштері ең аз құрлықтардың бірі – Африка. Онда көмір тек Оңтүстік Африка республикасында өндіріледі.
Австралиядағы көмір бассейндері оның шығыс жағалауында орналасқан.
Мұнайдың шығу тегі жөніндегі болжамдарға шолу
Қазіргі кезде мұнай өнеркәсібінің пайда болуынан бері адамзат 90 млрд.т мұнай өндіріп, пайдаланылған кеніштердің қойнауында 90 млрд.т қалды деп есептелінеді. Осылайша, жер қойнауында шамамен 300 млрд.т мұнай түзілген. Мұнайдың мұнша мөлшері қалай түзілген?
Мұнай мен газды өндіру мен өңдеудің бүкіл тарихы юойында мұнайдың шығу тегін анықтай түсетін көптеген мәліметтер жиналды.
Мұнайдың шығу тегі туралы мәселе екі ғасырдан астам уақыттан бері дау туғызуда. Бұл мәселені геологтар мен химиктер, М.В.Ломоносов, А.Гумбольдт және Д.И.Менделеев тәрізді әйгілі ғалымдар айналысты. Мұнай мен табиғи геологиясы бойынша жиналған көптеген материалдарға қарамастан, мұнайдың генезисі туралы мәселе әлі шешілмеген.
Барлық болжамдарды жалпы түрде минералды және органикалық шығу тегі деп топтауға болады.
ХVІІІ ғасырдың ортасында жазылған «Жер қыртыстары туралы» еңбегінде М.В.Ломоносов мұнай жоғары температуралар әсерімен тас көмірден түзілген деген пікір айтты.
Француз химигі М.Бертло 1866 ж мұнай жер қойнауында көмірқышқылының сілтлік металдарға әсері кезінде түзілген деп жорамалданған.
М.В.Ломоносовтың мұнай жоғары температураның шөгінді жыныстардың биогенді органикалық затына әсері нәтижесінде мен тас көмірден түзілген деген гипотезасы ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында тәжірибеік химиялық және геологиялық зерттеулер жүргізген кезде растала бастады.
Энглер (1888 ж) балық майын айдаған кезде қоңыр түсті май, жанғыш газдар мен су алған. Майлардың жеңіл фракциясында С5-тен С9-ға дейінгі көмірсутектер, 300º-тан жоғары фракциясында – парафиндер, нафтендер, олефиндер және ароматтцы көмірсутектер болған. Мұнайдың жануар майларынан шыққаны жөніндегі гипотеза пайда болды.
1919 ж Н.Д.Зелинский түгелдей дерлік өсімдік материалынан құрамындағы липидтер мөлшері жоғары планктонды балдырлар қалдықтарынан тұратын көлдің сапропель лай тұнбасын айдауға ұшыратты. Бұл кезде кокс, шайырлар, газ және пирогенетикалық су алынды. Шайырлар бензин, керосин және ауыр шайырлы заттардан тұрған. Бензинде алкандар, нафтендер мен арендер табылған, керосинде циклді полиметиленді көмірсутектер басым болған. Алынған көмірсутектер қоспасы көп жағынан табиғи мұнайға ұқсас, ауыр фракциялар оптикалық белсенділікке ие болған.
Мұнай мен газдың пайда болуы жөніндегі заманауи көзқарстар
Сапропельді тақтатастарды 150-170ºС-қа дейін қыздырғанда органикалық заттың әлсіз термиялық ыдырауы басталып, экстракттелген заттардың шығымының ұлғаюына әкелетіндігі белгілі; 200ºС кезінде олар айталықтай көп түзіліп, ал 370-400ºС кезінде 1 сағ бойы қыздырғаннан соң тақтатастың органикалық затының 60-80%-ы ерітілген күйге көшеді. Құрамында мұнай көмірсутектерінің барлық негізгі сыныптары болатын көп асфальтті-шайырлы заттар, сондай-ақ газдар мен пирогенетикалық су түзіледі.
Термиялық ыдыраудың дәл сондай үднрісі табиғи жағдайларда да, құрамында сапропельді органикалық заттар олардың үстінде жинақталатын жасырақ шөгінділер астына батуы кезінде жүреді. Тек табиғи жағдайларда ол өте баяу, шөгінділердің батуының 50-100-ден 300м/млн. жыл жылдамдығымен өтеді. Түзілетін мұнайдың едәуір мөлшері жинақталатын және температурасы 150-160ºС-қа дейін болатын 2-3 км тереңдікке дейін түсу 10-нан 60 млн. жылға дейінгі мезгілде іске асырылады. 60-400 мың жылда температурасы 1ºС-қа жоғарылайтын сапропельді органикалық заттың термиялық өзгерісінің мұндай өте баяу табиғи «технологиялық» үжерісін көзге елестету де қиын, алайда жүргізілген зерттеулер, табиғи жағдайларда ол шынында да жинақталған шөгінділердің мол қабаттарымен толтырылған ойпаттарында кеңінен жүзеге асырылатындығын көрсетті.
Егжей-тегжейлі геология-геохимиялық зерттеулер бұл үдерістердің сатыларын кезектестіріп қарастыруға мүмкіндік береді.Шөгудің алғашқы сатысында керогенде негізінен органикалық заттың молекулалық құрамының шеткі оттекқұрамды функциялық топтарын үзіп алу есебінен оттегін жоғалту салдарынан көміртегі мен сутегінің мөлшері артады. Битуминозды заттар мен жоғары молекулалы мұнай көмірсутектерінің концентрациясы артпайды десе де болады. Бұл сатыда органикалық затта төмен қайнайтын көмірсутектер әлі болмайды.
Органикалық заттың газ фазасы құрамында осы сатыда түзілетін көміртегі қос тотығының басымдылығы байқалады.
Бұл сатыда органикалық заттың молекулалық құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Бұл кезде 400-600 млн. жылға дейін үдерістің кез келген ұзақтығында белсенді мұнай түзілу жүрмейді.
Бұл сатыны жалпы битумоидтың және мұнай көмірсутектерінің басым бөлігінің тез түзілуінің геологиялық мағынасында Н.Б.Вассоевич мұнайтүзілудің басты фазасы деп атады. 150-160ºС дейінгі температуралар аймағында мұнай түзілудің басты фазасы тіпті «жас», жасы 10-20 млн. жыл шөгінділерде де іске асырылып үлгерген. Бұдан, табиғи жағдайда битумоид пен мұнай көмірсутектерін түзе жүретін керогеннің молекулалық құрылымы деструкциясының белсенді үдерісі геологиялық уақыт ауқымында зертхана жағдайындағыдан 2-2,5 есе төмен температурада, шамасы, бірнеше миллион жылды құрайтын уақыт мезгілінде іске асатынын көруге болады.
2,5-3 км тереңдіктегі аймақта тереңдік пен температураның артуымен экспоненциалды түрде ұлғаятын керогендегі битуминозды заттар мен көмірсутектердің генерациялану жылдамдығы көмірсутектердің саз балшықты жыныстардан эмиграциялану жылдамдығынан артық болуы себепті тез ұлғаюы байқалады. Сонан соң мұнай үшін бастапқы болып табылатын липдті материал концентрациясының азаюымен көмірсутектер генерациясының жылдамдығы едәуір төмендеп, ал эмиграциялану жылдамдығы көмірсутектердің түзілу жылдамдығынан арта көбейеді.
Мұнайдың саз балшықты мұнайаналық жыныстардан суқаныққан кеуекті қыртыстарға қалқып шығуы оның біртіндеп қыртыстардың неғұрлым көтеріңкі жерлерінде шоғырлануына әкеледі.
Қорытынды
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған болатын. Бірақ, барлығы да, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бастап ойдағыдай шешілді десек, астамшылық болар. Өйткені, 1991-1995 жылдар аралығында ел экономикасын көтеру мақсатында жан-жақты бағдарламалар қабылданып, оң талпыныс болғанымен, оның барлығы бірдей күткендегідей нәтиже берген жоқ. Экономика құлдырап, инфляция өсе берді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібімен де тікелей байланысты. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептеудің негізі айырбас болды.
Тұралап қалған экономиканы көтеру үшін шетелдің қаржылы алпауыттарына өндірісті өркендетуге инвестиция қарастыруға жол ашуға мәжбүр болдық. Әйтсе де, осы арқылы жас мемлекетіміздің экономикасын жоғары сатыға көтеруге мүмкін емес екендігіне көз жете бастағандықтан, стратегиялық маңызы бар салалардың бірі болып саналатын мұнай-газ кәсіпшілігіне Отандық кәсіпорындар да білек сыбанып араласа бастады. Себебі, бар байлықты шетелге бөліп беріп, бонус пен рояльти алғанымызға мәз болумен елдің тұрмыс-тіршілігі жақсарып кетпесі анық еді. Сондықтан да, мұнай-газ секторында мемлекеттік кәсіпорындардың көбеюіне және оны басқаруға байланысты жаңа құрылымдардың қалыптасуына еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін басым бағыт ұстала бастады. «Қазір Қазақстан бұдан 10 жыл бұрынғы Қазақстан емес. Біз қазір біраз алға жылжыдық. Біз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, экономиканың басқа салаларымен бірге мұнай-газ секторында да басқару мен ұйымдастыруға байланысты көп нәрсені үйрендік. Біз халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, ен байлығымызды басқаларға жалтақтамай, алақан жаймай өзіміз игере алатын күнге де жеттік. Мемлекетімізде мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдауды, осы саланы басқаруды бір ретке келтіретін заңдылық база қалыптасты. Кейінгі 10 жылда менеджмент пен маркетингті шетелдіктерден кем білмейтін, оны толық меңгерген білікті мамандардың үлкен шоғыры пайда болды. Олар уақыт ағымына орай жаңадан ашылған мұнай-газ саласындағы ұйымдық құрылымдардың басшылығына келіп, осы саланы жаңа сапалық деңгейге көтеруге үлес қосып келеді. Біз ендігі жерде Қазақстанда жұмыс істейтін кірме компаниялармен үзеңгі қағыстыратын халге жетіп, оларға есемізді жібермейтін жағдайға келдік. Мұның бәрі осы саладағы оңтайлы ұйымдық – басқару құрылымдарын жасақтаудың дұрыс бағытта екендігіне айқын көз жеткізеді»
Қазақстанның мұнай-газ секторындағы ұйымдық өзгерістер осы салаға инвестицияның мол құйылуына жол ашқан еді. Алдағы 15 жылда Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға инвесторлар 80 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде. Бұл қаражат іске қосылатын кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салуға жұмсалатын болады. Осы инвестицияның нәтижесінде еліміздің мұнай-газ секторында тауарлар мен қызмет түрлеріне ауқымды сұраныс жасайтын болады. Оның бір бөлігі Қазақстан жағдайы үшін уақытша сипатта болса, басқа бөлігі мұнай қорлары сарқылғаннан кейін де сыртқы және ішкі рыноктарда қажет болатын өнідірістер құруға бағытталатын болады. Сондықтан да Қазақстанның мұнай-газ секторына инвестиция тартудың пайдасын тек бүгінгі күнмен өлшеп қана қоймай, осы жағына да ой жүгірткеніміз дұрыс болар. Сол себепті де, ғылыми еңбегіміздің бір тармағына мұнай-газ саласына инвестиция тарту мәселесін арқау еттік.
Қазақстанның ғана емес, шетелдік инвесторлардың да еліміздің мұнай-газ саласын өркендетуге қаржы құюына байланысты басқару құрылымдарында бірқатар өзгерістер болды. Бұл да өнім өндіру көлемін арттыруға, экономикалық өсуге жол ашқаны анық. Инвесторлардың келуі арқасында экономикамыздың мұнай секторында «Тенгизшевройл» (Атырау облысы), «Арман», «Теңге» (Маңғыстау облысы), «Степной леопард» (Батыс Қазақстан және Атырау облыстары) секілді бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Керек десеңіз, бұл да басқарудың жаңа құрылымы.
Тіпті мұнай өндіру саласына көбірек инвестиция келуінің нәтижесінде аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы индустриалды өлкеге айналып шыға келді. Тек Қызылорда облысы ғана емес, Қазақстанның басқа да мұнайлы өлкелерінің экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалы жаңа деңгейге көтерілетін күн алыс емес деген үлкен үміт бар. Өйткені, мұнай өндіру көлемі жылдан жылға артып келе жатқандықтан. табыс та мол. Оның көп бөлігі жергілікті халықтың әлеуметтік, тұрмыстық ахуалын жақсартуға жұмсала бастады.
Жалпы, Қазақстанның мұнай-газ секторындағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде экономикалық дамудың болғаны рас, оны осы ғылыми еңбегімде талдауға, нақты цифрлармен дәлелдеуге тырыстым.
Сонымен, зерттеу еңбегіміздің негізгі желісі былай: Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне байланысты мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің жүзеге асуы және осыған орай мемлекетіміздің экономикалық өсуінің қамтамасыз етілуі мен нәтижелері.
- 3 -
Информация о работе Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы