Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:23, курсовая работа
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Кіріспе......................................................................................................3
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым...........................5
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы....................................................6
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы........................................................8
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері...........................10
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы............................16
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары...............................19
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері.................20
Қорытынды..........................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................27
Жоспар
Кіріспе.......................
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері
туралы ұғым...................
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы..
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы..
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері.................
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы
және инфрақұрылымы............
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары.......................
3.2. Мемлекеттік және
мемлекеттік емес реттеу әдісте
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық және микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика — мемлекет қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Heгe? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі — бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы — нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.
Курстық жұмысымда қарастырған тақырыбым: «Қазақстанда нарықтық құрылымдарды қалыптастырудың жолдары және нәтижесі» туралы жұмыс жүргіздім. Ең алғашында нарық дегеніміз не деген сұрақ туындайды. Нарық туралы көптеген анықтамалар бар.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: нарықтық құрылым теориялық аспектілерін ашу. Осы мақсатты ашу үшін мына міндеттерін орындау қажет:
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдібеиттер тізімінен тұрады.
Жұмысымды үш бөлімге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімінде айтып өткендей, нарықтың дамуы, қазіргі заман нарық теориясы және өзіміздің еліміздегі нарықтың дамуы туралы айқындалады.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік.
Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.
Екінші бөлімде, нарықтың құрылымы, оның ерекшеліктері туралы, шарттары мен түрлеріне және нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымына тоқталдым.
Ал үшінші бөлімде, нарықты реттеу әдістері, мәні, мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістеріне көңіл бөлдім.
Осы және тағы көптеген сұрақтарға курстық жұмысымда жауап беруге ұмтылдым.
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
а) нарық элементтерінің пайда болуы;
б) натуралдық айырбас кезең нарығы;
в) тауар баламасы кезеңінің нарығы;
г) тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т¹ - Т² көрсетуге болады. Балама айырбас көбінесе өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т¹ - Т², балама – Т². Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде «таза» құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы Т¹ - тауар емес балама - Т². Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері - несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы – қазірігі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» деген басты еңбегінде жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделенуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістен монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланбаған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын тарихына тоқталып өтейік.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелінісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Өзімізге белгілі, қазақтардың күн көрінісінің карқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды.
XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80% қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарында сатқан. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі – бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз. Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады:
Олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру.
Екінші кезеңде 1996-2005 жылдар экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кен байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайдаланылды. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды. Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.