Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:23, курсовая работа
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Кіріспе......................................................................................................3
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым...........................5
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы....................................................6
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы........................................................8
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері...........................10
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы............................16
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары...............................19
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері.................20
Қорытынды..........................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................27
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді шартты түрде екі негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері – еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды «либерализм» (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс Германия экономисі Милтон Фридмен) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс болды. Ол өзінің басты еңбегі "Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы" деген кітабындағы идеяларды "классикалық теория" деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.
1930-1980 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары, француздардың "дирижистері" жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып, оны тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнетақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизімінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептеді. Олар өздерінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады, яғни экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық бірліктерінің жиынтығы болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің рөлі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын "табиғи, әмбебапты заңның" әрекетімен түсіндіреді. Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарығын төмендету жолымен ұсынымды (өндірісті) көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектептің жақтастарының пікірінше өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Біздің алдымызда нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттілігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес. Біз үшін қазіргі басты міндет-әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады.
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл
иеленушілік құрылыс болмастан-
II Бөлім. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері
2.1.Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Мұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Берілген анықтамада, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен стаып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр.
Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды.
Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жайғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды байланыстыратын буын |
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі |
Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі |
Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту | |
НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ | ||||
Тауардың қоғамдық мағыналығын мойындау |
Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру |
Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету |
1-кесте, нарықтың атқаратын қызметтері.
Осы кестеге қарағанда нарықтың атқаратын қызметтердің сипаттамасын көресіз.
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттетуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметте атқарады – бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әртүрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді.
Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі |
Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары |
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы |
| ||
Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі |
Контрагеттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы |
Нарық инфрақұрылымын жасау |