Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:23, курсовая работа
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Кіріспе......................................................................................................3
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым...........................5
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы....................................................6
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы........................................................8
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері...........................10
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы............................16
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары...............................19
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері.................20
Қорытынды..........................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................27
2-сурет. Нарықтық экономиканың шарттары
Осы суретте нарықтық экономиканың шарттарын сипаттамасын қарастырамыз.
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық:
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы, нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40% асқанда жоғалта бастайды, олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процессс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады.
Қазіргі кезеңде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездердегі жаппай национализациялау және ауыл-шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгінде – қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы мүмкін. Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмімінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады.
Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауды қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджеттің кірісімен шығысын теңдестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кең байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Бәсекеге тән ерекшеліктер |
Н а р ы қ т ы ң т и п т е р і | |||
Жетілген бәсеке немесе таза бәсеке |
Жетілмеген (еркін емес) бәсеке |
Таза (толық) монополия | ||
Монополистік бәсеке |
Олигополия | |||
Тауар өндірушілер саны |
Көп тауар өндірушілер |
Көп тауар өндірушілер |
Тауар өндірушілер саны көп емес, ірі өндірушілер бар |
Жалғыз тауар өндіруші |
Өнім сипаты |
Біртектес өнімдер |
Әртектес өнімдер |
А. Ұқсас дерлік тауарлар шығаратын бірнеше ірі фирмалар Б. Дара тауарлар шығаратын бірнеше фирмалар |
Жақын ауыстырылатын жоқ біртектес өнімдер |
Негізінен кездесетін экономика салалары |
Ауыл шаруашылығы: астық, көкөніс, жеміс-жидек және т.б. |
Бөлшек сауда: киім, аяқ-киім, бензин және т.б. |
Өнеркәсіп: А) алюмин, болат қайнату, химия Б)автомобильдер, ауыл-шар/ғы құралдары,тұрмыс құралдары |
Қоғамдық тұтынудың жергілікті кәсіп-ры: телефон торабы, электро газбен қамтамасыз ету |
Тауар өндірушілердің салаға кіру және шығу шарттары |
Ешқандай қиыншылық |
Ешқандай қиыншылық |
Кірген жағдайда да кейбір кедергі болуы мүмкін |
Кірерде мүлдем өтуге болмайтын кедергілер |
Бағаны тауар өндірушілер тарапынан бақылау дәрежесі |
Болмайды |
Орташа |
Орташа |
Принципті түрде, едәуір, бірақ мемлекетке тән бақыланады. |
3-кесте. Нарықтық типтері.
Осы кестеден нарықтық типтерін қарастыра аламыз.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынандай түрлерге бөлінеді:
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы, деп экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлтаралық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды.
Аймақтық нарық – бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық – кейбір елді пункттердің жиынтығы болып табылатын нарық. Бұл нарық негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
Адамдардың әрекет ету ортасына және сатып алу-сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес салалар - өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықтық экономикаға қажетті элементтерінің бірі – оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді. Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.
Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі – жоғары талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің еліміздің ішінде, көптеген әдеттегі шаруашылық байланыстар, жолдардың болмауынан және әртүрлі көлік құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен жеткілікті түрде өткізілмей отыр. Байланыс құралдарынсыз, қажетті ақпараттық құрылымдарды да құру мүмкін емес. Нарықты экономика, қалааралық және халықаралық байланысты, телефаксты, автоматты жүйелерді және байланыс саласындағы басқа да ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды дамытып жақсартатын, жаңа техникалық негізде қайта құрылған байланыс жүйесін талап етеді. Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді, едәуір жеңілдетеді. Мұндай инфрақұрылым әртүрлі субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін, сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларында тарта отырып құрылады.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс процесінің дамуының объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның «дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» нарықтық инфрақұрылымның инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен қорлары, аудиторлық фирмалар, сауда-өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.
Нарықты экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, фирмалар және үкімет жатады. Бұл субъектілердің бәрі ресурстар, қаржы және тұтыну нарықтарында бір-бірімен өзара әрекет етеді.
Үй шаруашылығы, материалдық және адам ресурстарын өткізе отырып, оларды фирмаларға ресурстар нарығы арқылы ұсынады. Фирмалар тауарлар өндіру үшін қажетті ресурстарға сұранымды қояды. Сұраным мен ұсынымның өзара әсері ресурстардың әрбір түріне нарықтық бағаны орнықтырады. Тұтыну нарығында үй шаруашылығы тауарларға сұранымын жариялайды және ресурстарды сатудан түскен табысын қажетті өнімдер мен қызметтерді сатып алу үшін жұмсайды, ал фирмалар өздерінің өнімін өткізе отырып ақшалай табыс табады. Үй шаруашылығы өнім сатып алу үшін барлық табысын пайдаланбайды, оның белгілі бір бөлігін қор жасауға, сонымен бірге салық төлеуге және ресурстарды өтеуге жұмсайды. Фирмалар, өндірістік ресурстарды қосып және қимылға келтіре отырып өнім шығарады, қызмет көрсетеді, сөйтіп тауарларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Ал оларды нарықта сату фирмалардың ақшалай табысын құрады. Фирмалар, үй шаруашылығы сияқты тапқан табыстарын толығымен ресурстар үшін ақы төлеуге пайдаланбайды, оның бір бөлігін салық төлеуге, қарыз процентін өтеуге, басқа бөлігін инвестициялық мақсатқа жұмсайды. Табыстар мен шығындардың айналып жүруіне жалпы мемлекеттік деңгейден аймақтық деңгейге дейін елді басқару және экономикалық реттеу қызметін атқаратын үкімет елеулі түрде әсер етеді.
Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:
Үкімет фирмалардан салық алады, жекелеген кәсіпорындарға жәрдем қаржы, жәрдем ақша береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Сонымен бірге үкімет еңбекпен қамту саясатын жүргізеді, ұлттық өнімнің динамикасына және құрылымына, инфляция деңгейіне, табыстарды қайта бөлуге әсер етеді. Салықтан түскен ақша құралдарын шоғырлай отырып, үкімет жалақы төлейді, трансферттік төлемдер жасайды және экономиканың тиімді дамуы үшін мемлекеттік қызмет көрсетеді.
III. Нарықты мемлекттік реттеу әдістері және жолдары
Нарықты реттеу әдістері - бұл нарық механизмінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Мұндай реттеудің элементтері алғаш рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік реттеу өнеркәсіпті дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Біздің елімізде бөліп үлестіру методологиясына негізделген шаруашылық жүйесінен бас тарту экономиканы реттеу әдістерінің мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты құру – жаңа экономикалық қатынастарға көшу, соның ішінде, халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан бас тарту, оны көлденең құрылымдармен алмастыру дегенді білдіреді. Нарық мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай тікелей және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсібір объектіге бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттің атқаратын жалпы қызметі жөнінде болып отырған жоқ, тек қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын қолайлы әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік тәсілдер туралы болып отыр. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.