Нарық механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:23, курсовая работа

Описание

Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I. Нарықтың даму тарихы және нарық теориясы..............5
1.1. Нарықтың дамуы және кезеңдері туралы ұғым...........................5
1.2. Қазақстандағы нарықтың дамуы....................................................6
1.3. Қазіргі заман нарық теориясы........................................................8
II. Нарықтың құрылымы және оның әдіс тәсілдері.......10
2.1. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері...........................10
2.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.......12
2.3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы............................16
III. Нарықты мемлекеттік реттеу әдістері және жолдары.........19
3.1. Нарықты мемлекеттік реттеужәне жолдары...............................19
3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері.................20
Қорытынды..........................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................27

Работа состоит из  1 файл

курс.нарық механизмі.doc

— 195.50 Кб (Скачать документ)

Нарықты  жанама  реттеу  әдістері  негізінен  адрессіз,  бірақ  барлық  шаруашылық  субъектілері  үшін  міндетті  болып  табылады. Олардың  қызметі  көбінесе  экономикалық   әрекеттің  шарттары  мен  нәтижесіне  әсер  етумен  байланысты.  Тікелей  және жанама  әдістердің  арасындағы  айырмашылық,  белгілі  бір  дәрежеде,  шартты  түрде  ғана  болады.  Нақты өмірде  олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және  әсер ету  объектісі  ретіндегі  меншік   типіне  қарай  жіктеліп  әртүрлі  тіркесте  қолданы лады.


           Ең алдымен мемлекет елдің барлық шаруашылық өмірін ұйымдастыратын орталық болып табылады және құқықтық актілерде бекітілген, экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты өкілеттік құқық берілген жалпы мемлекеттік және жергілікті өкімет органдарының жүйесі, өндірістік министрліктердің басқару аппараты, олардың бірлестіктері мен кәсіпорындары арқылы нарықтық экономиканың дамуына ықпал етеді.

Екіншіден, мемлекет экономиканы  реттеудің құқықтық шараларын белгілейді, көлемді мақсатты халықшаруашылық  бағдарламаларын жүзеге асыруға басшылық жасайды, мемлекеттік бюджетті құрады, мамандарды дайындаумен айналысады және т.б.

Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру  саясатының негізін құрумен де айналысады.

Нарықтық  өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі  күн көру минимумымен қамтамасыз ете алмайтын қаржысы аз топтарын (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы жанұялар т.б.) әлеуметік тұрғыдан қорғауға міндетті.

Мемлекет, меншік нысандарының алуан түрлілігі, өндіріс құрылымының салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу механизімін жасайды.

Өтпелі  кезеңде  қандай  негізгі  мәселелер  шешілуі  керек? 

Бұл – жекешелендіру,  макроэкономикалық  тұрақтандыру,  кәсіпкерлікке  ынталандыру,  шекараларды   импорт  үшін   ашу.  Ең  негізгісі – халықтың  тұрмысы  төмен  топтарын  қорғауға  бағытталған  әлеуметтік  саясат  ұстану.  Нарықтық  құрылымдарды  қалыптастыру.  Нарық  бұл  қоғам  дамуының   өзіндік  мақсаты  емес,  тек  қана  құралы. 

                            

                  3.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеу әдістері

 

    Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  құралдарына  фискальдық ( «фиск» - мемлекет қазынасы), несие, ақша саясаты, бағалар  мен  тұрғындардың  табысын  реттеу,  әкімшілік  реттеулер  жатады.  Осы  шаралардың мәнін  қысқаша  ашайық:

      1. Фискальдық  саясат. Ол  мемлекеттік бюджетпен байланысты  реттеу  құралдарын  қамтиды.  Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту,  ірі  қаржылар жұмсау  бағдарламасы,  әлеуметтік  төлемдер,  кейбір  өндіріс  салалары  мен кәсіпорындарға   бюджеттің есебінен  берілетін жәрдем  қаржылар  мен жәрдем  ақшалар,  салық шаралары  жатады.

       Салықты  реттеу  фискальдық  саясаттың  маңызды  бөлігі  болып  табылады. Оның  көп тараған  түрлеріне мыналар жатады:

 а)  кейбір  экономикалық  процестерді  көтермелеу  және  шектеу  мақсатында  салық  нарығын  өзгерту.  Экономикалық  өсуді  көтермелеу  ниетімен  мемлекет  бөлек  салалар мен  өңірлер,  шет селолық  аудандар  мен  еркін  экономикалық  аймақтар  үшін  салық  салудың  ерекше  жеңілдікпен  қолданылатын  тәртібін  орнатады.  Жергілікті  деңгейдегі   мемлекеттік  органдарда  өздеріне  берілген  билік  шеңберінде сол  жердегі кәсіпорындарды  ынталандырып  отырады.  Кейде жеке  тұтынатын тауарларға  сұранымды шектеу  мақсатында  салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін  жанама  салықтар  мен табысқа салынатын салықтың  нарығы  арттырылады.  Қорлану процесіне әсер  ету  үшін  пайдаға  салынатын  салық  нарығы  да  өзгертіледі:  салық  нарығы  барынша  төмен  жағдайда  өндіріске  ақша  қаражатын  жұмсау  әдетте  өседі,  ал  салық  нарығы  барынша  жоғары  жағдайда  өндірісті  қаржыландыру  тиімсіз   болады;

 ә) салық  нарығын  өзгеріссіз  қалдыра  отырып,  оны  төлеудің  тәртібін  өзгерту.  Бұған,  мысалы негізгі  қорларды  амортизациялаудың  мерзімін  өзгерту  жатады.  Берілген  салық  нарығы  жағдайында   амортизациялау  мерзімін  қысқарту  қорлану  ресурстарын  көбейтуге  мүмкіндік береді;

 б) салық   жеңілдіктерін  ендіру  немесе  алып  тастау, салалық  жеңілдіктерді  ендіру  капиталдың  сала аралық  құйылымын  реттейді. Салық салуға  тиісті  пайдадан,  аса  жаңа  техника  түрлеріне  жұмсалған  шығынды  шегеруге   рұқсат беру  негізгі  қорларды  жаңғыртуды  тездетеді.

       2. Несие-ақша  саясаты. Мемлекет   нақты салалық және  аймақтық  проблемаларды шешу,  ерекше  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге  асыру үшін  мақсатты  жеңілдікпен пайдаланатын  несие береді. Сонымен  бірге, ол бюджеттен тыс  ерекше  даму  қорын да құра  алады. Дегенмен, несиелік  реттеудің  жиі  қолданылатын  түрлеріне  мыналар  жатады:

 а)  эмиссиялық  банктің есептеу   нарығын  өзгерту. Есептеу  нарығы  - бұл  банк  вексельдерін,  яғни жеке  адамдар мен мекемелердің  қысқа мерзімді  міндеттемелерін сатып алған жағдайда  банкпен өндіріп алынатын  қарыз процентінің нормасы.  Эмиссиялық   банк  тек қана  коммерциялық  банктердің   вексельдерін  есепке  алады.  Есептеу нарығын төмендету  немесе  көтеру  жеке  коммерциялық  банктер  үшін  қарыз  нарығын  қайта  қарауға  түрткі  болады. Несиенің   қымбаттауы  несиелік  және  инвестициялық  белсенділікті  көтермелейді;

 ә) эмиссиялық банкке  ақша  салудың  міндетті  минимумін  арттыру.  Эмиссиялық  банктегі  коммерциялық  банктердің  депозиттері  - ерікті  ақша  салынымдарынан  және  міндетті  ақша  салынымдарынан  тұрады.  Орталық  банк міндетті  ақша  салынымдарының  мөлшерін   арттыра  отырып  жеке  банктердің  несие   қаражаттарын  шектейді,  ал  олардың мөлшерін  азайту  арқылы  жеке  банктердің  несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;

 б) «ашық  нарықтағы  операциялар». Мұндай жағдайда, мемлекет  өзінің  облигацияларын  сатуға  немесе  сатып  алуға  тырысады. Бірінші  жағдайда  жеке  несие  жүйесінің  қарыз  капиталының  қаражаттары  алынады,  ол  ұдайы  өндіріс  процесін  қиындатады.  Екінші  жағдайда,  керісінше,  несие жүйесі  қосымша  қаражаттармен  толтырылады, ал  ол  ұдайы  өндіріс  процесін  көтермелейді.

    Осылармен  қатар  несие  нысандары  мен  банк-несие  мекемелерінің  жұмысын  реттейтін  басқа да  әртүрлі  нысандар  қолданылады. 

   3. Бағаны және  табысты реттеу  саясаты.  Фискальдық  және  несие  саясаты  көп  жағдайда,  баға  мен табыстарды  реттеудің  тиімді  құралдарын  қолдануға  тырысады.  Осы  мақсатта  мемлекет  баға  мен  табыстардың  өсуінің  жоғарғы  шегін  белгілейді,  кейде  олардың  көбеюіне  уақытша   тиым  салады,  бағалар мен еңбек  ақының  көтерілуіне  мемлекеттік  органдар  тарапынан  алдын-ала рұқсат   беретін жүйені  ендіреді.  Дегенмен  тікелей шектеулер табыстың  пайда,  дивиденд  сияқты  түрлеріне таратылмайды.

   4. Әкімшілік реттеулер.  Оларға  кейбір  әдейі  ерекшеленген  салалар,  мысалы, қоғамдық  пайдалану  салаларына  қатысты  қолданылатын  әртүрлі  бақылау  шаралары,  қор биржаларының  үстінен  қойылатын  әкімшілік  бақылау,  әділ  бәсеке  күресі  деп  аталатын  тәртіпті  сақтауға  бағытталған бақылау кіреді. Бұған, сонымен  бірге  жұмыс  күші  нарығын  реттеу,  әсіресе  еңбекпен  қамту  қызметі  де  кіреді.

    5. Қысқа мерзімді  реттеулер. Оның  мақсаты – бірнеше  айдың  ішінде  нәтиже  алуға  есептелген  ұдайы  өндіріс  процесіне  әсер  ету  болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдың ағымдағы фазасының қозғалысын өзгерту, оның ішінде, экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану фазасының басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу фазасын тұрақтандыру немесе оны одан  әрі қарай созу туралы болып отыр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күресу, инфляцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің  мұндай бағыты дифляциялық саясат деп аталады.

    6.Ұзақ мерзімді реттеу - бірнеше жыл бойына нәтижелер алуға 
есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету бо- 
лып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойына экономика- 
ның даму қарқынын ұстап тұру (өсу саясаты), кейбір салаларды 
артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістік құрылымын 
өзгерту, технологиялық қайта құру және ғылыми-техникалық 
прогресті жеделдету мақсатында жедел амортизациялау саясатын 
жургізу жатады.

Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде  болатын мақсатты бағдарлама - ұзақ мерзімді  реттеудің тиімді нысаны болып табылады. Ондай бағдарламалар мақсатты сипатта, нақты уақыт пен шекке бағдарланған, орындалуы адресті болады. Олар реттеуші әдістердің барлық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда, Францияда және Жапонияда экономиканың бірсыпыра жетекші салаларын (қара металлургия, транспорттық машина жасау), сонымен бірге қазіргі заманғы техникалық прогресте ерекше рөл атқаратын салаларды тездетіп  дамытудың  арнайы  шаралары  қабылданған  болатын.

Бұған тәуелсіз Қазақ  Республикасында қолданылып жатқан шараларда дәлел бола алады.

Экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған "дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында" құрылымдық дағдарысты жоюдың қажеттілігі баса көрсетілген. Қазір бұл проблеманы тек нарықтық механизммен шешуге болмайтынын, ол үшін мемлекеттің өндірістік құрылымды қайта құруға, жұмыссыздықты, салалық және аймақтық диспропорцияны жеңілдетуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға бағытталған қаржы көмегінің қажеттілігі көзделген. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экспорттық мүддесінің негізін құрайтын отын-энергетикалық кешені, металлургиялық кешені, агроөнеркосіп кешені, коммуникациялар мемлекеттің барынша көңіл бөлетін салалары болмақ.

Экономиканы  жоғары тиімділікпен реттеу сапалы болжамдауды қажет  етеді. Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар  мен банктердің коммерциялық құпияларын ашуға қабілеті жете бермейтін статистикалық  мәліметтердің   жеткіліксіздігімен шектеледі. Мұндай  жағдайда мемлекеттік реттеуде белгісіздіктерге, тіпті қателіктерге де жол берілуі мүмкін. Нарықты экономика жағдайында мемлекет және тауар өндірушілер тең құқылы серіктестер ретінде көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын кәсіпорындардың барлық типімен шарттық негізде немесе келісім жасау жолымен орнатады. Ал бұл, нарықты реттеудің маңызды нысаны болып табылады.

Нарықтың құқық жетілмеген шаруашылықтың жаңа әдістері толық  игерілмеген жағдайда бұл келісімдер экономикалық проблемаларды шешуге мемлекет пен кәсіпорындардың күшін біріктіруі мүмкін.

Нарықты реттеуде, монополиялық үстемдікке қарсы шаралар жүйесі маңызды рөл атқаруы тиіс. Қазіргі  таңда Қазақстанда 100-ден астам  маңызды өнім түрлерін шығаруда монополист болып табылатын 90-ға жуық ірі кәсіпорындар бар деп есептеледі. Бұл жерде жағдай, сонымен бірге, экономиканың технологиялық әркелкілігімен және өндірістің территориялық факторларымен күрделіленеді. Сондықтан нарықтық қатынастарды дамыту экономикадағы монополиялық үстемдікті шектеу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Нарық жағдайында, мемлекет, экономиканы басқаруда, салалық принциптен толығымен бас тарта алмайды. Қорыта айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай нарық жағдайында мемлекеттің маңызды міндеті - қоғамдық өндірістің тиімді дамуына бағдарланған, дұрыс бәсеке үшін жағдай жасайтын, халық шаруашылығының шешуші салаларына ықпал етуде экономикалық әдістерді белсенді түрде пайдаланатын экономиканы реттеу әдістері болып табылады. Айта кетейік, барлық дамыған елдер реттелмелі нарық жүйесіне XX ғасырдың 30-шы жылдарының басыңда көше бастады. Жалпы қазіргі таңда реттелмейтін нарықтық экономика еш жерде жоқ, және ол болғанда емес. Бұл елдер, біздің жоспарлы реттеу тәжірибемізді пайдалану арқасында.

Қазақстанда, нарық қатынастарының қалыптасуы, жағдайында, экономиканы тікелей жөне жанама реттеу әдістерінің рөлі әзірше бәсеңдеу, тек қана тенденция түрінде болып отыр. Ондай жағдай нарық қатынастарының нашар дамуымен, жаңа шаруашылық механизімінің тұрақсыз жұмыс істеуімен түсіндіріледі.

Мемлекеттік реттеу жүйесі тек жоғарыда көрсетілген әдістермен шектелмейді, ол, сонымен қатар реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын мынандай элементтерді де қамтиды:

  • құқықтық база (заңдар, бағдарламалар, үкіметтің қаулылары, Президенттің жарлықтары және т.б.) мен қолайлы нарықтық ортаны қамтамасыз ету;
  • экономиканы сауықтыру және макроэкономикалық тұрақтандыру, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру;
  • бәсекені қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау;
  • материалдық байлықтар мен ұлттық табысты қайта бөлу;
  • ұлттық табыстың құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды бөлуді реттеу;
  • экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды орналастыруға әсер ету;

Мемлекеттік емес реттеу әдістері.

    Ассоциацияларға, бірлестіктерге біріккен, немесе өз бетінде әрекет ететін шаруашылық субъектілерінің әртүрлі топтары қолданатын әдістер жанама, яғни мемлекеттік емес әдістерге жатады. Олар:

  • нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы нақты көрсетілген әрбір жақтың келісімдерімен, оларды бүзғаны үшін қатаң санкциялармен (экономикалық жазалау шаралары), тиімді бақылау механизімімен жасалатын тікелей шаруашылық шарт;
  • несие мен қарызды беру және алу туралы өзара келісім;

- кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын, ақпараттық жүйелерді, фирмалық дүкендерді, валюталық және басқада аукциондарды (бәсеке сауда) ұйымдастыру;

  • мамандандырылған банктер, қор және тауар биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету;
  • нақты өндірушінің тауарлары мен қызметтеріне сұранымды мақсатты түрде қамтамасыз ететін және сұраным мен ұсынымды кешенді зерттеуге негізделген кәсіпорынның маркетингтік қызметі.

Көріп отырғанымыздай, бұл әдістер, өндірушілердің және шаруашылық субъектілерінің өздерінің жеке мүдделерін өткізу құралы қызметін атқарады. Бұнсыз, бұл бірлестіктерден сырт қалған жалпы мемлекеттік мүдделер мен басқада әлеуметтік топтардың мүдделерін өткізу мүмкін емес.

Информация о работе Нарық механизмі