Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 08:37, курсовая работа
Нарық жағдайындағы екі деңгейлі банктердің несиелік инвестициялық қызметтің теориялық негізгі рөлі
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Кіріспе....................................................................................................................
І Бөлім....................................................................................................................
1.1. Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер...............................................
1.2. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық
негіздері..................................................................................................................
ІІ Бөлім...................................................................................................................
2.1. Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы...............
2.2. Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері...........................
ІІІ Қорытынды....................................................................................................
IV Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда ндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды . Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді.Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым ), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім .
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы бұл- капиталдардың айналымы . Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады .
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады .
Негізгі капиталдардың қозғалысы
Бұл кәсіпорындар оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін, соның ішінде кезекті машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады. Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы жинақталған амартизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойынша ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымының және олардың айналымының сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткілісіздігі пайда болады.
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы материалды құндылықтарды бір реттік әкелуімен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орынын көп жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан бұл алшақтың едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін .
Тауарлай және ақшалай формаларға және өндірістік капитал шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қа ражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек , несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн айналысы уақыт арасындағы, оның ақша формасында шот тарда уақытша тұрып қалуымен, оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды
Біріншеден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүделі болады. Өндіріс уақытымен айналыс уықыты арасындағы сәйкес келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына қатысты.Босатылған жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің-«С»,«V» және «М»-өнімдері болуы мүмкін. Мысалы: жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндірістік құралдарын қалпына келтіру бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады.
Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын «V»-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым ) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымының кеңістікте бір қалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буынында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу нақты сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1) несиелік мәмілеге қатысушылар- карыз алушымен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырылуы қажет. 2) несиеге, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдіруі қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделері ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез-келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге өзара мүдделікті болдырмайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, қарыз алушы мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн карыз алушы мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.
2.2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері
Несиелік саясаты жетпісінші жылдардың ортасында Ю.П.Авдиянцтың, Д.А.Аллахвердиянның, Н.Д.Барковскийдің, С.Панековскийдің белсеңді түрдегі оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік механизмднің сипаты туралы тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың қорытындылауынан көрінетіндей, олар көбіне бұл механизмдегі объективтік және субъективтік негіздердің араласуы туралы бірдей көзқараста болады. Бірақ та, бұл экономистердің позицияларының балығы мен бірдей келісе беруге де болмайды. Себебі,олардың көпшілігі несиелік саясатты ақшалай, есеп-айырысу және қаржы механизмдерімен біртұтас алып зерттейді.Олардың мұндай позицияларын кеңес экономисті В.И.Рыбин былай бөліп қарайды: "Әрбір дербес экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму саясаты болады, мысалға, қаржы саясаты, несие- несиелік механизм, ақша - ақшалай механизм". Егер соңғы пікірмен толақ келісетін болсақ, онда қазіргі несиелік саясатты жеке түрде зерттеу қажеттігі туындайды.
Қазіргі несиелік саясатынын қазіргі тұжырымын теориялық
тұрғыдан қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика
Біздің ойымызша:
"қазіргі несиелік саясат-нарықтық қатынастарға
Кез-келген экономикалық
Қазіргі банктік тәжірибеде
несиенің келесідей түрі болады: екінші
денгейлі, банктік, тұтыну, мемлекеттік,
халықаралық және ипотекалық. Несиелік саясатынын екінші
Несиелік саясатынын үшінші
Несиелік саясатынын төртінші
элементіне несиелеуді
Несиелік саясатының бесінші
элементіне-несиелік тәуекелді
Несиелік саясатының алтыншы элементіне банктің несиелік саясатын жатқызуға болады. Себебі, несиелік саясаттың көмегімен несиелік саясат жүргізіледі.
Несиелік саясатының
соңғы элементіне несиелік қатынастың
бір жағы және несиелеу процессін ұйымдастырушы
Қазіргі несиелік саясатынын қызмет етуінің мынадай `өзіндік ерекшеліктері бар:
3) Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелігі несиенің жаңа түрлерінің дамуымен сипатталады
4) Қалыптасып отырған, қазіргі несиелік
5) Қазіргі несиелік механизм дәстүрлі
6) Қазіргі несиелік саясатынын соңғы бір
ерекшелігіне, банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіретін
Несиелеу саясатын кеңес экономистері жалпы несиелік саясатынын" техникалық қабаты" ретінде бөліп қарастырады. "Несиелеу саясаты" ұғымын экономикалық әдебиетке 70- ші жылдардың бірінші жартысында Ю.Е.Шенгер, Н.И.Валенцева, И.Д Мамонова және А.Я.Ротлейдер сияқты экономистер еңгізген болатын.
Информация о работе Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер