Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 08:37, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайындағы екі деңгейлі банктердің несиелік инвестициялық қызметтің теориялық негізгі рөлі
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................
І Бөлім....................................................................................................................
1.1. Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер...............................................
1.2. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық
негіздері..................................................................................................................
ІІ Бөлім...................................................................................................................
2.1. Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы...............
2.2. Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері...........................
ІІІ Қорытынды....................................................................................................
IV Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

Несиелеу  саясаты несиелік процесті ұйымдастыруды  және несиелеу приницптеріне сай  оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі  несиелеу саясатының құрылымдық элементтерінің бірі-несие саясаты және олар келесілерден құрылады:

  1. несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдармен нормативтік-актілер,
  2. несиелік саясат,
  3. несиелік саясаты,
  4. несиелеу техникасы.

Қазіргі несиелеу саясаты банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдын бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы- ол уақытта несиеліе мекемелер өздері жоғарыдан берілген несиелік ресурстар мен ғана жұмыс жасаған болатын.

Қазіргі несиелік саясаттың екінші деңгейлі сипатқа  ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудін тек кәсіпорыннын қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағтаттандыру ғана маңызды емес. Сонымен қатар несиелік мекеменін рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудін маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның: «арзанға сатып алып қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл әрине клиенттердің несиелері мен депозиттеріне сол сияқты банк аралық несиегеде тиісті. 

Қазіргі несиелеу саясатының басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқада нормативтер, ол  ішінде екінші денгейлі банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түрінде ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансынын өтімділігің параметрлері сияқты банктің міндеттемерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы норматвитері де бар.

Қазіргі несиелеу саясатының маңызды бір белгісі оның келісім-шартақ негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу саясатынде клиентпен банк арасында қарыз алу барысында келісім-шарттын экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формальдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейінен екінші денгейлі ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушынын арасында несиелік шартқа отырып ол шарт несие берушінің де сол сияқты қарыз алушының жауапкершілігін нығайту түсті. 

Қалыптасып  отырған  қазіргі  несиелеу саясатының   келесі  маңызды ерекшелігі,  бұл  несиелеудің  объектіден  субъектіні  несиелеуге  өтуі  болып  табылады.  Бұрынғы несиелеу  саясаты  объектіні  несиелеуге  ғана  негізделгендігі   бізге  белгілі.  Тауарлы-материалдық  құндылықтар  қоры және өндірістік  шығындардың  болуы  несиені  алуға кұқық берді де,  қарыздың  қайтарылу барысына  терең талдау  жасалмады,  клиент  үшін  жоспардың  орындалуы  ссуданың  қайтарылуына  автоматты  түрде кепіл  болады.          

Жаңа  несиелеу  саясаты  дәстүрлі  және өзіндік  ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік  және қамтамасыз   ету  қағидалары,  сол  сияқты  несиенің  ақылық  сипаты  да  ескеріледі . Сонымен қатар, олардың бір  қатарының мазмұны   түбірімен өзгерген.  Бұдан бірнеше  жылдар  бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын   кәсіпорындар  категориялары  өмір   сүріп,  несиелеуде  дифференцирленген   режим қолданылған.  Кәсіпорынды бағалау негізінде  олардың жоспарлы  көрсеткіштерін  орындау  дәрежелері жатқызылды.  Бүгінгі таңда  қалыптасқан жүйе  несиенің уақытында  қайтармау тәуекелін   төмендететін  клиенттің несиелік қабілетін ескереді.  Сондай-ақ екінші денгейлі  банк  қарыз алушыны   төлем қабілетінсіз  деп  жариялай  отырып,  оны қайта ұйымдастыру және  тарату  туралы   сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің  қамтамасыз  етілу  принциптеріне  де  байланысты өзгерістер  болды.  Тәжірбие  көрсеткендей  ссудалардың  тауарлы-материалдық  құндылықтар  қалдығымен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  уақтылы  қайтарылуына  кепіл  болмады.  Сондықтан  да  қамтамасыз  етілмеген  ссудаларды  бұрынғы  тәжирбиеде  қалыптасуына байланысты  түсіну  банк  тарапынан  жіберілмеуге тиіс.  Қайтару  тұрғысынан  алғанда  толық  кепілдігі  жоқ  ссудалар  ғана  біршама сенімді  несиелер  болып  табылады.

Қазіргі  несиелеу  саясатының  келесі   бір  ерекшелігіне  банк  несиелерін  жоғарғы  дәрежеде  кепілдендіру  формаларына  өту  жатады. Несиенің  қайтарылуын  қамтамасыз  ету  тұрғысынан  алғанда  әлемдік  тәжірбиедегідей  біршама  сенімді  формаларға  кепіл  кұқы  ( оның  ішінде  ипотека, бағалы  қағаздар  кепілдігі)   кепілдеме  және  кепіл- хат,  жалпы  алғанда   сақтандыру  жүйелері  жатады.  Осындай  формаларды  қамтитын  несиелік  механизм  банкке  өзінің  тәуелсіздігін  нығайту,  сонымен  қатар   несиелік   төмендету   мүмкіндігін  береді. 

Жалпы    кәсіпорындарды  несиелеудің   өзгерген  саясаты    біршама   дәрежеде  нарықтық  қатынастарға  сай  келетін   мүмкіндік  жасайды.

Несиелік  саясат  банктың  несиелік  қызметтерінің    міндеттерін   оларды   іске   асыру  құралдары  мен  әдістерін,  сондай-  ақ   несиелік  процесті  ұйымдастыру  принциптері  және  тәртібін  белгілейді.   Несиелік  саясат  көмегімен  жүзеге  асырылады. Несиелік  саясат-бұл  банктің   несиелік  жұмысын   ұйымдастыру   негізін   және   несиелеу   процесіне  қажетті   құжаттар    саясатын   жасау   шарттарын  білдіреді .

Кең  мағынасында,  несиелік  саясатты  несие  беруші  банк  пен  қарыз  алушылар  тұрғысыннан   қарастыруға  болады . 

Тар  мағынасында,  несиелік   саясат  бұл  несиелік  процесті  ұйымдастыру  барысында  банктің   стратегиясы   мен  тактикасынт  сипаттайды. 

Барлық  банктер  үшін  бірдей  несиелік  саясат  болмайды.  Әрбір    банк,  елдегі  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  жағдайды  ескере  отырып  өзінің  меншікті  несиелік  саясатын  анықтайды.  Несиелік  саясатты   жасау  барысында  банктер  олардың   қызметтеріне   тікелей  әсер  ететін  көптеген  факторларды  талдайды. Олардың  ішінде  макроэкономикалық яғни  нақты  бір  банктің  жұмысына  ықпал  ететін  факторлар  болады .  Несиелік  саясат  банктің  қызметтерінің  міндеттері   мен   маңыздылығын бұлардың   іске  асыру  құралдары  мен  әдістерін,  сондай-несиелік  процесті  ұйымдастыру  принциптері  мен  тәртіптерін  анықтайды. Несиелік  саясат  банктің  несиелік  жұмысын,  оның  жалпы  стратегияларына  сай  ұйымдастыру  негізін  және  несиелік  процесін   қалыптастыруға  қажетті  құжаттар   саясатын  жасау  шарттарын  білдіреді.

Жалпы  несиелік саясат  мынадай   сипатта  болуға  тиіс:

    1. инструкциялық  емес,  яғни  директивті  нұсқауларды  қамтиды;
    2. несиелеудің  мақсаттарын  нақты  және  мағыналы  анықтауға   мүмкіндік береді;
    3. нақты  мақсаттарды  іске  асырудың  бірнеше   ережелерін  қамтиды;
    4. оны  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  стандарттар   мен нұсқауларды  қамтитын  құжаттардан  тұрады.

Несилік  саясат   банктің стратегиясын,  оның  тауекелді  басқару   облысындағы саясаттарын  ескере  отырып  жасалады.  Несиелік  саясат  несиелік  қызметтің төмендегідей  негізгі  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік  береді:

1. несиенің  берілуіне  және  несиелік  портфельді  басқаруға  жауап  

беретін  банк  қызметкерлері  жетекшілікке  алатын  объективтік  стандарттар  мен   критерийлерін;

2. несиелеу  облысындағы  стратегиялық  шешімдерді  қабылдайтын   тұлғаларды  басты  іс -  әрекеттерін;

3. сыртқы  аудит  қызметкерлерінің   жұмысын   және  банктегі  несиелік  қызметтің  сапалығын;

4. ішкі  бақылау  қағидаларын;

Несиелік  саясат  банк  қызметін  диверсификациялаудағы  іс  әрекеттердің  тізбектелуін  қамтамасыз  ету  үшін  және несиелік  қызметкерлердің  лауазымды  міндетемелерін анықтау   үшін  қажет .  Несиелік  саясатты  іске   асырудың  белгілі  бір  тәртібі   болмайынша  несиелеудің  бір  ережелерін  тәжірбиеге  енгізу мүмкін  емес.  Сондықтан  да,  жазбаша  түрде  жазылған  несиелік  саясат   пен  оны  іске  асырудың  соған  сәйкес  ержелері  несиелік  процесті  жүргізудің  негізін   құрайды. Несиелік  саясат  банк  қызметкерінің   бүгінгі  таңда  несиелеуге  болатын  экономика  секторын  дұрыс  таңдай  білуіне, сондай-ақ,  несие  беру  мүмкіндігі   туралы  сұрақты  шешуде  банк  үшін  бірінші  реттік  маңызы  бар басқа факторлар  мен  қарыз  алушының  несиелік  қабілетіне  қарап  өз клиентін  таңдаудағы  біліктілігіне  негізделеді.  Сондай-ақ  несиелік  саясат  банктің  бүгінгі  иелігіндегі  немесе  ертең  енгізуді  дұрыс  санайтын  несиелік  өнімдермен  анықталады.  Мысалға  кісіпорындарға  қысқа  мерзімді  несиелер  (айналым  қаражаттарын   толықтыруға)   және  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  несиелер  (өндірісті  жаңғыртуға,  кеңейтуге,  техникалық  қайта  қаруландыруға, ғылыми  техникалық  инновацияларды  енгізуге)  берген  қолайлы .Өркениетті мемлекеттердің тәжірибелерінде несие саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі-несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі, несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрін қамтиды. Несие саясаты несие-қаржы мекемлерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несие саясатының қызметінен несие қатынастары  туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі  субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін  және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты  мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономикалық бір  саласынан екінші саласына ауысуын  қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін  арттыруға ықпал етеді. Несие  саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшаны есеп айырысуы мен  төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты  көптеген операциялар  өтеді.  

Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен: атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен  кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы  капиталын қалыптастырудағы банктік  қарыздың үлесімен, жиынтық төлем  айнымалымен және т.б. сипатталады.

Несие қатынастарының даму дәрежесі несие  мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен  тұтыну салаларының банк операцияларын  пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ  алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталынның орташа алғанда 3/4 бөлігінің несие саясаты арқылы өтуі. Несие саясатының дамуы.

Қазіргі кезде–экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында көптеген өзгерістер кезедеседі. Олар:

Біріншіден, банк капиталынның шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда  болуы: ХІХ ғасырдың аяғы ХХ-ғасырдың басында әр мемлекеттерде ақша капиталының  көп  бөлігін  жинақтаған ірі банктер  бөлініп шыға бастады. Бұл ірі  банктер  қарыз  капиталының нарығында  үстемдік етті. Олардың капиталынынң мөлшері ірі  клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде  үлкен табыс  табудан  өсті. Несие саясатынде ірі банктердің ғана емес, сонымен  қатар  капитандардың  бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

Капиаталды  шоғырландыру мен орталықтандырудың  ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген жүргізілетін операциялар, олардың  мақсаты-бір-бірінің тапсырмасы бойынша  төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.               

Корреспонденттік  шоттар: ²лоро²-олардікі, ²ностро²-біздің қаржы деп бөлінеді. Оларда орасан ірі сала жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық екінші денгейлі банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа бактердің ресурстарының саласынан шапшаң өсуімен көзге түсуде. 1960-1970 жылдарда 50 ірі екінші денгейлі банктердің депозиттік саласы 88,8 млрд-тан 230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа екінші денгейлі банктердің депозиттік сомасының 141,7 млрд-тан 255,1 млад долларға кетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 жылы осы 50 ірі банктер 13705 барлық екінші денгейлі банктердің депозиттік саласының 47%-ін бөледі.

Ірі екінші денгейлі банктерден азғана алып бактер – ²Бэпк оф Америка², ²Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк² және осындай бірнешеуі бөлініп шығыр, олар өнеркәсіп-қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларды басты роль атқарады. Олар – ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының көрінісі.

Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күштері. Банк монополиясы  мен несие қатынастарынның өркендеуі  қарыз капиталынның қарызында  бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие  мекемелеріннің арасында жүреді. Мысалы, екінші денгейлі банктер  немесе сақтандыру компониялары өзара  бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде  ірі компаниялар өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар  ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау  үшін несиені жеңілдікпен береді. Оңай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтар мен проценттік төлем  ақысы  сақталады. 

Сондай-ақ клиенттерге, банк қызметінің қосымша  түрлері көрсетіледі (мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау әр түрлі сұрақтарға жауап беру кеңес  беру және тағы сол сияқты).

Бәсекенің келесі түрі- әр түрлі несие-қаржы  институттарының арасында туындайды. Мысалы, екінші денгейлі банктер мен  жинақ  мекемелерінің  арасында жинақты  өздеріне тарту үшін; екінші денгейлі биіктер, қаржы компаниялары, несие  одақтарынның  халыққа тұтыну тауарларына  берген қарыздың үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-жинау  банктерінің бәсекесі.

70-80жылдары  несие мекемелерінің бәсекесі  өрши түсті,  оған себеп  болған  негізгі факторлар: қаржылық қызметтерді  шектеуді  реттейтін  бірсыпыра  заңдарды алып тастау; қаржылық  инновациялық қарқынды өсуі; яғни несие – ақша операцияларының жаңа  түрлерінің және есеп айырысу  мен қарыз капиталы нарығының  құралдарының пайда болуы; электронды-есептегіш  машиналар мен телекоммуникация  құралдарын кең қолдану несие  аясында монополистік бақталастықтың мүмкіншілігін арттырады. Осы процестердің нәтижесінде клиенттерге көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлерін ұсынатын әмбебап операциялар тенденциясы байқалып, көп бағатты несие мекемелері құрыла бастады. Екінші денгейлі банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни жылжымайтын мүлікпен операция жүргізу, лизинг, сақтандыру және с.с қызмет түрлерін кең қолдана бастады. Бәсекені күшейтетін маңызды фактордың бірі-қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл мекемелер банк қызметінің тек кейбіреуін ғана орындайтындықтан, несие институттарына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды ²банктік емес банк² деп атайды. Олар – Дженерал моторс, Форд, ИБМ, Америкен экспресс және т.б. – көптеген операциялар жүргізумен шұғылданады: өнеркәсіптік және тұтыну несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру, лизинг операцияларын жүргізіп, қолма-қол ақшаны басқарады.

Информация о работе Нарық жағдайындағы екі деңгейлік банктер