Құс шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3

Негізгі бөлім: Құс шаруашылығы
1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5
2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8
3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23
Қортынды......................................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

құс.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

– құс шаруашылығы өнімдері аз уақыт ғана сақталады, сондықтан оларды тасымалдайтын арнайы көліктер мен сауда құрал-жабдықтары қажет. Бұзылу және зақымдану себептерінен өнімдерді өндірістен сауда орындарына жеткізгенге дейін құс етінің 2-3 % және жұмыртқаның 7 % жуығы жоғалады, бройлер балапанының еті нарық жағдайлары мен бағаға қарамастан қажет салмаққа жеткен кезде, ал жұмыртқа өндіріле салып сатылуы керек. Сондықтан сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіндегі қателіктер құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса қымбатқа түседі, осыған байланысты құс шаруашылығы кәсіпорындары өнімді өткізу жүйесін жетілдіру арқылы бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады;

– ауыл шаруашылығы салаларының ішінде құс шаруашылығы өнім бірлігіне көп шығын жұмсалатын, өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғары өндіріс болып табылады, сондықтан өнім өндіру үрдісін оптималдау өнім бағасы жағынан бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Басқа ет түрлері нарығымен салыстырғанда әлемдік құс еті нарығы жедел дамып келеді. Соңғы 20 жылда бұл ет түрі өндірісі 30 миллионнан 75 млн тоннаға өскен. Әлемдегі құс етін өндіру мен тұтынуда негізгі үлесті тауықтың еті алады. Бүкіл құс етінің 30%-ға жуыға Азияда, Солтүстік және Орталық Америкада өндіріледі. Оңтүстік Америка мен Еуропаның үлесі шамамен 15% құрайды. Солтүстік және Орталық Америка, Азия сияқты ірі өндіруші аймақтарда АҚШ, Бразилия, Қытай мемлекеттері көшбасшы болып табылады, олардың әлемдік құс еті өндірісіндегі үлесі  55%.

 

Кесте 1 – 2006-2010-жылдар аралығында Қазақстан Республикасында өсірілген құс саны мен олардан өндірілген құс еті мен жұмыртқа көлемі

 

Көрсеткіш

Жыл

2006-ж.

2010-ж. салыс-тырғанда,%

2006

2007

2008

 

2009

2010

Құс саны, млн бас

21,1

23,7

23,8

24,8

25,6

121,3

Құс еті, мың тонна

31,2

35,3

38,4

41,3

46,4

148,7

Жұмыртқа, млн дана

1975,6

2008,4

2276,7

2316,8

2514,7

127,3

Ескертпе –  ҚР Статистика Агенттігінің материалдары негізінде автормен жасалған.

 

Кестеден көріп отырғанымыздай Республика бойынша құс етінің өндірісі барлық шаруашылық санаттарында 2010-жылы 2006-жылмен салыстырғанда 48,7 %-ға, жұмыртқа өндірісі 27,3 %-ға өскен. Ал осы жылдардағы өсірілген құс басының санына келетін болсақ, барлық шаруашылық санаттарында 2008-жылы – 23,8 млн бас құс, 2009-жылы – 24,8 млн бас құс, 2010-жылы – 25,6 млн бас құс өсірілген. 2010-жылы 2006-жылмен салыстырғанда өсірілген құс басының саны 21,3 % жоғарылаған. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, құс шаруашылығы өндірісі жылдан-жылға өсіп отыр, бірақ зерттеу барысында отандық құс өнімдерін өндірушілер нарықтағы құс етіне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отырғандығы анықталды. Ішкі нарықта сатылатын құс етінің 70%  жуығы шетелдік өнім екен. Оның басты себептері, біріншіден, құс шаруашылығы кәсіпорындарының өндіріс қуаттарының төмен болуы болса, екіншіден, шетелден (әсіресе, АҚШ-тан әкелінетін «Буш сирақтары») келетін арзан бағалы құстың сан етінің жаппай сұранысқа ие болып отырғандығы.

 

Кесте 2 – 2008-2010 ж.ж. Қазақстандағы құс еті өндірісі, импорты және экспорты

 

Көрсеткіш

Жыл

2008

2009

2010

Саны, мың тонна

Нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

Саны, мың тонна

Нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

Саны, мың тонна

Нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

Отандық өндіріс

38,4

40,1

41,3

33,8

46,4

29,2

Импорт

57,4

59,9

80,7

66,1

112,4

70,8

Экспорт

0,085

0,08

0,040

0,03

0,15

0,09

Нарық сыйымдылығы

 

95,72

 

100

 

122,0

 

100

 

158,65

 

100

Ескертпе – ҚР статистка Агенттігінің мәліметтері бойынша автормен жасалған.

 

Талдау көрсеткендей, отандық құс етін өндірушілердің өндірістік қуаттарының жеткіліксіздігі себебінен құс еті бойынша импорттың үлесі жоғары болып отыр. Импорттың үлесі 2003-жылғы 59,9% салыстырғанда 2005-жылы 70,8% құраған. Арзан құс етімен жабдықтаушы АҚШ (1 тоннасы 550,3 доллар) және Бразилия (1 тоннасы 620,9 доллар). Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндіруші елдер өткізу нарықтарын іздестіріп, мемлекеттің қолдауымен оны демпингтік бағамен сатады. Алыс шетелден арзан бағамен келетін құс еті ішкі нарықта жоғары нарықтық бағамен сатылады.

Өзіндік құны бойынша құс еті қымбат ет болып отыр. Құс өнімдері өзіндік құнының жоғары болуының негізгі себебі материалдық шығындардың жоғары болуы, олардың үлесі құс өнімінің өзіндік құнында жылдан жылға өсіп келеді. 1997 мен 2004 жылдар аралығында құс етінің өзіндік құны 7,4%, жұмыртқаның өзіндік құны 29,1% өскен.

Өнімдердің өзіндік құнының өсу себептеріне келетін болсақ, өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы кәсіпорындарының қызметі көптеген жабдықтаушылармен тығыз байланыста жүреді.

Кесте 3 – Шығыс Қазақстан облысы құс фабрикаларындағы құс өнімдерінің өзіндік құны

 

 

 

Жыл

Өзіндік құн, теңге

 

Құс етінің 1 центнері

Жұмыртқаның 1000 данасы

 

14646

4500

2004

14953

3791

2005

16728

3699

2006

17519

4196

2007

10296

4591

2008

13522

4512

2009

14365

4817

2010

15731

5811

Ескертпе – Облыстық статистика басқармасының мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.

 

Олар құрал-жабдық, жем-шөп, дәрумендермен және басқа да қажет заттармен қамтамасыз етушілер. Бұл жерде әсіресе, құрамдас жеммен қамтамасыз етушілердің маңызы жоғары, өйткені құс өнімдерінің өзіндік құнының құрамындағы жем-шөптің үлесі 73,9% құрап отыр.

 

Кесте 4 – Құс етін өндірудегі материалдық шығындардың құрамы

 

Материалдық шығындардың құрамы

Құс еті өндірісінің шығындары, мың теңге

Шығын түрінің жалпы материалдық шығындар құрамындағы үлесі, %

Жем-шөп

947396

73,9

Отын

86428

6,7

Электр энергиясы

33606

2,6

Суға төленетін шығындар

18855

1,5

Қосымша бөлшектер, жөндеу

185652

14,5

Қызметтер мен жұмыстарға төленетін ақы

9133

0,7

Барлығы

1281070

100

Ескертпе – Кәсіпорын мәліметтері бойынша автормен жасалған.

 

Материалдық шығындарды құс шаруашылығы кәсіпорыны өзінің құрамдас жем дайындау бойынша шағын зауытын ашу арқылы төмендетуге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта тауықтардың еті сапалы болуы үшін әр түрлі дәрумендер Ресейден және шетелдерден алынады. Олардың басым бөлігін өз елімізде дайындауға шикізаттар жеткілікті бола тұрып, неше есе бағаға сырттан аламыз. Осы мәселе бүкіл құс шаруашылығы саласы деңгейінде шешілуі керек. Екінші орында қосымша бөлшектер мен жөндеу шығындарының үлесі жоғары. Мұның себебі, өндіріс құралдарының физикалық тозуы. Соның салдарынан жөндеу шығындары жоғары болып отыр. Өндірісті жаңа техникамен, негізгі құралдармен жабдықтау өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндігін береді, әрі жаңа техникамен өсірілген құс етінің сапасы да сәйкесінше жоғары болып келеді.

 

Кесте 5 – Шығыс Қазақстан облысы құс фабрикаларындағы 2009-2010 жылдардағы ет өндірісінің көлемі (тонна)

 

Құс фабрикасының аталуы

Тірі салмағы бойынша

Сойылған салмағы бойынша

2009

2010*

2010-ж. 2009-ж салыстыр-ғанда, %

2009

2010*

2010-ж. 2009-ж салыстыр-ғанда, %

«Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-і

3203

3700

115,5

2531

2934

115,9

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ

14264

13469

94,4

11489

10874

94,6

«Предгорное құс фабрикасы» АҚ

64,1

106,6

166,3

49,6

74,6

150,4

Барлық бройлерлік құс фабрикалары бойынша

17531,1

17275,6

98,5

14069,6

13882,6

98,7

Барлық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары бойынша

705

827

117,3

521

612

117,4

Тұрғындар шаруашылығы

1647

1480

89,8

570

922,9

161,9

Барлығы облыс бойынша

19883,1

19582,6

98,4

15160,6

15417,5

101,7

*оперативтік есеп мәліметтері бойынша

Ескертпе – Облыстық статистика басқармасының есебі бойынша автормен жасалған.

Информация о работе Құс шаруашылығы