Құс шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3

Негізгі бөлім: Құс шаруашылығы
1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5
2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8
3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23
Қортынды......................................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

құс.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

Солай дегенде бұдан мұнда еш­қан­дай шешімін таппаған мәселе жоқ екен ғой деген ұғым тумауы тиіс. Бас директор елімізде құс тұ­қы­­мының жоқтығына алаңдап отырды. Тоқ­саныншы жылдардың басына дейін өзімізде “Алатау” атты жұмырт­қа тұқы­мы болса, кейінде ол да құрып кетіпті. Бұларға балапан шығарып беретін тұқымдық құс фабрикасы Өскеменде көрінеді. Бо­ла­шақта сон­дай фабриканы кәсіп­орын маңынан салу ойда бар екен. Мұның шығынды әжептәуір азайта­тыны анық. Бірақ тазалық жөнінен ондай фабриканың алы­сырақ бол­ға­ны да жақсы дейді Бейсенғазы Мәлікұлы.

Ол солай дей келіп, өз кәсі­п­орындарының Өскемендегі “Ар­дагер” агроқаржы корпорациясының мамандандырылған бір құрылымдық бөлімшесі болып табылатындығын, ал аталған корпорация тарапынан өздеріне қамқорлық тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқандығын айта кетуді де ұмытпаған. Ең бастысы сол, қала маңындағы ет, сүт өнді­ретін шаруашылық, кәсіп­орын­дардың өзекті мәселелері Елба­сымыздың ұдайы назарында. Соған орай республика Үкіметі тарапынан да қамқорлықты сезініп келеміз. Бірақ жоғарыда айтқандай, бармен қанағат деп қол қусырып, отыра беруге болмайды. Сондықтан әлі де өз шешімін таппаған өзекті мәсе­лелерді бірлесіп шешуге тырысып бағудамыз. Мәселен, елімізде құс ша­руа­­шылығын дамыту мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айының соңында Парламент Сена­тының ұйымдастыруымен өт­кізілген дөң­гелек үстелде кеңінен қоз­ғалды. Он­да біздің тараптан да бірқатар мә­селелер ортаға са­лын­ды. Айталық, шығыс өңі­рін­дегі құс фабри­каларын тұ­қымдық балапан­дар­мен қамта­масыз ету үшін облы­сымыздың Глубокое ауда­нын­дағы серік­тестік базасында тұқым­дық зауыт салу, құс өсі­румен айна­лысатын кәсіп-орын­­дар үшін электр жары­ғының баға­сын төмендету, құс етін тасы­мал­дауда кедендік төлемді азайту сияқты мәселе­лер­дің шешімін тездетпесе бол­майды.

Ол солай десе, біз өз тара­пы­мыздан бір ой-пікірімізді ортаға сала кетсек дейміз. Айталық, Семей өңі­рін­дегі кәсіпорындардың бәрінде дерлік экологиялық төлем сол кә­сіп­орындар есебінен төленуде. Егер мәселенің қисынына келетін болсақ, әлгіндей кәсіпорындар кезіндегі атом сынақ полигонының өтемдерін неге өз мойындарына алуы керек. Сондықтан республика Үкіметі ал­дағы уақытта бұл мәселені де оңды шешеді деп білеміз. Ал соның бәрі қосыла келгенде бұлар­дың жедел дамуына бұрынғыдан да зор мүм­кіндік туғызған болар еді.

 

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың теориялық және әдістемелік зерттеулері негізінде мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға болады:

1)    өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нарық жағдайында тұтынушының бағалауы арқылы анықталатын, тұтынушы нақты мезетте қалайтын қасиеттерді қамтитын, кәсіпорынға өнімді ұсынып отырған  нарықта сұранысты жоғары деңгейде қанағаттандыра отырып пайда алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің жиынтығы деп анықтауға болады.

2)    құс шаруашылығындағы бәсекенің дамуына көптеген өзара байланысты факторлар әсер етеді. Олар өнімнің нарықтық бағасы, жемнің бағасы, жемдеу технологиясы, құстарды ұстаудың техникалық жағдайлары, кәсіпорындағы ветеринарлық жағдайлар, асыл тұқымды құс өсіру деңгейі, кәсіпорынның ішкі қаржылық мүмкіндіктері, өндірілген өнімді өткізу арналарының тиімділігі, тұтынушылардың қалауы, кәсіпорынның танымалдылығы, жарнамалық қызметі. Ол факторларды анықтап, құс өнімдері нарығында болып жатқан құбылыстарды талдау арқылы саладағы бәсекенің даму қарқыны мен ерекшеліктерін білуге болады.

3)    құс шаруашылығындағы маркетинг сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде құс шаруашылығы өндірісі масштабтарын қалпына келтіру; тұрғындардың құс етіне, жұмыртқаға деген қажеттілігін саны, сапасы, тұтынымдық қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша неғұрлым жақсы қанағаттандыру; құс өнімдері нарығын дәл білу негізінде өз өндірісін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру; құс шаруашылығы кәсіпорындарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету; құс шаруашылығы өнімдерімен салааралық және аймақаралық айырбасты жүзеге асыруға негізделеді. Еліміздегі құс шаруашылығында маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін өндірісті әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету керек.

4)    нарықтағы тұтынушылардың талғамы, қалауы тұрақты емес, әр түрлі қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріп тұрады. Осыған орай өзгерістерге жедел жауап қайтару үшін нарықта жүйелі түрде кешенді зерттеулер жүргізіліп отыруы керек. Осы мақсатта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда тұтынушылар талғамы мен қалауын ескеруді көздейтін құс етінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату картасы, бәсекелестерді зерттеу картотекасы, құс өнімінің картотекасы жасалып, тұтынушыларға зерттеу жүргізілуі керек..

5)    аймақтық нарықта бәсеке күресінің қатаң болуына байланысты  кәсіпорын сол аймақтық нарықтан маркетингтік зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып өзінің мақсатты тұтынушылар тобын іздеуі керек. Ос мақсатта нарықты сатып алушыларды бір және екі демографиялық, географиялық белгілері бойынша біртектес топтарға біріктіріп, сегменттерге бөлу әдістемесі жасалуы қажет. Сауатты жүргізілген сегменттеу болашақта белгілі тұтынушылар тобына бағытталған, өзіндік ерекшеліктері бар өнім өндіруге мүмкіндік береді. Құс шаруашылығы кәсіпорындарының белгілі бір нарық сегментіне бағытталған өнім өндіріп шығаруы жаппай нарыққа бағытталуға қарағанда тиімдірек болып келеді. Мақсатты нарық сегментін таңдауда кәсіпорын нарықты әр түрлі сегменттерге бөліп, өзінің мақсаттарына сай нарық сегментін сол сегменттегі тұтынушылар тобына арналған өнім дайындайды. Мақсатты нарық сегментін таңдау арқылы құс шаруашылығы кәсіпорыны өзінің нарықтағы позициясын нығайта алады.

6)    өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын қарастырып, өндірілетін өнім көлемін жоғарылатып құс шаруашылығы кәсіпорындары нарықтағы үлестерін көтеріп, аймақтық нарықтарда сату көлемін жоғарылата алады.

7)           өнімді өткізуге арналарын жетілдіру үшін аймақтарда құс етін сақтау қоймаларын ашу кәсіпорындардың өнімді сатып алушыларға уақытылы өткізе алу мүмкіндіктерін кеңейтеді, аймақтарда фирмалық сауда орындарын ашу кәсіпорынның тұтынушылар алдындағы танымалдылығын жоғарылатуға, тұтынушыларға кең көлемді ассортимент ұсынуға, өнімді тиімді жылжытуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

25

 



Информация о работе Құс шаруашылығы