Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:14, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.
Кіріспе .............................................................................................................3
Негізгі бөлім: Құс шаруашылығы
1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5
2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8
3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23
Қортынды......................................................................................................26
5-кестеден көріп отырғанымыздай, құс етінің өндірісі облыс бойынша алғанда 2010-жылы 2009-жылмен салыстырғанда тірі салмағы 300,5 тоннаға немесе 1,6 % кемісе, сойылған салмағы 352,9 тоннаға немесе 1,7 % жоғарылап отыр. Соның ішінде жекелеген құс фабрикалары бойынша қарастыратын болсақ, тірі салмақта «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның өндіріс көлемі 795 тоннаға кеміген, «Прииртыш бройлер құс фабрикасының» өндіріс көлемі 497 тоннаға жоғарылаған, «Предгорное құс фабрикасы» өндірісі 42,5 тоннаға өскен. Құс етінің өндірісі тірі салмақта жұмыртқа бағытындағы кәсіпорындарда да 122 тоннаға жоғарылаған, ал тұрғындар шаруашылығында 167 тоннаға кеміген. Сойылған салмағы бойынша талдауға келетін болсақ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның өндіріс көлемі 615 тоннаға кеміген, «Прииртыш бройлер құс фабрикасының» өндіріс көлемі 403 тоннаға жоғарылаған, «Предгорное құс фабрикасы» өндірісі 25 тоннаға өскен. Құс етінің өндірісі жұмыртқа бағытындағы кәсіпорындарда да 91 тоннаға, ал тұрғындар шаруашылығында 352,9 тоннаға жоғарылаған.«Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2010-жылы өндірілген бройлер еті 2009-жылмен салыстырғанда 5,3% немесе 615 тоннаға кеміген. «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС бройлер етінің өндірісі 2010-жылы 15,9% немесе 403 тоннаға жоғарылаған.
Кесте 6 – Шығыс Қазақстан болысындағы құс етін өндіруші кәсіпорындардың 2008-2010 жж. негізгі өндірістік көрсеткіштері
Көрсеткіш | Өскемен құс фабрикасы | Прииртыш бройлер фабрикасы | ||||
2008 | 2009 | 2010 | 2008 | 2009 | 2010 | |
Өндірілген бройлер еті, тонна | 10743 | 11489 | 10874 | - | 2531 | 2934 |
Ішкі нарықта сатылған құс еті, тонна | 10187 | 10665 | 10473 | - | 2510 | 2968 |
Бройлер балапанының орташа тәуліктік салмағы, грамм | 41,8 | 44,6 | 45,1 | - | 47,2 | 51,0 |
Өндірілген 1 кг өнімнің өзіндік құны, теңге | 192,98 | 182,46 | 169,98 | - | 201,45 | 186,68 |
1 кг еттің орташа сатылу бағасы, теңге | 211,15 | 225,36 | 208,23 | - | 232,26 | 196,10 |
Құрамдас жемнің бір тоннасының құны, теңге | 47558 | 41760 | 40058 | - | 44623 | 43388 |
Ескертпе – Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде автормен жасалған. |
Ішкі нарықта сатылған құс еті «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2009-жылмен салыстырғанда 2010-жылы 1,9%, яғни 192 тоннаға аз болған, ал «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС сатылған бройлер еті 18,2%, немесе 458 тоннаға жоғары.
Бір бройлер балапанының орташа тәуліктік салмағы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 44,6 граммнан 45,1 граммға өсіп 1,1% жоғарыласа, «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС 47,2 граммнан 51,0 граммға жоғарылап 8% өскен.
Статистикалық мәліметтер мен кәсіпорындардың есептік көрсеткіштерін талдау барысында құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етіп отырған мәселелер анықталды, олар: өндіріс қуаттарының жеткіліксіздігі, өндіріс жағдайларының талаптарға сәйкессіздігі, өндіріліп отырған өнімнің өзіндік құнының жоғары болу мәселелері. Бұл мәселелерді шешу үшін статистикалық және есептік мәліметтерді талдаумен қатар маркетингтік бағалау жүргізілуі керек.
Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады (1-сурет).
Осы үш топ көрсеткіштерін тұтынушылардың бағалауына ұсыну үшін құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үрдісін құрамыз. Ол үрдіс бірнеше кезеңді қамтиды. 2-суретте құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үрдісі көрсетілген. Нарық жағдайында кез келген әрекет ең бірінші маркетингтік зерттеулер жүргізуден басталады.
2-суретте көріп отырғанымыздай, құс шаруашылығы нарығына кешенді зерттеу жүргізуде бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін тікелей факторлар зерттеледі, олар нақты бәсекелестер, нақты және әлуетті тұтынушылар мен нарықтағы құс өнімдері.
1. Нақты бәсекелестерді зерттеу үшін бәсекелестер картотекасы дайындалды. Бұл картотека бәсекелес кәсіпорын туралы жалпы мағлұматты, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, өндіріс және ҒЗЖТКЖ, бәсекелес кәсіпорынның маркетингтік қызметіне қатысты мәліметтерді қамтиды.
2. Нарықтағы құс өнімдерін зерттеуде құс етінің картотекасы жасалды. Бұл картотека нарықтағы бәсекеге қабілетті үлгі өнімнің сипаттамаларына қатысты ақпараттан тұрады.
3. Нақты және әлуетті тұтынушыларды зерттеу үшін «Құс етіне тұтынушылардың талабын анықтау» сауалнамасы жасалып, талаптарға сәйкес жүргізілді. Сауалнама Алматы қаласының сауда орындарында жүргізілді.
Сауалнамада алынған демографиялық мәліметтерді талдау арқылы құс етін сатып алушылардың басым бөлігінің орташа жасы, орташа табысы анықталды. сұрау жүргізілгендердің басым бөлігі әйел адамдар 395 әйел немесе барлық сұрау жүргізілгендердің 79%-ы. Оның басты себебі ежелден қалыптасқан дәстүрге сәйкес әйел адам қашанда тамақ әзірлеуші ретінде қабылданатындығында. Соған байланысты әйел адамдар өнім туралы көп хабардар болғандықтан зерттеуімізде олардың басым бөлігін қамтуға тырыстық. Ерелер барлық респонденттердің 21%-ын (105 адам) құрады.
Жасына байланысты топтауға келетін болсақ, 36-45 жас аралығындағы әйел адамдардың үлесі жоғары (39% немесе 155 әйел). Құс етін сатып алатын ерлердің басым бөлігі 46-55 және 56-жастан жоғары жастағылар екен. Екінші кезекте 26-35 жас аралығындағы әйел адамдар құс етін және оның өнімдерін көп сатып алады екен.
Табыс деңгейі бойынша топтауда табысы 30-40 мың теңге аралығында болатын респонденттер жиынтықтың 60 пайызын құраған. Табыс мөлшері 10-20 мың теңге аралығындағы респонденттер 13 пайыз болса, табысы 20-30 аралығындағылар 9 пайыз болған.
Салмақталған арифметикалық орташаның формуласын қолдана отырып құс өнімін сатып алушылардың жанұядағы орташа айлық табыс мөлшері есептелді:
Т=(5*5+65*15+25*47+35*300+45*
Яғни, сауалнама жүргізілген респонденттер тобында жанұяның орташа айлық табысы 31520 теңге екен.
Бұл мәліметтерді талдаудың құс шаруашылығы кәсіпорны үшін маңызы зор. Өйткені құс шаруашылығы кәсіпорындары өнімдері бұқаралық сұраныс өнімі болғанымен де қатаң бәсеке жағдайында жаппай құс өнімдері нарығына жұмыс істегеннен гөрі мақсатты нарық сегментін таңдап, өнім өндіріп өткізу саясатын сол сегменттің ерекшеліктерін ескере отырып жасағаны дұрыс. Маркетингтік зерттеудің демографиялық белгілерін талдай келе Алматы қаласында Өскемен құс фабрикасы үшін орташа айлық табысы 30 мың теңгеден жоғары, жасы 36-45 аралығындағы тұтынушылар мақсатты нарық болып табылатындығы анықталды.
Жүргізілген сауалнаманың келесі сұрағы «Сіз құс еті өнімдерінің қандай түрін сатып аласыз?» деген сұрақ болып, оған респонденттердің жауаптары төмендегідей болды. Сұраққа алынған мәліметтерді талдай отырып, зерттеу жүргізілгендер сауда орындарында ұсынылған құс өнімдерінің ассортименті ішінде тауықтың сан еті (245 адам немесе 49%), тауық (бүтін) 90 адам немесе 18% және бройлер балапанының еті (75 адам немесе 15%) жоғары сұранысқа ие екеніні көреміз. Әсіресе тауықтың сан еттеріне сұраныстың жоғары болуының басты себебі сатып алудағы, пайдаланудағы ыңғайлылығы (көлемі, бағасы бойынша). Тағы бір айта кететін жайт, біз зерттеу жүргізген сауда орындарында отандық құс еті өнімдерімен қатар шетелдік тауықтың сан еттері де сатылатындығы және қатардағы тұтынушы үшін оның қайсысы отандық, қайсысы шетелдік екендігін ажырату өте қиын.
Ескертпе – Сауалнама нәтижелері бойынша автормен жасалған.
Сурет 22 – «Сіз құс еті өнімдерінің қандай түрін сатып аласыз?» деген сұрақтың нәтижесі
Сатып алушылардың сауда белгісіне көзқарасын білу мақсатында сауалнамада «Сіз құс етінің қандай сауда маркасын сатып алуды қалайсыз?» деген сұрақ қойылды.
Бұл сұрақтың нәтижесі тұтынушылардың сауда маркасына деген қалауын бағалап, басты бәсекелестерді анықтауға көмектеседі. Алматы қаласында нарықта ұсынылған құс етінің ішінде сұралған тұтынушылардың 35% Далия, 30% Алель, 23% Өскемен құс фабрикасы, 12% «Бент» маркаларын қалайтындықтары анықталды.
Кесте 7 – Сатып алушы-респонденттердің сапа критерийлерін 1-5 балдық шкаламен бағалауының нәтижелері
Реттік номер | Критерийлер | Респонденттердің критерийлерді маңыздылығына байланысты бағалауы бойынша есептелген орташа баллдар |
1 | Еттің жас балғындығы | 5 |
2 | Дәмінің нәзіктігі | 4,7 |
3 | Бөтен иістің болмауы | 4,55 |
4 | Экологиялық тазалығы | 4,43 |
5 | Тағамдық құндылығы | 4,3 |
6 | Әзірлеу жылдамдығы | 3,77 |
Ескертпе – Сауалнама нәтижелері бойынша автормен жасалған. |
Сатып алушылардың сапа критерийлерін 1-5 балдық шкаламен бағалауының нәтижесі сапалық көрсеткіштерді маңыздылығы бойынша рангілеп, негізгі көңіл бөлінетін сапа көрсеткіштерін анықтайды. Кестеден көріп отырғанымыздай, тұтынушылар үшін бірінші еттің жас балғындығы, екінші дәмінің нәзіктігі, үшінші бөтен иістің болмауы, төртіншіден экологиялық тазалығы, бесінші тағамдық құндылығы және алтыншыдан әзірлеу жылдамдығы маңызды екендігі анықталды.
Сауалнама нәтижелерін талдай келе, бәсекеге қабілеттілікті құрайтын бағаланатын параметрлер анықталып, оларға эксперттік бағалау жүргізілді.
Кесте 8 – Құс етінің бәсекеге қабілеттілігін эксперттік бағалау
Критерий | Маңыздылы ғы (1-5) | «Өскемен құс фабрикасының» еті | «Алматықұс» АҚ өнімі | «Руби Роз Агрикол» ЖШС | |||
Эксперттік бағалау (1-10) | 2*3 | Эксперттік бағалау (1-10) | 2*5 | Эксперттік бағалау (1-10) | 2*7 | ||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Сауда маркасы | 5 | 9,5 | 47,5 | 8,7 | 43,5 | 8,7 | 43,5 |
Еттің жас-балғындығы | 4,9 | 9,3 | 45,6 | 9,2 | 45,0 | 9,9 | 48,5 |
Экологиялық тазалығы | 4,83 | 9 | 43,5 | 9 | 43,5 | 9,5 | 45,9 |
Бөлшек бағасы | 4,3 | 8 | 34,4 | 9,9 | 42,6 | 9,3 | 39,9 |
Дайындау жылдамдығы | 4,0 | 7,5 | 30 | 8,9 | 35,6 | 9 | 38 |
Тауар туралы ақпараттың болуы | 3,9 | 8,5 | 33,15 | 8,8 | 34,3 | 8,5 | 35,1 |
Ораманың тартымдылығы | 3,7 | 8,7 | 32,2 | 8,8 | 32,6 |
| 31,5 |
Қорытынды |
|
| 266,4 |
| 277,1 |
| 282,4 |
Ескертпе – Сауалнама нәтижелері бойынша автормен жасалған. |