Құс шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 15:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз деп атап айтқан. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Бұл мәселе әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында, соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажет азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3

Негізгі бөлім: Құс шаруашылығы
1.Қазақстандағы құс шаруашылығының қазіргі жағдайы.........................5
2.Құс шаруашылығының бәсекелестігі.......................................................8
3.“ПриИртыш” құс фабрикасын туралы мәлемет…………………….....23
Қортынды......................................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

құс.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

 

Эксперттік бағалау қорытындысы бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі анықталды. Алматы қаласында зерттелген құс шаруашылығы кәсіпорындары ішінде бәсекеге қабілеттілігі бойынша бірінші орында «Руби Роз Агрикол» ЖШС, екінші орында «Алматы құс» АҚ, үшінші орында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ.

Дайындалған әдістеме бойынша жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы құс шаруашылығы өнімдерінің Алматылық және шетелдік өнімдермен салыстырғанда тұтынушылар талғамы бойынша бәсекеге қабілеттілігінің төмен екендігі анықталып, оларды жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындалды.

Бәсеке күресінде өндірістің масштабы мен ұйымдастырылу сипаты ерекше маңызға ие. Өндірістің масштабы өнімнің өзіндік құнынын төмендетудің басты факторы болып табылады. Өндіріс масштабын жоғарылату жаңа жетілдірілген технологияны енгізуді қажет етеді, сол арқылы өнімнің бағасы арзандап, сапасы жоғарылап, бәсекеге қабілеттілігі артады. Өндірісті дамытуда мынадай факторларды қарастыру қажет:

–     өндіріс, машиналар, құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын жоғарылату;

–     санитарлық-гигиеналық жағдайды көтеру;

–     өндіріс көлемін жоғарылату;

–     өнімнің өзіндік құнын төмендету;

–     өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Облыстағы құс шаруашылығы кәсіпорындары кеңес одағы тұсында құрылған, ғимараттар, машиналар мен құрал-жабдықтардың басым бөлігі тозған. Сондықтан оларға ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар мен көлік құралдарын қалпына келтіру үшін инвестиция қажет.

Санитарлық-гигиеналық жағдайлар құс шаруашылығы үшін аса қауіпті ветеринарлық тәуекелдерді төмендетеді.

Біз қарастырып отырған кәсіпорындар толығымен біріктірілген (интеграцияланған) болып табылады. Өндірістік цикл шетелден тәуліктік балапандарды жеткізуден басталып мұздатылған, қатырылған құс етін және құс еті өнімдерін өткізумен аяқталады. Шығыс Қазақстан облысы аймағында агробизнес инфрақұрылымы дамымаған. Барлық аралық кезеңдерді, жем-шөп дайындау, аналық үйірді өсіру, өндіріс және жұмыртқа инкубациясы, бройлерлерді жемдеу және сою жұмыстарын шаруашылықтар өз күштерімен атқарады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей өнімнің өзіндік құны өте жоғары, осыған байланысты өндірістің тікелей шығындарын төмендетуде  өндірістік үрдісті қайта құру, оны ұтымды ұйымдастыру, өндірістік қуаттарды оптималды қолдану, ветеринарлық мәселелерді азайту керек.

Өнімнің сапасы және қауіпсіздігі – кәсіпорынның нарықтағы орны мен өнімдердің бағасын анықтайтын негізгі фактор. Өнім сапасының тұрақты болуы тұтынушы сенімін жаулайды. Өнімнің қауіпсіздігі бүкіл әлемде кең қарастырылып отырған аса өзекті мәселе. Өндірілген құс еті өнімдерінде сальмонелла және басқа да бактериялық таяқшалардың болуы сатып алушының сенімін жоғалтып, өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сонымен өндірісті дамыту үшін мына міндеттер орындалуы керек:

1.   Жемнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ететін жемдік қоспалар қорын құру;

2.   Аналық үйір мен бройлерлер өндірісін бөлу;

3.   Ремонттық жас балапандарды басқа өндірістерден бөлу;

4.   Инкубаторды басқа өндірістерден бөлу;

5.   Бройлерлерді соятын жаңа цех құрылысын қолға алып іске қосу.

Осы аталған міндеттерді орындауда өндірістік циклдің әр кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс жұмыстарды анықтайық. Төмендегі суретте құс фабрикасындағы өндірістік цикл кезеңдері және әр кезеңде жүргізілуі тиіс жұмыстар көрсетілген.

 

Өнімнің өзіндік құнына қатысты жұмыстар: қазіргі уақытта аналық үйірдің өнімділігі олардың генетикалық мүмкіндіктерінен төмен болып отыр. Оған бір қатар себептер ықпал етіп отыр: санитарлық-гигиеналық жағдайлардың төмен болуына байланысты аурулардың туындауы, жемдеуді шектейтін жүйенің болмауы, жазда желдету жүйесінің, қыста жылыту жүйесінің қуаттылығы жеткіліксіз. Егер аналық үйірді бөлек ұстаса, онда бройлерлер мен аналық үйір арасындағы байланыс шектеулі болады да, аурулардың туындау ықтималдығы төмендейді. Аналық үйірді ұстайтын жерге жаңа жемдеу құрал-жабдығын орнату керек. Жемдерді өлшеп беру, оларды жылдам тарату, бөліп жемдеу жұмыртқа өндірісінің жоғарылауына ықпал етеді. Микроклиматтағы күрт өзгерістер де өнімділікке әсер етеді. Желдету және жылыту жүйелерінің қуаттылығын арттырса температура қалыпты болады. Қазіргі уақытта 20 апталық тауықтардың өнімділігі 125 инкубациялық жұмыртқа болып отыр. Ал егер жоғарыда айтылған өзгерістер жүргізілсе олардың әлуетті генетикалық мүмкіндіктері тиімді қолданылып әр тауықтың жұмыртқалағыштығы 140 дейін көтеріледі.

Келесі суретте өнім өндірісі жоғарылағанда қолданылуы мүмкін өткізу арналарының ұйымдастырылуы көрсетілген.

 

1) Алматы және Астана қалаларында өнімді сақтап өткізу қоймаларын құру, өйткені жүргізілген маркетингтік зерттеулер және кәсіпорын мәліметтерін талдау нәтижесінде бұл қалаларда нарықтың біз қарастырып отырған кәсіпорын үшін терең ашылмағандығы, басым бөлігін бәсекелестер өнімі алатындығы (Алматы қаласы бойынша – 69%, Астанада – 95%) анықталған. Бірақ бұл географиялық аймақтар өнімді дистрибьюторларға тиеу базасын құруға тиімді болып отыр. Егер Алматы қаласында өнімді тиейтін өтпелі база құрылса, барлық сатылатын өнімнің 55%, ал Астана қаласында 25% дистрибьюторларға тиеуге мүмкіндік туады. Сол арқылы өнімді дистрибьюторларға жеткізуді жеңілдетіп, жаңа клиенттерді тартып, фабриканың Орталық, Солтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы позициясы нығаяды.

2)  «Фирмалық дүкендер» желісін құру арқылы Қазақстан қалаларында өнімді жылжыту. Аймақтағы дистрибьюторлармен тұрақты жұмыс істейтін және қарастырып отырған құс фабрикасының өнім ассортименттерінің кең көлемін сатумен айналысатын дүкендер фирмалық дүкен мәртебесін алып, фабриканың әр түрлі қолдау шараларын қолдана алады (дүкен үшін жарнама акциялары, саудалық құрал-жабдықтар және дистрибьюторлар бірінші кезекте қызмет көрсетеді). Артықшылықтары: сату көлемі жоғарылайды, тұтынушылар талғамының өзгеруін қадағалау мүмкіндіктері мол болады, жаңа өнім түрлерін жылжыту мүмкіндіктері өседі, өнімді жарнамалау мүмкіндіктері кеңейеді. Кемшіліктері: дүкендер қызметін бақылау күрделі, дүкен қызметіндегі кемшіліктер сауда маркасының имиджіне кері ықпал етеді, алғашқы кезеңде жарнама шығындары жоғары болады.

3)    Ірі дүкендерде фирмалық сауда бөлімдері желісін құру. Дүкендер «Өскемен құс фабрикасы» өнімдерін басқа тауарлардан бөліп сатуға келісім шарт жасасады, фирмалық бөлім мәртебесін иеленеді, «Өскемен құс фабрикасы» стилінде безендіріледі. Бұл нұсқаның да артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары: қызмет көрсету шығындары төмен, дүкендер желісіне қарағанда, бөлімдер желісі кеңірек болады соған байланысты өнімді сату көлемі жоғары болады, жаңа өнім түрлерін жылжытуда тиімді. Кемшіліктері: бөлімдер қызметін бақылау күрделі, дүкен қызметіндегі кемшіліктер сауда маркасының имиджіне кері ықпал етеді, алғашқы кезеңде жарнама шығындары жоғары болады, дүкен иелерімен қарама-қайшылықтар туындау қаупі жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“ПРИИРТЫШ” ҚҰС ФАБРИКАСЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

Бұл кәсіпорынның бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғамас бұрын, оның өткен тарихы туралы да қысқаша айта кеткеніміз жөн болар. Ол осыдан тура ширек ға­сыр бұрын Семей үйрек фаб­рикасы деген атпен іске қосылған-ды. Қаладан соншалықты алыс емес, нақтылап айтсақ 25 шақы­рым жерде бой көтерген жаңа кәсіпорын жанынан Утинка деп аталатын жаңа кенттің де қоса салынғаны есімізде.

Осы жаңа кәсіпорынның ал­дына жылына үш мың тонна үйрек етін өндіру міндеті жүктел­ген болатын. Бірақ түрлі себеп­термен бұл міндет орындалмай қал­ды. Ақыр соңында ол бройлер етін өн­діруге бейімделіп қайта құ­рылды. Бұл шақта іргедегі кент аты При­иртыш деп өзгертілген еді. Соған орай кәсіпорын енді При­иртыш бройлер құс фабрикасы атанды.

Бірақ, өкінішке қарай, фабрика аты өзгергенмен затында, яғни іс нәтижесінде сондайлық өзгеріс байқала қоймады. Оның үстіне жы­ғыл­ғанға жұдырық деген­дей, бұрынғы мызғымастай көрін­ген Одақ тарап, нарық келіп есік қақ­қанда фабрика бәсекеге қабі­летсіз болып шықты. Бірінен кейін бірі келіп, жиі ауысып жатқан сол тұс­тағы басшылар да кәсіпорынды тығырықтан алып шығуда дәрмен­сіздік танытқандары рас.

Ақыр соңында фабрика тізгіні Бейсенғазы Тастекеев деген аза­матқа сеніп тапсырылды. Бұл 2001 жылдың ақпан айы болатын. Алыс­тағы ауылда туып-өскен, ал мамандығы жөнінен инженер-ме­ханик Бейсенғазы Мәлікұлы бұған дейін зауытта, училище, техникум­да қызмет істеген-ді. Одан кейінгі жерде Семейдің зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында таба­ны күректей он жыл проректор болып қызмет атқарғаны да бар. Ал осыған дейінгі соңғы үш жылда “Семейқұс” деп аталатын құс фаб­рикасында бас инженер болып қыз­мет істеген-ді. Яғни, өмірден көрген, түйгені мол азамат. Бірақ, ол соған қарамастан өзіне осы қыз­мет ұсынылғанда бірден шешім қабылдай алмай, қобалжи берген. Өйткені, беліне байланатын шоқ­парды көтере алмай қаламын ба деп толқыған.

Ал бірақ нартәуекелге бел бай­лап, іске кіріскен бетте инже­нер ретінде, кешегі орта және жо­ғары оқу орындарының білікті ма­маны ретінде мұндағы өн­дірісті жаңа жолға салма­йынша іс ілгерілемейтінін анық түй­сі­ніп, нақты ше­шімге кел­ген. Солайша мұн­да 2003-2004 жылдар аралы­ғында өндірісті қайта жабдықтау және бройлер ет өнімдерін өндіру жұ­мыс­­тарын ғылым­мен ұш­тас­тыра жүргізу қолға алынды. Сол мақсат­пен бірінші ке­зекте бройлер балапан­да­рын өсіретін корпустар, ин­кубатор, құс сою цехы қай­тадан құры­лып, жаңар­тылды. Оның сыртында ғи­мараттарға күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Мұ­ның өзі өндіріс тех­но­логиясын түбе­гейлі өзгертуге жол ашты. 18 кор­пуста ше­телдік жем беру және суару қон­дырғылары орна­тылды. Жылу мен жарық өз алдына, желдеткіш жүйе­сінің қалып­қа келтірілуі өндіріс мә­дениетін артыра түсті. Ендігі жерде барлық жұмыс компьютерлік жүйе­мен бақы­ла­натын болды.

Осы орайда айта берсе әңгіме көп. Мәселен, құс сою цехы венгр­лік қондырғылармен қайта жабдық­талды. Соның нәтижесінде сағатына 1500 бас құс союға мүмкіндік туды. Тәуліктік қуаттылығы 8 тонна мұз­датқыш камералар өндірілген өнімді алаңсыз сақтауға кепілдік берді. Со­ның бәрі қосыла келгенде үздік көр­сеткіштерге жеткізді. Айталық, атал­ған фабрика қазірде бройлерді өсіру көрсеткіштері жөнінен тек өз елі­мізде ғана емес, ТМД елдеріндегі құс фабрикалары арасында үздік деп танылып отыр. Мұнда небәрі 40- 42 күн ішінде балапан салмағы 2,300 килоға жеткізіліп қана қоймай, со­ның 98 пайызын аман сақтауға кепілдік бар.

Қазірде бройлер құс етін өн­діруден фабриканың жылдық қуаты 6-6,5 тоннаға жетіп отырған кө­рінеді. Ендігі меже 12 мың тонна дейді Бейсенғазы Мәлікұлы. Және бұл бос сөз үшін айтылып жатқан әңгіме емес. Бұрын балапанды өсіру үшін 56-60 күн кететін. Ал оны қазір 40-42 күнге түсіргенімізді жоғарыда айттық. Сонсоң Германия, Голлан­дия, Испания, Венгриядан әкелінген жоғары сапалы қондырғылар осын­дай мүмкіндікке кеңінен жол ашып отыр.

Тастекеев мырза солай дей ке­ліп, бізге төмендегідей маз­мұн­да қы­зық­ты бір дерек­терді мы­сал­ға келтірген. Яғни, мұнда кү­ніне – 20, ал айына 500-550 тонна құс еті өндіріледі екен. Ал бұл деге­ні­ңіз күніне – 125, айына төрт мың­ға жуық ірі қараның салмағына пара­­пар ет деген сөз. Бір ірі қараны семір­­тіп, өсіру үшін кемі 1,5 жыл уақыт кететінін ескерсек, қалғанын өзіңіз пайымдай беріңіз дейді бас директор. Сонсоң адам организміне құс етінің пайдалылығы жөнінде әңгіме айтып жатудың өзі артық. Айталық, қатерлі аурулардың бірден бір себепкері майлы тамақ екендігін екінің бірі біледі. Осы орайда әрбір америкалық жылына 50 кило құс етін тұтынса, біздегі көрсеткіш еге­мен ел атанғаннан бергі жерде 4 килодан 11 килоға енді көтерілгенін айта кетсем деймін. Өткендегі Нау­рыз мерекесінің бірінде жұмысшы ақындарымыздың бірі “бес тауығым – бір тоқты” деп терісіне сыймай күпсінгені сондықтан болса керек.

Осында өндіріліп жатқан сон­шама құс етінің 30-35 пайызы се­мейліктердің қажетіне жұмсалып жат­са, қалғаны көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағандыны айтпағанда, бір шеті Астана, Алматыға, тіпті Ақ­тауға дейін жөнелтіліп жатқан кө­рінеді. Күні ертең бұлар 12 мыңдық межеге жеткенде кәсіпорынның қыз­­мет көрсету аясы бұдан да кеңи түсетіні айтпаса да түсінікті.

Біз келесі кезекте аталған кә­сіп­орында әлеуметтік мәселелердің қа­лайша шешіліп жатқанына зер салған едік. Қазірде мұнда 370 адам еңбек етеді екен. Олардың айлық орташа еңбекақысы 37-38 мың теңге ара­лы­ғында көрінеді. Айлық, жыл­дық сый­ақы мұ­ның сыр­тын­да. Эко­ло­гиялық төлемақыны да бұ­лар өз мой­ны­на ал­ған. Ең бас­тысы сол, еңбек­ақы тө­леу­д еш кідіріс жоқ. Ал кә­сіп­орын әб­ден ая­ғына тұр­ған­да табыс та арта түспек. 2 мың­­­дық ме­же де­мек­ші, со­ған қол жет­­кен шақ­та мұн­дағы жұ­мы­сшы саны да бір­шама арта­тын бола­ды.

Фабриканың жұ­­­­мысшы асха­на­сы бар. Және он­дағы баға өте тө­мен. Жұмыс­шы­лар осы маңай­дағы төрт-бес ауыл мен қаладан арнайы кө­­­лікпен те­гін та­сы­­малдануда. Осы орайда және астын сызып айта кетер бір жәйт сол, кезіндегі қиын шақта қала маңын сағалап ауылдан келген ағайын­дар­дың басым көпшілігі өз нәпақа­ларын аталған кәсіпорыннан айыру­да. Кәсіпорынның сонымен бірге көршілес ауылдарға әркез қол ұшын беріп келе жатқаны өз алдына бір әңгіме. Тіпті сол ауылдардың тұр­ғын­­дары мұнда жылда өткізіліп жа­та­тын Наурыз мерекесінен де сырт қалмайтын көрінеді. Наурыз де­мекші, мұнда сол мереке үстінде жыл сайын түрлі ағаштар егіліп, кә­сіпорынның іші-сыртын гүл және гүлзарлармен өрнектеу мақсатымен конкурстар тұрақты түрде өткізіліп келе жатқаны да көңіл сүйсінтеді. Сонсоң бұл кәсіпорынның ешкімнің бұйрық-нұсқауынсыз іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіріп алғаны да құптарлық іс деп білеміз.

Информация о работе Құс шаруашылығы