Сақтандыру компанияларының ақпараттық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:53, реферат

Описание

Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.

Работа состоит из  1 файл

Сақтандыр курстық жумыс.doc

— 416.50 Кб (Скачать документ)

Сақтандыру компанияларының ақпараттық жүйесі

Кіріспе

     Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.

     Сақтандыру  – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру  сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

    Сақтандыру  агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

    Сақтандыру  далдалы - өзінің қызметін сақтандырылушылармен және сақтандырушылармен келісім негізінде жүзеге асыратын тәуелсіз делдал. Заңды тұлға да, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлға да С.д. бола алады. Олардың, әдетте, арнаулы экономикалық және заңи білімі болуға тиіс, кәсіпқойлық жарамдылық жөнінен аттестаттаудан өтуі керек. С.д. қызметтердің мынадай түрлерін көрсете алады: сақтандырушыларды іздестіру немесе сақтандырушыларды іріктеу; сақтандыру жөнінде ақыл-кеңес беру, түсіндіру және жарнамалық жұмысты жүргізу; сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру полистері мен басқа да құжаттарды ресімдеу; сақтандыру жағдайы басталғанда мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша залалдарды реттеу; келісімдегі тиісті жағдайлар болғанда шарттар бойынша сақтандыру жарналарын алу, т.б.

    Сақтандыру  компаниясы – азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

    Сақтандыру  ұйымы – ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

    Қауіпсіздік саясаты -  мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас  құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.

     Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

     Есепберушілік(немесе хаттамалау тетігі)қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

    Сенімді есептеу базасы (СЕБ)  - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ұлттық  нарықтағы ролі 

    Ұлттық  нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы   құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:

    -         сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;

    -         сақтандыру қоры;

    -         сақтандыру агенті;

    -         сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;

    -         уәкілетті аудиторлық ұйым;

     -          сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.   

    Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағымемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда көрінуі тиіс.

     Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен  оның шығыс бөлігін қалыптастыратын  қазір заңдық және атқарушы билік  органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын    әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбеккежарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынанжиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.

     Мемлекттік  әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі -  әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін  қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық – уақытша ераін ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандаруға сәйкес оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестіктер, бәсекелес, сақтандыру делдалдары, сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар, кеңес берушілер енеді.

     Сақтандыру  ұйымның күй – жайын анықтаған  кезде басқарудың алдын алу әдістерін  пайдаланған және объектінің даму баламаларын  бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайдын белгілірін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.

     Сақтандыру  ұйымдары сақтанушылардың, сақтандырушылардың өскелең талаптарына жауап беретін өзін-өзі реттеудің жетілдірілген мөлшеріне әсер ету мүмкіндігі артықшылық болып табылады. Егер     өзін-өзі реттейтін сақтандыру ұйымына немесе бірлестікте мүшелік міндетті болса, бәсекелестікті шектеу қауіпі тындайды.    Өзін-өзі реттейтін ұйымдар бір қалыпсыз даму заңдарына бағынады, өйткені олардағы өрісінің орналасуы тұрақты да, өзгермелі де, уақытша болуы мүкін, алайда өзара байланыс жүйесінде ажырағысыз және іске асырылғыш болады, Ұйымның мақсатқа сай жаңа сапалы бөліктерді қайта жасауға қабілеттілігі  Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың икемділігін, көнгіштігін, бейімделушілігін сипаттайды, Бұл ұйымдарбейкоммерциялық ұйымдар болып есептеледі, олардың қызмет ету көздері болып демеушілердің дарналары, мемлекеттік өкімео органдарының, басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көмектері мен қолдаулары және басқа қайырымдылықтар саналады. Ал олардың қызметі, оларды құру нысандары т.б. өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ережелерді ескеріп, сондай-ақ сақтандыру заңдарымен және сақтандыру нарығының ерекшк шарттарымен анықталады. Сақтандыру нарығындағы ұйымдардың қатарына сақтандыру нарығының кәсіптік қатысушыларын біріктіретін мемлекеттік емес бейкоммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Сақтандырушылар, делдалдар, сақтандыру агенттері, актуарийлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, яғни экономиканың бір саласындағы бір немесе әртүрлерінің қызметін жүзеге асыратындардың тез пайда болатынын шамалауға болады. Қызмет ету мақсаты, кез келген басқа бірлестіктегі сияқты – оған қатысушылардың мүдделерін қорғау және сақтандыру саласын дамыту болып табылады. 

     Ақпараттық қауіпсіздік— мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

     Ақпаратты қорғау  —  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

     Ақпараттық  қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

     Ақпараттық  қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын  атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

     Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

     Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп  ақпарат кездейсоқ немесе әдейі  бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу  техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

     Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

     1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі  қызғылт сары мұқабасы бар  «Сенімді компьютерлік жүйелерді  бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз  жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру  және жою құқығына ие бола алатындай  етіп ақпаратқа қол жеткізуді  тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.

     Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

     Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеу-меттік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақ-тандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мүндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады.

Информация о работе Сақтандыру компанияларының ақпараттық жүйесі