Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Августа 2013 в 13:02, научная работа
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту». Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері.............................................6-9
1.1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері.......................................................7
ІІ. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы.......................9-17
2.1. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнес...........................................9
2.2. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау.........................12
III. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары...............................................17-31
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………35
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық
негіздері.....................
1.1. Кәсіпкерліктің даму
1.2. Шағын және орта бизнес
ерекшеліктері.................
ІІ. Қазақстандағы шағын және орта
бизнестің даму жағдайы.......................
2.1. ҚР экономикасындағы
шағын және орта бизнес........
2.2. ҚР-дағы шағын және орта
бизнестің жағдайын талдау........................
III. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті
несиелендіру және дамыту проблемалары
мен оларды шешу жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………35
Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту». Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.
Тақырыптың өзектілігі
соңғы уақытта кәсіпкерлік
Ғылыми жұмыстың мақсаты – шағын және орта бизнесті дамытудың біздің еліміз үшін оңтайлы жолдарын қарастыру. Зерттеліп отырған шағын және орта бизнес мәселелерін шешу жолдарын нақты әрі түсінікті қылып жеткізу, даму жолдарын талдау.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ-ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған.
Ғылыми жұмыс міндеттері:
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес субъектілерін шағын және орта бизнесті дамытудың ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Жұмыста экономикалық өсу теориялар саласындағы классикалық және іргелі зерттеулер (М.Вебер, Е.Денисон, Е.Домар, Дж.Кейнс, К.Маркс, А.Маршалл, Дж.Мид, Д.Рикардо, В.Ростоу, Дж.Сакс, П.Самуэльсон, Т.Сван, Р.Солоу, Ф.Хайек, Р.Харрод, С.Хикс, Й.Шумпетер және т.б.), сонымен қатар зерттеліп отырған тақырыптың әдіснамалық және теориялық алғышарттарын әзірлеуге қомақты үлес қосқан экономист-ғалымдардың еңбектері (А.Белоусов, Е.Т.Гайдар, С.Ю.Глазьев, Е.И.Зоря, Е.С.Ивлева, А.Н.Илларионов, Н.Д.Кондратьев, А.Киреев, Р.Нуреев, М.А.Пивоварова, С.Ю.Румянцева, А.З.Селезнев, Д.В.Цигарели, К. Цыбко, Е.Ясин және т.б.) қолданылды.
Қазақстанда экономикалық өсудің теориялық
және әдістемелік мәселелерін Р.А.
Дегенмен, аталған еңбектерде шағын және орта бизнесті дамытудың әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы шағын және орта бизнесті дамытумен байланысты көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Ғылыми жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туралы теориялық
концепция алғашқы рет 1725-
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Басқа бір физиократ,
дін қызметшісі Николас Бауде
өндірушілер мен фермерлер
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
қайтара білу;
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік – жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
1.2. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел – шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ – жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар – бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласына келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында
(EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың