Шағын және орта бизнесті дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Августа 2013 в 13:02, научная работа

Описание

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту». Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері.............................................6-9
1.1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері.......................................................7
ІІ. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы.......................9-17
2.1. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнес...........................................9
2.2. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау.........................12
III. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары...............................................17-31
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………35

Работа состоит из  1 файл

Қожахметова Зере. Ғылыми жұмыс-Шағын және орта бизнесті дамыту.doc

— 320.00 Кб (Скачать документ)

Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.

Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын  бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.

Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік жөне құрылыста — 300 адамнан көп емес, көтерме саудада — 100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында — 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте — 770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада — 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.

Ресей Федерациясының казіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға:

• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;

• құрылыста - 100 адамға дейін;

• көтерме саудада - 50 адамға дейін;

• ауылшаруашылығында -50 адамға дейін;

• ғылымда және өндірістік емес салада — 25 адамға дейін;

•бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.

Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:

• өндірісте, құрылыста  және шаруашылықта — 50 адамға дейін;

• саудада және түрмыстық  қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;

• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;

• ғылымда және жаңартпашылық  қызметте - 20 адамға дейін;

жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс  істеушілер  саны  200  адамнан  аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.

 

ІІ. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайын талдау

2.1. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Әлемдік тәжірибе шағын  және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың  қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі  мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің  нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық  өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға  халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз  істеріне өз ақшаларын үлкен  қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының  ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің  қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық  мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,  дарындарының ашылуына, әр түрлі  қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі  кәсіпорындар белгілі – бір  шектеу қоятын халықтың жекелеген  топтарын (үй жұмысымен айналысушылар,  зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер,  басқарушылардың әлеуметтік қатарларының  қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды  жандандыру;

-жергілікті шикізат  қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары  қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе  сатып алу арқылы төмен рентабельді  және тоқыраудағы кәсіпорындардан  мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан  Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге  толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың  әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік  органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды  мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда мемлекеттік  тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992 – 96 жылдары кезеңінде  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның  жүзеге асыру шағын бизнестің  құрылуы мен қалыптасуына негіз  бола алады. Бұл кезеңде шағын  кәсіпкерлікпен айналысатындардың  үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын  және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

  Осы орайда ұсынғым  келіп отырғанымның мәні – шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

2.2. ҚР – дағы  шағын және  орта  бизнестің жағдайы

Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезеңдегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның  өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 30% - дан аспайды.  Мәселен, 2010 жылдың  нәтижелері  бойынша еліміздегі  шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің жалпы іші өнімдегі  үлесі 17%  болды,  ал  2011 жылы бұл пайыздық  қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер  осы сектордың ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін көрсетеді.

Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

Мұндай жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің  сауатты  нарық  реформаларды жүргізуінен  алады.  Олардың  нәтижесінде  Қазақстандық  экономикаға  ақша  массасының (мұнай долларының  түсімінен) қысымы  артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің  елімізде инвестициялау объектілерінің  тапшылығы байқалуда. Сондықтан  көптеген  тұлғалар  өз  істерін  ашуға  тырысуда.

Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2011 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын бизнестің 130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2011 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді  жөндеуге   және  үй  шаруашылығы  қолдамындағы  өнімдерді  өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік  бағыттағы  әрекет ететін  белсенді  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  12,5% , ал осы  кәсіпорындардың 90,2% өңдеу  бойынша  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады.

Жоғарыда келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәліметтерден  көріп  отырғанымыздай  шағын  бизнес субъектілері  көбінесе  сауда  мен сервис  саласында  әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын  кәсіпорында ашушылардың бастапқы  қапиталдарының  аздығымен байланысты. Сондай-ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік  реттеудің  жетілмегендігімен және құрал-жабдықтар мен  технологияларды  импорттауға  кедендік  төлемдердің  ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту