Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Августа 2013 в 13:02, научная работа
Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту». Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері.............................................6-9
1.1. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы...................................................................6
1.2. Шағын және орта бизнес ерекшеліктері.......................................................7
ІІ. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы.......................9-17
2.1. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнес...........................................9
2.2. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау.........................12
III. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары...............................................17-31
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………35
Кесте 6 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы |
Жылдар |
2011/ 2006 жылға, % | |||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 | ||
1. Тіркеуге алынған ШКС саны, соның ішінде: |
514,4 |
331,5 |
372,5 |
388,2 |
408,5 |
449,9 |
87,4 |
шағын кәсіпорындар, мың бірлік |
318,4 |
109,0 |
110,1 |
111,7 |
103,2 |
114,8 |
36,0 |
жеке кәсіпкерлер, мың бірлік |
196,0 |
225,5 |
262,5 |
276,6 |
305,2 |
335,1 |
171,0 |
2. Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішінде: |
248,2 |
280,9 |
329 |
353,7 |
382,2 |
376,4 |
151,6 |
- шағын кәсіпорындар, мың бірлік |
52,2 |
58,4 |
66,5 |
77,0 |
77,0 |
97,1 |
186,0 |
3. Тіркеуге алынған
субъектілердің жалпы |
48,3 |
84,7 |
99,2 |
91,1
|
93,7 |
83,7 |
173,3 |
- шағын кәсіпорындар үлесі, % |
10,1 |
17,6 |
17,9 |
19,9 |
18,8 |
21,6 |
213,9 |
4.Тіркелген шағын |
16,4 |
53,6 |
60,5 |
69,0 |
74,5 |
84,6 |
515,8 |
Ескерту – ҚР шағын кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері, 1 бөлім, 2007 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде көрсетілген. 2006 жылды базалық жыл деп алып 2011 жылмен салыстыратын болсақ, соңғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байқауға болады. Мысалы, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.
2006 жылы тіркеуге алынған ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 61,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» негізгі заңдарды қабылдау нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.
2006-2011 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2% көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Егер, 2006 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2011 жылы жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан 23,2 мың адамға жоғары.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық-құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн субъект – екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:
Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.
Кесте 7 – Банктердің кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін факторлардың топтамасы
Банк тұрғысынан |
Кәсіпорын тұрғысынан |
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы |
1. Несиеге деген жоғары пайыздық мөлшерлеме |
2. Несиені қамтамасыз етудің өтімсіздігі |
2. Несиелердің қысқа мерзімділігі |
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның
қанағаттанғысыз қаржылық |
3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік кезеңінің жоқтығы |
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат тық жабықтығы |
4. Құжаттарды дайындау процедурасының ұзақтығы |
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты несие тарихы туралы ақпараттарға қол жетпеушілік |
5. Кепілдің бағалау құнын оның нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі |
6. Банк менеджерлерінің
ұзақ мерзімді несиелермен |
6. Кәсіпорын менеджерлерінің
ұзақ мерзімді несиелерді |
ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Орта және ұзақ мерзімді
несиелердің төменгі үлесі
Кесте 8 – ШКС несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы |
Жылдар | |||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 | |
Экономика салалары бойынша барлық несиелер, млрд теңге с.і. – ШКС |
71,6
22,9 |
93,4
24,3 |
148,8
39,9 |
276,2
74,2 |
489,8
122,0 |
672,4
145,4 |
Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС несиелері, млрд теңге - қысқа мерзімді - ұзақ мерзімді |
20,1 2,8 |
17,7 6,7 |
20,4 19,5 |
40,1 34,1 |
60,2 61,8 |
67,6 77,8 |
ШКС барлық несиелері,млрд теңге - ұлттық валютада - шетелдік валютада |
13,0 9,9 |
17,1 7,2 |
2,3 17,6 |
40,7 33,5 |
75,4 46,6 |
53,2 92,2 |
Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2006-2011 жылдардағы жылдық есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
Қарастырылған аралықта
елдің экономикасына
Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 13,0-ден 53,2 млрд теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 9,9-дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2008 жылы ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы 31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.
Соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден қаржыландыруды жүзеге асыруда.
Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық бағыты аймағында 67 жоба 37,7 млн АҚШ долларына қаржыландырылады. ЕБРР займын игеру басында 20285 жоба 139,98 млн АҚШ долларына қаржыландырылды, оның 58,3% – микро несиелер (1915 жоба 81,57 млн АҚШ долларына) және 41,7% шағын несиелер (1134 жоба 58,41 млн АҚШ долларына). АДБ несиелік қаржыларына ауыл шаруашылық кісіпкерлерінің кең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында несиелерді беру құрылымы өзгертілді, яғни нақты несиелердің сомасынан айналым қаржыларын толықтыруға бағытталатын, несиелер үлесі 20-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды.
Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды: республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынттық мөлшері 2009 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрылымында дербес кәсіпкерлік қаласы – Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметтері бойынша (2009 ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында – 13764 (50,3%), өнеркәсіпте – 2742 (9,8%), құрылыста – 2661 (9,5%), көлік пен байланыста – 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері – 6690 (23,8%).
Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер – 2060 адам, 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар Алматы қаласында шағын және орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.
Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды.