Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:18, реферат

Описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 43.28 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Шетел инвестицияларын  тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары  мен болжамдары

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

       Инвестиция  туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық  қызметтің неғұрлым белсенді және ірі  ресурстар бар мүшелер. Сондай –  ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық  ресурстар трансформациялануы өндірісті  дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану  бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына  келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде  банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ  мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру  және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар  және тәжірибелік түрде бағытталған  шетелдерде қалыптасқан инвестициялық  инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері  және оларға банктердің қатысу тәжірибесін  қарастырады.

       Шаруашылық  іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар  күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды  кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

       Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

       "Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім  инвестор, ол не салады, не мақсатпен  және қайда салады деген сұрақтарға  жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:

       Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың  миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды  мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір  бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен  қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

       Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы  ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық  запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

       Инвестиция  дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа  да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.  
 

    Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары 

    Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің  ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі  механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін  көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту  мен қолдану процесін тежеуші  бюрократиялық процедураларды жеңілдету  және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

    Қазақстан экономикасына шетел капиталын  тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

    Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

    Дефолт  себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар қозғалысы  механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол  қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені  игеру және ол бойынша қарызды  өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы  қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

    Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі  – таңдаудың нақты белгілері  мен қарапайым бағыт - бағдардың  жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,  ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан  толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы  көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған  несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген  төлемнен қалыптасқан соммалардың  үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі  жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

    Мүмкін  боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы  шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау  сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар  түсімі көлемін сипаттаушы негізгі  статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

    Пайдасыз  келісім шарттар жасау, қорлардың  шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника  және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет  етеді.

    Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен  тиянақты таңдалып алынған және дайындалған  нақты жобаларды жүзеге асыру  үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын  игеру, шағын кәсіпорындарды , білім  және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға  қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз  қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.

    Осымен  байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық  жобаларға алдын - ала сараптама  жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде  жобалардың техника - технологиялық, бағалық  және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі  тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін  бағалау.

    Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері  анықталуы керек: оның пайдасы мен  шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық  мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың  төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің  бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.

    Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық  және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі  белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға  салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін  жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын  ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды  оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.

    Жобаны  мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық  пен басымдыққа ие  жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда,  келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз  көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен  қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында,  қарыз алушы  кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу  қажет.

    Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.

    Шетелдік  несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке  тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті  билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету./30, 56-90 б/.

    Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық  жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен  өзара есеп айырысу мәселесін  шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың  жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі  аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге  енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.

    Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды  ынталандырудың маңызды факторы  – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің  осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан  Республикасы “Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы” Заңының  баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:   

  1. шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;
  2. республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;
  3. инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;
  4. либералды валюталық реттеу;
  5. инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;
  6. инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;
  7. Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық танытуға жол беру.

    Шетел инвесторларының маңызды құқықтық кепілдемесі - республика заңнамаларына  толықтырулар мен өзгерістер енгізуден  қорғау, шетел инвестицияларын тарту  мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім  шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер баршылық.

    Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен  сақтандыру компанияларын құруға жол  ашатын және “Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания “Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын  сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.

    Шетел инвестицияларын сақтандырудың  мүмкіндіктерін рационалды қолдану  үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе “ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша  “American International Group” (AIG) корпорацияларының  қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен  қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық  сақтандыру тобы.

Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары