Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:18, реферат

Описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 43.28 Кб (Скачать документ)

    Негізгі бағыт әрине дайын өнім өндірісі саласына шетел инвестицияларын  тарту. Бүгінгі таңда Қазақстан  руда, минералды шикізат, жылу - энергетикалық  ресурстардың үлкен қорына, бағалы металдың үлкен қорына ие. Машинажасау  базасының, жоғары тауарлық дайындыққа ие өнімді шығару өндірісінің жоқтығы. Республикада ғылымды қажет ететін, техникалық күрделі өнімді өндіретін  сала дамымаған, химиялық өнеркәсіп  потенциалы, ауыл шаруашылық өнімнің  қайта өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.

    Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тежеуші факторларды жойып, қолайлы жағдай жасайтын факторларды  дамытуға ұмтылыс таныту қажет. Негізгі  жағдайлардың бірі - салық заңнамасын жетілдіру, себебі инвесторлар тұрақсыз заңнамалық база туралы айта отырып, салық Кодексін немесе кедендік реттеуді есепке алады. Менің ойымша, нарықтық экономиканы реттеуші ретінде, салық салу және кедендік салымдар жүйесін қолдану ұстанымы жағынан, нақты және тізбекті салық пен кедендік саясатты құрастыру қажетттілігі туындады.

    Қазақстанда атқарушы құрылымдардың пайдасыз звеноларын тізбектей қысқарту. Осыған байланысты, менің ойымша, инвестициялаудың жалпы  процесі мен онымен байланысты звенолардың  өзара іс - әрекет ету тізбесін құру қажет.

    Қазақстанның  әлемдік аренада рейтингі жоғарлауда. Республика Үкіметі оны күшейту  үшін іс - шаралар жасауы керек. Бюрократизмді  тудыратын барлық факторларды жоюға  қол жеткізу керек. Заңнамалардағы бұзушылықтар жойылуы тиіс.

    Перспективада, Үкіметке республика халқының әл - ауқатын  көтеру және экономиканың балансталған дамуына өз үлесін енгізуі үшін инвестициялық  климатты жақсарту, сала және аймақ  бойынша инвестициялық ағымды реттеу бойынша басталған жұмысты жалғастыруы  керек./32, 56-63 б/.

    Қазіргі таңда, Үкімет инвестициялар жөніндегі  Комитетке Қазақстанға шетел  инвестициясын тартудың біртекті стратегиясын құрастыруды тапсыруы  керек. Республикаға өз қорларын инвестициялауды көздейтін  жеке мемлекет пен компаниялардың мамандандырылған және технологиялық даму деңгейімен таңдалынған экономикалық басымдықтарды  байланыстыруы қажет. Осыған байланысты Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтары есебімен инвестор үшін тартымды аймақ  пен саланы анықтау үшін қосымша  зерттеулер жүргізу керек.

    Менің ойымша, экономика құрылымын рационалдау  мақсатында, тікелей шетел инвестицияларын  тарту үшін маңызды өндіріс пен  экономиканың басым секторларын  қалыптастыру және реттеу жүйесін әрқашан  жетілдіріп отыру қажет.

    Қазақстан экономикасы инвестицияны қажет  етуде. Терең инвестициялық дағдарыстан  шығу жолдарын іздестіру керек. Болжам айтушы экономистердің пікірінше, 1991 жылғы  деңгейге жету үшін ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4 пайыз болатын 7 - 8 жыл қажет. Бір уақытта оның материалдық - техникалық базасын жетілдіру, құрылымды қайтақұру  керек. Өткен жүйеден қалған мұра болып табылатындықтан, бұл мәселені капиталды қажет ететін құрылысты  жүзеге асыру негізінде шешу қажет.

    Қазіргі таңда, Қазақстан өндіріс пен  басқаруды ұйымдастыру әдістері, жаңа техника - технология негізінде  өз экономикасын кең ауқымда жөңдеу жұмыстары және ірі құрылымдық қайтақұруды  жүргізу үшін қажетті инвестициялық  қорларға ие емес. Қазақстанның бәсекеқабілетті  тауарларды өндірмеуі мәселені күрделендіре түсуде: көлік құрал-жабдық, трубалар, конструкторлық материалдар, т.с.с.

    Сөйтіп, шетел инвестицияларын тартудың негізгі стратегиялық және ағымдық  мақсаттарына келесілер жатады:

  1. экономиканы тұрақтандыру мен динамикалық дамуы үшін қажетті қосымша инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;
  2. ел экономикасына шетел инвесторлары сенімділігінің жоғарлауы;
  3. әлемдік экономикалық жүйеге қазақстандық экономиканың интеграциялау процесін күшейту, оның халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуы.

    Шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың жалпы стратегиясы келесі мәселелердің шешу жолдарын қамтамасыз ететін инвесторлар  қызметіне байланысты:

  1. мемлекеттің экспорттық потенциал тиімділігін көтеру және дамыту, оның шикізат бағыттылығын жеңу, елдің экспорттық экспансиясын күшейту және оның сыртқы нарықта ұстанатын ұстанымын тұрақтандыру;
  2. импорталмастырушы өндірісті дамыту;
  3. техника - технология, басқару және өткізу әдістері негізінде өндірістің ғылыми - техникалық деңгейін көтеру;
  4. өндірістік және өндірістік емес тұтынуға жоғары деңгейлі дайындыққа ие өнім шығарумен толық және аяқталған технологиялық циклдарды қалыптастыру;
  5. салық түсімдерінің жоғарлауы;
  6. арта қалған және экологиялық қолайсыз аймақтарды дамытуға көмек көрсету;
  7. жаңа жұмыс орындарын ашу.

    Бұл мақсаттардың жүзеге асырылуы инвестициялық  жобалардың басым бағыты мен аймақтың бөлінуін, көлемі мен жүзеге асыру  мерзімін қалыптастыруды талап етеді.

    Шетел инвестицияларын тартудың негізін  өзара бірін - бірі толықтыратын бірнеше  принцип құрайды. Ең алдымен, шетел  инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның  жобалық экономикалық принципі, займ мен несие алу бойынша тұжырымдары.

    Экономикалық  мақсаты тек сапалық деңгейде, келесілерді ескере отырып, анықталады:

  1. әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешу қажеттіліктері;
  2. инвестиция дефициті, ішкі резервтер мен мүмкіншіліктердің шектеулі болуы;
  3. уақытылы несие пайыздары мен инвестицияны өтеу мүмкіншілігі;
  4. шетел инвесторлары қатысуымен инвестициялық жобалардың тартымдылық шарты;
  5. экономика жағдайын өзгертуге ұсыныстардың жүзеге асырылуына әсері, әлемдік стандартқа нәтижелердің сәйкес болуы.

    Әлеуметтік - экономикалық тиімділік – кез - келген нысанда шетел инвестициясын  тарту шарты. Бұл принцип келесілерді  тұжырымдайды:

  1. шетел компаниясының қатысуымен жобалардың жоғары пайдалылық пен рентабельділігі, қарыз бен несиені, инвестицияны басқа формада беру шартының пайдалылығы. Бұл көрсеткіштер елдегі, әлемдік тәжірибеде донор болатын мемлекеттерде, ұқсас жобалар мен ұсыныстарда орташа көрсеткіштерді салыстыра отырып бағаланады;   
  2. жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың жұмысбастылық деңгейін жоғарлату.

    Экономикалық, экологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік  тәуелсіздік қауіпсіздігі принципі  келесі жобалар мен ұсыныстарды  жүзеге асыруға тиым салуы қажет:

  1. республиканың табиғи ресурстарын заңсыз пайдалану;
  2. қоршаған ортаны ластау;
  3. ел сыртына капиталды заңсыз шығару;
  4. әлемдік деңгейге сәйкес келмейтін ескі технологияны қолдану;
  5. өндірістің шикізатбағыттылығын сақтай отырып, экономиканың қайта құрылған құрылымын күшейту;
  6. әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігін төмендету;
  7. бәсекеге қарсы әрекеттермен нарықтан отандық тауар өндірушілерді шығару;
  8. өзара табысты достық елдермен, әсіресе, ТМД елдерімен бұрыннан қалыптасқан байланысты жою, келісімге зиян келтіру, үшінші мемлекетке қарсы бағытталу;
  9. жемқорлықтың күшеюі, жергілікті қызметкерлерді, лауазым тұлға иелеріне жобаны итермелеу мақсатында пара беру.

    Берілген  принциптер ұлттық ресурстардың жеке түрлеріне шетел капиталының  кіруін шектеуді мақсат етеді, егер ол перпективада мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығына, елдің  территориялық тұтастығына, саяси  еркіндігіне зиян келтіретін болса. Сонымен қатар, мемлекеттің ЖҰӨ - де шетел капиталының үлесі 25 пайыздан артық болмауы тиіс.

    Шетел инвестицияларын тартудың маңызды  принципі - келісімнің өзара пайда  әкелуі. Бірде - бір кәсіпкер, мемлекет немесе фирма пайдасыз келісім жасамайды. Біздің мақсатымыз - олардың мүмкіндіктерін сенімді қорғай отырып, өз мүдделерімізді қанағаттандыру.

    Шетел инвестицияларын экономиканың басым  салаларына салу принципінің мәні - мемлекетте жүргізіліп отырған құрылымдық және инвестициялық саясатқа сәйкес шетел инвестицияларын басым  объектілерге бағыттау. Бұл бір жағынан, ресурстардың шектеулі болуымен, екіншіден, экономикалық өсуді қамтамасыз ету  үшін оларды рационалды қолдану қажеттлігінен  туындайды. Ішкі инвестициялық ресурстарды  басым объектілерді дамытуға, ал шетелдік ресурстарды екінші ретті мақсатта қолдану дұрыс емес. Бұл принциптің екінші жағы, мемлекет экономика, әлемдік  жүйедегі алатын орны сияқты белгілерге сүйене отырып, нақты бір ел, оның компаниялары мен фирмаларының инвестицияларын  тарту керек.  

    Біздің  мемлекетімізде әр мемлекеттің мүдделері  әр түрлі. Біз үшін барлығы тиімді немесе тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан  біз “берсе ал, ұсынса келіс” принципі бойынша кез - келген мемлекеттің, компаниялардың ұсыныстарымен келісе отырып, несиелерді ала бермеуіміз керек.

    Экномикасы  динамикалық және тұрақты дамып  отырған, ірі технологиялық жетістіктері бар, серіктес ретінде жоғары сенімділік деңгейіне ие және мемлекет егемендігіне зиян келтіретін, нақты саяси мақсаттар  мен этникалық және территориялық  мақсаттары жоқ елдердің инвестицияларына назар аударған жөн. Мұндай мемлекеттер  қатарына Германия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Францияны жатқызуға болады./35, 56-73 б/.

    Жоғары  принциптерден кем түспейтін  – мемлекет үшін минималды коммерциялық тәуекел принципі. Бұл принцип  келісім жүргізуші біздің отандық  кәсіпорындарды, оның қаржылық жағдайы, әлемдік нарықта және өз елінің экономикасында алатын орны, серіктес ретіндегі сенімділік сияқты көрсеткіштер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жолы арқылы жүзеге асырылады.

    Шетел инвестицияларын тартудың әлемдік  тәжірибесінің маңызы өте зор. Әр мемлекет өзіндік ерекшеліктерге ие: экономикалық, технологиялық, қаржылық, табиғи ресурстар потенциалы.

    Сондықтан ол серіктес келісім бермейтін шарттар  ұсынуы мүмкін. Шетел инвестицияларын  тарту бойынша халықаралық келісім  негізінде, мемлекеттің арнайы шарттары қарастырылған. Жалпы нормаларды, әлемдік  тәжірибені объективті талдау және бағалау  жатады.

    Әлемдік тәжірибе – шетел инвестицияларын  тартуға бағыттайтын инвестициялық  саясаттың жүзеге асырылуының күрделі  мәселелерін шешу үшін сенімді бағыт - бағдар.

    Республика  экономикалық шетел инвестицияларына қажетттілігі өтпелі кезең ерекшеліктерімен түсіндірілетін, қазіргі тұрақсыз жағдайы  мен капитал салымдарының ішкі ресурстарының  шектеулі болуында айтарлықтай жоғары. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін инвестицияның қажет болуына  қарамастан, шетел инвестицияларын  тарту экономика өсуінің факторы  ретінде жағымды мәнге ие болғанымен, жалпы мемлекет және жеке аймақ үшін жағымсыз нәтиже әкелуі мүмкін.

    Біріншіден, инвестицияны өтеу үшін республикада өндірілетін өніммен, ең алдымен, мұнай, металл, сонымен қатар, қарызды жабу шотына валютамен есеп айырысады. Осылардың  барлығы ел экономикасына көлемді  сыртқы қарыз ретінде ауыртпалық түсіреді. Шынында да, егер шетел  инвестициялары ішкі салымға қарағанда, үлкен табыс әкелетін болса, жаңа қарыздарды жабу мүмкіндігін бере отырып, өндірістің жедел дамуына  септігін тигізеді. Бірақ көптеген зерттеушілердің  пікірінше, тәжірибе көрінісі керісінше.

    Екіншіден, инвестицияда шетел капиталы үлесінің жоғарлылығы, яғни жалпы ұлттық өнімде жоғары болуы экономикалық түрде  қауіпті, себебі ол республика егемендігіне зиян келтіруі мүмкін.

    Шетел капиталы көлеміне мемлекеттің экономикалық тәуелді болуы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан шетел инвестицияларының  көлемі және оларды тарту шарттары мемлекет, қоғам бақылауында болуы  керек.

    Осындай жағдайды бастан кешірген әлем елдерінің  тәжірибесін ескере отырып, шетел  инвестицияларының көлемі, бір жағынан, жан басына шаққанда 200 - 300 АҚШ долл. есебінен анықталса, екінші жағынан, ЖҰӨ - нің 15 - 20 пайызынан жоғары болуы  керек. Сөйтіп, Қазақстандағы шетел  инвестицияларының көлемі жылына 400 - 500 млн. АҚШ долл., ЖІӨ - нің 14 -17 пайызын  құрауы тиіс.

    Шетел инвестициясын қолдау стратегиясы  Қазақстанның құрылымдық реформалары  мен инвестициялық саясаттың  басымдықтарымен тығыз байланыста болуы шарт.

Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары