Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:18, реферат

Описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 43.28 Кб (Скачать документ)

    Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден, ұлттандырудан  сақтандыратын компания және ол үшін қажетті сақтандыру қорына ие. Мысалы, Өзбекстанда осындай  әлемдік компания құрылған. Оның сақтандыру қоры 100 млн. АҚШ долл., ал “Казахинстрах” мемлекеттік компаниясының жарғылық қоры 1 млн. АҚШ долл. құрайды. Бұл  жағдай тәуекелдерді шетелде қайта  сақтандыру қажеттілігін көрсете отырып, Қазақстаннан сақтандыру алымдарының  сыртқа кету мүмкіншілігінің айқын  көрінісі болуда.

    Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел  капиталын тартуды ынталандыру  үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану  қажет. Соңғысына шетел капиталының  қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік  қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның  басқа да эмитенттерін құру қажет.

    Салықтық  жеңілдіктер мен ұмтылыстар кең  ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды беру бойынша операцияларды қосымша  құн салығынан босату ынталандырушы  рөлге ие. Инвестициялық банктер  мен несиелік мекемелерден түскен шетел  валютасындағы несиелер сомасы бұл  жағдайда қосымша құн салығынан  босатылуы тиіс.

    Табыс салығынан бас тарту мақсатында, “салықтық демалыстар” кезеңінде  құрылатын заңсыз бірлескен кәсіпорындардың  құрылуына жол бермеу үшін, салық  Кодексіне арнайы толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның салықты  төлеуден босатылу кезеңінде, жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің барлық кезеңінде  алынған пайдасына салық төлеуге  міндетті.

    Салықтық  және қаржылық - несиелік жеңілдіктерді  беру, автоматты түрде емес, дифференциалды түрде, яғни жүзеге асырылатын жобаның  мемлекеттік маңыздылығына, кәсіпорынның жарғылық қорындағы қатысу үлесіне, капитал салымы саласына, оның айналымы жылдамдығына байланысты жүзеге асырылуы тиіс.

    Шетел компанияларында өндірістік қызметпен  айналысуға және өз табыстарын қайта  инвестициялауға рұқсат беретін  ережелерді жеңілдету керек. Бұл  саладағы маңызды шара инвестор мен  инвестициялар жөніндегі Комитет  арасында жасалатын келісім шарт болып табылады. Барлық жеңілдіктер  мен преференциялар осы келісімде  толық және нақты көрсетілген. Келісім  жасаудың бекітілген ережесі инвесторларды  көптеген бюрократиялық процедуралардан  босатады. Сонымен қатар, шетел компанияларының  табыстарын қайта инвестициялау  бойынша ұмтылысты күшейту керек.

    Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші  шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік  инвестициялардың валюталық айырбас  принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел  инветорларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті  бағалы қағаздар нарығын дамыту керек.

    Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:

  1. инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау туралы келісім шарттар жасауға қызығушылық танытқан мемлекеттермен байланысты жалғастыру;
  2. “Кепілдік туралы”, “Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы” заң жобаларын, шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік нысандарды қолдану механизмі бойынша ұсыныстарды қарастырып құру;
  3. Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарында инвестициялық ахуал  мониторингі жүйесін қалыптастыру.

    Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік  саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау үшін инвестициялар  жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді  құру қажет:

  1. жобалық қаржыландыру және кеңес берушілік көмек көрсету орталығы. Оның мақсаты алдын - ала инвестициялық зерттеулер, жобаларға сараптама жасау, кеңес берушілік - техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруда қызметтің бағытын анықтау;
  2. шетел капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу және шетел фирмалары мен компанияларын аккредитациялау үшін тіркеу палатасын құру;
  3. нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық база, салықтық жүйе, инвестициялық саясат бойынша мәліметтер банкін құру және бұл мәліметтермен потенциалды шетел инвесторларын қамтамасыз ету мақсатында, шетел капиталы бойынша ақпараттық орталық құру.

    Жоғарыда  айтылған шаралар, мемлекеттің шетел  капиталын тарту саласындағы  саясатын жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста болуына  көмек береді./34, 23 б/.

    Шетел капиталын тарту саясаты Қазқстан дамуының жалпы экономикалық стратегиясынан бет алады. Бұл стратегияда ұзақ мерзімді перспективадағы құрылымдық қайтақұрудың басым жақтары айқындалған. Шетел капиталы экономиканың басым салаларында жеке секторлардың дамуында маңызды орынға ие болуы қажет, болашақта жағымсыз процестердің болуына жол бермеуі тиіс. 
 

    Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының  перспективалары мен болжамдары 

    Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне қазақстандық кәсіпкерлер -  қатысушыларының кәсіпорынды  басқару деңгейінен айрылуын жатқызуға  болады. Табыстың маңызды бөлігі шетелдік инвестор меншігіне айналып,  ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру, олардың  қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі туындап отыр.

    Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық мәнге  ие емес салаларда (жеңіл және тамақ  өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық  қызмет көрсету) шетел капиталына жататын  шағын және орта кәсіпорындарды құруға бет - бұрыс берілуі керек.

    Шетелдік  саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен  анықталады. Шетел капиталын тарту  саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін  маңызды көлемде көтеруге қол  ұшын беру қажеттілігінен туындайды.

    Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел  капиталын тарту үшін қажетті  құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында  “Шетел инвестициялары туралы” Заң  қабылданған. “Шетел инвестицияларын  тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының  тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен  келісім жасауда жеңілдіктер  мен преференциялар жүйесі және оны  беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын  тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың  негізгі мақсаты - маңызды өндіріс  пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының  шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық  белсенділікті көтеру мәселесін  шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар  ағымына қолайлы жағдай жасау.

      Шетел инвестициялары ағымын ынталандыру  бойынша жүргізіліп отырған іс - шаралар арқасында капитал салымы көрсеткіштері жоғарлауда. Бұл инвестициялық  ахуалдың жақсаруын, іскерлік белсенділіктің жоғарлауын,  біздің елімізге шетелдік және отандық инвесторлар жағынан  сенімділіктің өсуін дәлелдейді. Жағдайды жақсартуда инвестициялар  жөніндегі Комитеттің құрылуының маңызы өте зор. Сонымен бірге, Қазақстанға  шетел капиталын тарту көлемі республика экономикасында ірі құрылымдық қайтақұруларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз, олардың қолданылу бағыты мен тиімділігі қоғамдық мүддеге сәйкес келмейді. 

Фактор  атауы Балл саны  Фактор категориясы
Саяси тұрақтылық

Экономикалық  тұрақтылық

Заңнамалық  тұрақтылық

Табиғи  ресурстар байлығы

Перспективті нарықтық потенциал

Салықтық  жеңілдіктер

Еңбек ресурстарының төмен құны

Еңбек ресурстарының қажетті білім  деңгейі

31

14

6

31

27

3

19

14

1

4

5

1

2

6

3

4

 

Сурет 4. Әсер етуші позитивті факторлар.

        Сурет 4 қарасақ, Қазақстан Республикасының  инвесторлары үшін басты тартымдылық  - оның саяси тұрақтылығы, табиғи  және шикізат ресурстарының төмен  құны, экономикалық тұрақтылық және  жоғары сапалы еңбек ресурстарының  болуы. Қазақстан бұл салада  көп іс атқарғанымен, респонденттерді  елдің заңнамалары мен салық  жүйесіндегі жеңілдіктер қызықтырады.                                                                    

      Әсер  етуші негативті факторларды  бағалау бойынша сұраунаманың нәтижесін  сурет 5 қарастырайық. Барлық факторлар  үш категорияға бөлінген: тежеуші  күшті факторлар, орташа факторлар, әлсіз факторлар.  

Фактор  атауы Балл саны  Фактор категориясы
Дамымаған өндірістік инфрақұрылым

Дамымаған құқықтық инфрақұрылым

Дамымаған әлеуметтік инфрақұрылым

Салықтық  режим

Тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы

Бюрократизм

Нарық мамандарының жетіспеушілігі

Мемлекеттің геосаяси жағдайы

Ақпараттың  жоқтығы

Саяси тұрақсыздық

Мәдени  және тілдік тосқауылдар

18

26

11

33

30

32

13

3

3

2

1

2

1

2

1

1

1

2

3

3

3

3

 

    Сурет 3. Әсер етуші негативті факторларды  бағалау

    Сөйтіп, респонденттердің пікірінше, инвестициялық  процесті салық режимінің, бюрократизмнің әлсіздігі, тұрақты заңнамалық базаның  жоқтығы, дамымаған құқықтық инфрақұрылымның  болуы тежейді.

    Шетел инвесторы үшін басты тәуекелдердің  бірі – құқықтық тәртіпсіздік. Бұл  тұрақты заңнамалық режимнің қажеттілігін айқын көрсетеді. Соңғы кезде  меншікке, инвестициялық қызметке, салық салуға, пайдалы қазбаны  қолдануға қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін бірқатар жарлықтар қабылданған. Бірақ реформалық жарлықтардың өзі, шетел инвесторымен кең ауқымды қызметті қамтамасыз ету үшін жеткілікті құқықтық акт ретінде қабылданбайды. Шетел инвесторы үшін қабылдайтын мемлекетте заңның Президенттен жоғары болуы маңызды мәнге ие./36, 23-56 б/.

    Бізде заңның девальвациясы жүргізілуде. Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары туралы” Заңы шетел инвесторлары үшін ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық және шетел инвесторларының  қызмет шарттарын теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда отандық кәсіпкерлер  үшін протекционистік шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс елдерінің  заңнамаларына тән емес белгі.

    Бюрократизм, жемқорлық – шетел инвесторларының  келуін тежеуші фактор. Қазіргі таңда  көптеген құрылған алып бірлескен кәсіпорындар әрекетсіз, тек жаһан бизнеспен  – мұнай, газ, энергетикамен байланысты кәсіпорын ғана қызмет етуде. Экономикада  басты рөлге шағын және орта бизнес ие.

    Тікелей шетел инвестицияларының теориялық  пайдасының тәжірибеге сәйкес келмеуін келесі мысалдардан көруге болады: инвестор жергілікті жұмыс күшінің  орнына өз елінен оны импорттайды.

    Мемлекетке  жаңа технологияның тартылуы әлсіз. Көбінесе инвесторлар өндірістік ақпаратты  жаңартуға ынта танытпайды. “Ноу - хау” деңгейіндегі күрделі капитал салымдарының жоқтығы инвестициялардың қысқа  мерзімді сипатқа ие инвесторлар  мүддесін растайды.

    Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларын  тарту саласындағы жағдай статистика көрсеткіштеріне қарамастан, қолдаушылықты  қажет етеді. Екінші жағынан, бұл  жағдайды өзгерту үшін іс - шаралар  қолдануда.

    Қазіргі таңда тікелей шетел инвестицияларын  мұнай саласына тарту керек. Менің  ойымша, Мексиканың тәжірибесін кең  ауқымда қолдану керек: инвесторларды  игерілген кен орындарына емес, ізденіс  жүргізу орындарында өнімді бөлу әдісі бойынша кен орнын жөндеу құқығын беру арқылы тартты. Біздің республикамыздың мұнай - газ потенциалы әлі де игеруді қажет етеді. Ол үшін ірі капитал салымын талап  ететін кеңейтілген ізденіс жұмыстары  қажет.

Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары