Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:18, реферат

Описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 43.28 Кб (Скачать документ)

    Келесі  бір жайтты атап кеткен жөн. Шетел  инвесторының өз салымдарын салу саласы мемлекеттің көзқарасымен сәйкес болмауы  мүмкін. Мысалы, шетел инвесторы  мұнай - газ өңдеуді инвестициялау  мен экспорттық өндіріске үлкен  қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда  республика шетел инвестицияларын  капиталды қажет ететін сала мен  өндіріске тартуға мәжбүр.

    Болашақта жеке сектордың толық дамымауы есебінен шетел инвесторлары экономикаға  мемлекеттік сектор, қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз етілген үкіметтік және банктік кепілідемені алу жеңіл  және инвестициялық тәуекел деңгейі  төмен, “экспорттық бағытқа ие”  ірі кәсіпорындар арқылы ұмтылады. Қазіргі таңда мемлекет осы жолмен жүруге мәжбүр, әсіресе, тікелей шетел  инвестицияларын, концессиялық келісім  мен өнімді бөлу туралы келісімге  қатысты сұрақтар туындағанда.

    Нарықтық  экономиканы қалыптастыру, экономикалық бірлестіктің құқықтық базасының әрекет етуін жоғарлату, экономиканы өсіру  үшін үкімет жеке секторға, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерлікке шетел  инвестицияларын тартуда, өзінің кепілдемесімен, капиталды сақтандырумен, салықтық жеңілідіктермен тұрақты түрде  қолдап отырады. Көптеген зерттеушілердің  пікірінше, перспективада бұл шаралар  Қазақстан экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыты болуы тиіс. Сонымен бірге, инвестициялар  басым өндіріс пен салаларға  бағытталуы керек. Салалық басымдылыққа келесілер жатады:

  1. өндіріске инвестицияны ынталандырушы фактор болып табылатын өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым;
  2. жылу - энергетикалық кешен;
  3. металлургиялық кешен;
  4. мұнайхимиялық кешен және химиялық өнеркәсіптің жеке өндірістері;
  5. коммуникация және байланыс;
  6. агроөнеркәсіптік кешен, әсіресе, өңдеуші кәсіпорындар.  

      Жылу - энергетикалық кешен, металлургиялық  кешен мен мұнайхимиялық кешен  және химиялық өнеркәсіптің жеке  өндірістерінде дайын өнім шығаратын  объектілерге капитал салу қолдау  табады.

    Агроөнеркәсіптік  кешенде дайын өнім шығаратын  кәсіпорындарға, көлік пен байланыста мемлекеттің әлемдік қауымдастықпен байланысқан және оның сыртқы нарыққа  шығуына жол ашатын коммуникацияға салынатын инвестициялар артықшылыққа ие болады.

    Шетел инвестицияларын тарту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыруда, тәуелсіз мемлекеттердің саяси және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып, шетел  инвестицияларының табысты және тиімді нысандарын таңдап алу маңызды  мәнге ие.

    Әлемде  шетел инвестицияларын тартудың кең тараған нысаны -  концессия, бағалы қағаздардағы үкіметтік және жеке тікелей инвестициялар, займдар  мен несиелер, әлемдік жалға алу, еркін экономикалық аймақтар және басқалары.

    Табиғат ресурстарының иесі - мемлекет пен  шетел компаниясы арасында жасалатын  концессиялық келісімдер мәні – тәуелсіз мемлекеттің пайдалы қазбаларды игеруді дайындау және пайдалануда  өз құықтарын толық және жартылай беру. Олар қабылдайтын мемлекеттің  ұлттық егемендігіне зиян келтіретіндіктен, шетел инвестицияларының қазіргі  нысандары, дамушы мемлекеттер үшін дәстүрлі концессияға қарағанда, ол өте табысты және қауіпсіз./36, 56-76 б/.

    Әлемдік тәжірибе қабылдаушы мемлекет үшін инвестицияның  басқа нысандарымен салыстырғанда, тікелей шетел инвестицияларының  тиімді екенін көрсетеді:  

  1. инвестицияның кейбір нысандары қабылдайтын мемлекетке ескірген технологияны әкелу мүмкіндігіне тиым салады;
  2. тікелей инвестициялар тауар өндірісі мен қызметке, өндіріс пен басқаруға, маркетинг, ноу - хауға бағытталады;
  3. тікелей шетел инвестициялары мемлекеттің сыртқы қарызының болуымен байланысты емес;
  4. тікелей инвестициялар ұлттық экономиканың әлемдік дамыған халықаралық ғылыми - техникалық және экономикалық бірлестікке ықпалдасуына көмек береді.

    Тікелей шетел инвестицияларының барлық сфералар мен салаларда қолданылатын әмбебап нысаны - бірлескен кәсіпорындар. Қабылдаушы мемлекет табыстары өз өнім үлесінен, шетел серіктесінің пайдасына  роялти және салық салу үлесінен қалыптасады.

    Қабылдайтын мемлекеттің өнімдегі үлесі 50 пайыз. Әлемдік тәжірибедегі роялти көлемі 8 - 40 пайыз аралығында ауытқиды. Табыс  салығының мөлшері шетел инвестициялары туралы арнайы заңмен анықталады.

    Өңдеуші секторда қабылдайтын мемлекет қатысушының  басқа шарттарын қабылдауы мүмкін. Ол жеткілікті шикізат қорының шетел  компанияларымен игерілгеннен кейін, өз капиталын салуы мүмкін, қабылдайтын  мемлекеттің салымы ретінде, бар  өндірістік қуат, инфрақұрылым, әр түрлі  экологиялық көрсеткіштер алынады.

    Шетел компаниясы қабылдайтын мемлекетке болашақта акцияның бір бөлігін  несие ретінде төленетін роялти және салық есебінен беруі мүмкін, ал бірнеше келісім - шарттарда ақысыз акцияны беру қарастырылған. Жалпы  ақша ағымдары шетел компаниясы мен  қабылдаушы мемлекет арасында 25 - 75 пайыз  және 15 - 85 пайыз қатынастарында бөлінеді.

    Қазіргі таңда, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құру шетел инвесторларын тартудың бір нысаны.

    Бірлескен кәсіпорындар өңдеуші, мұнай өнеркәсібінде, халық тұтынуындағы тауарлар өндірісінде  кең таралуда. Шетелдік кәсіпорын  құру негізінен, өңдеуші өнеркәсіпте, ауыл шаруашылық шикізатын өңдеуде, құрылыс материалдары мен халық  тұтынуындағы тауарлар өндірісінде  жол ашылған.

    Қазіргі келісімдерде әр түрлі шетел инвестицияларының  шарттары кездеседі: концессиялық келісім, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім және өңдеуші сектордағы өнімді бөлу.

    Қазіргі концессиялық келісімдер басқа нысандар белгілерімен сәйкестендіріліп, Қазақстанға  Каспий теңізінде Батыс Қазақстанның, Қызылорда және басқа шалғай орналасқан аймақтарда көмірсулар мен химиялық шикізат орындарын, шельфтерді игеру  және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін.

    Өнімді  бөлу туралы келісімдер экспорттық салаларда, әсіресе, мұнай -газды игеру, мұнай  өңдеуші өнеркәсіпте, металлургияда  қолданылады.

    Техникалық  қызметтер туралы келісімдер, қазіргі  таңда, әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық мәнге ие темір жолдарды, республика территориясында мұнай  және газ құбырларын салу үшін қолдануы керек.

    Қазіргі кезде, Қазақстанның алдында тұрған мақсаттардың бірі – еліміздің  әлемдік экономикалық қауымдастыққа  жедел енуі. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қажетті шарттаға ие: маңызды  шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, кадрлық  потенциал мен республикадағы тұрақты  қоғамдық - саяси жағдайдың болуы.

    Экономиканы қайтақұру мәселесі сыртқы экономикалық қызмет саласында айқын көрініс  тапты. Қазақстанның инвестициялық  саясатын жүзеге асыруға сыртқы экономикалық байланыстарының рөлі маңызды көлемде  өсуде, себебі сыртқы экономикалық байланыстар  шетел капиталын тарту есебінен, капитал салымдары үшін қосымша  қорларды ашудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың маңызды жолы.

    Еуропалық континентте Қазақстан үшін ерекше қызығушылыққа Еуропалық Одақ ие. “Үлкен жетілік” елдерімен екі  жақты байланыстар күшеюде: ең алдымен, Ұлыбритания және Германия. Азия бағытында  Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониямен өзара  экономикалық байланыстарға үлкен  назар аударылуда.

    Шетел инвестицияларын тартудың негізгі  басымдықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін салалар мен экспортқа  бағытталатын өндіріс – мұнай - газ  және мұнай - химиялық салалар, электр энергетика, металлургия, коммуникация және агроөнеркәсіп кешені, себебі Қазақстан бидай, жүн, мақтаның ірі  өндірушісі. Мұнай - газ саласында  мұнай және газды игеру мен  экспорттауды көтеру, сыртқы мұнай  құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға назар аудару керек./37, 23-30 б/.

Сөйтіп, шетел инвестициялары - дамыған тауарлық қатынастарға ұлттық шаруашылық субъектілердің бейімделу деңгейін ірі коммерциялық инвестициялау негізінде көтеруге қабілетті, әлемдік ғылыми - технологиялық жетістіктерді енгізудің маңызды жолы. Бұл мәселе Қазақстан үшін ішкі тауар -ақша өлшемдерін деформациялау жағдайында маңызды. Республикада жаңа өндірістік қуаттарды жедел құру үшін тікелей өндірістік капиталдың импорты қажет.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.
  2. www.kz.all.biz
  3. www.kazinvest.kz

Информация о работе Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары