Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 12:02, курсовая работа
Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.................
Жоспар:
Кіріспе.......................
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері.........................
1.2. Валюталық нарықтар......................
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу........................
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат........................
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу........................
2.3. Валюталық реттеу........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталвқ түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.
Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.
Институционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.
Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.
Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Валюталардың баға белгiленiмi айырбас үшiн ұсынылған екi ақша бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер етпейдi, өйткенi валюта бағанының мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Бұл курстық жұмыстың өзіндік ерекшелігі – валюталық бағамның қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлімен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады. Сонымен қатар валюталық бағам жүйесін тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оларды тарихи даму тұрғысынан да сипаттап көрсеттім.
Мен бұл курстық жұмыста валюталық бағам жүйесін тек теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай – ақ оладың практикалық жақтарын да қамтып жаздым.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен екі бөлімнен және кіріспе, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде, валюталық бағам түсінігі және бағам жүйесінің тарихи тұрғыдан дамуы, валюталық бағам, оның экономикаға әсері туралы айтылады. Сонымен қатар онда валюталық нарықтар түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімде, ҚР – дағы валюталық бағам қызметтін ұйымдастыру және реттеу механизімі, Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы айтылады.
I.Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi.
Валюталық бағам – бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.
Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.
Валюталық бағамға әсер ететiн факторлар: кез келген баға сияқты валюталық баған да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы әр түрлi факторларға тәуелдi:
инфляция қарқыны
төлем байланысының жағдайы
Төлем балансы- елдiң дүниежүзiлiк байланысының құндық көрiнiсi.
Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағанының өсуiне мүмкiндiк бередi, өйткенi ұлттық валютаға шетелдiк борышкерлер жанынан жанынан сұраныс көбейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валютабағанының төмендеуiн туғызады. Себебi борышкерлер өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн ұлттық валютаны шетелдiк валютаға сатады (импорт көп болады).
Төлем балансының тұрақсыздығы сәйкес валютаға сұраныс пен ұсыныстың секiрмелi өзгеруiне әкелiп соғады. Қазiргi уақытта төлем балансына капиталдың халықаралық қозғалысының әсерi өсiп отырғандықтан, оның әсерi валюталық бағанға да өседi.
әртүрлi елдердегi проценттiк ставка айырмашылығы. Бұл факторлардың валюталық бағанға әсерi екi негiзгi себеппен түсiндiрiледi:
проценттiк ставканың өзгеруi капиталдың халықаралық қозғалысына әсер етедi. Процентiк ставканың жоғарылауы шетелдiк капиталдың ағуын ынталандырады. Ал оның төмендеуi капиталдың сыртқа ағылуына дем бередi.
проценттiк ставкалар валюталық нарық және қарыз каппиталы нарығының операцияларына әсер етедi.
валюталық нарық және спекулятивтiк валюталық операциялар қызметi. Егер қандай да бiр валбта бағаны төмендей бастаса, онда фирмалар және банктер осы валютаны алдын-ала тұрақты валютаға айырбастайды. Ал бұл әрекет әлсiреген валюталық позициясын нашарлатады. Валюталық нарыққа экономикадағы және саясаттағы өзгерiстер курсының ара-қатынас тұрақсыздығы тез әсерiн тигiзедi.
Белгiлi бiр валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуларда қолдану дәрежесi. Мысалы, евробондар операцияларының 60-70%-н АҚШ доллары арқылы жүзеге асырылады. Бл осы валютаға сұраныс пен ұсынысты масштабын анықтайды.
Қазiргi уақытта АҚШ доллар үлесiне халықаралық төлемдердiң 55%-тен жоғары бөлiгi тиедi.Мұнай үшiн есеп айырусыдың 86-90%, сыртқы қарыздың 70% тиiстi.
Сондықтан Мұнайға бағаның өсуi мемлекеттердiң қарыздары бойынша төлемдердiң өсуi доллардың сатып алу қабылетi төмендеген кезде де, оның курсының өсуiне мүмкiндiк туғызады.
Валюталардың бағамдық ара-қатынасына, сонымен қатар халықаралық төлемдердiң тездетiлуi немесе тұрып қалуы әсер етедi. Ұлттық валюта бағаны төмендеп кетуi мүмкiн деген оймен импортерлар контрагенттерге шетел валютадағы төлемдi тездетедi. Шетел валютасының бағаны жоғарлап кеткен жағдайда импортер зиян шегуi мүмкiн.
Ұлттық валюта тұрақталған жағдайда керiсiнше шетел валютадағы төлемдердi кiдiртуге ұмтылады.Мұндай тәжiрибе “лидз энд лэгз деп аталады” және валюта бағамына төлем балансына әсер етедi.
Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықта валютаға деген сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономикалық және саяси жағдайларға, сонымен қатар валюттық бағамға әсер ететiн жоғарыда аталып өткен факторларға байланысты. Дилерлер экономикалық өсу қарқынын инфляцияның, валютаның сатыпи алу қабiлетiн валюталарға сұраныс пен ұсыныс арақатынасын ескерiп қана қоймай, олардың қозғалу келешегiн де ескертедi. Кейбiр жағдайда сауда нәтижелерiнiң жариялануын күтуде валюталардың сұранысына, ұсынысына және бағамына әсер етедi.
Валюттық саясат. Валюттық бағамды нарықтық және мемлекеттiк реттеу ара-қатынасы оның динамикасына әсер етедi. Валюттық нарықтық валютаға сұраныс пен ұсыныс механизмi арқылы валюттық бағамның қалыптасуы әдетте курстың ара-қатынасының тез өзгеруiмен қабаттаса жүредi.
Нарықта нақты валюталық бағам қалыптасады. Ол экономикалық жағдайының, ақша айналысының, қаржының, несиенiң және белгiлi бiр валютаға сенiм дәрежесiнiң көрсеткiшi. Валюттық бағамды мемлекеттiк реттеу валюта-экономикалық саясат мiндеттерiне сүене отырып, оны жоғарылатуға және төмендеуге бағытталған. Осы мақсатпен валюталық саясат жүргiзiледi.
Осылайша валюталық бағамның қалыптасуы ұлттық және дүниежүзiлiк экономиканың және саясаттық өзара байланысына негiзделген күрделi көп факторлы процесс.
Валюта бағамы-бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа елдiң ақша бiрлiгiмен салыстырғандағы құны ретiнде анықталады. Валюта бағамы 2 негiзгi түрге бөлiнедi: бекiтiлгенкесiмдi және қалқымлы бекiтiлген бағам негiзiнде валюталық паритет жатыр, яғни, әртүрлi елдердiң ақша бiрлiктерiнiң ресми белгiленген қарым-қатынасы. Қалқымалы валюта курсы валютаға нарықтық сұраныс пен ұсынысқа тәуелдi және көлемiне қарай едәуiр, айтарлықтай ауытқи алады.
Валюта бағамы дегенiмiз-екi валюта арасындағы айырбастық ара-қатынас, мысалы, 1 долларға 100лена немесе 1 доллар үшiн 155 теңге.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда 5 түрлi валюталық бағам жүйелерi бар: еркiн (таза) қалқу; бекiтiлген бағамдар; мақсатты аймақтар; гибридтi (аралас) валюталық бағам жүйесi.
Еркiн қалқу жуйесiндегi валюта бағамы нарықтық ұсыныс пен сұраныстың әсерiнен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстiк нарық нағыз нарық моделiне жақындатылған: қатысушылардың көлемi сұраныс жағында да үлкен жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және тұрақты емес.
Басқарылатын қалқу жүесiнде валюта бағамына сұраныс пен ұсыныстан басқа, орталық банктер де үлкен әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.
Бекiтiлген бағамдар жүесiне Бреттон-Вудтiк валюта жүйесi (1944-1971ж.ж) мысал бола алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу шегi +/-1%-пен бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар.
Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген валюттық курстар идеясын дамытады.Одан басқа бұл түрге Европа валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.
Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн қалқуын iске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.