Система валютного рынка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 12:02, курсовая работа

Описание

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер.................

Работа состоит из  1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать документ)

Аталған айырбас ағамы режимiнiң әр қайсысының артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Сондықтан оларды мiндеттi түрде қарастыру керек.

Тұрақты бағам режимiнiң төмендегiдей артықшылықтары бар:

-сандық тұрғыда анықталғандығы ;

-валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенiмдiлiктi күшейтедi.

-соңғы артықшылық несие беру мен үкiметтiк шығындарды бақылау қажеттiлiгiнен туындаған. Сонымен бiрге тұрақты бағам режимiнiң артықшылығы инфляциянытежеп тұруда айқын көрiнiс тапты. Валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенiм, еңбек нарығы мен қаржылық нарықтарда болуы мүмкiн инфляциялық процестердi жеңiлдетедi. Бiрақ бұл режимнiң төмендегiдей кемшiлiктерi бар.

Ел белгiлi бiр экономикалық оқыс жағдайларға тап болғанда, оған қарсы тұруға қабiлетсiз болады. Оның бiрден бiр себебi экспорттық нарықтарды жоғарылатуы және тұрақты бағамды демейтiн валюталық резервтердiң жеткiлiксiздiгi.

Бұндай құбылыс iшкi бағалардың күрт төмендеуiн туындатады. Ал бұл төмендеу өз ретiнде өндiрiстiң тоқырауы мен жұмыссыздар тобының күн санап өсуiнiң алғы шарты болып келедi. Осыдан тұрақты баға режимiн белгiлеу кезiнде валюта санын нақтылауға қатысты проблема туындайды. Белгiлi бiр елде валюта белгiлi бағамын белгiлеу төмендегiдей сипатталады:

А.Барлық қаржылық нарықтардағы компаниялардың түсiнуi үшiн бұл саясат өте қолайлы;

Ә. Бағамдарды үкiметтiк реттеу мүмкiндiгi елеулi қысқарады;

Б. Саудадағы айырбас бағамының теуiлдiлiгi қысқарады, өйткенi валюта бiрлiгi бағамын белгiлеу iрi сауда секiктесi үшiн ыңғаылы болады;

В. Валюта бiрлiгi бағамының өзгерiсi айналымдағы барлық валюталарға қатысты iшкi валюта бағамының өзгеруiне әсер етедi.

Бұл саясатпен салыстырғанда,валюталар кәрзенкесiн белгiлеуге байланысты тұрақты бағам саясаты төмендегi параметрлермен сипаталады:

А. Шетелдiк инвесторлар бұл саясатты ауыр қабылдайды, өйткенi олардың пiкiрiнше, валюталар кәрзенкесiнiң кеңiнен танымал болмауына байланысты билеушi органдар валютарларды реттейдi. Мұндай жағдайларда шетелдiк серiктестер девальвацаның мүмкiндiгiн айқындайды;

Б. Бұл саясат бiр ғана валюта құнының көтерiлу тәуекелдiлiгiн жояды.

Тиiсiнше, ол елдiң барлық сауда серiктестерiмен болатын келiсiмдердi реттеу iсiнде өте қолайлы. Бiрақ валюта құнының жоғарылауы экспорттың азаюына, импорттың өсуiне әкелiп соғады, соның салдарынан елдiң төлем балансы нашарлайды.

Валюталық интервенция. Валюталық бағамдарды реттеу әдiстерiнiң бiрi-ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында валюталық бағамның қызмет етуiне Орталық банктiң араласуын талап ететiн операциялар.

Бұл жағдайда, егер валюталық нарықта шетел валютасының ұсынысы көп болса, онда орталық банктер оны сатып алады да қайта салады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты теңестiредi және шетел валютасы бағамының өзгеруiн шектейдi. Валюталық саясаттың бұл формасы бiр елдiң орталық банксi немесе бiрнеше мемлекеттердiң банктерiмен жүргiзiледi. Мысал ретiнде, Европалық валюталық жүйенi алуға болады. Европалық жүйенiң орталық банктерi валюталық интервенция көмегiмен өз валюталарының бағамын тұрақты шектер көлемiнде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезiнде валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегi берiлген валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердiң көбiсi банкаралық нарықтардағы немесе диллер, брокер арқылы валюталық интервенция ретiнде анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасыран болып, операциялардың құпиялылығын ескеруi тиiс. Валюталық интервенцияны қолданудың белгiлi шектеулерi бар. Яғни ол ресми валюталық резервтердi туындатады. Тиiсiнше валюталық резервтердiң көмегiнiң жеткiлiксiздiгi жағдайында көптеген мемлекеттер валюталық шектеулердi қолдану iсiне ден қояды.

Валюталық шектеулерзаңды немесе әкiмшiлiк ретiмен мемлекет тарапынан белгiленген шаралар мен ережелер. Оны қолданудың шарты-сыртқы төлемдерiмен түсiмдердi теңестiру мақсатындағы төлем балансының созылмалы iрi тапшылығы болып табылады. Ресми бағам бойынша, экспорттық түсiмнiң орталық банкке берiлетiн сату талаптарының 100 процентiнiң белгiлi бiр шектерiне дейiнгi валюталық шектеулердiң түрлерi өте көп

Валюталар девальвациясы мен револьвациясы. Көптеген елдер сыртқы дүние мен халықаралық экономикалық қатынастарын дамыта отырып, әр түрлi елдерде инфляцияның әр түрлi дәрежесiмен кезiгедi. Бұл жағдайда, егер тұрақты валюталар бағамының режимi қолданылса, онда орталық банктер өздерiнiң ұлттық валюталарының ресми бағамын қайта қарау қажеттiлiгiн сезiнедi. Өйткенi, шынайы нақты бағамдар ресми бағамнан ауытқиды. Валюта бағамының құнсыздануы нақты түрде ұлғаятыны белгiлi. Ал, жылдам қарқынмен инфляцияға ұшырайтын валюталар күрт төмендейдi. Осындай жағдайда валюталық бағамға қатысты операцияларға түзету жүргiзу немесе девольвациямен револьвация қажеттiлiгi туындайды. Девальвация-бұл ұлттық валюта бағамын ресми түрде төмендету операциясы. Ал, ұлттық валюта бiрлiгiнiң бағамын шетел валютасына немесе есеп айырысу бiрлiгiне қатысты көтеру-ревальвация деп аталады.

Әлемнiң өзгермелi валюталық режимге өтуi салдарынан ревальвация сипатында өзгерiстер болды, ұлттық шеңберде жүргiзiлетiн бұп процесс аймақтық сипаттық шараға айналды.

 

1.3. Валюталық реттеу

2-шi бап. Валюталық реттеу органдары

1. ҚР-ның Ұлттық Банкi ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-сындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады.

2. ҚР-сының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар ҚР-ның заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.

3- бап. Валюталық операциялар жүргiзуге қойылатын шектеулер.

1.               Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттерде ҚР-ның президентi кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы.

2.               ҚР-ның Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлеуге құқылы.

4-бап Шетел валютасына байланысты қызметтi лицензиялау.

1.        Шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзудi лицензиялауды ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкi жүзеге асырады.

2.        ҚР-ның Ұлттық Банкi бөлшек салданы және қолма-қол шетел валютасы үшiн қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметтi, ҚР-ндағы валюта түрiндегi есеп шоттарымен қоса, олар тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар  шетел банктерi мен шетел қаржы институттарында резиденттердiң ашқан есеп-шоттарын, сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтiун көздейтiн капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.

Төлем балансы – бұл елдiң, белгiлi бiр үақыт iшiнде шетелге шығарғандарынан түскен түсiмдерi мен сырттан әкелiнген  мен сырттан әкелiнген тауарлары мен қызметтерi үшiн төленген төлемдер арасындағы шектi қатынасты бiлдiредi.

Елiмiздегi  төлем балансы келесiдей бөлiмдердi қамтиды:

А. Ағымдағы шот.

В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.

С. Қателер мен қалып қойғандар.

Д. Жалпы баланс.

Е. Қаржыландыру.

Ағымдағы шотта мыналар көрсетiледi:

1)   Сауда балансы

      экспорт

      импорт

2)   Таза қызметтер:

      жүк тасымалдау;

      адамдар тасымалдау;

      байланыс қызметi;

      басқа да.

3)   Табыстар

      заемдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендiру);

      резервтер бойынша сыйақы (мүдделендiру);

      басқа да.

4)   Ағымдағы трансферттер;

5)   Гуманитарлық көмектер;

6)   Техникалық көмектер;

7)   Гранттар.

Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында төмендегiлер көрсетiледi:

1)   тiкелей инвестициялар;

2)   портфельдiк инвестициялар;

3)   мигранттардың транеферттерi (кетуi және келуi);

4)   сауда (коммерциялық) несиелер;

5)   заемдар;

6)   Басқа да инвестициялар (депозиттер, валюта және т.б.)

Қателiктер мен қалып қойғандар шотындаресми түрде резидент еместермен ескерiлмей қалғандарды, оған қоса “көлеңкелi бизнестi” есепке алады.

Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердiң қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерiнiң қозғалысын құрайды.

Жалпы төлем балансы әрдайым теңесiп отырылады, яғни оның активтiк және пассивтiк операциялары бiрiңғай шаманы құрады.

Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:

1)   Қазақстан Ұлттық банкiнiң резервтiк активтерi;

2)   Монетарлы алтын;

3)   Шетел валютасы;

4)   ХКБ несиелерi.

Төлем балансының басты ерекшелiгi, мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзiмi iшiндегi өзгерiсi ғана көрсетiлiп, босалқы бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы, ағымдағы операциялар шотында өң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердiң экспортын, табыстар мен трансферттердiң түсiмiн бiлдiрсе, ал терiс қалдықтың түзiлуi тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердiң болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткiш сол елдiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелерiнiң өсуiн жiне резервтер жағынан резидент еместерге деген талаптарлың қысқаруын сипаттаса; ал терiс шама елдiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелердiң қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптарлың өсуiн сипаттайды.

Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата бiлу қажет.

Есеп айырысу балансы елдiң шетелге қатысты талаптары мен мiндеттемелерiн бiлдiредi. Мұндай талаптар мен мiндеттемелерге мемлекеттiк (алтын-валюта және басқа да) және жеке активтер, тiкелей инвестициялар, алынған және берiлген несиелер, қаржы және қаржы еместер корпорациялардың мiндеттемелерi жатады. Төлем балансынан бiр айырмашылығы есеп айырысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен мiндеттемелер қамтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген.

    Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.

    Валюталардың баға белгiленiмi айырбас үшiн ұсынылған екi ақша бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағанының  мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.

    Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында ең бастысы банктiк және несиелiк айналыс құралдары-телеграфтық және пошталық аударымдар, гектер,тратталартүрiнде болады.Әр түрлi елдердiң валюталарының салыстырылуы олардың өндiрiс және айырбас процесiнде қалыптасатын объективтi құндық қатынастарына  негiзделедi.

    Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргiзудiң негiзiнде халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетiлген қызметтер мен капиталдар мен несиелердiң халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негiзiнде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргiзiлетiн ресми орталықтарды бiлдiредi. Валюталық операциялардың көлемiне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлiнедi.

   Валюталық нарықтардың қатысушыларын екi басты топқа бөледi:пассивтi, валюталық операцияларды жүргiзу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлiк фирмалардан баға белгiленiмiн белгiсi келетiндер, активтi баға белгiленiмiн сұрағандар үшiн банктерге бағаны қоюшылар.

   Сауда-өнеркәсiптiк клиенттер үшiн валюталар баға белгiлеу кросс-бағам негiзiнде бекiтiледi, ол екi валютаның өзара қатынасының үшiншi валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

   Мемлекеттiң валюта бағамына әсер ету шаралары валюталық интервенция, диконттық саясат және протекционеттiк шаралар болып табылады.

   Әсер етудiң ең тиiмдi әдiсi-валюталық интервенция. Орталық банктердiң әлемнiң жүргiзушi валюталарына қарсы валюта нарықтарында ұлттық валютаны сатып алу-сату операциялары.

   Валюта бағамымен манипуляция жасау  елдiң сыртқы сауда операцияларына айтарлықтай  әсер етедi. Ұлттық валютаның төмендетiлген бағамы экспортерлерге тиiмдi, ал жоғарылатылған бағам импортты арзандатады.

   Қ.Р Ұлттық Банкi валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы. Қ Р Үкiметi және басқа да мемлекеттiк органдар ҚР заңдарына сәйкес валюталық реттеудi жүзеге асыра алады.

Информация о работе Система валютного рынка