Система валютного рынка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 12:02, курсовая работа

Описание

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер.................

Работа состоит из  1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать документ)

3-кезең. 1996-1998 ж.ж. Әлеуметтiк- экономикалық жағдайға жүргiзiлген талдау көрсеткендей, ел экономикасының барлық салаларында реформалар процесiнiң әлi де жүргiзiлгендiгi анықталған. Республикадағы мұнай –газ кешенiнде ТМД-дегi ең iрi инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Шетелдiк инвесторлар үшiн салық салудың ұлттық режимi белгiленген, сонымен бiрге, осы қолайлы режимдi қамтамасыз ететiн бiрқатар заңдар қабылданды. Осы кезеңнiң мынадай ерекшелiктерiн атап өтуге болады.    

        Ұлттық валютаның тұрақтануы;

        Болжамдалған инфляция мен жұмыссыздық;

        Отандық банктiк жүйенiң құрылуы;

        Шетелдiк банктердiң қызметi;

        Қаржылық нарықтың, соның iшiнде бағалы қағаздар нарығының дамуы.

      Валютаның айырбас бағамы сияқты – валюталарды сатып алу қабiлетiн қамтамасыз ету және iшкi валюта нарығында валюталық алып-сатушылық (саудагерлiк) операциялардың белсендi дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуi ментеңгенi нығайтуға жағдай жасау.

       Валюталық саясаттың дәстурлi формаларының iшiнде мынадай құралдар қолданылады: валюта бағамы тәртiбiн реттеу, валюталық интервенциялар, алтын-валюталық резервтердi басқару және теңгенiң еркiн айырбасталуы дәрежесiн реттеу. Ұлттық банк теңгенiң реттейтiн еркiн өзгермелi айырбас бағамын белгiлеген едi. Канада және бiрқатар басқа елдерде  кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның iшкi валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты: валюталық нарықтағы конъюнктураның қысқа мерзiмдi өзгерiстерi арқылы теңгенiң номиналды бағамының тербелiсiн баянлату болып табылады. Шетелдiк валютадағы алтын- валюталық активтердiң уақытша төмендеуi Ұлттық банктiң валюталық интервенцияларды жүргiзу саясаты нәтижесiнде болды (1991жылы-11,2млн.АҚШ долларына,1994жылы-18,9млн.АҚШ долларына,1995жылы-106,8млн.АҚШ долларына ). Ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшiн алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы iздестiрiлуде, оның құны энергия тасымалдаушылардың құнына байланысты белгiленген, бүкiл әлемде осы жол қабылданған.

      АҚШ долларына қатысты  теңгенiң ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, сонымен бiрге, инфляция деңгейi мен басқа макроэкономикалық көрсеткiштер деңгейiне байланысты белгiленедi.

     Көп жағдайда мұндай бағам заңды тұлғалар арасындағы келiсiмдерде қолданылады.

     1996 жылы халықаралық валюталық қормен келiсiмдегi 8- баптың шартына қосыла отырып, Қазақстан өзiне төмендегiдей мiндеттемелердi алды:

               Валюталық шектеулердi енгiзбеу немесе күшейтпеу мiндеттемесi;

               Көп валюталық бағамдарды қолдану тәжiрибесiн енгiзбеу немесе өзгерту;

               Төлемдiк балансқа байланысты себептер бойынша импортқа деген шектеулердi енгiзу немесе күшейту.

     Келiсiмге сәйкес, ағымдық халықаралық келiсiмдер бойынша төлемдер мен аударымдарды орындаудың шектеулерi алынып тасталды.Бұл жағдай теңгенiң еркiн айырбасталуын қамтамасыз ету және төлемдердiң көп жақты жүйесiне өту шарттарына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

        Немiс маркасына қатысты теңге бағамы динамикасы мен АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасыының ұқсастығы болғанымен, бiрақ оның кең ауқымды қысқа мерзiмдiк тербелiстерi бар.

        Ресей “рублiне” қатысты теңге бағамы динамикасы АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасына қарама- қарсы дәрежеде дамыды.

       Валюта нарығы- Қазақстанның өте динамикалық қаржылық нарықтарының  бiрi.

       Биржалық және биржадан тыс нарықтардан тұратын валюта нарығының жалпы айналымының өсу тенденциясы бар.

       Табыстылық, өтiмдiлiк, тәуекелдiлiктiң iс жүзiнде жоқ болуы сияқты көрсеткiштер бойынша валюта нарығе мен мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығына елде әзiрше альтернатив(балама ) жоқ.

        1996 жылғы валюталық тәуелдiлiктердi хеджирлеу механизмiн құру валюталық нарыққа тән ерекшелiк болды. 1996 жыл iшiнде валюталық фьючерс бойынша екi ауданда: Қазақстандық агроөнеркәсiптiк биржасы (ҚАӨБ) мен Қазақстандық қор биржасында сауда жүргiзiлдi.

           1997 жылдың iшкi валюталық нарықтағы валюталық айырбастау операцияларының ерекшелiгi операциялық тәжiрибеге СПОТ операциялары сияқты құралдарды енгiзу болды.Мұндай операциялар АҚШ долларына және Қазақстан теңгесi бойынша қысқа мерзiмдiк өтiмдiлiктi көтерудегi банктiк тұтынуды қанағаттандыруға мүмкiндiк бердi.

              Бұл кезде биржа нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың көтерiлмеуi және валюта бағамының сәйкес түрде өзгермеуi тиiс iшкi рыноктар 10 СПОТ операциясы жүргiзiлдi.

              Биржадан тыс валюта нарығының дамуына қарай, биржадағы сауда – саттық көлемдерi азайды валюталық операциялардың едәуiр бөлiгi биржадан тыс нарықтың үлесiнде. Биржалық көлемдер динамикасындағы мерзiмдiк факторды атап өту керек.   

      Жыл басы мен аяғы шетел салютасына деген жоғарғы сұранысты сипаттайды. Қаңтар айында сұраныс биржалық көлемнен артық болды. Мұндай мерзiмдiк фактор экономиканың барлық субъектiлерi үшiн қаржылық жылдың алдыңғы жылдық аяқталумен байланстырылған.

1997 жыл iшiнде қыркүйекте қаржылық құралдардың (AFINEX) Алматы биржасы болып өзгертiлген қазақстандық қор биржасында 257 валюталық сауда-саттық жүргiзiлген. Сауда-саттық көлемi 1.124.7 млн. АҚШ долларына және 11,2 млн. немiс маркасына тең болды.

1996 жылмен салыстырғанда, АҚШ доллары бойынша сауда-саттық 10,5% -ке, ол немiс маркасы бойынша 25,3%-ке азайды.

Фьючерстiк контрактiлар шетелдiк валютаның сауда-саттғынан кейiн 1,2 және 3 айға (СПОТ) шарты бойынша жасалады.

Есеп беру жылында қазақстан валютасының нарығын ары қарай ырықтандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен бiрге, 1996 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының (Валюталық реттеу жөнiндегi) жаңа Заңы қабылданды.

Валюталық реттеудi заңды тұрғыда қамтамасыз ету – қазақстанның валюталық ақша-жүйесiн реформалау жағдайында үнемi өзгерiстерге ұшырап отырды. “Валюталық реттеу жөнiндегi” алғашқы Заң 1993 жылдығ 14 сәуiрiнде қабылданды. Бұл Заң осы жүйедегi ырықтандырудың қол жеткен деңгейiне жауап бере алмады, ал кей жағдайларда нормативтi актiлер бiр-бiрiне қарам-қайшы болды. Жоғарыда аталған себептер “Валюталық реттеу жөнiндегi” жаңа заң жобасын жасаудың қажеттiлiгiне әкеп соқты. Ол Заң 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданды.

Валюталық ретте, басқаша айтқанда, бiрқатар әкiмшiлiк шаралар валюталық түсiмдердi арттыруға және де валютаның елден шығып кетуiн қысқартуға бағытталған. Валюталық реттеудiң негiзгi басымдықтары:

   елдiң төлем балансының теңгерiлуiне қол жеткiзу;

   теңгенiң тұрақты бағамын сақтау;

   мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.

Шетел валютасы, бағалы қағаздар және төлем құжаттары- құйма түрiндегi алтын-валюталық реттеу объектiлерi болып табылады. Валюта дегенiмiз- банкнот, монета түрiнде, соның iшiнде бағалы метелдардан жасалған, заңды түрдегi төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi.

Шетел валютасы- шет мемлекеттер валютасы. Бұл заңда валюталық операциялардың екi түрi көрсетiлген:

   ағымдағы операциялар;

   капитал қозғалсымен байланысқан операциялар.

Жаңа заң валюталық заңдылықты бұзудағы жауапкершiлiктi қарастырады.

1995 жылы Ұлттық Банк iшкi рыноктағы шеьел валютасымен өрнектелген экспорттан түскенн табысты мiндеттi түрде сату бойынша өз талаптарын 30% -ке дейiн төмендеттi, ал кейiннен мүлдем оны алып тастады.

Осыған байланысты биржалық саудаңы жүзеге асыруды ұлғайту керектiгi атап өтiлдi.

Қазақстанның Ұлттық банкi ұлттық валюта бағамын шетел валютасына қатысты реттеп тұрады, яғни аптасына бiр рет, дүйсенбi күнi Ұлттық банк жетекшi әлемдiк валюталарға қатысты теңге бағамын белгiлеп отырады. Мұндай белгiлеу есеп жүргiзу және кедендiк төлемдер үшiн керек.

Ұлттық банк мынандай қызметтердi жүзеге асыруға құқығы бар:

   шетел валютасын сатып алу және сату;

   қазынашылық вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;

   алтынның қабылдануын, сақталуын және өңделуiн қамтамасыз ету.

Теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн Ұлттық банк алтыннан, шетел валютасынан тұратын, шетелде сақталатын банкнот, монета түрiнде; валюталық құндылықтар; халықаралық резервтiк активтер; кепiлдеме негiзiнде шетелдiк үкiмет шығарған вексельдер түрiнде алтын-валюталық резервтердi құрады.

Валюталық органдарға мыналар жатады: мемлекеттiк Кеден комитетi, салық органдары, Қаржы министрлiгi.

Валюталық нарық.

Валюталық нарық қаржы нарығының  құрамдас бөлiгi болып табылады.

Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталықболып табылады.

Валюталық операциялардың көлемi, сипатына және пайдаланатын санына қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлiнедi.

халықаралық;

аумақтық;

ұлттық (жергiлiктi)

Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.

Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.

Институционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.

Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.

Валюталық нарықты белгiлерiне қарай келесiдей түрде жiктеледi:

1.          Орналасу аумағына қарай:

                      халық аралық;

                      iшкi;

                      аумақтық;

2.          Валюталық шектеуге қатысты:

                    еркiн нарық;

                    еркiн емес.

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты –еркiн емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркiн валюталық нарық деп атауға болады.

3.          Валюталық бағамның  қолданылу түрiне қарай:

                    бiр ғана режимдi;

                    қос режимдi.

Бiр ғана режимдi валюталық нарық – бұл еркiн валюталық бағамға негiзделген, яғни валюталардың өзгермелi бағамы биржадағы саудада белгiленедi. Қазақстан Республикасында теңгенiң арнайы валюталық бағамы фиксинг көмегiмен белгiленедi. Фиксинг (француз сөзiнде fixer, латында Fixus- белгiлi бiр жағжайда бекiту) – Қазақстанның қор биржасында жүзеге асырылатын және АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын анықтауды бiлдiредi. Фиксинг бағамы- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтыс бағамы болып табылады. Валюталық фиксинг аптасына екi рет болады. Фиксинг арқылы Рейтер (Reuter) агентiгiнiң кросс- бағамын есептеуде төмендегiдей формула пайдаланылады:

                                           Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

Кросс –бағам (теңге) =

                                                                      Теңгенiң долларға қатысты бағамы

 

1.2. Валюталық бағамдар режимiн реттеу

 

Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасын таңдау екi факторға тәуелдi болады:

1. Елдiң экономикалық мүмкiндiгiне, оның әлемдiк аренадағы жағдайына және дамыған елдер тобына жататындығына байланысты.

      2.   Аталған ел шеңберiндегi уақытша ара-қашықтыққа сәйкес.

Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасы аталған ел үкiметiнiң қатысу дәрежесiне байланысты iрiктеледi. Осыны есекре отырып, айырбас бағамы режимiнiң үш нұсқасын бөлiп көрсетуге болады:

1.          Бағамды  ел үкiметi анықтайды;

2.          Режимдi белгiлеуде үкiметтiң араласыу (ерекше) белгiлi орынды алады;

3.          Үкiметтiң араласуы толық түрде болмайды, яғни бағам режимiн нарықтың өзi анықтайды.

1-нұсқа: Бiр шетел валютасына немесе бiр мезетте бiрнеше валютаға қатысты шараларды қамтиды. Үкiметтiң араласуы девальвация шараларымен шектеледi. Сонымен бiрге үкiмет-елдiң приоритеттiк сауда серiктестерiмен бiрге инфляция қарқынындағы айырмашылықты салыстырады.

2-нұсқа: Кей жағдайда үкiмет елдiң приоритеттерiн ескере отырып, қалқымалы бағамды еркiн түрде реттейдi

3-нұсқа: Ел валютасының еркiндiгiн көрсетедi. Бұл кезде бағамды валюталардың сұранысы мен ұсынысын ескере отырып, нарықтың өзi белгiлейдi.

Информация о работе Система валютного рынка