Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 19:05, курсовая работа

Описание

Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:

а) ресурстық (факторлық) тиімділік, бұнда нәтиже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі, қор қайтымы, материал қайтымы) қатынасады (соотношения);

Содержание

1. Шығындар мен қарыздар теориясы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

1.1 Шығындар мен қарыздар туралы негізгі концепциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

1.2 Шығындар мен қарыздар түрлері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21

2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23

2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25

2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28



Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30

Пайдаланылған әдебйеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс шыгындар.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Астана  қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ 

Экономикалық Университеті

Экономика және Қаржы Институты

 

«Экономика» кафедрасы

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

       Тақырыбы: Ішкі және  сыртқы шығындар

 

 

                                                             

                                                        

                                            Орындаған: Даулетбекова А.Е.

1-курс 106 топ студенті.

Тексерген: _________________

                                              

 

                                       

 

 

 

Алматы 2011 жыл.

Жоспар.

Кіріспе.

 

1. Шығындар мен қарыздар теориясы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  5

1.1 Шығындар мен қарыздар туралы негізгі концепциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  7

1.2 Шығындар мен қарыздар түрлері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  9

1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  16

2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  21

     2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23

     2.2  Сыртқы шығындар және экономикаға әсері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  25

     2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  26 

3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28

 

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30

Пайдаланылған әдебйеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық  жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен  нәтижелер мөлшерінің  сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері  ажыратылып жүр:

а) ресурстық  (факторлық) тиімділік, бұнда нәтиже  өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі,  қор қайтымы, материал  қайтымы) қатынасады  (соотношения);

ә)  жалпы тиімділік, бұнда нәтиже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасады (рентабельность).

Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны (издержки) да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық  процесс мәмілелері (сделки) сериясы болып табылады, олардың жүзеге асырылуы трансакциялық шығынмен байланысты.

Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы, спецификациясымен  және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы  ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші болады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы  өзара әрекеттесуді  реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат – трансакциялық  шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.

Институттар жасалуында мемлекеттің рөлі зор. Рыноктық экономикадағы  мемлекеттің басты міндеті – бизнес  жүргізу  және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық  жағдайлар  тудыру. «Институционалдық» деген  ұғым отандық ғылыми айналымда  салыстырмалы  түрде аз пайдаланылады. Өкінішке орай, халықтың экономикалық ой-толғамдарында одан да төмен қабылданып жүр. Ықтималды  ұзақ уақыт тұратын құбылыспен байланысты әрекеттер «институт» ұғымын тудырады. Американдық  экономист У.Гамильтонның  айтуы бойынша, «институттар – қоғамдық  әдет-ғұрыптар тобын дұрыс сипаттаудың  ауызша символы, олар белгілі бір әлеуметтік  топ үшін дағдыға немесе әрекетті және тұрақты әдісті  білдіреді».

Институционалдық емес халық – нарықтық емес құрылымдарға бағдарланбаған, еңбекке қабілетті халықтың бөлігі.

Институционалдық халық – нарықтық емес құрылымдарға, яғни әскерге, полицияға, мемлекеттік аппаратқа бағдарланған, еңбекке  қабілетті халықтың бөлігі.

Институционализм – экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде  ХХ ғ. 20-30 жж. Қалыптасқан, осы замандағы экономикалық ой пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік-экономикалық факторлардың (институттардың) барлық жинақтарын осылар бір-бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идея тұжырымдайды.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де  айналысқан. А. Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.

 

 

 

 

 

1.  Шығындар теориясы.

Шығындардың институционалистік  теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон  А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар  (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық,  абсалюттік,  үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді  жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді.Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың  қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар «трансакциондық  шығындар» деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:

-        нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

-          келісімдердің  шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындар;

-          тауарлардың  сапасын анықтауға, стандарттаржүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;

-          заң  жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар;

-                нарықта  ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығындар.

Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері трансакциондық шығындардың енгізілуінен көп бұрын, бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді  деушілікке  суйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған. Қазіргі замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары қолданылады. Бұған тікелей шығындардан басқа, сауда және әкімшілік шығындары жатады. Бухгалтерлік шығындар мен «әдеттегі кәсіпкерлік пайда» бірігіп толық бәсекелік пайданы құрайды.

Айналыс сферасындағы шығындарды теория жағынан дәлелдеу, өндіріс заңдары мен бөлу заңдарының арақатыстық мәселелерін  шешу болып табылады – олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе,  біріншілер екіншілерге тәуелді болады. Егер өндіріс процесі бөлу процесінен тәуелді емес десек, онда трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде трансакциондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс процесіне бөлу нарықтық  механизм арқылы тікелей әсер етеді.

Осы әсердің дәрежесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың теоремаларымен танысайық.

А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы  бойынша, еркін айырбас екі жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда, еңбек бөлінісіне негізделген маманданудың  нәтижесінде туған рационалдық кәсіпкерлік іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі және айырбастың масштабы өседі. Таурларды өткізу (айырбастау) сферасының кеңейуі трансакциондық  шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада қайшылық процесс туады. Бір жақтан , маманданудың арқасында шығындар жалпы төмендейді, басқа жақтан , нарықтық қатынастардың  территориялық деңгейінің кеңейуінің арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының нәтижесінде еңбек бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың  өсуінің салдарынан жоққа айналуы мүмкін. Бұдан мынадай тұжырым туады: еңбек бөлінісінің пайдасы мен трансакциондық шығындар салыстырылып  отырылатын, нарықтық қатынастар шекарасы, осы нарықтық қатынастар субъектерінің шекарасы болып табылады.

1.1 Шығындар туралы негізгі концепциялар.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелденеді. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталистке тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып зерттейді. XI ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары  үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін  барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік  көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты,  шығындарды барынша төмендету  (минимизация) теориялары пайда болды. Бұған  еңбек амалының сапасы  мен сипаты, оның қабілеттілігі  және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық  концепциясы,  оны өндіріс  факторларына жұмсалатын  шығындар (тұрақты және өзгермелі)  сомасы  дейді. Соңғы жылдары неоинститутционалистік  трансакциондық  шғындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары  жатады – тауарды  өткізу шығындары  (жарнамаға,  нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.) Трансакциондық  шығындар деген түсінікті  американдық экономист  Р. Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы  трансакциондық шығындар  физикадағы  үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинститутционалистер  нарықтың  функциясы  трансакциондық  шығындарды  үнемдеу болып табылады  дейді. Ал  оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын  шығындардың барынша төмендеу  тенденциясы жатады  дейді.

Д. Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі типтерін бөліп көрсетеді:

1) ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі бір бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;

2) айырбас шарты, келісім-шарт пен мәмілені толтыруды анықтау үшін келісімдер жүргізу шығындары;

3) сапаның қатеден болатын шығынын,  стандарттар жүйесін дайындау мен оларды бақылау шығынын,  фирмалық белгілер мен сауда маркаларын қорғау шығынын өлшеу мен анықтау шығындары;

4) меншік құқығын анық анықтау мен қорғау шығындары, қоғамда әрекет етуші меншік құқығын бөлудің әділдігіне  қатысты бәтуаластық (консенсустық)  идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құқықтық режимді тікелей қорғау шығындары;

5) аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар.

Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде болып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы ретінде оның  ақпаратқа айырбастауда әр қатысушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді.

1.2 Шығындар және оның түрлері.

Шығындар  деп тек жабайы шығындар емес, нарықта  құн формасын  алған  ресурстар  шығындары аталады. Шығындар деген,  нәтижесінде  өнім өндіріп  өткізілетін (сатылатын)  өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Құрал-саймандардың кіруіне байланысты шығындар сыртқы және ішкі шығындарға бөлінеді (айқын және айқын  емес).

Сыртқы шығындар – фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына  кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алуға кеткен ақшалай шығындары.

Ішкі шығындар - өзі өндірген және дербес қолданылатын ресурсына төленбейтін шығындар. Мысалы, өсірген бидайдың бір бөлігін фирма өзінің егіс алқаптарына себуге пайдаланады. Бұл бидайды фирма өзінің ішкі мұқтаждықтарына жұмсайды және төлемейді. Фирма шығаруға мүмкіндігі  бар өнімнің максималдығын анықтау мақсатында шекті шығындар есептеледі.

Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.

Біріншіден,  әлеуметтік – экономикалық бағыттан  қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын  шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен  жанды  еңбек және  зат  түрін алған  еңбек шығындары  жатады.Өндіріс  шығындары ұдайы өндіріс процесінің  нәтижесі  болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден,  өндіріс  шығындары экономикалық  және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Информация о работе Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар