Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 19:05, курсовая работа

Описание

Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:

а) ресурстық (факторлық) тиімділік, бұнда нәтиже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі, қор қайтымы, материал қайтымы) қатынасады (соотношения);

Содержание

1. Шығындар мен қарыздар теориясы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

1.1 Шығындар мен қарыздар туралы негізгі концепциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

1.2 Шығындар мен қарыздар түрлері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21

2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23

2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25

2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28



Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30

Пайдаланылған әдебйеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс шыгындар.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

MSC = MPC + MEC.

MSC – шеті қоғамдық шығындар.
    MPC – шекті жеке шығындар.

MEC – шекті сыртқы шығындар.

Теріс сыртқы әсерлер – бір экономикалық агенттің іс әрекеті  басқаларды шығынға ұшыратқан жағдайда пайда болады.

Р.Коуздың теоремасының мәні былай сипаттауға болады: егер меншік құқы нақты белгіленген болса,  онда ынталы жақтар ұнамды, немесе, ұнамсыз нәтижелерді мемлекеттің кірісуінсіз шешуі мүмкін. Бұл теорема мынадай  жағдайға  негізделеді: меншікті қолдану  процесінде пайда болатын  трансакциондық  шығындар екіге – меншіктің  өзінің әрекет етуімен байланысты шығындарға және мемлекеттің  ынталы жақтардың арасында  меншіктің бөлінуін  реттеп отыруға жұмсайтын қосымша шығындарға бөлінеді. Бұл мынадай жағдайға әкеліп соғады: нарықтық қатынастардың шекарасының кеңейуі қос кедергі тудырады. Біріншісі жеке меншік әсер ететін сфераны  кеңейтумен байланысты шығындар, (жеке меншік тәртібінің анклавы). Екіншісі мемлекеттің бөлуді реттеу арқылы көрсеткен көмегіне байланысты шығындар. Бұл жағдайда шығындар күрт өсіп кетеді де нарықтық қатынастар деңгейі төмендейді. Реттеу жүргізумен байланысты  қосымша шығындарды болдырмауды көздеп, ынталы жақтар өздерінің мәселелерін жасырын (жария емес) келісім арқылы шешеді және осы арқылы олар өздерінің іс-әрекет ететін денгейін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Шығындар - өндірістің  сатып алынған факторларының төлемі. Бұл даусыз ақиқатты әр түрлі экономистер әр түрлі мақсатпен және әр түрлі тұрғыдан қарастырады.

К. Маркс шығындарды талдауды құнда, сосын шығындарда  көрінетін жалдама еңбекті пайдалану ерекшеліктерін зерттеуге ұмтылумен байланыстырды. Ол үшін тауарды өндіру үшін қоғам құрал-жабдық, шикізат, отын т.б. құнында бейнеленген заттанған еңбекпен қатар тірі еңбекті де пайдалану керек. Бұл еңбек шығындары, ол қоғамдық еңбек шығындары деп атаған тауар құнын жасайды. Тауарды өткізген соң капиталист ақшалай табыспен құрал-жабдыққа, шикізатқа, отынға, энергияға және қажетті еңбек төлемін жабады. Демек, капиталист  шеккен шығындар, яғни  оның өндіріс шығындары төленбеген қосымша еңбек шамасына қоғамдық шығындардан (тауар құнынан) аз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері.

Сыртқы шығындардың экономикаға әсеріне кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін әсері,   табиғатты ластауы, қалдықтарын тастауы  және т.б. тигізетін зияндары жатады. Теріс сыртқы әсер – бір экономикалық агенттің іс әрекеті басқаларды шығынға ұшыратқан жағдайда пайда болады.

Оны мысалы ретінде қарастыратын болсақ: Целилозды қағаз комбинаты өзенге тазаланбаған суды төгеді делік. Сол төгілетін су көлемі өндіріс көлеміне пропорционалды делік. Бұл деген өндіріс көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы өсе түседі. Комбинат суды толық тазалағаннан шекті жеке шығыны шекті қоғамдық шығыннан төмен болады. Өйткенікомбинат тазарту құралдары,  қосымша жүйесінің құруына шығын қоспайды. Бұл өндіріс көлемі тиімді өнім шығаруынан көп болуына әкеліп соқтырады. Комбинат  P1 бағасымен  Q1 өнім көлемін  тазарту құралынсыз  шығарады. Нарықтық тепе-теңдік E1 нүктеде орналасқан. Бұл нүктеде MPC  тең болған ұсыныс MCB тең  болады сұраныс қиылысады  MSC орындалса MSC = MPC + MEC шарты   орындалғандықтан сыртқы шығындарды ішкі шығынға  айналдырғандатиімді өнім көлемі Q1- ден , Q2 – ге қысқарып  P1-ден, P2-ге өседі. S2 нүктесінде шекті қоғамдық пайда MSB шекті қоғамдық  пайда шекті қоғамдық шығынға тең болып отыр. A,E1,E2 үшбұрыш ауданы шекті қоғамдық шығында шекті жеке шығындарданжағдайдағы жоғалтылған зиян көрсетеді. Сыртқы теріс әсері кезінде тиімді өнімге қарағанда экономикалық игілік көбірек атылады  және сатылып алынады. Бұл деген теріс сыртқы әсер кезінде тауарлармен қызметтердің  нарықта артықшылығы болады.

Сыртқы шығындар (әсерлер) дегеніміз бір экономикалық контрагенттің екінші контрагентке іс әрекетінің нәтижесінде тура немесе жанама әсерлер арқасында шығынға ұшырауы, немесе берілген игіліктің нарығына кірмеген үшінші тұлғаға әсерін тигізуі. Үшінші тұлға сатушы, сатып алушыда болмайды. Пигу салығы немесе реттейтін салық қоғамдық шығындардың  деңгейін реттейді.

2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы.

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа  жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары  алатынымыз (біздің пайдамыз) қандай ара қатынаста болуы керек?

Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:

-                 сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын  тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне-көп экономикалық конъюнктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;

-                 фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты  болатын өндіріс шығындарымен.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.

1. Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды  жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай  төлемнің формасын қабылдайтын баламалы  шығындар.

Мысалы:

1.1.           жұмысшыларға еңбекақы;

1.2.           сатып  алынатын немесе  жалға алыгған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;

1.3.           көлік шығындарына төлеу;

1.4.           коммуналдық төлемдер;

1.5.           банктердің, сақтандыру компаниялардың қызметтеріне  төлеу;

1.6.           материалдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабдықтағыш бөлшектер) төлеу.

2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол  ресурстарды пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындары.

     2.1. өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі.

Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері – ол ресурстарды  пайдаланудың барша баламалы тәсілдерінің ең қолайлысынан түсетін ақшалай түсім. Мысалы, ЖОО оқытушысы өзінің  жұмысын тастап, «қапшықтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтқан  оқытушылық жалақысын да қосуы керек.

Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан  өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты  ғимаратты пайдаланды делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алынатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем үшін міндетті болып контрактыда көрсетілмеген, сондықтан да ол алынбай қала береді.

Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.

2.2. жақсы табыс-кәсіпкерді өзі таңдаған сала қызметіне құлшындыратын шағын марапат тәрізді.

Мысалы, кәсіпкер станок шығара отырып, жұмсалған капиталына 15 пайыз пайда алса, онда ол дұрыс деп саналады. Бірақ егер рынокта станок өндірушілер көбейіп кетсе, сұраным азаяды да, түсер пайда 7-9 пайыз  болады да кәсіпкер бұл саладан кетуге бел байлайды. Пайдасыз саладан (егер сұраным тұрақты болса) «капиталдардың қашуы» өз кезегінде оның пайда табуын дұрыс деңгейге дейін көтереді.

Сонымен әдеттегіден тыс пайда беретін капиталдың салаға құйылуы сол саладағы өнімдерге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында табыстылықтың  құлдырауына жеткізеді және, керісінше, әдеттегіден төмен пайда беретін капиталдың саладан қашуы сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында пайдалықтың жақсы деңгейіне дейін көтерілуіне септік етеді. 

 

3. Өндірістік шығындарды негізгі төмендету жолдары.

Шығындарды жүйелі түрде төмендету  –  кәсіпорындардың  жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды  қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

-                 ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

-                 өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

-                 экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету –  шаруашылықты  жүргізіудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырыпнемесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін  неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станокпен технологиялық  процестердің түсімін өсіруге, шығындарынбұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,  өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының  негізгі  бағыттарын қорытындылауға  талпыныс  жасалса,  біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын  жақсартудың, екіншіден,  айналмалы өндіріс  қорларды неғұрлым  тиімді  пайдаланудың  және үшіншіден,  қазіргі еңбек шығындарының  нәтижелігін  жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығыда тәжірибе жүзіндегідей  болады,  яғни  нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі  кезеңде нақты еңбекті  үнемдеудің  экономикалық  дамуы қоғамдық еңбекті  үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда  өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан  ынталандыру  және  т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс  шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс  жөніндегі бағдарламаларымен мемлекеттік  стандарттар  елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек  өнімділігін  арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық  заң әтекетінің нақты нысаны,  осыған сәйкес өндірістік  шығынүнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері  өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазінгі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің  басты факторлары:

-                 өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

-                 өндірістің  материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;

-                 басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

-                 технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және  коммерциялық  қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының  ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және  олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай  түріндегі төлемдері шикізаттар  төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, ақшалай түріндегі шығындар және т.б. төлемдер. Бұл топтағы  шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары айқын емес сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің  қарамағындағы ресурстарды  өндірісте пайдаланғанын нақтылап  көрсетеді. Жерді, ғимараттарды олардың жеке еңбектері және тағы басқалар үшін кәсіпорын ресми төлемейді. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі -  өнімнің өзіндік құны. Бұл өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында  көрсетілген шығындардың жиынтығы.

Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынныңөндіруге және өнімді  сатуға кеткен  барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының  (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыз пайда болады. Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны.   Тұрақты шығындар шарттық  қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда болады. Шығындарды  мән жағынан  тұрақты  және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы  классификациясында олардың  тәртібінің  (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалады.

Информация о работе Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар