Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:04, курсовая работа
Аймақтың территориясының көп бөлігі ойпаттардан, жазықтардан, үстірттерден және биіктігі 500 метрге жететін қалдық аласа таулардан тұрады. Пайыздық үлесі бойынша Қазақстан территориясының тек 10% ғана биік таулы облыстарға, ал қалған 90% жоғарыда көрсетілген геоморфология бірліктерінің үлесіне тиеді. Республикадағы негізгі тау жүйелері Орта Азияның басты тау жүйелерінің бір бөлігі: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары. Және бұл таулар Орта Азия тауларының бір бөлігі бола отырып, осы таулардың шеткі нүктелерінің тізбектерін құрайды.
Кіріспе............................................................................................................................3
Қазақстанның биік таулы аймақтары...........................................................4
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу.....................................4
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі...........6
2. Қазақстанның биік таулы өлкесі....................................................................9
2.1. Алтай таулы өлкесі........................................................................................9
2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань........................................................................12
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері..........................................15
2.3. Сауыр-Тарбағатай тау жоталары.....................................................................18
2.4 Жоңғар Алатауы................................................................................................19
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .................................................................26
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қостанай
Мемлекеттік Педагогикалық
Курстық
жұмыс
Қазақстанның
биік таулы аймақтары
Ғылыми жетекшісі: Баймағанбетова Қ. Т.
аға оқытушы
Қостанай
2008
1.1 Қазақстанның
биік таулы аймақтарына жалпы шолу..........................
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі...........6
2. Қазақстанның
биік таулы өлкесі........................
2.1. Алтай
таулы өлкесі........................
2.2. Тәңір
шыңы - Тянь-Шань.....................
2.2.1
Тянь-Шань тауының ірі тау
жүйелері......................
2.3.
Сауыр-Тарбағатай тау жоталары......................
2.4 Жоңғар Алатауы.......................
Қорытынды....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі. ..............................
Кіріспе
Қазақстан жер беті жалпы алғанда жазық болып келеді. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ғана, басында мәңгі қары бар биік таулар жатыр. Сондықтан Қазақстанның территориясындағы гипсометриялық сызық бейнесінің солтүстікке және батысқа қарай өзгеріп, бірте-бірте аласарайтынын байқауға болады.
Аймақтың қазіргі рельефінің қалыптасуына Орал-Тянь-Шань геосинклиналының оңтүстік бөлігінің көтеріліп, құрлыққа айналу тарихымен байланысты. Қазақстан территориясы геологиялық дәуірдің белгілі кезеңдерінде не көтерілу, не шөгу процестеріне кенеліп отырған. Бұл фактор аймақ территориясының орографиясына біршама ықпалын тигізді.
Аймақтың
Жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1.1
Қазақстанның биік
таулы аймақтарына
жалпы шолу
Орографиясы: Қазақстанның шығысында және оңтүстік – шығысында жатқан таулы аймақтары Орталық Азияның шеткі тау тізбектерінің жүйесіне жатады. Олар бір – бірінен едәуір кең тау аралық ойыстары арқылы бөлінген жеке тау жүйелерінен тұрады. Бұл таулы аймақтар солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай тау аралық ойыстармен кезектесіп отырады: Алтай, Зайсан қазан шұңқыры, Сауыр- Тарбағатай, Балқаш-Алакөл ойысы, Жоңғар Алатауы, Іле ойысы, Солтүстік Тянь –Шань, Шу –Талас ойысы, Батыс Тянь –Шань.
Қазақстанның шығысындағы және оңтүстік – шығысындағы барлық тау жүйелерінің кейбір жалпы орографиялық ерекшеліктері бар.
Біріншіден, бұл әрбір тау жүйелерінен батысқа және солтүстік- батысқа қарай созылып жатқан үлкенді кішілі тарамдары (жоталары) байқалады: Алтайдан, Қалба жотасы, Сауыр –Тарбағатай Қазақтың қатпарлы өлкесімен жалғасады, Жоңғар Алатауынан Үшкөл жотасы, Солтүстік Тянь –Шаньнан Шу –Іле таулары, Батыс Тянь –Шаньнан Қаратау жотасы. Осы жоталардың бәрі де негізгі жүйеден қашықтаған сайын бірте –бірте аласырып, жазықтармен ұласады. Бұл жоталар Альпі орогенезіне аз ұшыраған. Олардың қазіргі бағыты (солтүстік, солтүстік – батыс) ежелгі жоталардың орналасу бағытына сәйкес келеді, бұл жағдай Орал-Тянь –Шань геосинклинальының жалпы ішкі байланыстығын көрсетеді.
Екіншіден, Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығысындағы таулы өлкелердің төменгі палеозой жыныстарынан құралған солтүстік бөліктерінде төбесі тегіс биік тау қыраттары көп, ал жоғарғы палеозой жыныстарынан құралған оңтүстік бөліктерінде тау қыраттары сирек кездеседі және олар едәуір биік, ауданы жағынан кіші болады. Таулы өлкелердің барлық жоталарының солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік беткейі тік келеді. Бұл ерекшелік таулы өлкелердің солтүстік бөлігінің ертерек және бірнеше рет көтеріліп, альпі тау жасалуында жалпы көтерілу күшінің оңтүстіктен солтүстікке қарай баяулаумен байланысты. Республикамыздың биік таулы аймақтарының орографиялық, ұқсастығы – тек жалпы ұқсастық. Ал шынында, әрбір таулы аймақтардың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар.
Рельефі. Қазақстанның биік таулы аймақтарының қазіргі рельефі өте күрделі және әр түрлі. Қатар орналасқан бір ауданның өзінде бір – бірінен өте үлкен айырма жасайтын рельефтің формалары кездесіп отырады. Биік таулы аймақтардың рельефі нағыз альпілік формада болады. Мұнда терең әрі тар әр түрлі шатқалдармен бөлініп жатқан биік шыңдар кездеседі. Шыңдардың салыстырмалы биіктігі 1000 м-ге дейін, құламасының еңістігі 90° жетеді. Сонымен қатар мұнда төбесі жазық кең тау қыраттары кездеседі. Бұлар жазда мал жайылымына пайдаланылады.
Қазақстанның таулы аймақтарының төменгі және орта белдеулерінде доғалданған жоталар жатыр, олардың төбелері жұмыр немесе жатыңқы, беткейлері көлбеу келеді, онда орманды – шалғын өсімдіктері өседі. Бұл жоталар тау алды қыраттарымен немесе көлбеу жазықтарымен жалғасады. Одан бірте – бірте төмендей келе генезисі жағынан таулы аймақтармен байланысты тау алды жазықтармен қосылып кетеді.
Қазақстанның биік таулы аймақтарының рельефінің мұндай күрделі және әр түрлі болып келуі оның соңғы геологиялық тарихына, рельеф құрушы факторларына байланысты.
Рельеф құрушы факторлар: Қазақстанның биік таулы аймақтарының қазіргі рельефі негізінен альпі тау жасалу қозғаласының әсерінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл жерлерде ертеде жеміріліп, жазықтыққа айналған таулар неогеннің аяғымен төрттік дәуірдің бас кезінде болған күшті тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қайтадан көтеріліп, биік тауларға айналған.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтары палеозойда бірнеше рет көтерілуге ұшырағандықтан қатты участоктарға айналған болатын. Сондықтан бұл аймақтарда соңғы тектоникалық процесс негізінен дизъюнктивтік дислокация түрінде болды. Тау жоталары радиусы кең, ірі антиклиналдар түрінде күмбезденіп көтеріледі. Олар көтерілген кезде жер қабығының көптеген шытынап жарылулары да болды. Тектоникалық жарықтардың бойымен мезазой – кайнозой пенеплендері вертикаль бағытта ығысты. Соның нәтижесінде тауларда өте көп кездесетін жайлаулар немесе тау қыраттары пайда болды. Таулар әлі де көтерілуде, оны мезгіл- мезгіл болып тұратын, кейде, тіпті күшті болатын жер сілкінулер дәлелдейді.
Қазақстанның биік таулы аймақтары төрттік дәуірдің басында бірнеше рет мұз басуларға ұшырады. Ол кездегі мұздар өте қалың болды және биік таулардың қазіргі рельефінің қалыптасуында зор роль атқарады.
Мұз басулардың іздері болып есептелетін мұзды қарлар, торгты аңғарлар, мореналы төбелер т.б. биік таулы өлкелердің кез келген жерінде байқалады.
Төрттік дәуірдің ортасында климаттың ылғалды болуынан гидрографиялық тораптың суы молайып және өзендерінің эрозиялық әрекеті күшейіп, жер беті тілімдене бастайды.
Қазіргі
кезде биік таулы аймақтарда
рельеф құрушы факторлардың бірі
мәңгі мұздықтар мен механикалық үгілу
процесі. Сонымен бірге таулардың орта
және төменгі бөліктерінде атмосфералық
жауын шашын мен ағын сулардың,
мұнымен қатар деллювиалдық және аллювиалдық
процестердің, лайлы тасты селдердің
де рельеф құрушы ролі күшті.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында тектоникалық және экзогендік процестердің бір дәрежеде болмауының салдарынан рельефтің белгілі бір типтері және формаларымен бейнеленетін вертикальдық геоморфологиялық белдеулер мен ярустардың қалыптасуын байқаймыз.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында, әдетте геоморфиялық белдеудің үш түрі (тау етегі, тау алды және тау) кездеседі.
Тау етегі белдеу тау етегіндегі жазықтарды қамтиды. Олардың қалыптасу тегі негізінен экзогендік процеспен байланысты. Бұлар: а) жоғары төрттік дәуірдің шөгінділерінің құралған өзен аңғарларындағы жас аллювиалдық жазықтар.
б) Ертедігі тегіс жазықтар. Бұл жазықтарға ертедегі төрттік дәуір шөгінділерінен құралған өзен аралықтары жатады.
Тау алды бедеу тау алды аймақты қамтиды. Оның рельефінің қалыптасу тегі экзогендік және эндогендік күштерінің арақатынасының тұрақсыздығымен байланысты. Бұл жерде рельефтің мынадай негізгі типтерін айыруға болады:
Тау белдеуі – биік таулы аймақтың негізгі бөлігі. Оның рельефі эндогендік күштеріндің басымырақ әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл белдеу аласа, орта, биік таулы болып үш геоморфологиялық ярусқа бөлінеді. Кей жағдайда өте биік жоталардың су айырық жерлерін альпілік ярус деп ерекше бөледі.
Тау белдеулерінде эндогендік және экзогендік күштердің қарама-қарсы әрекеті анық байқалады. Сондықтан бұл белдеудің рельефі өте күрделі. Мұнда кездесетін рельефтің мынадай негізгі түрлерін көрсетіруге болады: