Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:04, курсовая работа
Аймақтың территориясының көп бөлігі ойпаттардан, жазықтардан, үстірттерден және биіктігі 500 метрге жететін қалдық аласа таулардан тұрады. Пайыздық үлесі бойынша Қазақстан территориясының тек 10% ғана биік таулы облыстарға, ал қалған 90% жоғарыда көрсетілген геоморфология бірліктерінің үлесіне тиеді. Республикадағы негізгі тау жүйелері Орта Азияның басты тау жүйелерінің бір бөлігі: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары. Және бұл таулар Орта Азия тауларының бір бөлігі бола отырып, осы таулардың шеткі нүктелерінің тізбектерін құрайды.
Кіріспе............................................................................................................................3
Қазақстанның биік таулы аймақтары...........................................................4
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу.....................................4
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі...........6
2. Қазақстанның биік таулы өлкесі....................................................................9
2.1. Алтай таулы өлкесі........................................................................................9
2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань........................................................................12
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері..........................................15
2.3. Сауыр-Тарбағатай тау жоталары.....................................................................18
2.4 Жоңғар Алатауы................................................................................................19
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .................................................................26
Тянь Шань тауларының табиғат зоналары биіктік белдеулігімен ерекшенеді. Ол белдеулер тау жоталары мен оны қоршаған орографиялық жағдайымен байланысты қалыптасқан. Табиғи ортасына, әр тау жотасының өзіндік ерекшеліктеріне қарай биіктік белдеулері Тянь –шаньның барлық жерлерінде бірдей емес, бірінде биіктік белдеу жоғары болса, бірінде төмен жатады.
Солтүстік Тянь –Шаньдағы биіктік белдеулері ең жоғарыдан санағанда мұз жатқан, мәңгі қар басқан альпілік жер бедерінен басталады. Оның өзі кей жерде 2600-2800 м –ден, кей тауда 3300 м биіктіктен басталады. Мұнда жалағаш жартастарды қорша,ан қыраттар, кең алағдар кездеседі. Онда субальпілік, альпілік шалғындар өседі, құз басында барыс, таутеке, ұлар, тау бүркіті мекендейді. Іле Алатауының орталық тұсында альпілік жер бедері қатты тілімденген күйінде көрінеді. Табиғи күштердің әсерінен мұнда жартастар жарылып үшкір шыңдар қалыптасқан. Сайлары тар шатқалды, құламалы тік келеді.
Бұдан кейінгі биіктік белдеу орташа биіктіктегі таулардың жер бедерін анықтайды. Олар 1500-1600 м-ден 3200-3300 м биіктікеке созылады. Бұл зонаның биік шыңдары бірқалыпты күйінн сақталған. Тау аралық жазықтарда да жер беткейінің тегістігімен ерекшеленеді.. Таулардың терістік беткейінде көбінесе қылқан жапырақты орман өседі.. Жазықта шалғынға ауысады, күнгей беткейде шалғынды дала зонасының белгілері байқалады. Ормандар тау беткейлері мен ойыстарда өседі. Тау жануарларынан аю, қабан, елік кездеседі.
Аласа таулы белдеуі 900 -1100 м-дің шамасынан басталады. Бұл Іле Алатауының Сөгеті, Торайырғыр тауларының аймағында анық байқалады. Мұндағы жоталар Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы таулардан еске түсіреді. Бұл жерлердің қара, қара қоңыр топырағында әр түрлі өсңмдіктер, шөптесін, қарағайлы, тобылғылы бұталар өседі.
Биіктік белдеулердің ең төменгісі тау етегіндегі, тау ішіндегі жазықтарды қамтиды. (Ол 600-800 м шамасындағы биіктікте жатыр.) Бұл белдеуде дала, шөлейт, шөл зоналарының белгілері білінеді. Онда дәнді дақылдар, бау-бақша, екпе шөп өседі. Мал жайылымына пайдаланады.
Батыс Тянь –Шаньның биік белдеулері жоғарырақ жатады. Оған жоғарғы әсер етеді. Топырақ пен өсімдік жамылғысының түрлері де онда биіктік белдеулерге байланысты ауысып отырады. Әсіресе Ақсу –Жабағалы қорығында өсетін өсімдуіктердің алдыңғы Азия мен үндістандық түрлері кездеседі.
Тянь –Шаньның жануарлар дүниесі де оның солтүстік, батыс бөліктерінде өзгеше дамыған. Солтүстік Тянь –Шаньда жануарлардың сібірлік, еуропалық түрлері молырақ кездессе, Батыс Тянь –Шаньда Жерорта теңізіне, Африкаға,, Гималай өлкесіне тән жануарлар түрлері бар.
Тянь –Шань табиғаты мен оның өзіне тәнн өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішінде Ақсу-Жабағалы (1927), Алматы (1961) қорықтары үлкен орын алады.
1996
жылы Алматы маңы Іле
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері
Іле Алатауы – Солтүстік Тянь-Шаньның ең солтүстіктегі биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бойында созылып жатыр. Ұзындығы 350 шақырым, ені 30-40 шақырым, ең биік жері – Талғар шыңы (4973метр). Кайназой эрасының төрттік дәуірі кезінде пайда болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген. Тау жасалу процесі әлә тоқталмаған жас тау. Жер сілкінулер жиі болып тұрады. Биік шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Табиғаты көркем жерінде Қазақстанның Республикасының бұрынғы астанасы Алматы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаңғы базасы, көптеген санаторий, курорттар мен демалыс үйлері Іле Алатауының баурайында орналасқан. Табиғатын қорғау үшін Алматы қорығы ұйымдастырылған.
Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созылған. Іле Алатауы силур және девонның құмтастарынан, порфир мен порфириттерден құралған төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен түзілген. Гранит және гипс ежлгі жотаның кейбір бөліктерінде кездеседі. Палеозойда каледон мен герцин қатпарлануына ұшырап, кейін альпі тау түзілуі кезінде қайта көтерілгендіктен таудың құрылымы қатпарлы – жақпарлы болып келеді.
Шу-Іле Алатауының солтүстік-
Қазақстан территориясындағы
Талас Алатауы – бұл таудың Қазақстандық бөлігі – Жабағылы таулары, ол екі жотаға бөлініп, Ақсу-Жабағылы өзенінің алқабын қоршайды, солтүстік жотаның биіктігі 2600-2800 метр, оңтүстік жотада 3500 метр. Бұлар да ертедегі палеозойдың шөгінді эффузивтік жыныстарынан тұрады. Тау беті күшті тілімделген, онда ертедегі мұз басудың іздері бар, жер бедері альпілік пішінде дамыған. Талас Алатауынан оңтүстік батысқа қарай Піскем жотасы орналасқан, оның абсолюттік биіктігі – 4208 метр (Бештұр) құрайды.
Ташкент маңы Алатауы Талас Алатауынан оңтүстік - батысқа қарай орналасқан бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантал, Ойқайың, Өгем, Сайрам, Қоржынтауғ Қазығұрт және Боралдай таулары кіреді. Олардың ішіндегісі ең ірісі – Піскем «орташа биіктігі 3700-3800 м, ең биік нүктесі Бештұр шыңы, 4208 м). Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан тұрады. Оңтүстік -шығыс беткейі тік және қысқа, солтүстік – батыс беткейі көлбеу. Піскем жер сілкіну аймағы болып табылады. Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Көксу (ең биік нүктесң 3468 м), Өгем (ең биік нүктесі 3560 м) Ташкент маңы Алатауының екінші ұатардағы биік жоталары болып саналады. Қоржынтау (2839 м), Боралдай (1800 м), Қазығұрт (1700 м) олардан аласалау. Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғарғы палеозойдың әктасынан құралған. Оларда карст құбылыстары кең тараған. Тау беткейлері тік жартасты, жер бедері тілімденген.
Қаратау – Батыс Тянь-Шаннің батыстағы жалғасы.Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай тауы мен Сайрам жотасы арқылы Ташкент маңы Алатауымен ұштасады. Тау солтүстік-батыс бағытта 400 км созылып жатыр. Оның көпшілік жерінің биіткгі 1800 метрге жетеді. Ең биік жері - Мыңжылқы 2170 метр. Қаратау біртіндеп солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу мен Шу өзендерінің атырауына жетіп бітеді. Қаратаудың солтүстік –шығыс және оңтүстік –батыс жоталарын тау аралық ойыс бөліп тұрады.. Оңтүстік – батыс жотасы протерозойдың метаморфтанған жыныстарынан құрылса, Солтүстік – шығыс жотасы төменгі палеозойдың құм тастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл түсті құмдардан түзілген. Сонымен қатар мезозой мен кайнозойдың әктасы, құмтастар, сазды шөгінділер кең тараған. Мұндағы жер бедері құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты беткі ағыны жоқ. Жотаның беткейлері үлкенді – кішілі шатқалдармен тілімденген.
Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Қорғасын – мырыш Шымкент қорғасын зауытына шикізат ретінде пайдаланылды. Фосфорит байлығы Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отыр. Онда көп жерде кенді ашық әдіспен өндіру жолға қойылған.. Гипстің, ценменттің және т.б. құрылыс материалдарының көзі пайдаға асуда.
Қазақстанның оңтүстік – батысы мен оңтүстігін алып жатқан бұл таулардың қатпарлы – жақпарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Оған Тянь –Шаньдағы жер сілкіністер дәлел бола алады. Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес. Ол биік жоталармен бірге тау аралық ойыстардан, қыратты жазықтардан тұрады. Таулардың биік белдеулері оның дамуының негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кетпен биіктігі орташа тау Солтүстік Тянь –шаньның шығыс бөлігінде орналасқан. Оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 300 км, ені 50 кмғ биіктігі 3500 м. Ол да төменгі палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан құралған. Кей жерлерінде гранит жер бетіне шығып жатады. Жотаның беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген. Кетпен Құлақтау арқылы Күнегей Алатаумен жалғасады.
Күнгей Алатауы солтүстік – шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана Қазақстанға кіреді. Бұл жотаның орташа биіктігі 3800-4213 м. Күнгей Алатау мен Іле Алатауының шығыс бөлігін Шарын, Шілік өзендерінің аңғарлары, Жалағаш тау аралық жазығы бөліп жатыр.. Беткейі көлбеу келген, төбесі жазыңқы.
Шу-Іле таулары Іле Алатауының солтүстіктен – батысында жатыр. Ол қатты мүжіліп, үгіліске ұшыраған жеке-жеке адырлардан (Доланқара, Құлжабасы, Кіндіктас, Хантау, Алаайғыр және т.б) тұрады. Орташа биіктігі 1000-1200 м. Ең биік нүктесі – Айтау -1800 м. Іле-Шу таулары негізінен кембрийге дейінгі метаморфтанған жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған.. Оның үстінде төменгі палеозойдың тақтатас, құмтас,, шөгінді эффузифті жыныстары қабаттасқан. Тау беткейлері құрғақ, терең шатқалдармен тілімденген, жері жазық, солтүстіктегі Бетпақдаламен шектеседі. [2,3,5,10]
Батыс Тянь –Шаньның Қазақстанық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады. Қырғыз жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы (Тараз қаласының маңы), Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік – шығыс беткейі қазақстан аумағына кіреді.
Қырғыз
жотасы да көлемі мен биіктігі
жағынан үлекен тау жүйесі. Оның
ең биік нүктесі- П.П.Семенов
шыңы, биіктігі 4566 м. Таудың қазақстандық
бөлігі одан аласа-4500 м шамасында.
Тау батысқа қарай аласыра береді.
Оның солтүстік беткейі құламалы,
мүжілген тау сілімдерін елестетеді.
Жотаның беті карбон дәуірінің
құмтастары, әктастар мен граниттерден
тұрады. Оның беті күшті тілімденген,
тегіс емес. Қазақстандық бетінде альпілік
жер бедері қалыптасқан.
2.3.Сауыр-Тарбағатай тау жоталары
Сауыр-Тарбағатай көршілес жатқан тау жоталарымен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Сауыр-Тарбағатай шығысында Сарыарқа, солтүстігінде Зайсан, оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры арасында орналасқан, 47о ендік бойымен 150 шақырымға созылады. Сауыр, Тарбағатай таулары мен Алакөл аймағын қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов пен оның досы Г.Н Потанин зерттеген.
Сауыр тауы герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Ең биік жері – Мұзтау(3816 метр). Сауыр тауы негізінен палеозойлық тақтатас, құмтастардан, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген. Жотаның үгілуіне көбірек ұшыраған оңтүстік беткейі жақпар тасты келеді. Ертістің кейбір салаларына суайрық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақстан жеріндегі бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік беткейінде 1000 метрге дейін далалық, 1900 метрге дейін орман зонасы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Пайдалы қазбалардан әзірге зерттелгені – Кендірлік қоңыр көмір кен орны. Қаңтардағы орташа температурасы -22о, кей күндері -46о-қа дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +30о, кей күндері +40о дейін ысиды. Жылдық жауын – шашын мөлшері 350-500мм. Зайсан көліне құятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кіші-гірім мұздықтар бар.
Табағатай тауы Сауырға қарағанда аласарақ, бірақ едәуір ұзын. Оның ең биік шыңы – Тастау, абсолют биіктігі 2992 метр.Шығысында төбелі-белесті өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 шақырым, ені 30-501 шақырым шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Жота герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Негізінен тақтатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген. Гранит, кристалды сланец, саз балшықтар да кездеседі. Альрілік тау жасалу процесінің әлі жүріп жатқаныы жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалық қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылы Зайсандағы зілзала, соның салдары болып табылады. Тарбағатай өңірінің климаты қоңыр континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынының жылдық мөлшері 350-500мм. Ауасының орташа температурасы қаңтарда -20о С,шілдеде +22о С.
Тау беткейлерінен көптеген өзендер бастау алады. Өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Зайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сияқты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.
Тарбағатайда биіктік белдеулік бірден байқалады. Тау бетегінде ашық қызыл топырағында бозды бетегелі-жусанды шөлейттік зона өсімдігінен басталған биіктік белдеулік, одан жоғарылақтағы қызыл қоңыр және қара топырағында дала өсімдігі өседі. Дала зонасынан жоғары жабайы алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, көктеректен тұратын орман зонасы орналасады, ол жерде жауын-шашын молдау түседі(600-800мм). 2000 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық өседі.