Қазақстанның биік таулы аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 18:04, курсовая работа

Описание

Аймақтың территориясының көп бөлігі ойпаттардан, жазықтардан, үстірттерден және биіктігі 500 метрге жететін қалдық аласа таулардан тұрады. Пайыздық үлесі бойынша Қазақстан территориясының тек 10% ғана биік таулы облыстарға, ал қалған 90% жоғарыда көрсетілген геоморфология бірліктерінің үлесіне тиеді. Республикадағы негізгі тау жүйелері Орта Азияның басты тау жүйелерінің бір бөлігі: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары. Және бұл таулар Орта Азия тауларының бір бөлігі бола отырып, осы таулардың шеткі нүктелерінің тізбектерін құрайды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................3
Қазақстанның биік таулы аймақтары...........................................................4
1.1 Қазақстанның биік таулы аймақтарына жалпы шолу.....................................4
1.2. Қазақстаның биік таулы аймақтарының геоморфологиялық бөлінуі...........6
2. Қазақстанның биік таулы өлкесі....................................................................9
2.1. Алтай таулы өлкесі........................................................................................9
2.2. Тәңір шыңы - Тянь-Шань........................................................................12
2.2.1 Тянь-Шань тауының ірі тау жүйелері..........................................15
2.3. Сауыр-Тарбағатай тау жоталары.....................................................................18
2.4 Жоңғар Алатауы................................................................................................19
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .................................................................26

Работа состоит из  1 файл

1Горы Казахстана.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)

    Жануарлар дүниесі көршілес Алтай тау жануарларына ұқсас. Онда қоңыр аю,қасқыр, суыр, аламан, марал, тауешкісі, т.б. жануарлар мекендейді. Тау беткейі мал жайылымына қолайлы. 1968 жылдан бастап бұл жерде Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылған.

     Жалпы аумағы 240 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықшаны ұйымдастыру себебі, бұл  жерде Қазақстанның «Қызыл кітабына»  енгізлген жолақты қарашұбар  жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, арқар, қоян, суыр, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді. Қорықша жерін Қосты, Қызыл қайыңды, Қандысу өзендері кесіп өтеді.[1,2,4,6]  

2.4. Жоңғар Алатауы 

     Жоңғар  Алатауы Сарқантау және Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы болып екі тау жүйесіне (жотаға) бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өзендерінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жоңғар Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай  Халық Республткасы жерінде жатыр. Таулар күшті тілімделген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. Солтүстік Жоңғар Алатауының өзімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау, Желдітау, Қайрақкөл, Марқатау, Күнгей жотасы, Тастау, Бұлантау секілді жоталары бар.

     Басқан  таудың негізгі жотасымен қиылысқан  жерінде Жоңғар Алатауының ең биік шыңы  - Бесбақан (4622 метр) орналасқан. Солтүстік Жоңғар Алатауының жер  бедерінің ерекшелігі – тау жоталарының  кертпештеліп, баспалдақ түзілуі. Тау  беткейлері бірінен-бірі жоғары орналасқан үш деңгейлі (1500-1900метр, 2000-3400 метр,3500-4500) баспалдақ құрайды. Төменгі сатыдағы таулар (Дауыбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі т.б.) экзогендік процестер әсерінен көп мүжілген қалдық таулар.  Олар өзара кең өзен аңғарларымен бөлінген. Мұнан жоғары екінші деңгейде Қайраңкөл, Желді Қарағай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгей жотасы т.б. жатыр. Ал жоғары баспалдаққа Тастау, Басқантау, Сарқантау, Көкжотатау т.б. жатады. Соңғы екі баспалдақ таулары бедерінің қалыптасуында эрозиялық әрекеттердің басымдылығы байқалады. Сондықтан өзен аңғарлары тар, кей жерлері шатқалды келген. Жоңғар Алатауының баспалдақты құрылымы тау төбесінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп, тегістеліп, тау үсті жазықтарына айналуы нәтижесінде пайда болған.

     Оңтүстік Жоңғар Алатауы Тоқсанбай, Бежінтау, Тышқантау, Мұзтау жоталарынан тұрады. Қотырқайың жотасы негізгі жотасының батыс жалғасы болып есептеледі. Оның оңтүстігінде Алтын Емел және Қоянтау жоталары жатыр. Қатынтау мен Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі.

     Жоңғар  Алатауы – Қазақстанның оңтүстік-шығыс  жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде  Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Ол шығыстан батысқа қарай ендік  бағытта 450 шақырымға созылып жатыр, ені 100-250 шақырым. Жоңғар Алатауы Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар тауларына бөлінетіні анық. Қытай халық республикасындағы Ебінұр көлінің ойыс, табиғи өткел бар. Оны Жоңғар қақпасы дейді. Жоңғар қақпасының абсолюттік биітігі 300-400 метр, ені 10 шақырым шамасында. Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды батыс Қытаймен жалғастыратын «Достық» темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейі көлбеу, кей жерлерде беткейдің төбесі тегіс, сатылы болып келеді. Ең биік жері – Бесбақан шыңы (4463м). Солтүстік жотаның құрамында,  Тастау, Сарқантау, Тасқантау, Мыңшұңқыр жоталары бар. Оңтүстік Жоңғар жотасы Мұзтау, Тышқантау, Бесінтау, Тоқсанбай тауларынан тұрады. Солтүстік Жоңғар жотасына қарағанда беткейлері тік құзды болып келеді. Батыс бөлігі Итшоқы, Қотырқайық, Алтынемел, Шолақ, Қатутау, Қалқан тауларына ажырайды. Оларды бір-бірінен Қоғалы, Көксу, Алтынемел, Қаратал, Қоңырөлең өзен аңғарлары жатыр.

     Жоңғар  Алатауының жер бедері күрделі. Оның көлбеу жазыққа айналған тау етегі  аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан адырлы-төбешікті пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кешен айқындала түседі. Беткейлік шайлумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға алмасады. Ал 3500 метрден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан.

     Жоңғар  Алатауы тау жүйесінің біраз  бөлігі қытай Халық Республикасы жерінде, Орқашар және Жайыр деген  биік жоталарды (2500м) құрайды. Қазақстан  жеріне таяған шекарасында Орқашар  барлық тауымен (3300метр) жалғасады. Жайыр тауы аласа Майлы таудың жалғасы. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты қамысты, кей жерлерде құрғақ дала болып кетеді. Аңғар бойында ірілі үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым деп атап кеткен.  Осы аңғар арқылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры шектеседі. Бұл жоғарыда аталған Жоңғар қақпасы территориясы.

     Жоңғар  Алатауының қазақстандық бөлігі осы  қақпаның батысынан басталады да батысқа қарай Боротола өзеніне дейін Қытай – Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жоңғар алатауы ассиметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.

Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жоңғар Алатауы солтүстік, оңтүстік жоталарының  да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі – Бесбақан (4622 метр), оңтүстік жотаның ең биік нүктесі – Мұзтау (4370 метр).

     Солтүстік Жоңғар жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа  қарай аласырап,кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы – Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұқыр жоталары. Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан Оның ең ірісі – Ойжайлау қазаншұңқыры. Екіншісі сатысы Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы, және т.б.

     Оңтүстік  Жоңғар жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен солтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар іле өзені аңғарына жақындап келеді.

     Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. тау қыраттарын бөліп жататын алаптар тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлер құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.Жоңғар Алатауы палеозой эрасында пайда болған гнейс, кристалды сланец, құмтас, мәрмәр жыныстарынан құралған, биік жерлері каледон граниттерінен түзілген. Кей жерлерінде карбон, пермь жыныстары мен кайназой шөгінділері де кездеседі. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған.Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері кездеседі. Орта палеозойда пайда болған теңіз шөгінділері, таскөмір мен пермьде түзілген жанартаулық эффузивтер бар.

     Жоңғар  Алатауының геологиялық құрылымы кембрийге  дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі  граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. таудың оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі.

     Жоңғар  Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі. Тау каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі калеозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарап, тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпалын жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.  Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл ( Текелі, Көксу кеніштері), жанартаулық эффузивтерінде мыс және сирек кездесетін металлдар баршылық. Жоңғар Алатауының тектоникалық құрылымы да күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген, мезозой мен кайназойда, әсіресе, палеогенде бұл өңір тегістеліп, платформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылуында Жоңғар алатауының өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы блоктарға бөлшектеніп , опырықты (грабен) және горстық құрылымдар пайда болып, жаңғырған иік тау жоталары түзіледі. мұнда тектоникалық процестер әліңгі күнге дейін жалғасуда, 4-5 баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшалар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеті бар ыстық бұлақтары – арасан сулары (Қарғас, Жаркент-Арасан, Қапал, Керімағаш т.б.) ағып шығады

     Жоңғар  Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым құрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай:  қысы суық, жазы қоңыр салқын.   Климаты жота үстімен өтетін полярлық, Орта Азиядан келетін тропиктік ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Таудың қысы жылы, жазы салқындау. Қаңтардың орташа температурасы – 10о,-11о, шілдедегі температура +18о,+22о. Солтүстік-батысында жылына 600-800мм, оңтүстік және шығыс бөлігінде 300-400 мм жауын-шашын түседі. Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық мөлшері молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі және Сайқан желдері 60-70 м/с жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, жанға жайсыз ауа райын тудырады.

     Жоңғар  қақпасынан Ебі желі соғады. Жоңғар Алатауының ең биік жоталарында көп  жылдық қар және мұздықтар шоғырланған. Ірілері – Абай, Берг, Колесник, Воейков, Жамбыл мұздықтары. «Жер жанаты – Жетісу» аталған өңірдің шығыс бөлігі болғандықтан, жер беті ағын суы мол Жетісуға кіретін бас өзен өз бастауларынан Жоңғар тауынан алады. Олар – Көксу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері. Жоңғар Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Хоргос өзені ағып, Ілеге қосылады.

     Жоңғар  Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі Солтүстік жотада орналасқан. Онда жалпы ауданы 996 шаршы км-ге жететін 700 мұздық бар. Ең ірілері Лепсі өзенінің басында. Жоңғар Алатауының мұздықтары Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Биен сияқты жеті топқа бөлінеді.

     Жоңғар  Алатауының оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда шөлейт және дала өсімдіктері арналас өседі. Солтүстік беткейінде 600-1400 метр аралығында дала, одан жоғары 2200 метрге дейін аралас орман, 2400 метрден жоғары субальпі және альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатыр. Жануарлар дүниесінде Алтайлық және Тянь-Шаньдық түрлері тараған.

    Жоңғар  Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады.Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт қалыптасқан.Таудың биіктік белдеілігі алдымен 500-600 м-ден 1200-1400 м-ге дейін шөлейт зонасынан басталады.Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 метрге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер мен дәнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. Солтүстік Жоңғар Алатауының орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Ормандарында Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағыштары өседі. Мұнан жоғары (3200-3500 метр) биік таулы белдеу орналасқан. Солтүстік биік таулы белдеуі шалғынды-субальпілік, далалық, шалғынды альпілік ландшафттармен сипатталады.  Тауда биіктік белдеулікті ең алғаш Ш.Уәлиханов зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған.

     Жоңғар  Алатауы – Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Бұл тау – Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан Орта Азияның табиғи қақпаларының бірі ретінде саналады. Таудың геологиялық тарихи  құрылымы сонау кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан құралғандығына қарамастан, көптеген эндогендік және экзогендік процестерді бастан кешіріп, әліңгі күнге дейін еліміздің ең ірі, әрі биік тау жүйелерінің бірі ретінде саналады.

     Жоңғар  Алатауы кен байлықтарына да бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш және тағы басқа кенді және минералды  шикізаттар баршылық. Сонымен қоса тау беткейлерінде туризм мен  рекреациялық орталықтар да құрылған. Олар негізінен таудың геологиялық құрылысындағы бір ерекшелік мин.ералды сулардың болуымен түсіндіріледі. Тау аймағында бірнеше арасан бұлақтары бар.

     Тау жасалу процесі әлі тоқталмаған  жас тау. Жер сілкінулер жиі болып  тұрады. Биік шыңдарын мәңгі қар  мен мұздықтар басқан. Табиғаты көркем  әрі шырышы бұзылмаған аудандары нағыз туристерді тарту үшін бағалы.[1,2,3,4,5] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

          Қазақстан территориясының  көпшілік аудандары негізінен аласа  және жазықты жерлерден тұрғанына  қарамастан, еліміз Орта Азия мемлекеттері ішіндегі биіктік белдеуі байқалатын мемлекет ретінде саналады. Мемлекет территориясының тек 10 пайызын алып жатқан биік таулы облыстар Қазақстанның климаты мен оның табиғат жағдайына өз әсерін тигізбей қоймайды. Енді сол тау жүйелерінің басты ерекшеліктеріне келетін болсақ, Қазақстанның шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы барлық тау жүйелерінің кейбір жалпы орографиялық  ерекшеліктері бар:

          Біріншіден, бұл әрбір  тау жүйелерінен батысқа және солтүстік –батысқа қарай созылып  жатқан үлкенді-кішілі тарамдары байқалады: Алтайдан Қалба жотасы, Сауыр-Тарбағатай  Қазақтың қатпарлы өлкесімен жалғасады, Жоңғар Алатауынан Үшкөл жотасы, Солтүстік Тянь-Шаньнан Шу-Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнан Қаратау жотасы. Осы жоталардың бәрі де негізгі жүйеден қашықтаған сайын бірте-бірте аласарып, жазықтармен ұласады.

          Екіншіден, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы  өлкелердің төменгі палеозой жыныстарынан құралған солтүстік бөліктерінде төбесі тегіс биік тау қыраттары көп, ал жоғарғы палеозой жыныстарынан құралған оңтүстік бөліктерінде тау қыраттары сирек кездеседі және олар едәуір биік, ауданы жағынан кіші болады.Таулы өлкелердің барлық жоталарының солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстік беткейі тік келеді. Бұл ерекшелік таулы өлкелердің солтүстік бөлігінің ертерек және бірнеше рет көтеріліп, альпі тау жасалуында жалпы көтерілу күшінің оңтүстіктен солтүстікке қарай баялауымен байланысты.

Информация о работе Қазақстанның биік таулы аймақтары