Қазақстанның табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен.

Содержание

1 Географиялық зерттелу тарихы
2 Жер бедері
3 Геологиялық құрылымы
4 Климаты
5 Атмосфера айналымы
6 Қазақстанның топырағы, өсімдіктері және жануарлары.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның  табиғаты

 

Қазақстан Республикасының  аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына  дейін, солтүстігнде Батыс Сібір  жазығынан (Солтүстік Қазақстан  жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.

 Мазмұны  

1 Географиялық зерттелу тарихы

2 Жер бедері

3 Геологиялық құрылымы

4 Климаты

5 Атмосфера айналымы

6 Қазақстанның топырағы, өсімдіктері және жануарлары.

 

 

Географиялық  зерттелу тарихы

 

Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.

9 – 10 ғасырларда араб  ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.

15 – 17 ғасырлардағы  Қазақстан туралы географиялық  мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды.

  "Ертіс өзені"

Ертіс өзені бойында  бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан, Қазақстанның жеке өңірлерінің тұңғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кітабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 – 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің Ғылым және көркемөнер академиясының академиктері мен адъюнктері Қазақстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын, Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді.

1820–21 жылдары экспедициялық  зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.

19 ғ-дың 1-жартысында  қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географилық сипаттама болды.

  "Балқаш көлі"

1840–50 жылдар аралығында  Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық  Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі  Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол  Жетісу Алатауына, Балқаш–Алакөл  ойысының шығыс бөлігіне физикалық-географиялық  сипаттама берді. 19 ғасырдың орта  шенінде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді.

  "Алакөл көлі"

1857 ж. Арал-Каспий атырабына  императорлық Санкт-Петербург Ғылым  Академиясы ұйымдастырған экспедицияға  И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов  қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.

1856–57 жылдары П.П. Семенов  (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына  өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғылым негізін жасағандығы болды.

  "Тянь-Шань  тауы"

19 ғ-дың 50–60-жылдарында  Жетісу Алатауы мен Іле өңірін  қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын іздеуге байланысты физикалық -географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды.

19 ғ-дың 60-жылдарында  Ресейдің Қазақстанды отарлаудың  тарихи үрдісі аяқталды. Соған  орай кен байлықтары пайдалануға,  темір жолдың салынуына және егістік жер қорының кеңеюіне көп көңіл бөліне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бірге арнаулы геология, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1865–79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланысты мұнда одан әрі барлау жұмыстары жүргізілді. Қазан төңкерісіне дейін Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстарының ең көрнектісі – Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады.

1865–79 жылдары И.В. Мушкетов  пен Г.Д. Романовский Арал маңын,  Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркістан”) еңбегін жазды (1886–1906). Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді. 19 ғасырдың 90-жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К.И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы өңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды.

Қоныстандыру басқармасының  Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев  басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геология, топырақ тану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргізді. Мысалы, Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне эолдық факторлардың күшті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географилық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л.С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.

19 ғ-дың 70-жылдарынан  Қазақстан аумағында метеорологиялық  бақылаулар жүргізілді, бірақ мұнда  метеорологиялық станциялардың  саны өте аз болды және аумақ  бойынша орналасуы біркелкі болмады.

"Арал теңізі"

1898 – 99 жылдары Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский  Орыс Географиялық қоғамының  Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен  Солтүстік және Орталық Қазақстанның  ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 – 1902 ж. аралығында Берг  Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал – Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды. Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг “Аральское море” (“Арал теңізі”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттеді.

"Қазақстан өсімдіктері"

20 ғасырдың басында  қазіргі Қазақстан жерінде топырақтану  зерттеулері етек жайды. Қоныстандыру  басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға  топырақ зерттеушілер С.С. Неуструев,  Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б.  басшылық етті. Қазақстанның өсімдігін зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сіңірді. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Іле тауларын, Іле өзен алабын, Іле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бірі болып Тұран шөлін жіктеп, онда шөлдің саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерінің бар екендігін анықтады. Геоботаникалық зерттеулердің ішінде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Алтайда ботаникалық және географиялық зерттеулер жүргізді. Ол бұл тау жүйелеріндегі өсімдіктердің таралуының бірқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргізген геоботаникалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, шөл және дала белдемінің ауыспалы сипатта екендігі туралы пікір айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттеді. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, өсімдік ассоциациясының жер бедерімен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.

19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасы  н зерттеуге көңіл бөліне бастады.  Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері географиялық тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).

Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары  мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың  геогр. таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазақстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әр түрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физикалық-географиялық заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физикалық-географиялық бөлінуінің негізі Бергтің “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфологиялық аймақтарға бөлу тәжірибесі”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфологиялық облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін ғыл. маңызы күшті.

Информация о работе Қазақстанның табиғаты