Қазақстанның табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен.

Содержание

1 Географиялық зерттелу тарихы
2 Жер бедері
3 Геологиялық құрылымы
4 Климаты
5 Атмосфера айналымы
6 Қазақстанның топырағы, өсімдіктері және жануарлары.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін соц. негізде дамыту мәселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері – жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қарқынына, ғылыми мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.

Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру және соцоллогиялық экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.

  "Минералдық шикізат"

Минералдық шикізат  тардың кеңінен іздестіріле барлануына байланысты Қазақстан жерін зерттеуші  институттардың, геологиялық партиялардың және трестердің (Сібір , Орталық геологиялық институттың Сібір бөлімі, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геологиялық барлау трестері, Ауыр өнеркәсіп халкомының Қазақ геология-гидрогеология басқармасы, т.б.) саны көбейе түсті. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономиялы республикаларды зерттеуші арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 жылы Қзақ гидрометеорология басқармасы ұйымдастырылды. 1932 жылы КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған конференция өтті. Бұл жағдай республикада жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлімшесіне айналды).

Геологиялық зерттеулердің  басты мақсаты' – еліміздің өнеркәсібіне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек етті. Кен орындарының өнеркәсіптік маңызын анықтай түсу үшін Әулиеата уезінде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орталық Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер іске асырылды. Геоморфологиялық байқаулар Үстіртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргізілді. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кітабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берілді.

Оңтүстік Қазақстан  облыстарының климатын зерттеуде Түркістан  метеорологиялық институты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын  климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркі”) еңбегі] жасалды.

Қазақстандағы алғашқы  гидрологиялық кешенді зерттеу  жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуі жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтің “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркі”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі”) еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.

КСРО Географиялық коғамының  Верный және Түркістан бөлімдері  Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен  өтетін лай тасқындардың себебін  анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928–30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физикалық-географиялық аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.

Геоботаникалық зерттеулердің  де өзіндік қолданбалық мақсаты  белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды  жерді анықтау әрі оларға сипаттама  беру міндеті қойылды. Алғашқы жылдары  геоботан. жұмыстың көпшілігі Батыс Қазақстанда жүргізілді (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар облыстарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923–25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулі үлес қосты.

  "Өндіріс  орындары"

Өндірісті тиімді де дұрыс  орналастырудың маңыздылығы экономиканы  қайта құру жоспарын жасау кезінде  айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929–32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының барлық салаларының техникалық базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы геогр. зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928–40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерінің және жергілікті ғылыми кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлықтарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргізілді.

Климаттық және гидрологиялық  жұмыстар метеорологиялық және гидрометеорологиялық станциялардың көбеюіне негізделе  жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарық көрді. Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргізді.

2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941–45) жалпы геогр. зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.

КСРО ҒА-ның Географиялық институтының көпшілік қызметкерлері  Алматыға көшіріліп, Топырақ тану және Ботаника институттарымен және басқа  жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығын өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфологиялық карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тиімді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудің геохимиялық тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге катысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геогр. секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал теңізіндегі Барсакелмес аралының, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шөлдің, Жетісудың геогр. жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген “Қазақстанның физика-географиялық очерктері” (1952) жарыққа шықты.

Қазақ КСР ҒА-ның Географиялық институты Қазақстан табиғатын  зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солтүстік және Орталық Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергетикалық және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физикалық-географиялық станциясы құрылды. Республика жерін геоморфологиялық зерттеу, әсіресе геоморфологиялық картаға түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі – геологиялық картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфологиялық карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудің негізіне айналды.

 

Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жерді  игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердің деректері негізінде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты.

Гидрологиялық зерттеулердің  ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін  аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО ҒА-ның Көлтану институты  айналған көлтану лабораториясы  мен Қазақ КСР ҒА-ның географиялық секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердің физикалық-географиялық жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрологиялық кешендік зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректері “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер беті ағынының қоры”) жинақтарына енгізілді.

Топырақ жамылғысын зерттеген  әр саланың ғылыми және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп  томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-інің топырағы”) басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботаникалық және зоогеографиялық зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді. КСРО ҒА-ның аэротәсілдер лабораториясы Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудің аэротәсілін белгіледі. Экономикалық география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетін бейнелейтін кешендік еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға, экономикалық аудандастыруға және экономикалық аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасу мәселелеріне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдірахманов, т.б.) жарық көрді. Республика жерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендік атластары құрастырылды. Тың өлкесінің, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердің кеңінен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкілодақтық 6-кеңесінің (1963) Алматыда өтуі әсер етті. Арал маңы мен Жезқазған өңірінің, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарыньщ ландшафтылық жағдайы зерттелді

 

2. Жер бедері.

Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.

 Республиканың шығысында Алтай  тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді  Алтай ғана Қазақстан жерінде)  созылған. Алтай жер бедерінің  құрылысы сатылы келеді; жұмыр  жоталары мен тау массивтерінен  сеңгір жалдары және тік шыңдары  оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500 – 3500 м, биік жері Мұзтау – 4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап сынды: одан солт.-батысқа және оңт-ке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы – Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км-дей, орташа биікт. 2000 – 2200 м, ең биік жері 2992 м.

Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы  Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңт-нде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар  мен мұздықтар басқан аса ірі  тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі  шыңынан батысқа және солт-ке қарай  Солт. және Орт. Тянь-Шаньннің жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы – бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңт.-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солт. беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шаньннің ірі әрі биік тау жотасы – Іле Алатауы; ұзындығы 350 км, ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы – сейсмик. өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңт-не Қырғыз Алатауының солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан.

Информация о работе Қазақстанның табиғаты