Қазақстанның табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен.

Содержание

1 Географиялық зерттелу тарихы
2 Жер бедері
3 Геологиялық құрылымы
4 Климаты
5 Атмосфера айналымы
6 Қазақстанның топырағы, өсімдіктері және жануарлары.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат. Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңт-нде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында – 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал т-не дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солт-ндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км-ден астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солт. бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш – Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т.б.) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өз-нен оңт. жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Бат. Сібір жазығының оңт. етегі Қазақстанның солт-нде Сарыарқаға ұштасады (Солт. Қазақстан жазығы). Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биікт. 150 – 200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.

Орал тауы мен Сарыарқаның  аралығында ені 300 км-дей қырқалы  Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін  ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен  тегіс, төрткілді келеді.

 

3. Қазақстанның  геологиялық құрылымы

 Қазақстан Шығыс  Еуропа платформасының оңт.-шығыс  шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің  батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы  белдеу өзінің оңт.-батысында  Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.

Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві – Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс – Тарбағатай, Обь – Зайсан және Алтай – Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4 – 6 км) құралған.

Тұран тақтасының үстіңгі  тысы жоғ. триастан төрттік кезеңге  дейінгі теңіздік, континенттік, терригендік, карбонаттық-терригендік шөгінділерден (4 – 5 км-ге дейін) түзілген. Оның іргетасы құрамы әр түрлі келген кембрийден триасқа дейінгі геосинклинальдік және квазиплатформалық геол. формациялардан түзілген және интрузиялар бойлаған жарылымдармен тілімденген.

Мұғалжар құрылымы өзімен көршілес Торғай ойпаңының батыс  ернеуімен бірге Орал қатпарлы жүйесіне кіреді. Мұнда прекембрийдің (кембрийден бұрынғы) метаморфтық және төм. палеозойдың жанартаулық-шөгінді жыныстарының шығымдарынан тұратын антиклинорийлік жіңішке блоктар силурдың, девонның, карбонның негізгі вулканиттері мен шөгінді қат-қабаттарымен толған сннклинорийлік ойпаңдармен кезектесіп отырады.

Ультрабазиттердің, габбродиориттердің, гранитоидтердің интрузиялары кең  тараған. Ал Қаратау өңірінде прекембрийдің  метаморфтануға шалынған жыныстары, кембрий-ордовиктің кремнийлі-тақтатасты ванадийлі және фосфоритті карбонатты-терригендік шөгінділері, жоғ. девон – төм. карбонның карбонатты шөгінділері көптеп кездеседі, қатпарлану мен интрузиялар бірқалыпты орын алған. Сарыарқа түрлі жастағы және әр түрлі бағыттағы блокты-қатпарлы құрылымдардан түзілген, сондықтан да оның құрылымы күрделі. Ең көне (1,1 – 2,7 млрд. жыл) архей-протерозой түзілімдері ірі массивтер мен антиклинорийлік блоктарды (Көкшетау, Ұлытау, Ерейментау) құрайды.

Көкшетау – Солт. Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне бірігетін каледонидтер Сарыарқа жерінің 50%-ын қамтыған. Батысында бұлар доға тәрізді, иіні оңт.-батысқа қараған және кембрийдің, ордовиктің, силурдың карбонатты-құмды-тақтатасты миогеосинклинальдік жыныстарынан түзілген, ал орт. және солт.-батыс бөліктерінде қарқынды қатпарлана тілімделген эвгеосинклинальдік қат-қабаттармен толған. Девонның мұндағы терригендік, қызыл түсті карбонатты шөгінділері мен қышқыл, негізді вулканиттерінің еңістігі жайпақ келеді. Карбон мен пермь жыныстары карбонатты-терригенді (кейде көмірлі) мульдаларды құраған. Сарыарқаның оңт. бөлігінен Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесінің герцинидтері орын алған. Бұл жүйедегі қышқыл және орташа құрамды беткі вулканидтер екі ірі интрузиялық-жанартаулық (девондық Орт. Қазақстан, жоғ. палеозойлық Балқаш маңы – Іле) белдеуді қалыптастырған. Антиклинорийлерде төм. палеозойдың кремнийлік-терригендік шөгінділері, негізгі вулканиттер мен ультрамафиттер, ал синклинальдарда девон мен карбонның жанартаулық және карбонаттық-терригендік жыныстары дамыған.

Сарыарқа мен оған іргелес жайласқан палеозойлық құрылымдар ауданының жартысына жуығын интрузиялық жыныстар алып жатыр, сонымен бірге орогендік каледон мен герцин гранитоидтері ерекше кеңінен тараған, гипербазиттер, базиттер, сілтіліге жуық және сілтілік жыныстар да ұшырайды. Сарыарқа мен Жетісу Алатауының палеозоидтарына шығыстан төм. палеозойдың кремнийлік-терригендік-жанартаулық эвгеосинклинальдік формацияларынан құралған Шыңғыс-Тарбағатай антиклинорийінің каледонидтері жанасып түйіседі. Мұндағы аздап қатпарлана тілімделген девон қабаттары қышқыл және орта құрамды беткі вулканиттерден, терригендік-шөгінділерден, ал карбон қабаттары әктасты-терригендік жыныстардан құралған.

Гранитоидтердің көптеген жеке массивтері бар, габбро-плагиограниттер, сілтілі интрузиялар кездеседі. Казақстанның шығыс бөлігінен Зайсан қатпарлы жүйесінің герцинидтері орын алған. Мұнда силурдың, девонның төм. карбонның эвгеосинклинальдік кремнийлік-жанартаулық, әктасты-терригендік, т.б. шөгінділері басқан бірнеше ірі құрылымдық-формациялық белдемдер ажыратылған. Жоғ. палеозойлық шағын мульдаларда терригендік көмірлі және сілтіліге жуық жанартаулық жыныстар шоғырланған. Кенді Алтайда кварцты жеке массивтері бар, габбро-плагиограниттер, сілтілі интрузиялар кездеседі. Казақстанның шығыс бөлігінен Зайсан қатпарлы жүйесінің герцинидтері орын алған. Мұнда силурдың, девонның төм. карбонның эвгеосинклинальдік кремнийлік-жанартаулық, әктасты-терригендік, т.б. шөгінділері басқан бірнеше ірі құрылымдық-формациялық белдемдер ажыратылған. Жоғ. палеозойлық шағын мульдаларда терригендік көмірлі және сілтіліге жуық жанартаулық жыныстар шоғырланған. Кенді Алтайда кварцты порфирдің интрузиялары мен жоғ. палеозойдың гранитоидтері, Қалба белдемінде – лейкократтық гранитоидтер мол.

Республиканың қиыр шеткі  шығыс бөлігінен Алтай-Саян қатпарлы облысына жататын Таулы Алтайдың төм. палеозойлық құмды-тақтатасты белдемі орын алған. Тауаралық ірі Іле, Балқаш-Алакөл, Зайсан ойыстарының кей жерлері көмірлі, гипсті келетін мезо-кайнозойдың континенттік және көлдік шөгінділері басқан.

4. Қазақстанның  климаты

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, кыстың солтүстікте ұзак әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты  ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті  орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ  еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр кашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.

Қазақстан коңыржай климаттық  белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің катты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.

Кең байтақ Қазақстан  жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі  көзі – мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің  сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс  және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәніне 70 – 80%-ға жетіп, жазда көпшілік жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 – 4,5 ай (қараша – наурыз), оңтүстікте – 1 ай.

Қазақстанда жылудың  булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемиді. Шөлді өңірдің қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбулентті жылу алмасуға кетеді. Тек топырақтың көктемгі ылғалға қаныққан кезінде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететін жылу мөлшері ауаны турбулентті жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебінен күндізгі ауа температурасының қала төңірегіне қарағанда төменірек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерісі ауа темп-расын өзгертеді.

Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс  аудандарындағы – 18°С-тан оңт. аудандарында 3°С-қа дейін көтеріледі. Шілденің орташа темп-расы бұл аудандарда тиісінше 19°С-тан 28 –30°С-қа дейін. Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттігі тым жоғары, бұл өңірде қаңтар мен шілденің орташа темп-расының айырмашылығы 41°С-қа жетеді. Оңт. аудандарда 10 ай бойы орташа тәуліктік темп-ра 0°С-тан жоғарырақ болады. Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45°С-тан –50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°С-тан 45°С-қа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.[1]

Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа темп-расының ең жоғ. деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30–35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс. минимум –42°С-қа жеткен (26 ақпан, 1951).

Республиканың қиыр оңтүстігінде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы  өңірінен тыс бөлігінде жаз тым  ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа темп-расы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.

 

5.Атмосфера  айналымы.

Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солтүстігінде оңүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосфералық процестер Солтүстік жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлшері кеміп, ауа температурасы жоғарылайды. Еуропалық айналым кезінде республикаға суық ауа массаларының енуі жиілейді, температура шұғыл төмендейді, жауын-шашын молаяды, жел күшейеді. Сібірлік айналымда – оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемиді. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетінің әр тектілігінің де әсері болады.

 

6. Қазақстаның  топырағы, өсімдіктері және жануарлары.

Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.

 Солтүстік Қазақстандағы  Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi  Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.

 Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аум. 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аум. 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.

Информация о работе Қазақстанның табиғаты