Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:08, курсовая работа
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен.
1 Географиялық зерттелу тарихы
2 Жер бедері
3 Геологиялық құрылымы
4 Климаты
5 Атмосфера айналымы
6 Қазақстанның топырағы, өсімдіктері және жануарлары.
3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аум. 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 — 4%-дай. Аум. 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38,4 млн. га.
4) Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал ш. дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биiк таулы аймақтың
топырағы республиканың оңт.-
Өсiмдiктерi. Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық
бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт
және шөл белдемдерiне (аймақтарға)
ажыратылады. Орманды далалық
аймақ — республика жер аумағын
Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр,
аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi
аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай
тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық
флораның құрамында 2000-нан астам түр бар
деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер.
Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен
қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа
бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi:
1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi
және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi
шөптесiн — бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ
және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр
және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды
дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық
белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы
жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ — жалпы
аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы
алуан түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде
200 — 215 түрi — эндемиктер. Шөлдi аймақ 5
белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы
жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер
— аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының
14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты
— жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды)
шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-
Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.
Жануарлары. Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң
аңғарындағы орман алып жатқан
далалық белдемнiң батыс
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.
Зайсан қазаншұңқырынан оңт-
Кең байтақ Қазақстан жерiн
мекендеген жабайы
Жануарлар түрлерiнiң қазiргi
сипаты бiрқатар жағдайларға