География ашык сабагы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 23:19, контрольная работа

Описание

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, өзін жан-жақты дамытатын, білімді, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-қоғам дамуының қазіргі талабы. Сондықтан ұсынылып отырған әдістемелік жинақтан орта мектепте жаратылыстану ғылымын оқыту бағдарламасы негізінде оқушыларға география пәнінен олардың қоршаған әлем, орта, дүние жүзілік географияны, дүниетанымды меңгертудің сан алуан қыр сырын үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Содержание

Алғы сөз 3
11 сыныптарға география пәнінен ҰБТ-ға арналған бағдарлама мазмұны мен құрлымы 4
Сабақтың тақырыбы: Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар 7
Сабақ тақырыбы: Құрлық сулары 13
Сабақтың тақырыбы: Алтай 16
Литосфералық тақталар туралы ұғым 18
Дүние жүзілік мұхит қатынасы 20
Географиялық ойындар 24
Қосымшалар 27

Работа состоит из  1 файл

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫ.doc

— 3.55 Мб (Скачать документ)

«Алтай»   тақырыбы  бойынша  дайындалып, «Алтай»  физ-географиялық  ауданның  шекарасын  және  оны  құрайтын  аймақтарды  кескін  картаға  түсіріп,  жаңа  сабақты  бекітуге  арналған  кестені  аяқтап  келу.

 

 

Бағалау: 3.1-қосымшаны қараңыз

 

6-сынып

Литосфералық тақталар туралы ұғым

 

Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділік : оқушылардың литосфералық тақталар туралы ұғымдарын қалыптастыру, тақталардың қозғалысы туралы түсініктер беру.
  2. Дамытушылық: тақырыпқа қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.
  3. Тәрбиелік: адамгершілік құндылықтарды жетілдіріп, қоғамдық ортаға икемді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың  көрнекілігі: жарты шарлар, литосфералық картасы, сызбалар.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

        «Көкпар» қазақтың ұлттық ойыны. Үлкен тойларда ойыншылар ортасына бауыздалған ешкі не қой беріліп, таласқан ойыншылар атқа мініп тартысады.  Малды тартып алған адам-жеңімпаз. Ал сендер білім үшін тартысасыңдар. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Алғашқы адамдардың жер туарлы білімі қандай еді?
  2. Грек ғалымдарының қандай еңбектері бар?
  3. Христофор Колумбтың еңбегі қандай?
  4. Материктердің ішкі бөліктерін зерттеудегі Шоқан Уәлихановтың үлесі қандай?
  5. Фернан Магелланның география ғылымына қосқан үлесі туралы не білесің?
  6. Тәулік қалай өзгереді?
  7. Жыл мезгілдері неліктен ауысады?
  8. Планеталар жолы қалай аталады?
  9. Жер экваторының ұзындығы қанша?
  10. Жер радиусы қанша км?

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

      Жарты шарлар картасына қараңдар. Қандай материктерде жағалауларды бойлап ұзынынан созылып жатқан алып тау жоталары бар? Қазіргі ғалымдардың пікірі бойынша жер қыртысы орасан зор тақталардан тұрады. Жер бетіндегі материктер мұхиттармен бірге тақталар құрайды.

 

Литосфералық  тақталар:

  • Еуразия тақтасы
  • Тынық мұхит тақтасы
  • Наска тақтасы
  • Үнді-Аустралия тақтасы
  • Оңтүстік Америка тақтасы
  • Солтүстік Америка тақтасы
  • Африка тақтасы
  • Антарктида тақтасы

        Литосфералық тақталар мантияның  беткі қабатымен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Жер серіктерінің  жәрдемімен  жүргізілген өлшеу  жұмыстары тақталардың жылына 2-5 см ығысатындығын көрсетеді. Тақталар бір жерлерде бір-бірінен алшақтайды. Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жан-жаққа жылжиды да, мұхит ортасы  жоталары пайда болады. (Атлант мұхитының орта жотасы, Орталық Үнді жотасы т.б) Мұхит ортасы жоталарының дәл орта жағында ұзынынан созылған шатқалдар бар. Олардың түбінде ыстық бұлақтар мен жанартаулар кездеседі.

IV. сабақты  пысықтап қорыту.

  1. Литосфералық тақталар деген не?
  2. Қандай ірі тақталар бар?
  3. Таулар қалай пайда болады?
  4. Шұңғымалар деген не?

V. Оқушылардың еңбегін бағалау.

VI.  Үйге тапсырма.

Ірі литосфералық тақталарды кесікн картаға түсіру.

 

 

 

Дүние жүзілік  мұхит қатынасы

 

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі:  Еліміздің әкімшілік аймақтарға бөлінуін түсіндіру, оның құрылысы туралы мағлұмат беру.

 

Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы, ойлау қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелігі: Өз елін өз жерін сүюге, әкімшілік-аймақтық басқаруға тәрбиелеу.

 

Сабақтың  түрі: Лекция сабағы

 

Сабақтың  әдісі:  ауызша, таныстыру, түсіндіру, жеке жұмыс.

 

Сабақтың  көрнекілігі: Карта, тест

 

Сабақтың  жоспары:

 

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

 

ІІ. Негізгі  бөлім:

1.Лекция

 

ІІІ. Қорытынды

1.Тест

 

Лекция  жоспары:

 

1.Тұщы су  қорлары.

2.Минералды  байлықтар

3.Энергетикалық  қоры.

4.Биологиялық  байлықтар

5.Табиғи рекреациялық қорлар

6.Дүниежүзілік  кеме жолдары.

 

 

1.Құрлықтың  су байлықтары, тұщы су проблемасы

       Таяу уақытқа дейін су да  ауа секілді табиғаттың тегін  тартуларының бірі деп есептелінетін.  Ол жерді қолдан суаратын аудандарда  ғана жоғары бағаланатын. Соңғы кезде құрлықтың су байлықтарына деген көзқарас өзгерді. Оның себебі тұщы су қоры гидросфераның жалпы көлемінің 2,5 пайызын ғана құрайды. Оның үстіне бұл қордың негізгі бөлігі Антрактиданың, Гренландияның мұздықтарында, Арктика мұздарында, тау мұздықтарында «сақталып», әзірше адам оларды пайдалана алмай отыр.

       Адамзаттың тұщы суға деген  қажетін өтеудің басты көзі-планетаның  «су үлесі» саналатын 47 мың  км3 су өзені болып табылады. Іс жүзінде бұл шаманың жартысына жуығын ғана пайдалануға болатындықтан, өзен суын жеткілікті деп айта алмаймыз. Тұщы суды пайдалану барған сайын артып келеді. 1980 жылы 3,5 мың км3 тұщы су пайдаланылса 2000 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 мың км 3 асып түсуге тиіс. Оның үстіне тұщы су негізінен ауыл шаруашылығынна жұмсалады, мұнда судың қайтадан айналымға қосылмайтын шығыны өте көп. Өзен суының қоры өзгеріссіз қалып отырған жағдайда  оны пайдаланудың  бұлайша өсуі тұщы судың жетіспеуі қауіпін төндіреді.

       Алайда жер бетінде тұщы қоры  мейлінше әркелкі таралған. Экваторлық  белдеуде және қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде тұщы су қоры жеткілікті, тіпті артық деуге болады. Мұнда ең су қоры көп елдер орналасқан, олардағы су қоры жан басына шаққанда жылына 25 мың м3-ден асады. Құрлық территориясының 1/3-не жуығын қамтитын. Жердің құрғақшылық белдеуіне су қоры жан басына есептегенде жылына 5 мың м3 ге жетпейді, ауыл шаруашылығын қолдан суаратын жағдайда ғана жүргізуге болады.

       Адамзаттың су проблемасын шешудің  бірнеше жолдары бар. Олардың  ең бастысы-өндіріс процестерінің суды қажетсінуін азайтып, оның ысырап болуына тосқауыл қою. Су ағынын реттеп отыратын бөгет салудың зор маңызы бар.

       АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Үндістанда, Мексикада, Қытайда, Египетте  ТМД-ға кіретін бір қатар елдерде  өзен суын бір жерден екінші жерге бұру арқылы оны территориясы бойынша қайта бөлудің көптеген жобалары жүзеге асырылуда немесе жобалануда. Алайда соңғы уақытта өзен суын алып аралық бұрудың аса ірі жобалар экономикалық және табиғат қорғау тұрғысынан тоқтатылды. Парсы шығанағы, Жерорта теңізі елдерінде, Түркіменстанда, Каспий теңізінде, АҚШ-тың оңтүстігінде, Жапонияда теңіз суын тұщыландыру әдісі қолданылуда; дүнижүзінде осындай суды ең көп өндіретін ел-Кувейт. Қазір тұщы су дүниежүзілік сауда тауарына айналды. Оны танкирлермен алсықа тартылған құбырлармен тасымалдауда. Антрактиданың мұз тауларын сүйреп  жеткізу жобалар жасалуда. Осындай әдіспен әрбірполяр жазында құрғақшылық белдеу елдеріне 1200 млн. тонна суы бар мұз таулар жүзіп барады.  

 

 

2.Минералдық  байлықтар.

         Мұхит түбінің минералдық байлықтарына келсек. Континенттік қайраң байлықтарының ішіндегі ең маңыздысы мұнай мен табиғи газ; көптеген болжамдар бойынша жалпы дүниежүзілік қорлардың кемінде жартысы осылардың үлесіне тиеді. Қайраңның қатты пайдалы қазбалары көлбеу шахталар мен драгалардың көмегімен өндіріледі. (әрине, барған сайын қазіргі «оңай олжа» табушылардың жемтігіне айналып бара жатқан суға батқан кемелердің қазыналары секілді шын мәнінде «алтын желіні» есепке алмайтын болсақ терең мұхит түбінің басты байлығы –темір, марганец, конкрециялары).

       Ағылшынның «Челленджер» атты  ғылыми-зерттеу кемесі ХІХ ғ  70 жылдарында –ақ дүниежүзілік  мұхит түбінен темір марганец  конкрецияларын тапқан. Олар барлық  мұхиттардан барланған, бірақ  тынық мұхитта ең үлкен ауданды  алып жатыр. Олардың жалпы қоры 2,3 трлн. т деп есептеледі, ал өндіріп алуға келетін 0,5 трлн.т. Конкрецияларды өндіріп алу жөніндегі алғашқы тәжірибені АҚШ, Гавай аралдары ауданында жүргізген.

       Дүниежүзілік мұхитта кит аулау  кәсібі 1868 ж басталды, сол кезден бері 2 млн. –нан астам кит ауланды.  Кит аулау «рекорды» 1962 жылы жасалды,  бұл жолы 66 мың кит ауланған. Өсімінен артып түсетін мұндай аулау кит тобының күрт қысқаруына  әкеп соқтырды. Кит аулау кәсіпшілігі жөніндегі Халықаралық комиссия қабылдаған қатаң шектеу шаралары ғана шаруашылықты ұтымды жүргізуге көшуге  мүмкіндік берді.

 

3.Энергетикалық  қоры.

       Сендер өзен ағынының су энергиясын алуға да кенінен пайдаланылатынын білесіңдер. Пайдалануға жарамды дүниежүзілік су энергиясы қуаты 10 трлн. кВт сағ. өндірілуі мүмкін. Электр энергиясы мөлшерінде бағаланады. Бұл қуаттың жартысына жуығы Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Заирдың, Канаданың, Бразилияның үлесіне тиеді. Дүниежүзілік мұхит суының энергетикалық қоры бар, оның қуаты орасан зор.

       Ғалымдар планетамыздағы судың тоғысу құбылысының жиынтық қуаты 1-ден 6 млрд. кВт-ға дейін жетеді деп бағалайды. Оның үстіне бұл цифрлардың алғашқысының өзі-ақ жер шарындағы барлық өзендердің энергиясынан асып түседі. Толысу электр станцияларын 25 жерде салу мүмкіндігі бар екені анықталған. Ресей, Франция, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Аргентина, АҚШ толысу энергиясына ең бай елдер болып саналады. Бұл елдердің теңіз жағалауларында  судың толысу биіктігі 10-15м-ге дейін жететін аудандар бар.

4.Биологиялық  байлықтар.

       Бұл дүниежүзілік мұхиттың биологиялық  байлықтары – оның суында тіршілік  ететін жануарлар (балықтар, сүтқоректілер,  моллюскалар, шаян тәрізділер) мен  өсімдіктер. Мұхиттың биомассасы 140 мың түрден тұрады, ал оның  жалпы көлемі 35 млрд. Тонна деп бағаланады. Дүниежүзінде өнімді көп беретін теңіздердің қатарына Норвег, Беринг,Охот, Жапон теңіздері жатады.  Алайда мұхиттан ауланатын балықтар  мен жануарлардың  көпшілігі қорғауды қажет етеді.

 

5.Мұхиттың  табиғи рекреациялық қорлары.

        Табиғи рекреациялық қорлар шығу тегінің ерекшеліктеріне қарай емес, пайдалану сипатына қарай бөлінеді. Бұлар демалыс туризм және емдік мақсаттарында пайдалануға болатын табиғи объектілер  мен құбылыстары. Оларға теңіз жағалауларын, өзендер мен көлдер жағасын, тауларды, орман алқаптарын, минералдық су көздері мен емдік балшықтарды жатқызуға болады. Тынығушылар мен туристер мұндай жерлерден табиғат ландшафтыларының әсемдігімен, алуан түрлерін өсімдіктер дүниесінің байлығын, шипалы климатты, демалу спортпен, аңшылықпен  т.с.с шұғылдану үшін жақсы мүмкіндіктер табады.

 

6.Дүниежүзілік  кеме жолдары.

         Нидерланды тұщы суды Норвегиядан  Сауд Аравиясы –Филиппиннен, Гонконг-Қытайдан, Сингапур-Малайзиядан  тасып әкеледі.  Суды құбыр арқылы Гренландия  мен Антарктидадан Еуропаға, Амазонканың  сағасынан Африкаға жеткізу жобалары бар.

        Өнеркәсіп орталықтары мен тораптарының  көпшілігі, көптеген ауылшаруашылық  аудандары көлік магистралдары,  теңіз порттары осында орналасқан. Аса ірі қалалар да осы зонада.

        Қытайдағы қалалардың ең үлкені  – Шанхай. Ол теңізден 50км қашықтықтан Янцзы өзенінің сағасына құятын Хуанпу өзенінде орналасқан бұл дүниежүзіндегі аса ірі порттардың бірі және елдің көптеген мыңдаған кәсіпорындары бар аса маңызды өнеркәсіп орталығы.

        Жапония сондай-ақ шығыс елдерінің  ішінде аса ірі және нағыз  осы заманға теңіз сауда флотына ие болып отыр. Ол арзанға түсетін шетелдік флотты да кеңінен пайдаланылады. Жапония, Азия тынық мұхиты аймағындағы барлық елдердің дерлік басты сауда әріптесі. «Сауда жасай білу керек немесе өлу керек»,-дейді жапон бизнесмендері.

 

 

5-7 сынып

 Географиялық ойындар

 

 «Экватор бойымен жаяу жүру» ойыны

Бұл ойынға 2-4 немесе топ  болып қатысуға болады. Олар жерге  үлкен шеңбер (экватор) сызады да, сыртына  бір-бірінен бірдей ара қашықтықта айнала тұрады.

Бірінші ойыншы (оның координаты – 0 ендікте және 0 бойлықта) тұрып, ойынды бастайды. Шығысқа қарай қозғала отырып (сағат тіліне қарсы), ол жолында кездескен барлық объектілерді атап шығады. Мысалы: Атлант мұхиты, Африканың батыс жағалауы, Конго өзені т.б. екінші ойыншыға жеткен соң тоқтайды да, ойынды экватор бойымен екінші ойыншы әрі қарай жалғастырады. Мұғалім немесе топ басшысы ойын барысын қадағалап отырады, егер қателіктер жіберілсе, мұғалім көмектеседі, бірақ ол ойыншының бір ұпайы кемітіледі. Жолындағы барлық объектілерді тез және дұрыстап атап шыққан және ұпайы кемітілмеген ойыншы жеңіске жетіп, жақсы деген бағамен бағаланады. Осы ойынды үлгіге ала отырып, тақырыпқа сай түрлендіруге болады, мысалы: «Солтүстік тропикке жаяу жүру» «0-дік меридиан бойымен жаяу жүру» т.с.с.

 

2. «Бір! Екі! Үш!» ойыны

Ойынға қатысушылар  бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Сағат тілімен қозғала  отырып, олар бір, екі, үш деп үш рет  қайталап айтады да, «Өзен атын ата» дейді. Соңғы сөз айтылып болған соң, барлығы тоқтайды да, кезекпен өзен аттарын атайды. Егер кімде-кім 3 секундтан артық тұрып қалса, ол ойыннан шығады. Бұл ойын аралды, тауды т.с.с. ата түрінде жалғаса береді. Ойын соңында бір-екі жеңімпаз қалғанша.

 

 

 

3. «Ендік және бойылық» ойыны

Ойынға қатысушылар (4-тен  аз болмауы қажет) төрт топқа бөлінеді. Бірінші – Солт. Ендіктер, екінші – оңт. Ендіктер, үшінші – шығыс бойлықтар, төртінші – батыс бойлықтар. Оқушылар сапқа тұрады, ойынды жүргізуші кез-келген географиялық объектіні атайды. Оңтүстік ендік пен шығыс бойлық пен белгіленген оқушылар отырады. Кімде-кім қателессе, бір ұпайы шегеріледі, ал екінші рет қателессе, ойыннан шығарылады.

Информация о работе География ашык сабагы