Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:07, научная работа

Описание

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

Кіріспе................................................................................................3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері......................................................................12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері............................................................................................18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

Қорытынды...........................................................................................….26

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

Работа состоит из  1 файл

жако тате гылыми жумыс.docx

— 88.01 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

          Кіріспе................................................................................................3

 

1.         Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5

1.1.     Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

 

2.       Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су

            аттарының ерекшеліктері......................................................................12                                                                       2.2.    Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың

          ерекшеліктері............................................................................................18                                                                                               

 

2.3.     Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

  

          Қорытынды...........................................................................................….26  

 

         Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

 

 

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамы даму барысында, қарқынды шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде географиялық ортаға айтарлықтай ықпал етті. Тіршілік үшін күрес барысында адамзат, оның ішінде қазақ қоғамы өзіне қажетті ресурстарды игеруге, табиғи ортамен «түсінісе» өмір сүруге бейімделді. Олар ғажайып Еуразиялық дала кеңістігінде табиғатпен өзара түсіністікте тіршілік етуге қол жеткізді. Қазақ халқының осы көп ғасырлық  тәжірибесі географиялық атауларда – топонимдерде кеңінен сақталған.

Тарихи уақыт аралығында дәстүрлі мал шаруашылығына қажетті жануарлар мен өсімдіктердің жеке түрінің ареалын анықтау, ландшафт өзгерістерін зерделеу, табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау сияқты күнделікті туындайтын іс-шаралар географиялық нысандардың айырым-белгілері болып табылатын атауларды өмірге алып келді. Нақты тарихи кезеңде және табиғи ортада қалыптасқан қандай да болмасын географиялық атаулардың көпшілігі жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктерін сипаттайтын құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, көшпелі қазақ қоғамының сан ғасырлар бойы табиғатты пайдалану барысында жинақтаған географиялық білімі шаруашылықты тиімді ұйымдастыруға негіз болды. Қазақстанның жер-су атаулары ұлттық тіл мен этникалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде танылып, халықтың тарихи жадынан үлкен орын алды. Жер-су аттарының тіл білімі, тарих және география секілді ірі үш ғылым саласының түйіскен жерінен шығуы оның күрделі сала екенін көрсетеді.

Қостанай облысының топосистемасы осы уақытқа дейін тіл жөнінен жете зерттелген жоқ. Бұл аймақтағы топонимдер басқа түркі тілдес республикадағы топонимдермен лингвистикалық, әрі құрылымдық жағынан салыстыра берілді. Сонымен бірге Қостанай облысының  топонимиясы жергілікті халықтың тұрмысымен, өткен уақыттағы көшпелі өмірімен, мал шаруашылығымен, аңшылықпен тығыз байланысты, және осы аймақта тұратын халықтың айнала қоршаған ортаны, жер бедерін көрсететін түсініктермен ұштас жатыр. Бұл жұмыста топонимдер, кейбір даулы топонимдердің этимологиясы түрік-монғол тілдерімен салыстырмалы түрде берілген. Олар архивтік материалдарға сүйене отырып талданды

Жұмыста ежелгі замандағы, орта ғасырдағы және қазіргі топонимдер беріліп отыр.

Облыстың топонимдері  XVI ғасырдан бастап  XX ғасырдағы ғалымдардың еңбектеріндегі тарихи-географиялық, топографиялық деректермен толықтырылып берілген.

Жұмыстың өзектілігі. Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Жер, су, теңіз, өзен, көл, таулардың жалқы атаулары сол жерде ертеде өмір сүрген халықтың тілінен алынған. Бұл атаулар әлгі халықтар  басқа жаққа кетіп, орнына басқа халық келсе де, алғашқы қалпында сақталып, ғасырлар бойы өмір сүреді десек, тарихы күрделі қазақ қоғамының құрамдас бөлігі болып табылатын Қостанай облысы аумағындағы географиялық атаулардың да тарихы тереңде жатыр. Зерттеудің өзектілігі Қостанай облысының топонимиясы тілдік тұрғыдан арнайы зерттелгенімен осы аумаққа қатысты арнайы географиялық топонимдер жайлы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Негізгі зерттеу міндеттері:

  • Қостанай облысы топонимиясының қалыптасуының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;
  • Нақты деректер негізінде Қостанай облысының табиғат жағдайларының географиялық атауларында бейнелеу заңдылықтарына талдау жасау;
  • Топонимикалық атаулардың қалыптасуында халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығының тигізген әсерін нақтылау;
  • Жер-су атауларының пайда болу барысында белгілі бір заңдылықтардың бар екенін көрсету;
  • Облыстағы қазіргі топонимикалық атауларды қолдану барысында күрделі мәселелер бар екеніне тоқталу;
  • Аумақта кездесетін географиялық және халықтық географиялық терминдерді жүйелеп топтастыру;
  • Аумақ топонимдерінің қазіргі кездегі жай-күйі, ондағы мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

Зерттеудің теориялық негізі тақырып мәселесі бойынша Қазақстандағы, сондай-ақ, жергілікті авторлардың ғылыми-зерттеу еңбектері және ғасырлар бойы қазақ халқының жергілікті географиялық жағдайға өмір сүруге бейімделу барысында пайда болған таным-білімдерінің нәтижесі болып табылады.

Зерттеу жаңашылдығы: Қостанай облысының топонимдер жүйесі тарихи тұрғыдан арнайы зерттеліп, аумақтың табиғат жағдайларын бейнелейтін ақпарат көзі ретінде географиялық, экономикалық тұрғыда сипатталды.  Жұмыста табиғи орта мен географиялық атаулардың өзара байланысы және топонимдердің табиғат жағдайларын бейнелеу заңдылықтары жөнінде тұжырым жасалды. Ізденіс жұмысы табиғи нысандарды, жергілікті жер-су атауларын айқындайтын арнайы құжаттар мен мәліметтерге, аймақтағы табиғатты зерттеушілердің тың деректеріне сүйене отырып құрастырылған.

 

 

    1. Топонимжасамдағы географиялық принц

 

 «Топонимика – географиялық  атаулар туралы ғылым» (Е.П. Поспелов) деген анықтаманың өзі бұл  екі саланың ажырамас бірлікте  болатынын көрсетеді. Топонимика  қазіргі кезде дербес ғылым  саласы ретінде қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан тіл білімі, тарих және география ғылымдарына  тәуелді болып келеді. Жер-су аттары  осы аталған үш саланың да  зертеу нысанасы болып саналады. Соның ішінде география – жаратылыстану  ғылымына жататындықтан, атау  мен нақты реалийді бірге қарауға  мүмкіндік береді.

Г. Шухардттың «зат-алғашқы, сөз-соңғы» деген пікірін бізді  қоршаған дүние (болмыс), оны география  деп атаса да болады, алғашқы, бар  нәрсе, ал сөз (атау) соңғы деп түсіну қажет. Ендеше географиялық нысан болмаса, онда оның аты да болмас еді деген қорытынды шығады.Лексиколог-ғалым, доктор А.Б. Джонсонның тастың шын, бар нәрсе екенін аяғымен теуіп көрсету арқылы дәлелдегені мәлім [1; 19].

Алайда топонимика ғылымын  құрайтын үштағанның (тіл, тарих, география) біреуіне, көбінесе тіл біліміне, артықшылық беріліп жүргенімен, қалған екеуін төмендетуге болмайды. Топонимиканың  көптеген мәселелері таза тіл білімі тұрғысынан шешіле бермейді, үнемі  экстралингвистикалық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Бұл, өз кезегінде, топонимикамен  айналысатын адамның тарихты  да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы меңгеруін  талап етеді.  Бір ғана топонимнің этимологиясын ашып көрсету барысында үш сала жарыса араласып отырады. Мысалы, Арыс (Арыш) – көне жазбаларда Түркістанға жақын ағатын өзеннің аты. Арыс гидронимін С.П. Толстов, А.Н. Бернштам көне арси этнонимімен салыстырады. В.Н. Попова атаудың бірінші сыңары үндіевропа тіліндегі ар «су», «өзен» мағынасын беретін сөз дейді де, екінші сыңары ас «су», «өзен» мәніндегі кең тараған гидроформант дейді [2; 66]. Ә. Байбатша арыс сақ тайпаларының бірінің аты екенін айтады [3; 42]. Б.А. Байтанаев ортағасырда осы өзен бойында салынған Арсубаникет қаласының атындағы ас сыңары түрк.су болып калькаланатынын айтады (ар+су). Сонымен бірге XIV-XVI ғасырларда Арсубаникет Қарасман (Қараспан) аталғанын және А.М. Щербактың Арас, Арсу, Һарас>Карас нұсқалары болған деген пікірін келтіреді [2; 66].

Зерттеушілердің барлығы Арыс гидронимінің екі сыңары да «су», «өзен» мағынасын беретінін мойындайды, бірақ екі сыңары да бірдей мәнде тұратын топонимдер күдік тудырады. Біздің ойымызша, атаудың бірінші сыңары ар көне түркі тіліндегі «таза», «мөлдір» мағынасында тұр «ару, аршу сөздері секілді) [4; 171]. Ал екінші сыңары ыс/іс/с фин-угор, түркі тілдерінде «су» мағынасын беретіні дәлелді. Сонда Арыс «таза, мөлдір су» мәнді гидроним болғаны. Кейінгі атауы Қарасман<Қарас та бұл пікірді нығайта түседі, өйткені қаз. қара «таза, мөлдір»+ас «су» екені белгілі. Қарасу аталған өзендердің барлығы дерлік мөлдір сулы болып келетіні біздің алдыңғы зерттеулерімізде дәлелденген еді [5; 94]. Арыстың басқы ағысы, тіпті болмағанда Ақсу өзені құятын жерге дейін, таза болуға тиіс, өйткені Ақсу атты өзендердің көбінесе лайлы болып келетіні тағы рас.

Қазіргі кезде ономастика тұтас тіл білімінің лексикология бөліміне қарағанмен, тілдің басқа  салаларынан, мәселен фонетика, морфология, лексиканың өзінен, ерекшеленіп тұратын  кешенді сала деп танылады. Географиялық оқулықтарда, карталарда жер бедері жан-жақты сипатталып, нақты көрсетіліп беріледі де, топонимдер тек таңба  ретінде ғана қолданылады. Мысалы, Тұран  ойпаты, Бетпақдала, Мұғалжар тауы т.б. Тарихшы болса, осы аталған жерлерде кімдер тұрды, олар не істеді деген  сұрақтарға жауап іздейді. Сонда  географ та, тарихшы да жалқы есімдерді  қосымша, жанама түрде пайдаланады. Ал атаудың этимологиясын ашу, орфографиялық  нормасын сақтап жазу, құрылымын талдау сияқты жұмыстар тікелей филология  ғылымының аясында қаралады. Кеңес  дәуірінің ғалымы Б.В. Горунунгтің: «Жалпы алғанда барлық жалқы есімдер  тілдің сөздік құрамының бір бөлігі және тілдік пән ретінде лексикологияның  қарайтын саласы болып табылады. Тілшілердің топонимдерді ешкіммен бөліспей-ақ тек өздері ғана зерттейтін құқығын қалайша жоққа шығаруға болады?» - деп жазуы осыдан келіп шығады [6; 37].

География ғылымы табиғи нысанды  сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз  жоқ, тілші-ғалымдарға тілдің аясынан  тыс, бірақ аса қажетті мәліметтер береді. Мәселен, тілші Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды барып көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек. Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми әдіске жатпайды. Сонымен, Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: «Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді... Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке (астын сызған –  біз)» [7; 63].

Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары «мұқ/моқ>моқал-комалый (тұқыл, мұқыл)» [4; 238] туынды түбірі «мұқалған, мүжілген», «аласа» мағы-наларын береді. Ал екінші сыңары кәдімгі жар (жарқабақ) сөзі тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені таудың шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.

Сонымен, Мұғалжар<Мұқалжар (Моқолжар) оронимі «аласа, мұқыл, мұқыр жар(тау)» деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уәж болып тұрған екі белгі бар: бірі – оның мүжілген, ескі тау екені, екіншісі – таудан гөрі жарға ұқсауы.

Топонимжасам барысында, егер бұрынғы аты ұмытылған (мүлде  ат қойылмаған табиғи нысан жер бетінде  қалмады десе де болады) немесе кірме  атауды алмастыруды талап ететін географиялық нысан кездессе, ол жерді  физика-географиялық тұрғыдан жан-жақты  зерттеу қажет. Көшпелі халықтар жер-суға ат бергенде ұлттық, кәсіптік менталитетін пайдаланған және бір  ғажабы қазіргі географиялық зерттеулермен  салыс-тырғанда бірдей сәйкес келіп  жатады. Ал географиялық нысандар көп  өзгеріске түспейтінін ескерсек, ол жердің ерекше бір белгісін тауып, жаңа ат қойғанда, бұрынғы ұмытылған  атауға сәйкес келіп қалуы да мүмкін. Бұл мүлде тарих қойнауына  кеткен топонимді қайта өмірге әкелу  деген сөз.

Географиялық нысанды  жан-жақты зерттеу керектігінің тағы бір себебі – бір заттың бірнеше ерекше белгісі болатыны сияқты, табиғи нысанның да бірнеше  белгісі болады. А.В. Суперанская  жаңа таңдап алынған атау сол жаңа заттың мінездемесін беретінін айта келіп: «... Бірақ біз бір шағын  төбені Корявый торчок деп атасақ, сол маңдағы дәл сондай екінші төбені тағы да сол атпен атай алмаймыз. Ол төбенің екінші бір белгісін байқаған басқа адамдар басқаша атау береді», - дейді [8; 239].

Біз Шығыс Қазақстан облыстық Ономастикалық комиссиясының мүшесі ретінде географиялық нысанның бірнеше  белгісін салыстыра қарап, біреуін  екшеп алу тәжірибесін бірнеше  рет пайдаландық. Мәселен, Катонқарағай ауданындағы Черновая ауылының атын ауыстырғанда, орыс қоныс аударушылары таудан ағып түсетін қара сулы өзенді Черновая деп атағанын анықтадық. Тікелей аудару (калька) арқылы Қарасу атын ала салуға болатын еді, бірақ облыс көлемінде бірнеше Қарасу атты ойконимдер бар болып шықты. Ал атаулардың жиі қайталануы топонимнің қоғамдық қызметін қиындатып жіберетіні белгілі. Ол өзеннің тарихи атауы Шу болған деген дерек те бар еді, өкінішке орай Шу өзені, қаласы Қазақстанда бар болғандықтан, тағы қайталауға ұшырамауды көздедік. Ауылдың жанында қыста қар тоқтамайтын, желді Қарадала жер телімі бар болатын. Қарадала атауын жергілікті тұрғындар қолдамады (көпшілік қауымға атаудың нысанға сәйкестігі емес, әдемі, жарқырағаны қажет екен). Елді мекеннің тағы бір ерекшелігі ауылдың Бұқтырма өзені жағында көптеген қайнар, тұмалар бар болатын. Сол белгісі ескеріліп, ауыл атын Аққайнар деп ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сонда біз аталмыш елді мекеннің төрт түрлі ерекшелігінің біреуіне тоқтадық: 1) Қарасу – қыста қатпайтын мөлдір сулы шағын өзен; 2) Шу – бұл көне түркі тіліндегі «су» (М.: хак. чул «су») болуы мүмкін немесе малдың шуына ұқсас шұбалаңқы, ұзын өзен; 3) Қарадала – қыста қарын үрлеп кететін желді жер; 4)  Аққайнар – қайнар, тұмасы мол жер.

Информация о работе Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері