Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:07, научная работа

Описание

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

Кіріспе................................................................................................3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері......................................................................12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері............................................................................................18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

Қорытынды...........................................................................................….26

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

Работа состоит из  1 файл

жако тате гылыми жумыс.docx

— 88.01 Кб (Скачать документ)

     Торғай –  Қостанай облысының оңтүстік  өңірінде орналасқан жер. Торғай  жерінің атауы әр кезде сөз  болып, оның шығу төркінін анықтау  үшін бірнеше басылымдарда орын  алған. Жазушы Қойшығара Салғарин  Торғай атауын Қыпшақтың Торы  руының есіміне байланысты шығуы  мүмкін деген ой айтады. Бұл  пікірді басқа ғалымдар да  ұсынып, дәлелдеген.  Геолог Торғай  Өтебайұлы: «Осы мәртебелі атауды  қоғам, табиғат, мәдениет зерттеушілері  арасында білмейтін адам жоқ»- дейді. «Торғай» атауы – торы  деген сөзі екеніне талас жоқ.  Сонымен «Торғай» мағынасы құм  емес, не тау емес, не тас емес, яғни басқа ерекшелігі жоқ  торы аймақ. 

     Үрпек –  Торғай облысы, Аманкелді ауданындағы  жер атауы. Жер атауы өзінің  табиғи жаратылысына байланысты  берілген. Өйткені жер бедері  ойлы-қырлы, ербиіп өскен қурай  іспеттес өсімдік те ішінара  кездесіп отырады. Жорамалымды  жоққа шығармайтын тілдік деректерден  де құр алақан емеспін. Түркі  жазба ескерткіштері тілінде  – қазіргі тіліміздегі «тікірейген,  сорайған» мағыналары орнына  қолданылған – «үрпек» дыбыстық  құрамындағы тұлға кездеседі.  Мұның мына жер атауы «Үрпектен»  тұлғасы жағынан ешқандай айырмасы  жоқ. Мағына жағынан да әңгіме  болып отырған жер сипатына  сәйкес келеді.

     Шұбалаң –  Торғай облысы, Жангельді ауданы  жеріндегі елді мекен атауы.  Аудан орталығы – Торғай поселкісінің  шығысында 20 шақырымдай жерде,  Торғай өзенінің оң жағасында  орналасқан. Қазіргі тілімізде сын  есімге жататын «шұбалаң» сөзі  бар. Оның мағынасы – «ұзын,  созылыңқы» екені белгілі. Әңгіме  етіп отырған мына «шұбалаңды»  сонымен мағынас деп қараудың  қисыны жоқ сияқты. Іздестіре  келгенде, түркі тілдері ішінен  тувалардың «шоваалаңы» сөзіне  кез болып, мағынасының – «қағілез, пысық» екендігін білдім. Одан  әрі қарастыра түскенде бұл  тұлғалас, әрі мағыналас сөз монғол  тобындағы тілдерде де барлығы  байқалады. Монғолдарда «цовоо»,  қалмақ тілінде «шулун-шудрмаг»  туралы сөздер біздің ұғымыздағы  «қағілез, пісіқ» мағыналарын береді. Соңғы екі тілдегі «цовоо»,  «шулун» сөздерінің қайсысын  алсам да, дыбыстық құрамы жағынан  тува тіліндегі «шоваалаңы», біздегі  «шұбалаңнан» онша алшақ емес. Ал, мағына жағынан қазақ тіліндегі  «шұбалаңға» көп туа бермейді. [23;]

     Алайда, бізде  де ерте кездерде «шұбалаңның»  «пысық қағілез» мағыналары болған  деп жорамалдаймын. Бұған мені  жетектеп отырған мына сияқты  жағдай. Торғай өзені, мен әңгімелеп  отырған тұста (тасыған кезде)  тез, қызу, шапшаң ағып, бірақ жерге  барған соң арнасын асып, жайылып  кетеді. Бұл тұста оның шапшаң  ағатын себебі – қырдан ойпаңға  қарай беттейді. Өзеннің осы шапшаң, тез ағысын бейнелеп көрсету  үшін, ерте заманда бізде де  болған «қағілез, пысық» ұғымдағы  «шұбалақ» сөзі қолданылып, өзен  аты қалпында сақталып, осы кезге  дейін жетуі ғажап емес. Кейін  келе өзен ағысына берілген  бұл атау оның жағасында орнаған  елді мекенге ауысқан десем,  онша бұра тартқандық болмас  деп ойлаймын.

     Әулиекөл өзені,  Әуликөл аудананында орналасқан. Халық аңызына сүйенсем. Ертеде  өзен күннің дәл ортасында   ғайып болып, дәл солай күтпеген  жағдайда сол түні қайтып шықты.Бұрын  соңғы болмаған , күтпеген жағдайда  туындаған табиғат заңдылықтарын  халық «Әулиекөл» өзені деп  атап кеткен. Әуликөл сөзі екі  сөзден құралған «Әулие» араб  тілінен аударғанда « әулиелі,  таңғажайып». Халық үшін әуликөл  өзені мөп-мөлдір, сұлу, таңғажайып, дертке дауа, емге шипалы өзен  болып қалмақ.

     Дәмді - Науырзым  ауданында қоңыс тепкен ауыл. Ол 22 сәуір 1960 жылы құрылды. Қарамеңді  аудан орталығынан 134 км , облыс  орталығынан 280 км. Дәмді ауылында  жер асты сулары мол. Науырзым  ауданында жер суы молекенін  болжаған, географ зертеуші  В.К.  Дайнеков 1967 жылы анықтады. Зерттеп  толық айқындаған И.А. Суворов  (1969 – 1972 жылдар аралығында жаппай  үздіксіз көптеген зерттеу жұмыстарының  нәтижесінде өз болжамын дәлелдеп  шықты. Суының молдығы, тазалығы  мөлдірлігі   халық жағдайын  күрт жақсарты. Шипалы, дәмі тәтті  бұл өлкеге басқа ауылдардан  халық қатынап ауыл шаруашылығына  тасыды. Таңғаларлық жай, дәмдінің  суы сол мөп – мөлдір кірсіксіз  таза қолында сақтауда.

     Шолақсай - Науырзым  ауданында қоңыстанған шағын  ауыл. Шолақсай атауы – қазақтың  екі сөзінен құралған. «Шолақ»  және «сай». Бұл сөз осы өлкеннің  дәлдігін айқындайды. Бұл өлке  керемет тарихи суы бұлақ өлкесі  болып табылады. Бұлақ биік шыңнан  төменгі сайға дейін ағады. 

     Арақарағай  – Аманқарағайдан сәл әріректе  «арықарағай» деген де қалың  ағаш атауы бар. Мұндағы «ара»  сөзінің мағынасы орта аралықтағы  екендігін түсіндіреді. 

     Босаға –  Қостанай облысының Жангелді  ауданындағы жер атауы. «Босаға»  сөзінің төркіні туралы жазылған  пікірлер өте көп, кейбіреулері  оны өзімізге белгілі есік  босағасымен салыстырумен ғана  шектеледі. Кейбір деректерге  көз салсақ «босаға» сөзінің  өзіміз білетін мағынасынан басқа  да ұғым болғандығын байқаймыз.  Мысалы якут тілінде «моцого»  сөзінің екі мағынасы бар: 1) тау  кемері, 2) есік босағасы. Бұдан әрірек  барсақ, алтай тіл жүйесіне жататын  тунгус – маньчжур тобындағы  кейбір тілдерде «босого» тұлғасы  біздің түсінігіміздегі «тау  баурайы» дегенді білдіреді. Осыған  қарап «босаға» сөзінің алғашқы  мағынасы тек жер бедерімен  байланысты туғандығын түсіну  қиын емес.

     Есіл – республикамыздың  солтүстік өңіріндегі Қарағанды,  Көкшетау, Торғай жерін басып  өтетін өзен атауы. «Есіл» деп  аталатын елді мекендерде бар.  Әрине, бұлар өзен атымен байланысты қойылған. «Есіл» атауының алғаш дүниеге келуі туралы екі зерттеушілердің пікірі бар. Бірі «Есіл» атауы жасыл деген зат түсімен байланыстырылған, екіншісі – етістіктің «ес» (есу, есілу, еспе т.б.) түбірімен тілге тиек етеді. Бұлардың ешқайсысыда көңілге қонбаған былай тұрсын, шындыққа жанаспайды. Өйткені, өзен, су атауына әдетте оларды табиғатьтындағы қасиеттеріне қарай ат қойылып айдар тағылатының ескеру керек. Сөз төркінің іздестіргенде бұл жағдайлар зерттеушілер назарынан сырт қалған. М. Қашқари сөздігінде «Есіл» және «Ешіл» сөздері ұшырасады. Бұлардың алғашқысы азайды. Ал екіншісі «созылу», «созылған» деген ұғымдар береді. Осы екі сөздің қайсысы болсада, өзен атауына қолайлы. Өйткені алғашқысы өзен суының тапшылығына меңзесе, соңғысы оның ұзындығына нұсқайды. Осы сияқты жорамалымызды негіз тұтсақ, өзенің «Есіл» аталуы жөн көрінеді. Түркі тілдермен туыстас тунгус – маньчжур тобындағы кейбір тіл дерегін құрастырсақ. Онда «Есла» болып дыбысталатын сөз, біздің түсінігіміздегі «тасыған өзен» ұғымын білдіреді. Кім біледі өте ерте кездерде дәл осы тұлғалы әрі мағыналы сөз түркі тілдерінде де болып, кейін ұмытылуы да ғажап емес. [24;]

     Қошалақ –  Қостанай облысы Жангелді ауданындағы  жер атауы. Қостанай облысындағы  Қошалақ аталатын жер Жангелді  ауданының орталығы. Торғай ауылының  солтүстігінде отыз – қырық  шақырым шамасында орналасқан. Жер  сипатты оян, жазық болып келеді, бұрын көлдің орналасқан жеріне  ұқсайды. Қазір мол жайлымына  ғана жарамды. 

     Жердің біз  көрсеткен беделіне лайықты сөздер  түркі, монғол, тунгус – маньчжур  тобындағы тілдерден табылып  қалады. Ең алдымен, ертедегі түркі  жазба ескерткіштеріне көз салсақ, «Алақ» сөзі қазіргі «Жазық, тегіс»  түсінігін иеленген.

     Енді қазіргі  түркі тілдегі дерегіне кезек  берсек, мынадай мәліметтерге кездесеміз. Тува тілінде: «кужурлуг» - «сортаң», сортаңды (жер), чуваштарда: «хуш» - «кеңістік  бос жер», якутша: «хочо» - «таза далалық»  мағынасында қалады. Маньчжур тілі  дерегінде «кочо» дыбыстық құрамдағы  тұлға біздің ұғымдағы «аулақ, онаша жер» дегенмен байланысты. Сол якут тіліндегі «хочо»  мен «алпы» сөздерін біріктірсек  қошалақ тән тұлғасы мен мағынасы  алшақ кетпейді. Сүйтіп қошалақтың  тұңғыш мағынасы - «алаң, оңаша  орын» болған. [25;]

     Топонимика  ғылымының халық үшін ағартушылық  рөлі мол. Түрлі газет, журналдарда,  ғылыми көпшіліккке арналған  кітаптар мен арнайы монографиялық  еңбектерде жазылып жүрген топонимикалық  мәліметтерден алуан түрлі географиялық  атаулардың мән мағынасын, жасалу  тарихын, өзгерту себептерін білуге  болады.

     Жер – су  атаулары айтарлықтай информациялық  рөл де атқарады.

     Сонымен бұл  еңбекте Қостанай облысындағы  өзен, көл, жер азды- көпті –  атаулары, олардың мағыналық, құрылымдық  ерекшеліктерін толық аштым деп  айта алмаймын. Ол мүмкін де  емес. Сан мыңдаған атаулардың  әр қайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар. Уақыт  озған сайын олардың бірі қолданыстан  шығып, ұмыт болып жатса, екіншісі  жаңадай дүниеге келіп тілімізге  күнделікті өмірімізге араласып  жатыр.

Жер – су атаулары – халықтың тарихи кезеңдердегі өткен өмірінің, тіршілік болмысының, ой – санасын, табиғаттының байлығының куәгері.Сондықтан  да жер – су атауларын ұлттық байлығымыз ретінде қорғап, жинап, қастерлепкейінгі ұрпақтарға жеткізу – ерекше мәні бар, абыройлы іс деп санаймын. [26;]

 

2.2.     Қостанай  облысындағы ойконимдер мен атаулардың

eрекшеліктері

 

     Әрбір атау - тарихтың табы сіңген нысаналы  белгісі. Мұндай ұлттық және  рухани байлығымыз саналатын  топонимдерді зерттеу бүгінгі  күн талабынан туындап отыр. Кез  келген аймақтың жер-су атаулары  өзінің бойына көптеген тарихи  деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап  отырады. Топонимдегі деректер  белгілі белгілі бір географиялық  ұғым атаулары болғандықтан, олар  арнайы сұрыпталған лексикалық  қабаттардан тұрады. Көне дәуір  куәсі болып табылатын аймақ  топонимдері халықтың этнографиялық,  қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен,  өткендегі өмір-тіршілігінен әр  қилы мәлімет береді. Мұның өзі  топонимдерді зерттеудің өте  күрделі құбылыс екендігін, ол  істе белгілі бір ғылыми әдіспен  ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін  еместігін көрсетеді. Демек, тілдік  құбылыстың табиғатын тек оның  тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп  емес, сонымен қатар сол тілде  сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына,  салт-дәстүріне, ұлттық менталитетіне  байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір аймақтың  топонимиясын зерттеуді қолға  алмас бұрын сол жердің тарихына, саяси-әлеуметтік жағдайына және  оны мекендеуші халық өмірінің  этникалық мәдени тарихына ерекше  көңіл бөлу керек екендігін  зерттеушілер атап көрсетеді. [27;]

      Географиялық  атаулардың пайда болуының басты  екі белгісі – уәжделік және  тұрақтылық. Нақты атаудың пайда  болуы қандай да бір ішкі  фактімен тарихи уәжделіп, күні  бұрын сақталады. 

     Өте көне  замандардан бастап адам баласы  бір жерге орналасқан да, өз  айналасындағы қоршаған ортаға  атау бере бастайды. Олар белгілеген  әрбір атау белгілі бір мағынаға  ие болады. Мысалы, өзендердің атауы  көбінесе оның ағысына, тереңдігіне,  түсіне байланысты қойылса, елді  мекен атаулары көбінесе ландшафт,  өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктерімен  немесе қоныстанушылар өмірлеріндегі   фактілерге сәйкес беріліп отырады.  Сондықтан географиялық  атаудың  пайда болуы кездейсоқ емес, тарихи  себепті болады.

     Э.М.Мурзаевтің  пікірі бойынша, ерте кездегі  топонимия жергілікті географиялық  терминдер (ЖГТ) болып саналған, сондықтан да сол кездегі адамдар  тауды – тау, ал өзен мен  көлді – су деп атаған. [28;]

     Алғашқы топонимдер  өзінен бұрын болмаған нақтылы  дерегі, тірегі жоқ атау ретінде  пайда болса, екінші топонимдер  атауы бір нысанның атынан  екінші нысанның атына ауысу  барысында пайда болады. Олар  көбінесе топонимдік метонимия  жолымен не топонимдердің ауысу  жолымен жасалады. Мәселен, «Наурызым  – аудан, қорым»; Амангелді –  кісі, «Амангелді - аудан» т.б. Ал  енді бір топонимдер сол жердің  тұрғындарына танымал, түсінікті  болып келеді де, негізгі лексикалық  мағынадан басқа қосымша мағынанны  да аңғартады. Мәселен, Қаражар,  Тастыталды, Қарақұдық, Ақсуат т.б.  атаулар сол өңірдің өзіндік   қасиеті мен географиялық сипатынан  мол хабар бермек(жардың тікелігі, тастың көптігі, құдықтың көптігі  т.б.).

     Географиялық  нысандардың негізгі атауларының  нақтылы сыр-сипат, себеп-салдары  нысандардың түр-түс, көркін бейнелейтін  жалпы есім сөздерден, сол жерде  тұратын адамдардың әдет-ғұрып,  салт-санасын және діни, идеологиялық  жағдайларын сипаттайтын сөздерден  қойылып отыруы көп елдерге  тән құбылыс.  Жер-су атауларының  шығу тегі алдымен мені өзіндік  қасиет ерекшелігі мен тарихи  маңыздылығымен қызықтырды. Сондықтан  топонимдердің этимологиясын зерттеу,  оларды топтастыру, біріктіру, жинақтау  әрекеті арқылы оқушыларды отансүйгіштікке,  патриоттық сезімдерін оятуға  әкелері хақ. «Отанды сүю отбасынан  басталады» дегендей, бүгінгі ұрпақтың  еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі  туған тілін, тарихын, мәдениетін  сүюден, оны жақсы білу, құрметтеуден  басталуы тиіс.

     Егер бүгінгі  күнгі әрбір шәкірт туған елінің, жерінің тарихын білсе, бес  қаруы – бойында, ертеңгі халық  сүйер ер, қайраткер болып шықпай  ма? Бүгінгі күннің өзекті мәселесі  де – осы, яғни, қазақстандық  отансүйгіштікті  тәрибиелеу, өз  халқының өткен тарихына құрметпен  қарау, азаматтық білім беру, ұлттық  этномәдениеттік дәстүрлер мен  әдет-ғұрыптарды оқып-үйрену, экологиялық,  т.б. тәрбие беру.

Туған жердің атауы сыр шертеді ...

     Жер – су  атаулары,ғылыми тілде  «топонимика»  деп аталады. Бұл грек сөзі, қазақшаға аударсақ «мекен немесе  орын атауы» деген мағынаға  лайық. Қазақ халқының атам  заманнан орнығып, өмір сүріп  жатқан жерінің өзен, көл, тау,  қырат секілді жер бедеріне  меншіктелген атаулардың да мыңдап  саналатыны мәлім. Ертеде өткен  ата – бабаларымыз солардың  әрқайсысына ат қойып, айдар  тағу жағынан жай ұқыпты  ғана  емес, шебер де  тапқыр болғандығын  байқаймыз. Бұл жолы алға қойып  отырған міндетіміз – ғылыми  ізденіс арқылы бірқатар жер  – су атауының сырын ашып, алғашқы  мағыналарын тану. Бір еске сала  кететін нәрсе – халық арасындағы  жер – су атауларының мағынасы  турасындағы  жорамалдарға көп  жағдайда аңыздар негіз етіледі.

     Жер – су  атауларының арасында ұшырасатын  бөгде тілден енген сөздерге  жатсына қараудың жөні жоқ.  Өйткені халқымыздың өзінің мыңдаған  жылдық өмір жолында түрлі  тарихи тағдырды бастан кешіп,  алуан нәсілді жұртпен араласып  тұрды. Осының нәтижесі жер  – су атауларында да өзінің  ізін қалдырды. Оның ішінде көбіне  монғол тілінен алынған сөздерде  жолығып қалатыны рас. Өйткені,  монғол тілінің түркі тілдеріне  етене жақын туыстығы ғылымда  дәлелденген жағдай екені, бізге  ертеден мәлім.  Сондай-ақ  жер  – су атауларының ішінде бірен  – саран  араб, парсы тілдеріндегі  сөздер арқылы пайда болғандары  да жоқ емес. 

Информация о работе Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері